Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мем-к бюджеттің эко-қ мәні мен рөлі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
636 Кб
Скачать
☆

1.2 Бюджеттің экономикалық мәні мен мазмұны

Жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің айрықша саласын мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын каржылық қатынастары құрады. Бұл қатынастарға олардың мемлекет бірден бір қатысушысы болып табылатын бөлгіштік үдерісте пайда болатыны және қоғамдық қажеттіліктерді канағаттандыруға арналған ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты екені жалпы тиісті (тән) болып келеді. Қаржылық қатынастардың бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрады. Бюджет мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың ақшалай қаражаттарының қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару орғандарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржылық ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады, бұл мемлекеттің қаржылық саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет. Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты болады. Мемлекеттік бюджеттің болуы мүлдем адамдардың субъективті қалауының (еркінің) нәтижесі емес, ұлғаймалы ұдайы өндірістің мұқтаждарымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен шарттасылған объективті қажеттігі.[3]

Экономика дамуының қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржылық ресурстар мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқындары мен үйлесімдерін қамтамасыз етуге,оның салалық және аумақтық құрылымдарын жетілдіруге жетуге, экономика салаларын дамытудың бірінші кезектегі бағдарламалары үшін қажетті мөлшерлерде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгертулер жүргізуге жағдай жасайды. Қаржыны орталықтандырудың аркасында ақшалай қаражаттар мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайлар жасай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне шоғырландырылады.

Сөйтіп, құндық бөліністің айрықша бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет аирықшалықты арналымды орындайды - жалпы коғамдық қажеттіліктерді канағаттандыруға қызмет етеді. Объективтік ұдайы өндірістік қатынастардың өмір сүруінің экономикалық нысаны бола отырып, айрықшалықты қоғамдық арналымды орындай отырып, мемлекеттік бюджет экономикалық қосалқы категория ретінде болады.[4]

Қаржылық қатынастардың белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен оны жалпы қаржылық категориядан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджеттік қатынастардың ұдайыөндірістік сипаты бар, әркашан ақшалай нысанда жүзеге асырылады, мақсатты ақиіалай қорларды қалыптастырумен және пайдаланумен косарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджеттік қатынастарға белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды. Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:

  • Мемлекеттен жалпы коғамдық өнімнің бір бөлігін окшауландырумен және оны коғамдық қажеттіліктерді қанагаттандыруга пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;

  • Құнды жасау және оны тұтыну үдерісін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды түтынуга қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумактар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;

  • Қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы козгалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржылық қатынастар материалдық өндірісте де, материалдық емес сферада да тауар-ақшалай қатынастармен тығыз тоқайласып жатады.

Экономикалық қосалқы категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және оны ұлгаймалы ұдайы өндіріспен қогамдық қажеттіліктерді қанагаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу үдерісінде мемлекетпен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақшалай қатынастарды білдіреді.

Мемлекеттік бюджет тұтас алғанда мемлекет қаржысының функцияларына сәйкес функцияларды - бөлу және бақылау функцияларын қаржылардын ұдайы өндірістік тұжырымдаманың шеңберінде орындайды. Бұл функциялардың іс-әрекеті, мазмұны, мәні мен маңызы бюджеттік қатынастардың қаралған өзіндік айрықшалығымен айқындалды. Сонымен бірге қаржының және мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде: мемлекет қаржысының орналастыру (ресурстарды), қайта бөлу, тұрақтандыру қосалқы функцияларын орындауды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік бюджеітің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеу механизмінің жиынтық ұғым ретінде қарау керек. Мәселен, мемлекеттік бюджетте коғамдағы барлық экономикалық үдерістер бейнеленетіндіктен, сондай-ак барлық негізгі қаржы институттары - салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттің қарыздары және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлереттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Онда бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын қайта бөлгіштік үдерістер қарастырылады;

Негізгі қаржы жоспарының кірістері мен шығыстарының айрықшалықты баптары мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастырудың көздері мен қорды пайдалану бағыттарын көрсетеді. Елдің негізгі қаржы жоспары мемлекеттің жоспарлы қызметінің жемісі болып табылады; онда қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін бейнелеп көрсететін мемлекеттің еркі білдірілген. Бюджет нақты кезеңге (әдетте, бір қаржы жылына жасалатын, ал 2009 жылдың 1 каңтарынан бастап бюджет үш жылға жасалады) бюджеттің кірістерін, шығыстарын, орталықтандырылған қаржылық ресурстардың шешуші бөлігінің козғалысын анықтайды. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері Парламенттің жыл сайын қабылдайтын республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.

