Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Nasen_Yerlan_SRSP2.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
67 Кб
Скачать
☆

Файлдарды архивтен шығару

ARJ программасы архивтен файлдарды өзі шығарып ала алады. ARJ программаның файлдарды шығару кезіндегі шақыру форматы:  ARJ Е <режимдер> <архив-аты> [<каталог>\] [<файл-аттары>]...  Команда параметрлері алдыңғы көрсетілген сияқты, мұнда тек команда Е әрпінен тұрады, мысалы:  ARJ E STUDENT - student.arj архивінен барлық файлдарды шығарып бұрынғы қалпына келтіру.

Архив мазмұнын қарау  Архив мазмұнын қарау функциясы арқылы аркивте қандай файлдар орналасқанын біліп және олар туралы мынадай толық ақпарат алуға болады: қай каталогта орналасқанын, ең соңғы рет өзгертілген уақыты мен мерзімін, дискідегі файлдың бастапқы көлемін және т. б. Бұған қажет команда форматы:  ARJ L <архивтік-файл-аты> <файл-аттары>...  Бұл команда параметрлері де алдыңғы көрсетілген командаларға ұқсас келеді. Файл аттарын енгізу кезінде нұсқалық "*" және "?" таңбаларын пайдаланып, файл топтары үшін мәліметтер алуға болады. Файл аттары көрсетілмесе, жалпы архивтегі файлдар үшін толық мәлімет беріледі.  Мазмұн шығару форматы. ARJ программасы архив мазмұны туралы информацияны мынадай түрде береді:  Ratio - файлдың архивтегі көлемінің оның бастапқы көлеміне  қатынасы;  DateTime — архивке енгізілген файлдың ең соңғы өзгертілген не жазылған мерзімі мен уақыты;  CRC-32 - файлдың циклдік бақылау коды;  Attr - файлдың атрибуттары (А — архивтелетін файл, S — жүйелік (системалық) файл, Н — жасырылған файл, W — оқылатын әрі жазылатын қарапайым файл, R - тек оқылатын файл);  BTPMGVX — файл туралы қосымша мәліметтер: В — архивтегі файл, оның ескі нұсқасы, Т - файл типі (В - екілік түрдегі файл, Т - текстік файл, D - каталог), Р - архивте файл маршруты туралы мәлімет бар, М - файлды қысу тәсілінің нөмірі, G - архивке файл пароль арқылы енгізілген, V - файлдың жалғасы келесі дискетке жазылған, X — файлдың басы басқа дискетке жазылған.  Мысалдар:  ARJ L * *.txt — үстіміздегі каталогтағы типі arj болып келетін барлық архивтік файлдар ішіндегі текстік (типі txt) файлдар туралы мәліметтер шығару.

Архивтердің дұрыстығын (бүтіндігін) тексеру  Архивтегі әрбір файл үшін оның циклдік бақылау коды (CRC) жазылып сақталады. Бұл код - файлдың ішкі мәліметінің арнайы функциясы, файлға кішігірім өзгерту енгізілсе, оның бақылау коды да өзгеруге тиіс. Сондықтан бақылау коды архивтік файлдың бүлінбей дұрыс сақталғанының белгісі болып табылады. Файлдарды архивтен шығарар кезде олардың әрқайсысы үшін бақылау коды бөлек есептеледі де, ол бұрынғы жазылып сақталған кодпен салыстырылып нетижесі экранда көрсетіледі. Архивтің бүлінбей дұрыс сақталғанын бақылау кодын есептемей-ақ мынадай тест командасы арқылы білуге болады:  ARJ T <архивтік-файл> [<файл-аттары>] ...  Бұл форматта соңғы параметрі жазылмаса, архивке кіретін барлық файлдар тексеріледі. Мысалы:  ARJ Т * - ағымдағы каталогтың ішіндегі архивтік файлдардың барлығындағы файлдарды тексеріп шығу.

Архивтегі файлдарды өшіру

Архивтегі файлдарды өшіру мынадай командамен орындалады: ARJ D <архив-аты > [<фапл-аттары >/ -…  D - файлды архивінтен өшіру командасы.  Мұнда архив-аты құрамынан файл өшірілетін архивтік файл. Егер архив аты көрсетілмесе, ол .arj болып саналады. Архив атында  * және нұсқалық символдарын қолдануға болады, онда бірнеше архивтік файл қатар өңделеді.  Файл-аттары - көрсетілген файлдар архивтен өшіріледі. Файлдар тобын өшіру үшін нұсқалық таңбаларды ("*" және "?") пайдалануға рұқсат етілген.  ARJ D STUDENT ALMA.* - ағымдағы каталогтағы student.arj архивінің ішіндегі аты alma, типі кез келген барлық файлдарды өшіру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]