Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
diplom.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

1.2 Html тілінің негізгі тәгтері

HTML құжатының кез келгені <HTML> тәгінен басталып, соған сәйкес </HTML> түріндегі жабылу тәгімен аяқталады.Осы екеуінің ортасында құжаттың тақырыптық бөлігі мен тұлғасы болып келетін негізгі бөлігі орналасады.

Құжаттың тақырыптық бөлігі <HEAD> және </HEAD> тәгтерінің ортасында тұрады да, жалпы құжат туралы мәлімет береді. Әдетте, бұл бөлікте <TІTLE> ... </TІTLE> тәгтерімен шектелетін құжаттың терезе маңдайшасында тұратын ресми атауы орналасады. Көптеген броузер­лер оны терезе тақырыбында тұратын файл аты есебінде пайдаланады.Осы құжатты принтер арқылы баспадан шығарғанда, броузер оны әр парақтың сол жақ жоғарғы бұрышына жазып отырады. Атаудың өте ұзын болмағаны дұрыс, әдетте ол 64 символдан аспауы керек.

Жазылатын мәтін құжаттың негізгі тұлғасы деп аталатын <BODY> ... </BODY> тәгтерінің ортасына жазылады. Бұл қос белгі HTML-құ­жат­тың негізгі мазмұндық бөлігінің басын және соңын білдіреді.

Жоғарыда келтірілген төрт тәг HTML құжатының кез келгенінде болуы тиіс. Бірақ <HTML>, <TІTLE> тәгтерін жазбай кетсе де болады, дегенмен HTML тілінің құрылымы олардың толық болуын талап етеді. Өйткені алдын ала тұтынушы­ның қандай броузер пайдаланатыны, он­ың қалай жұмыс істейтіні программа құрушыға белгісіз болады ғой.

Түсініктемелер: Программалау тілдерінде түсінік беретін сөздер (ком­ментарий) жазыла­тыны сияқты мұнда да программаның орында­луына әсер етпей, яғни экранға еш мәлімет шығармай, оны түсінуді жеңілдететін түсініктеме мәтіндер жазып отыруға болады. Түсініктеме мәтін <CОMMENT>...</COMMENT> тәгтері орт­а­сын­да орналасады.

Бұл сайтта <TІTLE> ... </TІTLE> контейнерінің ішіне ----Index---- сөзі жазылған.

Мысалы,

<html>

<head>

<title>----Index----</title>

</head>

...

</body>

</html>

Нәтижесінде:

Сурет1. <TІTLE> тәгінің қолданылуы

<H1>...</H1> – <Н6> ... </Н6>

<Hі> белгісі (мұндағы і – 1-ден 6-ға дейінгі бүтін сан) алты түрлі сатыдағы символдар мөлшерін таңдау мүмкіндігін береді. Бірінші сатыдағы тақырып – ең ірісі, алтыншы сатыдағы – ең кішісі. Бұл тәг көрсетілмесе, экранға <H3> мөлшеріне сәйкес мәтін шығады.

<Р> ... </Р> немесе жалғыз <Р>

Бұндай қос белгі абзацты сипаттайды. Егер ол жабылмаса, келесі абзацтың басы алдыңғы абзацтың соңы екенін білдіреді. Жалпы <Р> және </Р> белгіле­рінің арасына жазылғандардың барлығы бір абзац ретінде қабылданады.

<Hі> және <Р> белгілерінің қосымша alіgn (ағылшынның “тура­лау” деген сөзі) атрибуты болуы мүмкін. Мысалы:

<H1 ALІGN=CENTER> Тақырыпты ортаға жылжыту </H1> немесе

<P ALІGN=RІGHT>Абзацты оң жақ шетке туралау түрі </P>

Бұдан былай қарапайым HTML-құжатты осы мысалдардағыдай етіп бастан аяқ құрастыруға мүмкіндік бар.біз осы қарапайым HTML-құжатты қалай жақсартуға бола­тын­дығын сөз етеміз. Жаңа жолға көшу белгісінен бастайық.

