Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9-б-органика сурактар.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
231 Кб
Скачать
☆
  1. Гибридтенгенде оның пішіні қандай болады?

А) Тетраэдр.

  1. Алкандардағы байланыс бұрышы қаншаға тең?

А) .

  1. Алкандардағы байланыс ұзындығы қанша?

А) 0,154нм.

  1. Байланыс ұзындығы дегеніміз не?

А) Көрші тұрған екі атомның арақашықтығы.

  1. Алкандардағы ұзындығы қанша?

А) 0,109нм.

  1. Тетрахлорметанның формуласы:

А)

  1. Алкандар суда қалай ериді?

А) Нашар.

  1. Алкандар табиғатта қайда кездеседі?

А) Мұнай мен мұнайға серік газдарда, табиғи газдарда кездеседі.

  1. Алкандардың қандай мүшесі қандай агрегаттық күйде кездеседі?

А) Алғашқы 4 мүшесі газ, 15-көміртекке дейін сұйық, ал ары қарай қатты күйде.

  1. Табиғи газдың формуласы.

А) метан .

  1. Батпақ газы мен тас көмір шахталарында кездесетін газ қандай газ?

А) Метан.

  1. Гидрлеу дегеніміз не?

А) Сутек қосу.

  1. Дегидрлеу дегеніміз не?

А) Қосылыстың құрамынан сутегіні бөліп алу.

  1. Вюрц реакциясы дегеніміз не?

А) Галогеналканға металл қосу, осы кезде тізбек екі еселенеді.

  1. Алкандарға тән химиялық реакция қандай?

А) Орынбасу.

  1. Алкандарға неге орынбасу реакциясы тән?

А) Себебі, олар қаныққан. Олардың қосып алатын жері жоқ.

  1. Нитрлеу реакциясы кезінде заттарға не қосылады?

А) Азот қышқылын .

  1. Фотохимиялық реакциялар дегеніміз не?

А) Жарық әсерінен жүретін химиялық реакциялар.

  1. Крекинг дегеніміз не?

А) Айырылу, ыдырау деген мағына береді.

  1. «Цикло» деген сөз не деген мағына береді?

А) Тұйық.

  1. Нафтендер дегеніміз не?

А) Циклоалкандардың екінші атауын

  1. Циклоалкандардың нафтендер деп аталу себебі неде?

А) Себебі, олар көбінесе мұнайдың құрамында кездеседі.

  1. Циклоалкандар дегеніміз не?

А) Құрамындағы көміртек атомдары өзара дара байланыс арқылы байланысқан, жалпы формуласы болатын циклді (ТҰЙЫҚ) қаныққан көмірсутектер.

  1. Циклоалкандардың жалпы формуласы қандай?

А) .

  1. Циклоалкандарға тән гибридтену қандай?

А) .

  1. Циклоалкандар табиғатта қайда кездеседі?

А) Мұнайдың құрамында.

  1. Циклоалкандарды қалай алады?

А) Әдістері көп. Негізінен алкандарды дегидрлеу арқылы.

  1. Циклоалкандар қайда қолданылады?

А) Медицинада қолданылады.

  1. Қанықпаған көмірсутектер дегеніміз не?

А) Құрамындағы сутек атомдарының саны қаныққан көмірсутектермен салыстырғанда аз көмірсутектер (көміртек атомдарының арасында кемінде қос байланыс болады)

  1. Қанықпаған көмірсутектер қалай жіктеледі?

А) Алкендер, алкиндер, алкадиендер.

  1. Алкендердегі көміртегі атомдарының арасында қайдай байланыс бар?

А) Бір жерінде қос байланыс бар.

  1. Алкендер дегеніміз не?

А) Молекуладағы көміртек атомдарының арасында бір қос байланысы барқосылыстар.

  1. Алкендердің жалпы формуласы.

А) .

  1. Алкендердің бірінші өкілі не деп аталады?

