Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Арайка курсавой.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
167 Кб
Скачать
☆

1.2 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік саясаты

Шағын кәсіпкерліктің мынадай «әлсіз» жақтары бар:

- Ұзақ мерзімді міндеттерді жасаудағы басшының білімсіздігіне байланысты әлсіз стратегиялық басқару;

- Өзін өзі ақпаратпен жеткіліксіз қамтамасыз ету;

- Меншікті және несие қаржы ресурстарының жетіспеушілігі;

- Тәуекелдің жоғарылығы және қызметтің тұрақсыздығы;

- Сыртқы ортадан - банктерден, басқарудың мемлекеттік ұйымдарынан, ғылы-ми ұйымдардан күшті тәуелділік.

Соңғы уақыттарда республикада шағын кәсіпорындар әлеуметтік қызметтерден босатылуда. Стратегиялық жоспардағы әлеуметсіздендіру процесі шағын кәсіпорындардың қоғам алдында өз қызметкерлерінің әлеуметтік-экономиклық жағдайына жауапкершілігінің төмендеуінен және олардың жалпы мемлекеттік, муниципальды және әлеуметтік міндеттерді шешуге енжар қатысуынан көрінеді.

Кәсіпкерік еркіндігі мен әлеуметтік жауапкершіліктерінің принциптерін тек нарықтық механизм арқылы үйлестіру мүмкін емес. Бұл үшін сәйкес мемлекеттік саясат қажет.

Мемлекеттің шағын кәсіпкерлік атынасындағы екі негізгі қызметін бөліп көрсетуге болады: реттеу және қолдау.

Біріншісінің мәні шағын кәсіпкерліктің құқықтық ортасын қалыптастыруды ұйымдастыру, әкімшілік сұрақтарды шешуде және сәйкес міндеттердің орындалуын бақылауда. Қолдану қызметтері қазіргі таңда шағын кәсіпорындарға материалдық, ақша, ақпараттық ресурстарды, мемлекеттік тапсырыстарды, оларға қызмет көрсетуді және т.б. жеткізу.

Шағын кәсіпкерлік «төменнен» бастамасы бойынша тіршілікке қабілетті.

Мемлекеттің міндеті шағын кәсіпкрлікті көбейту емес, оның қалыптасуы мен табысты қызмет етуі үшін қолайлы экономикалық орта жасау.

Шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік саясатында іскерлік белсенділікті ынталандыруға заңдық және нормативтік негіз жасау және жетілдіру, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметті қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрылым қалыптастыру қарастырылады.

Шағын кәсіпкерлік ерекше тәсілді және оны қолдау шараларының арнайы кешенін жасауды талап етеді.

Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» заңында қарастырылады:

- Өндіріспен айналысатын шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу кезеңінен бастап алғашқы үш жыл ішінде қозғалмайтын мүлікке тіркеу құқығына ақыдан босату;

- Өндірістік қызметпен айналысатын шағын субъектілеріне жер учаскелерін жерді пайдалану актісін беруге ақы алмай беру;

- Электроэнергиясы, жылу, сумен жабдықтау және канализацияның қуатына қосылу, мемлекеттің қатысуымен екінші деңгейдегі актта есепшот ашу бойынша ақыдан босату;

- Шағын субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметіне жылына бір реттен

көп емес тексеруді белгілеу.

Шағын кәсіпкерлікті жеткіліксіз несиелеудің маңызды мәселелерінің бірі көптеген кәсіпекрлердің кепіл затпен қамтамасыз етілмеуі. Сондықтан коммуналдық меншік объектілерінен аймақтық өтімді кепіл қорлары құрылады. Олар Ақтөбеде, Қызылордада, Маңғыстауда, Павлодарда құрылған.

Шағын кәсіпкерліктің дамыту қорының қызметіне жәрдемдесуге облыс әкімдері тартылады. Олардың көмегі кәсіпкерлерге пайдалануға (жалдау, өтеусіз беру және т.б.) бос әкімшілік үйлердің алаңдарын беруде.