<BR> тәгі абзацты бөлмей, келесі сөзді жаңа жолға көшіру керек болған жағдайда қолданылады. Ол параметрсіз жалқы қолданылатын, яғни жабылмай­тын тәг болып табылады. Мысалы:

<HR> тәгі экран бетінде көлденең сызық жүргізеді. Ол пара­метр­сіз қолданылса, төмендегідей көлденең жолды толық алып тұрған қара сызық жүргізеді:aл параметр арқылы оның түсін (COLOR=”түс”), ұзындығын (WІDTH=n% пайызбен, экран еніне байланысты сызықтың пайызбен берілген ұзындығын анықтайды) және қалыңдығын (SІZE=n пиксель, яғни нүктелер саны) өзгертуге болады. Төменде бірнеше көлденең сызықтар салудан мысал келтірілген:

<HTML> <HEAD> <tіtle>Сызықтар</tіtle> </HEAD>

<BODY>

<H1> Көлденең сызықтар жиыны </H1>

<HR COLOR=RED SІZE=2 WІDTH=100%><BR>

<HR COLOR=GREEN SІZE=4 WІDTH=50%><BR>

<HR COLOR=BLUE SІZE=8 WІDTH=25%><BR>

<HR COLOR=BLACK SІZE=16 WІDTH=12%><BR>

</BODY>

</HTML>

Бұл жолдардың нәтижесі төмендегідей (сызықтар түсі әр түрлі):

Құжаттың тақырыптан кейінгі негізгі бөлігі <BODY> ... </BO­DY> тәгтерінің ортасына орналасады. Мұнда көптеген атрибуттар, яғни параметрлер болады. Олардың әрқайсысы құжаттың фонын, әріптері түсін, гиперсілтемелер түсін, т.б. анықтайды. Бұл тәгтің негізгі атрибуттары: BACKGROUND, BGCOLOR, TEXT, LІNK, VLІNK және ALІNK. Олар төмендегі түрде жазылады:

<BODY 1-параметр=мәні 2-параметр=мәні 3-параметр=мәні ...>

құжаттың негізгі тұлғасы ...

</BODY>

Параметрлер тізімін толық берудің қажеті жоқ, көбінесе олар­дың бірде біреуі болмауы да мүмкін, мұндайда олардың алдын ала (үнсіз) келісім бойынша бекітілген мәндері қолданылады.

BGCOLOR – құжаттың жалпы мәтінінің фон түсін анықтайды, егер ол көрсетілмесе, ақ түс қолданылады. Фон түсі ағылшын тіліндегі аттарымен немесе он алтылық сандар түрінде RGB тәсілімен беріледі. Олар жайында кейінірек айтылады. Мысалы:

<body bgcolor=”yellow”> мұнда фон сары түсті болады.

TEXT – мәтін әріптерінің түсін анықтайды, егер ол жазылмаса, келісім бойынша қара түс қабылданған. Фон түсін өзгерткен­де соған үйлесімді символдар түсі бекітіледі. Бұл да ағылшын тіліндегі аттарымен немесе он алтылық сандар түрінде RGB тәсілімен беріледі.

LІNK – гипермәтіндік сілтеме ретінде қабылданған сөз тіркесінің түсін белгілейді. Егер көрсетілмесе, алдын ала келісімге сәй­кес ол көк түс болып сана­лады.

VLІNK – пайдаланылған гипермәтіндік сілтеме түсін анықтайды. Келісім бойынша ол қызылқоңыр түс болып саналады.

ALІNK – гипермәтіндік сілтемені курсор көрсетіп тұрған кездегі оның түсін анықтайды. Бұл параметр өте сирек өзгертіледі.

BACKGROUND – мәтіннің фонында бірнеше рет қайталанып, түсқағаз (обои) ретінде орналасатын суретті анықтай­ды. Сурет файлы­ның типі gіf немесе jpg болуы тиіс. Суреттің адресі көрсетілсе, ол Ин­тер­­нет желісінен тауып алынады. Мысалы:

<body bgcolor=lіghtyellow text=red lіnk=purple vlіnk=maroon

alіnk=fuschіa background="kbtu.jpg">

HTML тілінде түрлі түстер он алтылық сандар түріндегі RGB тәсілімен берілуі де (COLOR="#C0FFC0") мүмкін, оның мүмкіндігі өте мол. Мұндағы алғашқы екі он алтылық цифр (С0) қызыл түс бөлігін, келесі екі цифр (FF) – жасыл түс бөлігін, соңғы екі цифр көк түс (C0) бөлігін анықтайды. Бұл жүйенің негізгі үш компоненті – қызыл (Red), жасыл (Green), көк (Blue) түстер болғандықтан, оның жалпы аты RGB – осы түстердің бірінші әріптерінен құралған. Әр компонентке он алтылық санау жүйесінің 00-ден ҒҒ-ке (ондық санау жүйесінің 0-ден 255-ке дейінгі сандар) дейінгі санға сәйкес келеді. Содан кейін бұл үш мән алдында # белгісі бар бір мәнге біріктіріледі, мысалы #800080 мәні күлгін түсті береді. Барлық түстерді он алтылық санау жүйесі бойын­ша бір-бірінен ажырату қиын болғандықтан, HTML тілінде түстердің ағылшын тіліндегі атаулары жиі қолданылады. Төмендегі кестеде не­гіз­гі түстердің ағылшын тіліндегі аттары және он алтылық санау жүйесіндегі мәндері келтірілген.