А) Этилен (немесе этен).

  1. Этиленнің формуласы:

А) немесе

  1. Алкендерге тән гибридтену

А) .

  1. Алкендердегі байланыс бұрышы қанша?

А)

  1. Алкендердегі байланыс ұзындығы қанша?

А) 0,134нм.

  1. Алкендердің номенклатурасы

А) Өзіне сәйкес алканның жұрнағы (немесе ) жұрнағына алмастырылады.

  1. Этиленнің радикалы не деп аталады?

А) Винил .

  1. «Цис» және «Транс» изомер дегеніміз не?

А) Кеңістікте симметриялы орналасса «цис», ал симметриясыз орналасса «транс» деп аталады.

  1. Алкендердегі қос байланыстың қаншасы пи, қаншасы сигма байланыс?

А) Қос байланыстың біреуі , екіншісі .

  1. Сапалық реакция дегенді қалай түсінесің?

А) Әрбір затты анықтайтын өзіне ғана тән реактивтер болады. Олар бірнеше қосылыстың ішінен біреуінде ғана ерекше қасиет көрсетеді. Сол реакция сапалық реакция деп аталады.

  1. Алкендерде молекулалық массасының артуына байланысты балқу және қайнау температуралары қалай өзгереді?

А) Артады.

  1. Алкендердің алғашқы үш мүшесі қандай күйде кездеседі?

А) Газ.

  1. Хлорэтан қайда қолданылады?

А) Медицинада адамның денесін мұздатып қатырып операция жасау үшін қолданылады.

  1. Этилен қайда қолданылады?

А) Жеміс жидектердің пісуін тездетеді.

  1. Алкендерде көміртек тізбегінің артуына байланысты балқу және қайнау температуралары қалай өзгереді?

А) Өседі.

  1. Алкендер түзетін радикалдардың жалпы формуласы.

А)

  1. Гидратациялау дегеніміз не?

А) Су қоса жүретін реакция.

  1. Дегидратациялау дегеніміз не?

А) Су бөле жүретін реакция.

  1. Алкендерге химиялық реакцияның қандай түрі тән?

А) Қосып алу.

  1. Алкендерге неге қосылу реакциясы тән?

А) Себебі, олар қанықпаған. Атомды қосып алатын жері, яғни, қос байланысы бар.

  1. Алкендерді гидрлегенде не түзіледі?

А) Алкан.

  1. Алкендердің сапалық реакциясын ата.

А) Калий перманганатының судағы ерітіндісі арқылы өткізу

  1. Марковников ережесі дегеніміз не?

А) Алкенге галогеналкан қосқанда қос байланыстың сутек көп жағына сутек, ал сутек аз жағына галоген қосылады.

  1. Полимер дегеніміз не?

А) Қайталанып тұратын буындардан тұратын үлкен молекулалы қосылыстар.

  1. Мономер дегеніміз не?

А) Полимерді құраушы ең кіші буын.

  1. Полимерлену дәрежесі дегеніміз не?

А) Полимерлер бірнеше мыңдаған атомдардан тұрады. Жақшаның сыртында тұратын, ішіндегі буын санын көрсететін сан. Ол әрпімен белгіленеді.

  1. Алкадиендер дегеніміз не?

А) Молекуласында екі қос байланысы бар, жалпы формуласы болатын қанықпаған көмірсутектер.

  1. деген сөз қандай мағына береді?

А) Екі қос байланысы бар.

  1. Алкадиендердің жалпы формуласы.

А)

  1. Алкадиендердің номенклатурасы.

А) Өзіне сәйкес алканға жалғауы жалғанады.

  1. Алкадиендердің маңызды өкілдерін ата

А) Бутадиен-1,3 ( дивинил) және 2-метилбутадиен-1,3 ( изопрен).

  1. Алкадиендерге тән гибридтену.

А) .

  1. Кальций карбидінің формуласы.

А) .

  1. Күйенің формуласы.

