Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каржы шпор.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
451 Кб
Скачать
☆

2. Кiрiстер мен шығыстар пайда мен зиян туралы есепте қызмет нәтижелерiнiң өлшемiмен тiкелей байланысты элементтер болып табылады.

Кiрiстер - есептi кезең iшiнде активтердiң түсiмi немесе өсiмi немесе мiндеттемелердiң азаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғалардың жарнасымен байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына әкеп соғады.

Шығыстар - есептi кезең iшiнде активтердiң қолдан кетуi немесе азаюы немесе мiндеттемелердiң пайда болуы нысанында экономикалық пайданың азаюы, олар капиталға қатысушы тұлғаларға бөлумен байланысты азаюдан өзгеше капиталдың азаюына әкеп соғады.

Қарж.есептілік элементтері қарже.танылуы үшін олар элем-ң анықтамаларына сәйкес болуы қажет және тану шартарында жауап беруі қажет.

Тану мақс-да қарж.есеп-к элемен-рі келесідей турде болады:

  1. Бастапқы құн;

  2. Ағымдағы құн;

  3. Дисконттелген құн;

  4. Мүмкін болатын сату құны.

№47 Валюта бағамы өзгерісінің салдарының есебі ХҚЕС 21

Жабу бағамы – валюталардың қаржылық жағдай туралы есеп күнгі ағымдағы айырбас бағамы.

Бағам айырмашылығы – шетелдік валюталар бірлігінің бірдей санын қайта есептеу нәтижесінде пайда болатын айырмашылық.

Валюта айырбастау бағамы – бір валютаны басқасына айырбастау коэффициенті.

Қолданыстағы валюта – ұйым өз қызметін жүзеге асыратын негізгі экономикалық ортада пайдаланылатын валюта.

Ұсыну валютасы - қаржы есептілігі берілетін валюта.

Ағымдағы валюталық бағам – дереу есеп айырысуға арналған айырбас бағамы.

Ақша баптары бойынша есеп айырысу кезінде немесе ақша баптарын есепті кезең ішінде немесе бұрынғы қаржы есептілігінде бастапқы тану кезінде қайта есептелген бағамдардан өзгеше бағамдар бойынша қайта есептеу кезінде пайда болатын бағам айырмашылықтары пайдада немесе шығында олар пайда болатын кезеңде, 32-тармақта сипатталғаннан басқа жағдайларда, мойындалуға тиіс.

Ақшалай емес бап бойынша пайда немесе шығын тікелей капиталда мойындалған кезде ондай пайданың немесе ондай шығынның кез келген валюталық құрамдас бөлігі тікелей капиталда мойындалуға тиіс. Және, керісінше, ақшалай емес бап бойынша пайда немесе шығын пайдада немесе шығында мойындалған болса, сол пайданың немесе сол шығынның кез келген валюталық құрамдас бөлікті пайда немесе шығын ретінде мойындалуға тиіс.

Шетелдік валютамен операциялар және бағам айырмашылықтары бойынша ұйымның (соның ішінде шетелдік қызметтің) нәтижелері мен қаржы көрсеткіштерін басқа валютаға қайта есептеу кезінде пайда болатын пайда мен шығынның салыққа әсері болуы мүмкін. Сондай салық әсерлеріне байланысты мәселелер 12 Пайдаға салынатын салықтар ҚЕХС-пен (IAS) реттеледі.

Ұйым мыналарды:

(а) пайдада немесе шығында бағам айырмашылықтарының сомасын, 9 ҚЕХС-ына (IFRS) сәйкес пайда немесе шығын арқылы әділ баға бойынша бағаланған қаржы құралдары бойынша пайда болғаннан басқаларын; және

(b) капиталдың жеке компонентінде мойындалған таза бағам айырмашылықтарын және сол баға айырмашылықтары сомаларының кезең басында және аяғында салыстырып тексерулерді ашып көрсетуге міндетті.

Ұсыну валютасы қолданыстағы валютадан өзгеше болған кезде бұл факт, сондай-ақ қолданыстағы валютаның өзі, басқа ұсыну валютасы өзіне байланысты пайдаланылатын себеп көрсетілуге тиіс.