Мемлекеттік бюджет - ұлттық экономиканы басқарудың басты меха- низмдерінің бірі. Бюджетке тән құндылықтардың көрінуі, оны бөлу мен бақылаудың құралы ретінде пайдалану мемлекет жасайтын бюджеттік механизмде бейнеленеді. Экономиканы реттеу үшін бюджеттік механизмді пайдалану қоғамдық өндірісті дамытудың карқындары мен үйлесімдеріне эсер ете отырып, мемлекеттің қарамағына түсетін ақшаны оңтайландыру арқылы жүзеге асырылады. Шығындар мен салықтар арқылы бюджет эконо.микамен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Ақырында, мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң).

Сөйтіп, бюджетті осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жөн(сурет 1 – 10 бетте көрсетілген).

НЕГІЗГІ ҚАРЖЫ ЖОСПАРЫ

ҚОНДЫРМА БӨЛІМІ

(СУБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ)

МЕМЛЕКЕТ ЗАҢЫ

ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫ БАСҚАРУ МЕХАНИЗМІ

МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ

БАЗИС БӨЛІГІ

(ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ)

МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН АҚША ҚОРЫ

РЕСУРСТАР

ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ

ҚАТЫНАСТАР

Сурет 1- Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамасы

Қоғамдық ұдайы өндірісте мемлекеттік бюджеттің рөлі ең алдымен мемлекеттік бюджеттің (шығыс бөлігінің) көмегімен ұлттық табыстың 31%, ішкі жалпы өнімнің 22%, жалпы қоғамдық өнімнің 11% бөлінетіндігімен және қайта бөлінетіндігімен анықталады. Ол ақшалай қаражаттарды ұлгтық шаруашылықтың әр түрлі салалары, өндіріс секторлары, коғамдық қызметтің сфералары, елдің экономикалық аудандары мен аумақтары арасында бөледі.

1.3 Шетел тәжірибесіндегі бюджеттің қалыптасу ерекшеліктері

Ресейдің қаржы жүйесі және оның буындары. Қаржы жүйесі – бұл мемлекет пен кәсіпорынның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын құру және пайдалану процесіндегі қаржы қатынастарының оқшауланған, бірақ өзара байланысқан әртүрлі салалары мен буындарының, сондай – ақ оларды ұйымдастыратын қаржы органдарының жиынтығы.[5]

Ресей Федерациясының қаржы жүйесі (сурет 2 – де 11 бетте көрсетілген) қаржы қатынастарының біршама дербес мына салдарынан тұрады:

  • мемлекеттік бюджет;

  • сақтандыру қорлары;

  • қор нарығы;

  • мемлекеттік несие;

  • шаруашылық жүргізушілердің субъектілерінің қаржылары;

  • бюджеттен тыс қорлар.

Жоғарыда келтірілген қаржы қатынастарын екі жүйеге бөледі. Шаруашылық жүргізу субъектілердің қаржылары орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономикамен әлеуметтік қатынастарды реттеу мен көтермелеу үшін пайдаланылады, ал жалпы мемлекетке орталықтандырылған қаржылар жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады.

Қаржы жүйесін буындарға бөлу себебі: әр буынның міндетіне байланысты және де орталықтандырылған және де орталықтандырылмаған ақша қорын қалыптастырумен байланысты. Жалпы мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорларының ресурсы ұлттық пайданы бөлу және қайта бөлу арқылы құрылады.

Жалпы мемлекеттік қаржылар халық шаруашылығының дамуын қамтамасыз ету, қаржы ресурстарын эканомика салаларымен елдің аймақтарында қайта бөлуде маңызды рөл атқарады. Жалпы мемлекеттік қаржылар кәсіпорынның қаржыларымен тығыз байланысты.