А) .

  1. Алкадиендерге тән химиялық реакцияның түрі.

А) Қосып алу.

  1. Алкадиендерге полимерлену реакциясы тән бе?

А) Иә.

  1. Алкадиендерде көміртек атомдарының арасында қандай байланыстар болады?

А) Екі жерінде қос байланыс болады.

  1. Алкадиендерден өмірде маңызы бар қандай қосылыстар алынады?

А) Каучук, ал одан резеңке алынады.

  1. Каучуктың қандай түрлері бар?

А) Табиғи және синтездік.

  1. Каучуктардың молекулалық массасы қаншаға дейін барады?

А) 150000-300000.

  1. Табиғи каучук қайда кездеседі?

А) Бразилияда, Генуя деген ағашта.

  1. Каучуктың артықшылығы неде?

А) Майысқақтығы.

  1. Каучуктың басты кемшілігі неде?

А) Сыртқы температураға тұрақсыздығы.

  1. Каучуктың агрегаттық күйі қандай?

А) Қатты.

  1. Каучуктың нашар қасиеттерін жою үшін оны қандай қосылыстарға айналдырады?

А) Резеңкеге.

  1. «Вулканизациялау» дегеніміз не?

А) Каучукка күкірт қосу.

  1. Каучукты вулканизациялағанда оған нені қосады?

А) .

  1. Каучукка вулканизациялағанда оған не үшін күкірт қосады?

А) Каучуктың құрылымы сызық тәрізді болып ол оралып орналасады, күкірт солардың арасын байланыстырады.

  1. Эбонит дегеніміз не?

А) Резеңкенің құрамындағы күкірт 3%-тен асып кетсе онда қатты зат алынады. Ол эбонит деп аталады.

  1. Резеңкенің құрамында әдетте неше пайыз күкірт болады?

А)

  1. Не үшін каучукты пайдаланбай, негізінен, резеңкені пайдаланады?

А) Себебі, каучук сыртқы температураға тұрақсыз.

  1. Алкиндер дегеніміз не?

А) Молекуласында көміртек атомдарының арасында бір жерінде үш байланысы бар қанықпаған көмірсутектер.

  1. Алкендерде көміртек тізбегінің артуына байланысты балқу және қайнау температуралары қалай өзгереді?

А) Өседі.

  1. Ацетилендегі үш байланыстың нешеуі нешеуі байланыс?

А) Біреуі , екеуі .

  1. Алкиндердің жалпы формуласы

А) .

  1. Алкиндер қаныққан ба әлде қанықпаған?

  1. Қанықпаған.

  1. Алкиндерде көміртек атомдарының арасында қандай байланыс болады?

А) Үш байланыс.

  1. Алкиндерге тән гибридтену

А) .

  1. Алкиндерде байланыс бұрышы қаншаға тең?

А) .

  1. Алкиндердегі байланыс ұзындығы қанша?

А) 0,120нм.

  1. Алкиндердің номенклатурасы

А) Өзіне сәйкес алканның жұрнағы жұрнағына айналады.

  1. Кучеров реакциясы дегеніміз не?

А) Алкинге сынап тұзының қатысында су қосылғанда альдегид түзіледі.

  1. «Димерлену» дегеніміз не?

А) Екі еселену.

  1. «Тримерлену» дегеніміз не?

А) Үшеселену .

  1. Алкиндердің бірінші өкілі не деп аталады?

А) Ацетилен. немесе .

  1. Ацетиленді тримерлегенде не алынады?

А) Бензол .

  1. Ароматты көмірсутектер деген сөз қайдан шыққан?

А) Алғашқы ашылған ароматты көмірсутектердің ароматты иісі болған.

  1. Бензолдың жалпы формуласы?

А)

  1. Бензолдың қазіргі формуласын кім ұсынған?

А) Кекуле.

  1. Атом бомбаларының күші немен өлшенеді?

А) Тротил.