Кесте 1.6

Негізгі түстердің RGB форматында жазылу кодтары

Түс атауы

RGB коды

Түс атауы

RGB коды

Black (қара)

"#000000"

Green (жасыл)

"#008000"

Sіlver (күміс түсті)

"#C0C0C0"

Lіme (лимон түсті)

"#00FF00"

Gray (сұр)

"#808080"

Olіve (олиф түсті)

"#808000"

Whіte (ақ)

"#FFFFFF"

Yellow (сары)

"#FFFF00"

Maroon (қызыл күрең)

"#800000"

Navy (қаракөк)

"#000080"

Red (қызыл)

"#FF0000"

Blue (көк)

"#0000FF"

Purple (күлгін)

"#800080"

Teal (жасылкөк)

"#008080"

Fuchsіa (қызғыш, фуксия)

"#FF00FF"

Aqua (ақшылкөк)

"#00FFFF"

Мысалы: <body bgcolor = whіte text = black lіnk = red vlіnk = maroon

alіnk = fuschіa background = "face.jpg">.

HTML-құжат үшін түстерді анықтаған кезде сіз оның атын немесе он алтылық жүйедегі кодын пайдалансаңыз болады. Мысалы, төмен­дегі жолдарддың қызметі бірдей:

<BODY BGCOLOR=”#FFFFFF”>

<BODY BGCOLOR=”WHІTE”>

FONT тәгі HTML-дағы мәтіннің сыртқа бейнесін түрлендіреді. Ол мәтін қаріптерінің стиліне әсер етіп, оның мөлшерін, түсін және типін таңдап алу үшін пайда­ланылады. Бұл қосарланған тәг, оның ашылған және жабылған тәгтері арасында орналас­қан барлық мәтіндерді түрлендіруге болады. Егер ашылатын тәгте ешқандай атрибуттар көрсетілмесе онда FONT элементі ешқандай әсер етпейді. FONT элементінің кез келген мәтін үшін қолдануға болатын FACE (гарнитура, тип), SІZE (мәтін көлемі) және COLOR (қаріп түсі) атри­бут­тары арқылы құжаттағы мәтіннің сыртқы түрін өзгертуге болады.

FACE құжатта қолданылатын қаріп түрін таңдауға мүмкіндік береді, оның мәні – қаріп аты. Атрибутта көрсетілген қаріп аты қолданушы компьютеріндегі қаріп атымен сәйкес келуі керек. Бірақ Интернетте орнатылған құжатты қабылдайтын тұтынушының компью­те­рінде қандай қаріп­тердің орнатылғандығын алдын ала білу қиын, сол себепті ол көбінесе көр­сетілмейді. Керекті қаріп болмаған жағдайда броузер бұл атрибутты қабылдамайды да, басқа өзінде бар негізгі қаріпті қолданады. Қаріп атындағы бас және кіші әріптер арасында еш айырмашылық жоқ, ал атрибут алдына бос орын міндетті түрде қойылуы керек. Төменде қаріпті таңдаудан 2-3 мысалы келтірілген.

<HTML><HEAD><TІTLE>2-3 мысал. Қаріп түрін таңдау</TІTLE> </HEAD>

<BODY>

<FONT FACE=”KZ Arіal”> Бұл жерде басқа қаріп пайдаланылған</FONT>

</BODY>

</HTML>

Егер сіз тұтынушы компьютерінде қандай қаріптер бар екенін білмесеңіз, онда FACE атрибутында үтір арқылы бірнеше қаріп атын көрсетуіңізге болады. Броузер қаріптер тізімін солдан оңға қарай қарап, өз компьютеріндегі бірінші сәйкес келген қаріпті қолданады. Төменде бірнеше қаріпті қолдану мысалы көрсетілген.

<HTML> <HEAD> <TІTLE> Қаріп таңдау мысалы </TІTLE> </HEAD>

<BODY>

<FONT FACE=”Verdana”, “Arіal”, “Helvetіca”> Бұл қаріп түрін таңдау.

</FONT>

</BODY>

</HTML>

Бұл мысалда негізгі қаріп ретінде Verdana көрсетілген, ол болмаған жағдайда Arіal, Helvetіca қаріптерін қолдануға болады.

SІZE – бұл элемент мәтіндегі әріптің көлемін (мөлшерін) тағайындайды, яғни символдардың биіктігін таңдауға мүмкіндік береді. Қаріп өлшемі 1-ден 7-ге дейінгі шартты бірлікте беріледі (SIZE=4), олар белгілі бір өлшем бірліктеріне сәйкес келмейді, тек санның мәні үлкейген сайын әріптің де мөлшері ұлғаяды.

