Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қазақ тілі билеттер.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
107 Кб
Скачать
☆

1. Ұстаз

Әр адамның жастық шағында білім беріп, ақыл айтатын ұстазы болады. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Біздің тәуелсіз еліміздің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.

Ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?

Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген.

Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – мұғалім.

Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.

2. Құрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем. Құрмалас сөйлем жасалу жолына қарай үш түрге бөлінеді: а) салалас; ә) сабақтас; б)аралас.

а) салалас құрмалас сөйлем – құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып , өзара тең дәрежеде байланысты.Мысалы: Қоңырау соғылды да, сабақ басталды. Оның алты түрі бар: 1) ыңғайлас. Мысалы: Қадірдің киімі жұқа, әрі денсаулығы да мықты емес; 2) қарсылықты. Мысалы: Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқтағанжоқ; 3) себеп-салдар. Мысалы: Мен мектепке бармадым, себебі ауырып қалдым; 4) талғаулы. Мысалы: Бұл жерде я сен тұрарсын, я мен тұрармын; 5) кезектес. Мысалы: Клубта кейде кино болады, кейде қызықты баяндамалар болады; 6) түсіндірмелі. Мысалы: Анамның айтқаны сол: Сен оқуды бітіресің.

б) сабақтас құрмалас сөйлем – құрамындағы жай сөйлемдердің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, екінші сөйлемге бағына байланысады. Мысалы: Ол келгенде, кино басталды. Оның алты түрі бар: 1) шартты бағыныңқылы: Мен үйге келмей, іс бітпейді; 2) қарсылықты бағыныңқылы: Мен қанша қарасам да, ол мені байқамады; 3) мезгіл бағыныңқылы: Бүгін қара жел басталысымен, қиыршықтап қар да түсе бастады; 4) себеп бағыныңқылы: Үйдің іші қараңғы болғандықтан, Зәмзегүл есікті айқара ашып қойды; 5) мақсат бағыныңқылы: Кесе-шәйнекті сындырмай ұстау үшін, жақсы сөре керек; 6) қимылсын бағыныңқылы: Осынша қуаншылыққа қарамай, жылан биыл да түлеген.

№ 18 билеті