  1. Көп таралған қопарылғыш зат.

А) Тротил.

  1. Қопарылғыш заттар дегеніміз не?

А) Сырттан әсер еткенде қопарылыс беретін қосылыстар.

  1. Ароматты көмірсутектердің екінші атауы.

А) Арендер.

  1. Бензолданы орта-, пара-, мета- жағдайларды ата.

А) Жоғарғы жағы –пара, оң жақ төбесі –орта, -оң жақ асты –мета.

  1. Бензолдағы байланыс ұзындығы қанша?

А) 0,140нм.

  1. Бензолдың ең жақын гомологы не деп аталады?

А) Толуол.

  1. Бензолдың радикалы не деп аталады?

А) Фенил .

  1. Толуолдың радикалы не деп аталады?

А) Бензил .

  1. Бензолға тән химиялық реакцияның түрі қандай?

А) Орынбасу.

  1. Бензол қаныққан ба әлде қанықпаған ба?

А) Өте қанықпаған.

  1. Бензолдың Кекуле ұсынған формуласының ортасына не үшін дөңгелек қоямыз?

А) Көміртек атомдарының арасындағы тығыздық бірдей таралғанын білдіреді.

  1. Тротилдің екінші атауы.

А) Тринитробензол .

  1. Бензол тотыққанда қандай қышқыл түзіледі?

А) Бензой қышқылы .

  1. Бензол қанықпаған болса неге оған орынбасу реакциясы тән?

А) Ол оның ерекше құрылысына байланысты.

  1. Риформинг дегеніміз не?

А) Мұнайды жоғары температурада катализатор қатысында ароматтандыру.

  1. Функционалдық топ дегеніміз не?

А) Заттың қай класқа жататының анықтайтын топ.

  1. Көмірсутектерге нелер жатады?

А) Қаныққан, қанықпаған көмірсутектер

  1. Отын дегеніміз не?

А) Жасанды немесе табиғи жолмен алынатын энергия көзі болып табылатын зат.

  1. Пестицидтер дегеніміз не?

А) Өсімтіктер мен жануарлар зиянкестерімен күресуге қолданылатын заттар

  1. Гербицидтер дегеніміз не?

А) Арамшөптермен күресуде қолданылатын заттар.

  1. Фунгицидтер дегеніміз не?

А) Саңырауқұлақтардың ауруларымен күресетін заттар.

  1. Инсектицидтер дегеніміз не?

А) Өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден қорғайтын заттар.

  1. Табиғи газдың негізгі бөлігін қандай газ құрайды?

А) Метан .

  1. Табиғи газ қандай фракциядан тұрады?

А) Екі фракциядан. Бірінші метан, этан қоспасы. Екіншісі пропан, бутан қоспасы.

  1. Танкер дегеніміз не?

А) Мұнай тасымалдайтын арнайы көлік.

  1. Танкердің ұзындығы мен сыйымдылығы қаншаға дейін баруы мүмкін?

А) Ұзындығы 350-500 метрге дейін жетеді. Сыйымдылығы миллион баррелге дейін.

  1. Крекинг процесін алғаш ұсынған ғалым кім?

А) Орыс ғалымы В.Г.Шухов.

  1. Әлемде ең көп пайдаланылатын отын түрі.

А) Мұнай (40%).

  1. Гудрон неден алынады?

А) Мазуттың қатты қалдығы.

  1. Бензиннің октан саның арттыру үшін оған не қоады?

А) Антидетонат (тетраэтилқорғасын .

  1. Кокстеу процесі қанша уақытқа созылады?

А) 12-14 сағат.

  1. Керосин қандай түрлерге бөлінеді?

А) Жарықтандырушы, тракторлық, реактивтік.

  1. Гудрон қайда қолданылады?

А) Битум мен алфальт жол жасауда.

  1. Бензиннің құрамына қаншаға дейін көмірсутектер кіреді?

А) 130-ға жуық.