Не есеп беруші ұйымның, не елеулі шетелдік қызметтің қолданыстағы валютасы ауыстырылған кезде бұл факт және қолданыстағы валютаны ауыстыру себебі ашып көрсетілуге тиіс.

Ұйым өзінің қаржы есептілігін өзінің қолданыстағы валютасынан өзгеше валютада ұсынған кезде ол өзі ұсынатын қаржы есептілігі Қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына тек ол қолданылатын әрбір Стандарттың және қолданылатын әрбір Түсіндірменің, соның ішінде 39 және 42-тармақтарда белгіленген қайта есептеу әдісінің барлық талаптарына сәйкес келген кезде ғана сай келетінін көрсетуге міндетті.

№48 Шетел валютасындағы операциялар есебі ХҚЕС 21

Валютамен операция – шетелдік валютамен білдірілген немесе сонымен есеп айырысуды қажет ететін операция, соның ішінде ұйым:

(а) бағалары шетелдік валютамен көрсетілген тауарларды немесе қызметтерді сатып алатын немесе сататын;

(b) өтелетін немесе алынатын сома шетелдік валютамен көрсетілген қаражатты қарызға беретін немесе қарызға алатын; немесе

(c) активтерді әлдебір басқа жолмен сатып алатын не сататын, немесе шетелдік валютамен көрсетілген міндеттемені өзіне алатын немесе өтейтін кезде пайда болатын барлық операциялар.

Бастапқы тану кезінде қолданыстағы валютада шетелдік валютамен жасалатын операция шетелдік валюта сомасына қолданыстағы валюта мен шетелдік валюта арасындағы операция жасалған күнгі ағымдағы валюта бағамын қолдану жолымен ескерілуге тиіс.

Операция жасалған күн –Қаржылық есептіліктің халықаралық стандартында көзделген тану өлшемдеріне сәйкестігі алғаш рет атап көрсетілген күн. Операция жасалған күнгі нақты бағаммен шамалас айырбас бағамы практикада жиі пайдаланылады, мысалы, бір апта немесе бір ай ішінде орташа бағамды сол кезең ішінде шетелдік валюталармен жасалған барлық операциялар үшін пайдалануға болады. Алайда, айырбастау бағамы елеулі ауытқитын жағдайда, кезең ішіндегі орташа бағамды пайдалану орынсыз болады.

Әрбір есепті күнде:

(а) шетелдік валютадағы ақша баптары жабу бағамын пайдалана қайта есептелуге тиіс;

(b) тарихи құн бойынша ескерілген шетелдік валютадағы ақшалай емес баптар операциялар жасалған күнгі айырбастау бағамымен қайта есептелуге тиіс;

(с) әділ құн бойынша бағаланған шетелдік валютадағы ақшалай емес баптар әділ құн анықталған күні қолданылған айырбастау бағамы бойынша қайта есептелуге тиіс.

Қаржылық жағдай туралы есеп құнының тарихи құн негізінде немесе әділ құн негізінде анықталатынына қарамастан, егер ол құн шетелдік валютамен анықталған болса, ол кейін осы Стандартқа сәйкес қолданыстағы валютаға қайта есептелуге тиіс.

Бірнеше айырбастау бағамдары бар болған кезде осы операцияның ақша ағындары бойынша есеп айырысулар жүзеге асыруға болатын бағам немесе, егер сол ақша ағыны бағалау күнінде пайда болса, шот бойынша сальдо пайдаланылады. Егер екі валюта арасында айырбастау мүмкіндігі уақытша жоқ болса, айырбастау бағамы ретінде айырбастауды жүзеге асыруға болатын кейінгі алғашқы бағам пайдаланылады.

№49 Жалға берушідегі және жалға алушыдағы ағымдағы жал есебі ХҚЕС 17

Жалдау - жалға беруші жалға алушыларға жалдау ақысына немесе төлемдер тобының орнына келісілген уақыт ішінде активтерді пайдалану құқығын беретін шарт.

