Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЕЙС СТАДИ №3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

2. Құқықтық реттеу механизмі тақырыбына арналған оқу кейсі бойынша шешуге арналған сұрақтар

  1. Берілген мердігерлік шартпен таныса отырып құқықтық реттеу механизмінің сатысын анықтаңыз. Сонымен қатар шартты талдай келе, құқықтық реттеудің әр сатысында әрекет етуші құқықтық реттеу механизмінің элементтерін ашып көрсетіңіздер!

  1. Берілген шарт бойынша қосымша саты туындайтын жағдайды қарастырыңыз! Сіз ұсынған сатыдағы әрекет етуші элементтерді анықтаңыз!

3. НАҚТЫ ТАЛДАУҒА БЕРІЛГЕН МЕРДІГЕРЛІК ШАРТ ЖОБАСЫ

ЖОБА

№ МЕРДІГЕРЛІК ШАРТ

Өскемен қаласы 2012 жылғы «_10_» _қаңтар___

«Орман шаруашылығының Өскемен мемлекеттік мекемесі» ММ (бұдан әрі Мекеме) әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын 2008 жылғы 20 қазандағы № 10965-1917-ММ Жарғы негізінде әрекет ететін директор Чаймардан Сулейменович Оразаев тұлғасында бірінші тараптан және _________________ негізінде әрекет ететін бұдан әрі «Мердігер» деп аталатын ______________, ______________________________________ тұлғасында екінші тараптан (бұдан әрі Тараптар), «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303 ҚР Заңы 30-бабы және 2011 жылғы «___» __________ өткен құндық ұсыныстарды сұрату әдісімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы негізінде, төмендегідей осы шартты (бұдан әрі Шарт) жасасты:

1. Шарттың мәні

1.1. Тапсырыс беруші тапсырма береді, Мердігер өзіне Тапсырыс берушінің бөлмелеріне жөндеу жұмыстарын жасау міндетін алады, келесі мекен-жай бойынша: сметаға сәйкес Өскемен қаласы, Тоқтаров көшесі, 40 үй (бұдан әрі Объект).

1.2. Қызмет көрсету жұмыстары Мердігердің материалдарынан жүргізіледі.

1.3 Бөлме төбелері және қабырғалары ең жақсы водоэмулсионды поливинилацетат бояуымен боялады. Боялатын бөлменің қабырға беттері 314,5 шаршы метрді құрайды, боялатын бөлме төбелері 112,3 шаршы метрді құрайды.

1.4 Қызмет көрсету бойынша жұмыстардың орындалу мерзімі 2012 жылғы «___» ___________ бастап 2012 жылғы «31» желтоқсанға дейін.

1.5 Орындалған жұмыстардың қабылдау-тапсыру актісіне тараптар қол қойған мерзімнен бастап, жұмыс орындалды деп есептеледі.

1.6 Қызмет көрсету жұмыстарды орындау 254005000149 «Ормандарды қорғау, күзету, молықтыру және орман өсіру» - басқа да жұмыстар мен қызметтер бағдарламасы бойынша жүргізіледі.

2. Шарт бағасы және есеп айырысу тәртібі

2.1 Шарттың сомасына жұмыстардың бағасы кіреді, келесі мөлшерде 161193 (жүз алпыс бір мың жүз тоқсан үш) теңге. Шарттың бағасы: саны бір жұмыс болып есептелетін бағасы 161193 (жүз алпыс бір мың жүз тоқсан үш) теңгеге бөлме төбелері және қабырғалары водоэмулсионды поливинилацетат бояуымен боялатын жұмыс.

2.2 Осы шарт бойынша ақы төлеу ұлттық валюта - теңгемен қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады. «ҚҚ ҚМ ҚК Қазынашылық Департаменті» ММ тіркелген мерзімінен бастап Шарттың жалпы сомасының 30 % мөлшерінде, яғни 48358 (қырық сегіз мың үш жүз елу сегіз) теңгені Тапсырыс беруші Мердігерге алдын-ала ақы төлейді, орындалған жұмыстардың қабылдау-тапсыру Актісіне тараптар қол қойғаннан кейін 10 банктік күн ішінде Тапсырыс беруші Мердігерге қалған 70 % мөлшерінде, яғни 112835 (жүз он екі мың сегіз жүз отыз бес) теңгені төлейді.

2.3 Тауарды жеткізу мынадай құжаттарды ұсыну арқылы жүргізіледі: шот-фактура, орындалған жұмыстардың қабылдау-тапсыру актісі.