Шағын кәсіпкерлікті қолдау қорына және оның аймақтық өкілдеріне шағын кәсіпорындарға мемлекеттік тапсырыстарды таратуға көмек көрсету қажет. Осы мақсатта қор мемлекеттік тапсырыс алуға өтініш беруге, келісім-шарт жасауға, сатып алумен айналысатын мемлекеттік қызметтерге шағын кәсіпорындардың мекен жайын таратуға, мемлекеттік тапсырысты алу үшін маркетинг саясатын жүргізуге көмектесуі қажет [3].

Шағын көлік кәсіпорындары халықаралық транзиттік сауданың дамуына ойдағыдай қатыса алады. Негізгі жүк ағындарының түйіскен Евразия орталығындағы елеулі экспорттық әлеует және қолайлы көлік-географиялық жағдай Қазақстанда халықаралық транзиттік сауданы дамыту үшін қолайлы алғашқы шарттар жасайды:

- Қазақстан Республикасының территориясы бойынша шетел көліктерінің және жолаушыларының транзиті және оларға жүру жолдары бойынша қызмет көрсету;

- шетел тауарларын жеткізу және оларды әрі қарай үшінші елдерге экспорт;

- шетел тауарларын жеткізу және олардың экспорттық өнімдер өндірісіне технологиялық қатысуы, әрі қарай экспортқа шығару.

Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі терең дағдарыста тұр, одан шығуды жағымды нәтижелерге жеткен бірнеше кәсіпорындардың табысты қызмет көрсетуде. Олар барлық тауар, өткізу, инвестициялық, баға саясатын тұтынушыға қарай бұрып, нарықтағы өз тауаршасын (ниша) тапты.

Біріншіден, бұған кәсіпорындарды ірілендіру және еншілес құрылымдарды құру есебінен жетті.

Екіншіден, шетел тәжірибесін, технологиясын тарту және пайдалану.

Өндірісті сегменттеу қайта құрылған кәсіпорындарға шығарылатын өнім, оны өткізу көлемдерін өз еркімен салықтарды төлеуге және өнімнің өзіндік құнын есептеуге, сонымен қатар меншікті айналым қаржыларын толықтыру үшін тәуелсіз несиелерді алуға мүмкіндік берді. Бір үлкен тапсырыс алғаннан бірнеше кішігірім тапсырыс алған жеңілірек. Тұтыну нарығын қалыптастыру кезінде Қазақстан сияқты шикізат базасы, қажетті жабдықтары мен дайын кадрлары бар ел, өзінің ішкі нарығында жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің ең кем дегенде 70% алуы тиіс.

Ауылшаруашылық өндірісінің экономикалық дағдарысы, оның өнімдері өнеркәсіптік өңдеу деңгейінің төмендеуі, нарықтық қатынас жағдайларына бейімделуге қабілетті жаңа ұйымдастыру нысандарын іздеу қажеттілігін анықтайды.

Ұйымдастыру– экономикалық шаралар ауылшаруашылық кәсіпорындары арасындағы барлық кезеңдерде: өндіру - өңдеу - өткізу тығыс технологиялық және экономикалық өзара қатынас орнатуға бағытталуы тиіс.

Агроөнеркәсіптік өндірістегі мұндай мәселелерді шешу жолына кооперациялауды дамыту жатады.

Қазіргі кезде жекешелендіруді жүргізу нәтижесінде ауыл шаруашылықтағы негізгі көлемін шағын ауыл шаруашылық кәсіпорындар, шаруа қожалығы, жеке қосалқы шаруашылық құрайды, яғни сөз негізінен шағын ауылшаруашылық кәсіпкерлік деп аталатын кәсіпорындар арасындағы кооперациялау туралы болып отыр 4].

Ет, жүн, сүт кешендері ішінде кооперациялауды дамыту әрі қарай өңдеу үшін жекелеген қосалқы шаруашылықтардан малды, сүтті сатып алуды ұйымдастырудыға өткізу кооперативтерін құру жолымен жүруі мүмкін. Кооперацияға жеке қосалқышаруашылықты тартумен өңдеу кәсіпорындардың қуатын пайдалану деңгейі артады.