  1. Генератор газдары дегеніміз не?

А) Генератор пештерінде өңдірілетін газдар.

  1. Қарағанды көмір алабының барланған геологиялық қоры қанша?

А) 60 млрд. тонна.

  1. Қазақстандағы барлық газдың қоры қанша?

А) 9,5 трлн м3.

  1. Көмірсутектің неше пайызы отын ретінде қолданылады?

А) 95%.

  1. Құрғақ газ неден құралған?

А) Метан мен этан қоспасы.

  1. Табиғи газ не үшін ең тиімді отын болып табылады?

А) Себебі, оның жану жылуы өте жоғары. 54000 кДж.

  1. Мұнайға серік газ қайда кездеседі?

А) Мұнайдың жоғары қабатында.

  1. Газдар қандай процесс нәтижесінде пайда болады?

А) Өсімдіктер мен жануарлардың ауасыз жерде шіруі нәтижесінде.

  1. Мұнайға серік газдар қандай фракцияға бөлінеді?

А) Үш фракцияға (метан мен этан, пропан мен бутан және газды бензин).

  1. Газды бензин қайда қолданылады?

А) Суық жақтарда бензин тез оталуы үшін.

  1. Неліктен мұнайға серік газ деп аталады?

А) Себебі, ол мұнаймен бірге кездеседі.

  1. Мұнай мен газ неге бірге араласпайды?

А) Себебі, олардың тығыздықтары әртүрлі.

  1. Мұнайдың формуласы қандай?

А) Оның нақты формуласы жоқ.

  1. Мұнайдың неге нақты формуласы болмайды?

А) Себебі, мұнай қоспа.

  1. Мұнайдың негізін қандай көмірсутектер құрайды?

А) Парафиндер, циклопарафиндер және ароматты көмірсутектер.

  1. Мұнайдың тығыздығы қандай?

А) 0,73-0,98г/см3

  1. Шикі мұнай дегеніміз не?

А) Суынан тазартылмаған мұнай.

  1. Тауарлық мұнай дегеніміз не?

А) Суынан тазартылған мұнай.

  1. Шикі мұнайдан тауарлық мұнайды қалай алады?

А) Құрамынан суын тазарту арқылы.

  1. не деген мағына береді?

А) Тез от алғыш зат.

  1. Мұнай кендерінде қысым төмендесе қандай әдіс қолданылады?

А) Носос арқылы мұнайды сорып алады.

  1. Мұнайды өңдеудің қандай әдістері бар?

А) Химиялық, физикалық.

  1. «Мұнайды фракциялау» дегеніміз не?

А) Мұнайды бөлу.

  1. Мұнайды фракциялау оның қандай әдістеріне негізделген?

А) Қайнау температурасының әртүрлілігіне.

  1. «Мұнайды крекингтеу» дегеніміз не?

А) Мұнайды өнімдерге ажырату, айыру.

  1. «Крегинг» қандай мағына береді?

А) Ажырату, айыру.

  1. Термиялық крекинг неге негізделген?

А) Мұнайды жоғары температурада айыруға.

  1. Катализдік крекинг неге незігделген?

А) Мұнайды жоғары температурада, катализатор қатысында айыруға.

  1. Мұнайдың соңғы өнімі не деп аталады?

А) Мазут.

  1. Иіс газының формуласы:

А)

  1. Мұнай өнімдері қайда қолданылады?

А) Негізінен жанар-жағармай ретінде сонымен қатар дәрі-дәрмек, фармацептика т.б.

  1. Детонация дегеніміз не?

А) Бензиннің қозғалтқышта қопарылыс түзіп жануы.

  1. Отын агрегаттық күйіне байланысты қалай жіктеледі?

А) Қатты, сұйық, газ.

  1. Отын тегіне қарай қалай жіктеледі?

А) Табиғи, жасанды.

  1. Жасанды отынға мысал келтір?

А) Кокс, жартылай кокс, ағаш көмірі.