Қаржылық жалдау - актив иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдіктер мен пайдаларды елеулі түрде көтеретін шарттар бойынша жалға беру. Қорытындысында құқықтық мәртебе берілуі де, сондай-ақ берілмеуі де мүмкін.

Операциялық жалдау - қаржылық жалдаудан өзгеше жалдау.

Жалдау, егер ол иеленумен қатар жүретін айтарлықтай деңгейдегі барлық тәуекелдіктер мен пайданы меңзейтін болса, қаржылық жалдау ретінде жіктеледі. Егер жалдау иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдіктер мен пайданы айтарлықтай меңзеуге әкеліп соқтырмаса, операциялық ретінде жіктеледі.

Жалға беруші мен жалға алушы арасындағы мәміле жалдау шартына негізделетіндіктен, олардың арасында келісілген анықтаманы пайдаланған дұрыс болады. Осындай анықтамаларды жалға беруші және жалға алушының бірдей емес жағдайларға қарай қолдану жалдаудың бір түрін әртүрлі жіктеуге әкеліп соқтыруы мүмкін. Мысалы, егер жалға беруші жалға алушымен байланысты емес тарап ұсынған тарату құнының кепілдігінен пайда алған жағдайда орын алуы мүмкін.

"Жалға беру" деген №17 Халқаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес қаржылық жал - бұл мүлiкке берiлетiн меншiк құқығымен байланысты табыстылық пен тәуекелдiң едәіуiр бөлiгiн жалгерге табыс ету. Бұл орайда жалгер жалданған мүлiктердi өзiнiң балансында көрсетедi. Меншiк құқының өзi жал мерзiмiне берiлyi де, берiлмеуi де мүмкiн. Жалданған НҚ объектiлерi белгiленген келiсiм бағасы бойынша немесе жалдау мерзiмi аяқталғанға дейiн өтемі төленiп алынған жағдайда, жалгердiң меншiгiне берiлyi мүмкін. Ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар жалдау мерзімі аяқталған бойда немесе ол аяқталғанға дейін жалгер шартта келісілген өтемін төлеу бағасын түгелдей енгізген болса, негізгі құралдар жалгердің меншігіне өтеді.

Жалға алушының операциялық жалы

Жалға алушының ағымдағы жалы бойынша шығыстарын тану жүйелі негізде әрбір есепті кезеңде жүргізіледі. Ағымдағы жал кезінде алынған мүлікті жалға алушы баланстан тыс есептейді. Жалға алушы болып табылатын ұйымдар ағымдағы жал кезінде алынған негізгі құралдарын 001 баланстан тыс «Жалданған негізгі құралдар» шотында есептеледі.

Мүлікті қабылдаған кезде берілген шот жалға алынған мүліктің келісілген құнына дебеттеледі де, оны қайтарған жағдайда кредиттеледі. Осының алдында айтылғандай, жалданған мүліктің келісілген құнын келісім-шартта анықтап алған дұрыс. Шығыстарды тану жүйелі негізде әрбір есепті кезеңде жүргізіледі. Жалға берушімен есеп айырысу 3360 – «Жал бойынша қысқа мерзімді берешек» шотында көрсетіледі. Операциялық жалмен байланысты шығыстар 7450 – «Операциялық жал бойынша шығыстар» шотында есептеледі.

Жалға берушінің операциялық жалы

Қаржылық есептіліктің Халықаралық стандарт-тарына сәйкес (17 «Жал») жалға беруші өзінің бухгалтерлік балансында операциялық жалға берілген құралдарын көрсетуі тиіс.

Ағымдағы жалға өткізген кезде жалға берушінің балансындағы негізгі құралдар есептен шығарыл-майды, олар 2410 «Негізгі құралдар» субшот 2 «Операциялық жалға берілген негізгі құралдар» шоттарында әлі де есепте тұрады.

Жалдық келісім-шартқа сәйкес жалға беруші жалдық төлемді табыс құрамына енгізіп, ол 6260 «Операциялық жалдан түскен табыс» шотының кредитінде көрсетіледі.

