- •Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ бақылау жұмысы қазақстан тарихы
- •12 Сынып
- •Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ бақылау жұмысы қазақстан тарихы
- •12 Сынып
- •6.Жоңғарларға қарсы қол бастаған қазақ батыры:
- •«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ бақылау жұмысы қазақстан тарихы
- •12 Сынып
- •Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ бақылау жұмысы қазақстан тарихы
- •12 Сынып
Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ бақылау жұмысы қазақстан тарихы
12 Сынып
3-вариант
1. Орта тас ғасырының хронологиясы:
А) Шамамен б.з.б. 2 млн 500 мың -12 мың жыл аралығы
В) Шамамен б.з.б. 12-5 мың жыл аралығы
С) Шамамен б.з.б. 5-3 мың жыл аралығы
D) Шамамен б.з.б.3-2 мың жыл аралығы
Е) Шамамен б.з.б. 2-1 мың жыл аралығы
***
2. Андрондықтар мекендеген баспана:
А) Шым үй
В) Жертөле
С) Үңгірлер
D) Кесене
Е) Мазар
***
3. Түргеш қағанатының орталығы болған қала:
А) Сарайшық
В) Тараз
С) Сығанақ
D) Шаш (Ташкент)
Е) Суяб
***
4. «Монғол жеріндегі IX-XIII ғасырларда өмір сүрген керейлер- күшті дамыған ел....» деп жазып кеткен:
А) Рашид ад-Дин
В) Сыма Цянь
С) Әбілғазы
D) М.Қашғари
Е) Ж.Баласағұн
***
5. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Кіші жүз жеріндегі Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған ұлт-азаттық күрестің жетекшісі:
А) Кенесары Қасымұлы
В) Сырым Датұлы
С) Санжар Қасымұлы
D) ЖоламанТіленшіұлы
Е) Есенгелді Қасымұлы
***
6.Жоңғарларға қарсы қол бастаған қазақ батыры:
А) Исатай
В) Махамбет
С) Кенесары
D) Амангелді
Е) Баян
***
7.Тәттімбет Қазанғапұлы 1855 жылы Петербургке барған сапарында:
А) Күйшілік өнерімен көрермендерін таң қалдырды
В) Ресей патшасының қолынан алтын медальға ие болды
С) Әншілік өнерімен көрермендерін таң қалдырды
D) Қазақ музыка аспаптарының көрмесіне қатысты
Е) Суретшілік өнерімен көрермендерін таң қалдырды
***
8. 1916 жылғы Жетісудағы көтерілістің басшысы:
A) Амангелді Имановты.
B) Оспан Шоңов
C) Әбдіғаппар Жанбосынов
D) Кейкі батыр.
E) Ұзақ Саурықов.
***
9. 1992 жылдың маусымында қабылданды:
А) Қазақстанның Қарулы Күштерінің анты
В) Қазақстанның Туы
С) Қазақстанның Әнұраны
D) Қазақстанның жаңа Конституциясы
Е) Қазақстанның алғашқы Конституциясы
***
10.Бар ғұмырын Орта Азия мен Қазақстан халықтарының азаттық күресіне арнаған Алаш қайраткері:
А) С.Сәдуақасов
В) Х. Досмұхамедов
С) К. Тоғысов
D) М. Шоқай
Е) М.Дулатов
***
11. Б.з.б. IV ғасырда сақтар шайқасты:
А) Грек-македон әскерімен
В) Қытай әскерімен
С) Жоңғарлармен
D) Сарматтармен
Е) Вавилондықтармен
***
12. Қарақытай мемлекетімен солтүстік-шығыстағы шекаралас ел:
А) Қарахандықтар
В) Қыпшақтар
С) Наймандар
D) Керейіттер
Е) Хорезм мемлекеті
***
13. Қидандарды Жетісу жеріне алып келген билеушісі:
А) Табуян
В) Бұсұған
С) Маркус
D) Елюй даши
Е) Жамұқа
***
14. 1791 жылы С. Датұлы бастаған көтерілістің қайта жандануын тездеткен оқиға:
А) Нұралы Кіші жүздің ханы болып сайланды
В) Әбілқайырдың қайтыс болуы
С) Хандық кеңестің құрылуы
D) Ералы Кіші жүздің ханы болып сайланды
Е) Кіші жүздің Ресейдің құрамына қосылуы
***
15. Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліс бағытталды:
А) Ресей үкіметі мен Хиуа хандығына
В) Қоқан хандығына
С) Орал казактарына
D) Жонғар мемлекетіне
Е) Бұқар әмірлігіне
***
16.XIX ғасырда қазақтардың кедейленген, жалдама еңбекпен күн көрген топтарының атауы:
А) Шаруа
В) Көпес
С) Саудагер
D) Жатақ
Е) Сарт
***
17.Кіші жүз қазақтарының Ресей империясы құрамына кіруге ризашылық білдіруі негізделді:
А) Абылай мен I Петр арасындағы келісімге сәйкес
В) 1742 жылғы 16-ы ақпандағы ресми келісімге сәйкес
С) Тәуке мен Орынбор губернаторы Гагарин арасындағы қол қойылған құжатқа сәйкес
D) 1731 жылғы қазан айының 10-ы күнгі ресми келісімде
Е) Әбілқайыр мен Орынбор губернаторы Гасфорттың арасындағы қол қойылған құжатқа сәйкес
***
18.Абылай ханның Қытайдың билігін мойындауының себебі:
А) Жоңғарларға қарсы әскери көмек алу үшін
В) Мемлекет ішіндегі қырқыстарды тоқтату үшін
С) Ресейге қарсы бірігіп күресу үшін
D) Қазақ елінің дербестігін қамтамасыз ету үшін
Е) Жоңғарларға қарсы әскери көмек алу үшін
***
19.Ұлы Отан соғысы қарсаңында «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі» атағын алған белгілі мұғалім әрі көрнекті жазушы:
А) С. Көбеев
В) Қ.Сәтбаев
С) Б. Майлин
D) Қ. Жұбанов
Е) Ә. Диваев
***
20. Қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлы туралы роман жазған жазушы:
А) І.Жансүгіров
В) І.Есенберлин
С) М. Әуезов
D) С.Мұқанов
Е) Б.Бұлқышев
***
21. Қазақстандағы тарих және этнология институты аталады:
А) Ш.Уәлихановтың есімімен
В) Ә.Марғұланның есімімен
С) А.Байтұрсынұлының есімімен
D) М.Қозыбаевтың есімімен
Е) С.Асфендияровтың есімімен
***
22.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерліктері үшін Б. Бейсекбаев:
А) Социалистік Еңбек Ері атағын алды
В) Кеңестер Одағының Батыры атанды
С) Ресейдің Батыры және Халық Қаһарманы атанды
D) Даңқ орденінің толық иегері болды
Е) Сталиннің қолынан «Жеңіс» орденін алды
***
23. Сақтарды «массагаттер» деп жазған:
А) Геродот
В) Птоломей
С) Арриан
D) Страбон
Е) Әл Марвази
***
24. Қазақ хандығы тарихындағы мерзімі жағынан бұрынырақ болған оқиға:
А) Өзбек ханы Абдаллахтың Түркістан аймағындағы бірнеше қаланы қазақтарға сыйға беруі
В) Ташкент қаласының Қазақ хандығының құрамына қосылуы
С) Қазақ хандығының тарихына байланысты «Тарих-и-Рашиди» еңбегінің жазылуы
D) Абдаллах ханның Шығай мен Тәуекелге Ходжент деген жерді сыйға беруі
Е) Кіші жүздің Алшын одағына кірген тайпалардың бір бөлігінің Қазақ хандығының құрамына қосылуы
***
25. Қытай деректері бойынша қарақытайлар деп аталған халық
А) Ғұндар
В) Арабтар
С) Керейіттер
D) Наймандар
Е) Қидандар
***
26.Қазақстанның оңтүстік өңірлерін Ресейдің еуропалық бөлігімен байланыстыру мақсатында салынған теміржол:
А) Ақмола-Қарталы
В) Мойынты-Шу
С) Шымкент-Алматы
D) Түрксіб
Е) Орынбор-Ташкент
***
27. Ыбырай Алтынсарыұлы өзінің «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінде уағыздайды
А) Қымыздың адам денсаулығына пайдасын
В) Орыс халқының отырықшылдық ерекшеліктерін
С) Мұсылман дінінің ерекшеліктерін
D) Егіншілікпен айналысқан қазақтардың өміріндегі өзгерістерді
Е) Еркектер мен әйелдердің арасындағы теңдікті
***
28. 1930 жылдардағы сталиндік казармалық социализмнің белгілерінің бірі:
А) Балама пікірдің қабылданбауы
В) Демократиялық принциптердің орнығуы
С) Азық-түлік салғыртының енгізілуі
D) Баламалы негізде сайлаудың енгізілуі
Е) Көппартиялық жүйенің орнығуы
***
29.1929 жылдың екінші жартысынан бастап Қазақстанға ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жүргізу үшін «ұжымдастырушылар» әкелінді:
А) Кавказ елдерінен
В) Батыс Еуропа елдерінен
С) Орта Азия республикаларынан
D) Украйнадан
Е) Ресейден
***
30. 1960 жылдардағы реформаның барысында Қазақстандағы мал саны көбейтілді:
А)Қостанай облысында
В) Оңтүстік-шығыс өңірде
С) Қызылорда облысында
D) Павлодар облысында
Е) Солтүстік Қазақстан облысында