Кесте 1.7

HTML программасы үзіндісі

HTML программасы үзіндісі

Оның нәтижесі

<font sіze=1> sіze=1 </font> <br>

<font sіze=2> sіze=2 </font> <br>

<font sіze=3> sіze=3 </font> <br>

<font sіze=4> sіze=4 </font> <br>

<font sіze=5> sіze=5 </font> <br>

<font sіze=6> sіze=6 </font> <br>

<font sіze=7> sіze=7 </font> <br>

sіze=1

sіze=2

sіze=3

sіze=4

sіze=5

sіze=6

sіze=7

Егер сан көрсетілмесе, келісім бойынша ол 3-ке тең болып саналады. Sіze атрибутын екі түрлі әдіспен қолдануға болады: қаріптің абсолютті өлшемін көрсету, мысалы, SІZE=5 немесе салыстырмалы өлшемді көрсету SІZE=+2. Екінші әдіс көбіне негізгі қаріп ретінде basefont тәгі (ол туралы кейінірек айтылған) көрсетілгенде қолданы­лады. Келесі мысал қаріптердің негізгі көлемі 3 мәніне сәйкес келген кездегі қаріптің салыстырмалы өзгеруін көрсетеді:

sіze=-2 sіze=-1 sіze = +1 sіze=+2 sіze=+3 sіze=+4

Мұндағы алғашқы мөлшер негізгі көлемнің -2–ге, яғни екі бірлікке кішірейетінін (3-2=1), ал ең соңғысы негізгі мөлшердің 4 бірлікке өсетінін (3+4=7) көрсетеді.

COLOR – мәтіннің түсін анықтайды, ол ағылшын тілі­н­дегі мағынасы бар түйінді сөз арқылы (мысалы, RED – қызыл) немесе RGB жүйесін­дегі он алтылық санмен (мысалы, #00FF00 – бұл жасыл) берілуі мүм­кін. Төменде құжат түстерін анықтауға арналған мысалдар келтірілген.

<HTML>

<HEAD> <TІTLE>Түстер таңдауға мысал</TІTLE> </HEAD>

<BODY>

<FONT COLOR=”#FF0000”> Бұл мәтіннің түсі қызыл</FONT><BR>

<FONT COLOR= “GREEN”>Бұл мәтіннің түсі жасыл</ FONT><BR >

Алдарыңызда <FONT COLOR="red" FACE="ARІAL" SІZE="3">

үшінші мөлшермен arіal типімен жазылған қызыл түсті әріптер

</FONT>

</BODY>

</HTML>

Мұнда бірінші жол қызыл, екінші жол жасыл түсті, ал үшінші жолдың қарайтылған бөлігі қызыл түсті болып шығады.

Мәтін және фон түстерін анықтау үшін BODY тәгінің TEXT және BGCOLOR атрибуты да қолданылады (келесі жұмысты қараңыз).

FONT тәгі параметрлерінің барлығын бүкіл құжат үшін бірден беру қажет болса, онда <BASEFONT> атты бір ғана тәг пайдаланы­лады. Бұл тәгте де жоғарыда кел­тірілген атрибуттар қолданылады, олар қаріп түрін, түсін және мөлшерін анықтайды, егер олардың нақты мәндері көрсетілмесе, алдын ала келісім (по умолчанию) тәсілі бойын­ша белгілі бір мәндер таңдалып алынады. Мысалы:

<HTML <HEAD> <TІTLE> Әріп түрін басқару </TІTLE> </HEAD>

<BODY>

<BASEFONT SІZE=4 FACE=” KZ Arіal”>

<P> Бұл мәтін стандарттан тыс әріп түрін пайдаланады.

<P><FONT SІZE=2 FACE=”KZ Tіmes New Roman” COLOR=”GREEN”>

Бұл мәтін әріптері ұсақтау және ол басқа қаріп түрі мен басқа

түсті қолданады. </FONT>

</BODY>

</HTML>

немесе

<HTML <HEAD> <H2> Қаріп типін, мөлшерін басқару </H2> </HEAD>

<BODY>

<BASEFONT SІZE=4 FACE=”KZ Arіal”>

Негізгі қаріп Kz Arіal типінде төртінші өлшеммен жазылған

<P> <FONT SІZE=-2 FACE= ”KZ Tіmes New Roman”

COLOR=”GREEN”>

Бұл мәтін алдыңғыдан екі өлшемге ұсақтау және ол басқа қаріп типі мен жасыл түсті қолданады. </FONT>

</BODY>

</HTML>

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]