№50 Жалға алушылардағы қаржылық жал есебі ХҚЕС 17

Жалдау мерзімінің басында жалға алушылар қаржылық жалдауды активтер және өздерінің қаржылық жағдай туралы есептеріндегі жалға алынған меншіктің әділ құнына тең сомадағы міндеттемелер ретінде қабылдаулары тиіс, немесе – бұл сомалар аз мөлшердегі жалдау төлемдерінің дисконтты құнынан төмен болса, әрбіреуінің шамасы қабылданған жалдауда анықталады. Аз мөлшердегі жалдау төлемдерінің дисконттық құнын есептегенде дисконттаудың мөлшері, егер олар анықталуға берілсе, жалдауға салынған пайыз мөлшерлемесі болып табылады, бұлай болмаған жағдайда жалға алушының әрбір қарыздық капиталға пайыздың өсім мөлшерлемесі пайдаланылуы тиіс. Жалға алушының кез келген бастапқы тікелей шығындары актив танылған сомаға қосылады.

Операциялар және басқа да жағдайлар, жай ғана заң нысаны бойынша емес, олардың мазмұны мен қаржылай нақтылығына сәйкес есептелуі және тапсырылуы тиіс. Жалдаудың заң нысанындағы шарт бойынша жалға алушы жалдаған активке өзіндік құнының заңдық құқығын қабылдамауына болса да, қаржылық жалдау болған жағдайда шарттың мазмұны және қаржылық нақтылығы экономикалық қызметі мерзімнің үлкен бөлігі аралығында жалданған активті пайдаланудан жалға алушы активті қабылдау күнгі активтің әділ құны және тиісті қаржылық есептеудің экономикалық пайдасына ие болады.

Егер жалдаудың мұндай операциялары жалға алушының қаржылық жағдай туралы есебінде көрсетілмесе, қаржылық арақатынасты бұза отырып, экономикалық ресурстар және ұйымның міндеттеме деңгейі төмендейді. Осылайша, жалға алушының бухгалтерлік қаржылық жағдай туралы есебіндегі қаржылық жалдау актив ретінде де, болашақ жалдау төлемдерінің міндеттемесі ретінде де қабылдануы тиіс. Болашақ жалдау төлемдеріне қатысты мерзімнің басында актив және міндеттеме, актив танылған сомаға қосылатын жалға алушының кез келген бастапқы тікелей шығынын есептемегенде, қаржылық жағдай туралы есепте бірдей сома болып қабылданады.

Бастапқы тікелей шығындар көп жағдайларда жалдау келісімдерін жасау және орындау сияқты ерекше жалдау қызметімен байланысты туындайды. Қаржылық жалдаумен байланысты жалға алушы жүзеге асыратын қызметімен тікелей байланысты ретінде анықталған шығындар жалдау активінің құнына кіреді

Минимум жалдау төлемдері қаржы төлемдері және төленбеген міндеттеменің азаюы арасында тіркеліп жазылуы тиіс. Қаржы төлемдері жалдау мерзімі ішінде кезеңдер бойынша, міндеттеменің қалдық сальдосына пайыздың тұрақты мезгіл-мезгіл мөлшерлемесі шығарылатындай мөлшерде міндетті түрде бөлінуі тиіс. Шартты жалдау төлемі олардың пайда болу кезеңдерінде шығыстар ретінде міндетті түрде есептелуі тиіс.

Қаржылық жалдау амортизацияланатын активтер үшін амортизациялық шығыстарды және әрбір есеп кезеңі үшін қаржы шығыстарын тудырады. Амортизациялық саясат амортизациялық жалдау активтері үшін міндетті түрде меншіктегі амортизациялық активке қатысты қолданылуға сәйкес болу керек, амортизацияның танылатын сомасы міндетті түрде 16 Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар ҚЕХС (IAS) және 38 Материалдық емес активтер ҚЕХС-ына (IAS) сәйкес есептелуі тиіс. Егер жалға алушының жалдау мерзімінің аяғында меншік құқығына ие болуына негізделген сенімі болмаса, онда актив міндетті түрде жалдау немесе пайдалы қызметтің ең қысқа екі кезеңінен толықтай амортизациялануы керек.