Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мем-емтихан.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
177 Кб
Скачать
☆

19. Екпін және оның түрлері. Қазақ тіліне тән екпін, ерекшеліктері.

Тілдің сөйлеу нормасына тән фонетикалық құбылыс. Сөйлеп тұрғанда, бір сөз басқа сөздерге, бір буын басқа буындарға, бір дыбыс басқа дыбыстарға қарағанда күшті, көтеріңкі айтылуын екпін дейміз.

Сөз екпіні дегеніміз екі немесе одан да көп буынды бір сөздің ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы. Қазақ тіліндегі сөз екпінінің орны тиянақты болады: екпін ең соңғы буынға түседі.

Ой екпіні сөйлем ішіндегі ерекше көңіл аударылуға тиісті болған бір сөзді оқшаулап, бөліп айту. Ой екпіні тұрақты болмайды. Өйткені бір сөйлемдегі кез келген сөзге ерекше көңіл аударыла беруі мүмкін. Мысалы: Атасы бүгін ауылға келді. Атасы ауылға бүгін келді. Ауылға бүгін атасы келді.

Тыңдаушының назарын ой екпіні түскен сөзге аудару үшін сол сөздің қалыпты орны басқа орынға ауыстырып қолданылады.

Тіркес екпіні дегеніміз тілімізде бңрнеше сөздің тіркесіп барып, бір ғана екпінге ие болуы. Мысалы: тәлім–тәрбие, ата–ана, оқу үшін, қырық шақты.

Дыбыс екпіні бір сөздің ішіндегі бір дыбысты көтеріп не созып айту тәсілі. Қуанышты көңіл күйді дауысты дыбыстарға түскен екпін білдіреді: тама–ша–а, бә–әркелді, жара–а–сың. Реніш, кею, қынжылу сезімдерін дауыссыз дыбысқа түскен екпін білдіреді: т–тарт қолыңды, тыныш отыр–ррр, ж–жап есікті.

Қазақ тіліне тән екпін ерекшеліктері.!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

20. Қазақ лексикасының тарихи әлеуметтік қабаты: кірме сөздер.

Кірме сөздер.Басқа тілден енген сөздер кірме сөздер деп аталады. Қазақ тіліне араб, парсы, монғол, орыс тілінен көптеген сөздер енген. Араб тілінен: адам, әлем, ғылым, қоғам, білім, мектеп, тарих, әдебиет, мәдениет, пән, емтихан, тәрбие, емле, мұғалім т.б. Монғол тілінен: ұлыс, нөкер, жасақ, аймақ, жарлық; Тарбағатай, Нарынқол, Нұра, Баянауыл, Зайсан, Қордай, Алтай. Орыс тілінен: жәшік, кереует, бөтелке, бәтеңке, шайнек, сіріңке, кәмпит, тәрелке, сөмке, тұрба т.б. Орыс тілінен енген кейбір терминдер дыбыстық жағынан өзгеріссіз қалған: телефон, телеграф, автомобиль.

Соңғы жылдары кірме сөздердің біршамасы қазақ тілінен өз баламаларын тауып, аударылды: самолет – ұшақ, вертолет – тікұшақ, коллектив – ұжым т.б.

21. Дыбыс үндестігі және оның түрлері.

Морфемалардың бірыңғай жуан не жіңішке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың біріне бірі акустика артикуляциялық жақтан бейімделіп , үйлесіп тұруын дыбыстардың үндесуі немесе үндестік заңы дейміз.

Қазіргі қазақ тілінде түбір мен қосымшаның аралығында қатар келген буындар мен дыбыстардың өзара үйлесімі, яғни тілімізге тән негізгі үндестік заңдар төмендегідей:

1. Түбірдің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымшалар да жуан буынды болады.

2.Түбірдің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке буынды болып келеді

3. Түбірдің соңғы дыбысы дауысты не үнді болса, оған жалғанатын қосымшалар ұяң не үндіден басталады.

4.Түбірдің соңғы дыбысы ұяң болса,қосымша ұяңнан басталады.

5. Түбірдің соңғы дыбысы қатаң болса , қосымша тек қатаңнан басталады.

Бұл заң әсіресе түбір мен оған жалғанатын жалғаудың арасында жақсы сақталады.Ал жұрнақтар туралы бұлай деу бір жақтылау болып шығады.

(14-сұрақтың жауабында дыбыс үндестігі бар.)