Бір жағынан, бюджет пайдасының басты көзі ұлттық пайда болса, екінші жағынан, өндірісті көтермелеу үшін кәсіпорынның өзінің қаржыларымен ғана емес, жалпы мемлекеттік ақша қорларын банк несиелерін тарту арқылы дамытады. Кәсіпорынның өзінің жарғылық қоры жетіспеген жағдайда акционер негізінде басқа фирманың қаражаттарын тарту арқылы дамытуға болады.

Сурет 2 - Ресей Федерациясының қаржы жүйесі

Қаржы жүйесі арқылы орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша, жинақ қорларына мемлекеттік несиенің, салықтарының, мемлекеттік бюджеттің шығындары арқылы ықпалын тигізеді.

Ресей Федерациясының ішкі қарызы ұзақ мерзімді міндеттемені білдіреді. Яғни, Ресей Федерациясынан алынған несие, мемлекеттік қарыз ұзақ мерзімді міндеттеме болып табылады.

Ресейдің негізгі әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштері. Ресей Федерациясының соңғы жылдарда макроэкономикалық көрсеткіштеріне қысқаша шолу жасайтын болсақ, нақты 2010 жылғы қаржылық көрсеткіштері төмендегідей болады:

  • Халық саны – 145,2 млн адам

  • Жұмыссыздар саны – 6153 мың адам

  • Халықтың ақшалай табыстары (орташа жан басына шаққанда бір айға) – 3949,8 рубль.

  • Халықтың ақшалай шығындары (орташа жан басына шаққанда бір айға) 38,805 рубль.

  • Экономика саласында еңбекпен қамтылғандардың жылдық орташа саны – 65359 мың адам.

  • Жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) - 10863,4 млрд рубль

  • Жалпы ішкі өнім жан басына шаққанда – 75497,0 рубль

  • Өнекәсіптік өнім көлемі – 6867,9 млрд рубль

  • Негізгі капиталға күрделі салымдар – 175807 млн рубль

  • Бюджет табыстары – 3519,2 млрд рубль

  • Бюджет шығындары – 3422,3 млрд рубль

  • Экспорт – 106154,3 млн доллар

  • Импорт – 461530 млн доллар

Ал, күрделі салымдар мәселесі бойынша Ресей бірнеше ірі дамыған мемлекеттермен тығыз байланысты.[6]

Келесі 13 бетте: кесте 1 - Ресей Федерациясының бюджет құрылымы

Кесте 1- Ресей Федерациясының бюджет құрылымы

2009

2010

млрд рубль

ЖІӨ - ге %

млрд рубль

ЖІӨ - ге %

1

2

3

4

5

Табыстар

2683,7

29,7

3519,2

32,4

Оның ішінде:

Салықтық табыстар

2345,0

25,9

3136,8

32,4

Олардан:

Кәсіпорын пайдасына салынатын салық

513,8

5,7

463,3

4,3

Жеке тұлғалардың табысына салынатын салық

255,8

2,8

358,1

3,3

Қосылған құнға салынатын салық

639,0

7,1

752,7

6,9

Акциздер

243,3

2,7

264,1

2,4

Мүлікке салынатын салықтар

89,6

1,0

120,5

1,1

Табиғи ресурстарды пайдалану үшін төлемдер

135,7

1,5

330,8

3,0

Сыртқы сауда мен сыртқы экономикалық операцияларға салынатын салық

331,3

3,7

323,4

3,0

Бірыңғай әлеуметтік салық

0,0

0,0

339,5

3,4

Салықтық емес табыстар

198,7

2,2

266,4

2,4

Шығыстар:

2419,4

26,8

3422,3

31,5

Оның ішінде

Мемлекеттік басқару және жергілікті өзін - өзі басқару

111,0

1,2

149,0

1,4

Халықаралық іс

23,8

0,3

34,2

0,3

Ұлттық қорғаныс

247,7

2,7

295,4

2,7

Құқық қорғау және мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету

183,9

2,0

240,4

2,2

өнеркәсіп, энегетика және құрылыс

237,4

2,6

324,5

3,0

Ауыл шаруашылығы және балық аулау

67,4

0,7

59,8

0,6