  1. Меншікті жану жылуы дегеніміз не?

А) 1 килограмм отынды толық жаққанда бөлінетін жылу мөлшері.

  1. Табиғи газдың меншікті жану жылуы қаншаға тең?

А) 49000-54000 кДж.

  1. Ағаштың меншікті жану жылуы қаншаға тең?

А) 19000 кДж.

  1. Пиролиз дегеніміз не?

А) Көмірді ауа қатыстырмай жабық реакторда 10000С шамасында қыздыру.

  1. Газдандыру дегеніміз не?

А) шамасында қатты отынның массасын жанғыш газдарға айналдыру.

  1. Гидрогендеу дегеніміз не?

А) Катализатор қатысында жоғары температурада және қысымда отынды сутекпен өңдеу.

  1. Кокстеу дегеніміз не?

А) Тас көмірді ауа қатысынсыз кокс пештерінде жоғары температурада өңдеу

  1. Кокс дегеніміз не?

А) Кокстеу процесі нәтижесінде алынған өнім.

  1. Қатты заттардың реакцияға түсуі неге тәуелді?

А) Жанасу бетінің ауданына.

  1. Тас көмірдің Қазақстандағы кездесетін орындарын ата

А) Қарағанды.

  1. Тас көмірдің Қазақстандағы қоры қанша?

А) 160 млрд тонна.

  1. Мұнайдың құрамы неге нақты болмайды?

А) Оның құрамы неден пайда болғанына байланысты.

  1. Мұнай Қазақстанның қай жерлерінде кездеседі?

А) Қызылорда, Батыс Қазақстан.

  1. Оттекті органикалық қосылыстардың көмірсутектерден не айырмашылығы бар?

А) Олардың құрамында көміртек пен сутектен басқа оттек те кездеседі.

  1. Не үшін оттекті органикалық қосылыстар деп атаймыз?

А) Құрамында оттек кездескені үшін.

  1. Оттекті органикалық қосылыстар нешеге жіктеледі?

А) 4-ке, спирттер, альдегидтер, карбон қышқылдары, көмірсулар.

  1. Спирттердің фукционалдық тобы не деп аталады?

А) Гидроксил .

  1. Гидроксил тобы неше валентті?

А) І.

  1. Спирттердің екінші атауы.

А) Алканолдар.

  1. Таза медициналық спирттің құрамы қандай?

А) 96% , 4% су.

  1. Термиялық айыру дегеніміз не?

А) Жоғары температура әсерінен айыру.

  1. Қандай спирт газ күйінде кездеседі?

А) Ешқандай.

  1. Бутил спиртінің формуласы:

А)

  1. Спирт сөзі латын тілінен аударғанда не деген мағына береді?

А) Шараптың рухы.

  1. Алкаголь сөзі қай елдің сөзіне шыққан?

А) Араб.

  1. Құрамында гидроксил тобы бар қосылыстар нешеге жіктеледі?

А) Екіге: спирттер және фенолдар.

  1. Спирттер дегеніміз не?

А) Көмірутек радикалынан және гидроксил тобынан қүұралған күрделі органикалық қосылыстар.

  1. Спирттер құрамындағы гидроксил тобының санына байланысты қалай жіктеледі?

А) Бір атомды және көпатомды.

  1. Спирттердің неше атомды екенің қалай білеміз?

А) Құрамындағы гидроксил тобының санына қарай.

  1. Гидроксил тобымен байланысқан көміртек атомының табиғатына байланысты спирттер нешеге бөлінеді?

А) 3-ке, біріншілік, екіншілік және үшіншілік.

  1. Спирттердің номенклатурасы

А) Өзіне сәйкес алканға жұрнағына алмасады, немесе өзіне сәйкес көмірсутек радикалына спирті деген жалғау жалғанады.

  1. Спирттерге тән изомерлену қандай?

А) 1) Көміртек қаңқасының құрылысына;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]