Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШПОРЫ ГОС Экзамен.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
405 Кб
Скачать
☆

1 . Құнды біркелкі (тікелей) есептен шығару әдісі

Объектінің амортизациялық құны ай сайын бірдей сомамен есептен шығарылады. Амортизация сомасы мыналарға орай анықталады:

Ұтымды пайдалану мерзімі. Бұл ретте объектінің жай-күйі, жөндеу және техникалық қызмет көрсету мәселелері, климат жағдайлары, қазіргі тандағы техника мен өндіріс сапасындағы үрдістер, осындай активтермен жұмыс тәжірибесі ескеріледі.

НҚ ұтымды пайдалану мерзімі жою құны секілді НҚ күйін жақсартуға жұмсалған соңғы шығындарды ескере отырып, қайтадан қаралуы мүмкін. Мұның өзі қызмет мерзімінің ұзаруына әкеліп соғады. Техникалық өзгерістерді, өткізу қарқындағы өзгерістерді ескерсек, шаруашылық қызметінің өзгеруі нәтижесінде қызмет мерзімі қысқарады,

Бұл әдіс НҚ пайдаланудан түсетін табыс оны пайдалану мерзімінде бірден болады, яғни жобаның қалған ұтымдылығының кемуі біркелкі жүзеге асады деп болжамдалатын кезде пайдаланылады.

2.Өндірістік әдіс (амортизацияны орындалған жұмыстардың көлеміне үйлесімді есептеу)

Амортизация объектіні пайдалану мен уақыт бөлігінің нәтижесі ғана болып табылады деген негіздеме оны есептеген кезде ешқандай рөл атқармайды. Кәсіпорында өндірілетін әрбір өнім, жұмыс, қызмет бірлігінің құны оның көмегімен осы өнімдер, жұмыстар мен қызметтер өндірілген НҚ объектілерінің құнын өзіне бірдей мөлшерде сіңіреді. Ай, жыл ішіндегі амортизация сомасы объектінің құнын оның қатысуымен өндірілетін бұйым, жұмыс және қызмет санына бөлу жолымен анықталады. Бұл әдісті пайдалану мерзімінің көбіне техникалық көрсеткіштеріне немесе субъектінің шаруашылық қызметінің өзгеруіне байланысты шектелуі кезінде пайдаланады.

НҚ жекелеген түрлері пайдалану басталған сәтте неғүрлым тиімді әрекет етеді, бұған қоса, технология жетілген сайын жабдық тез моральды тоза бастайды, сондықтан қаржы жағдайын жасау мақсатында ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіріске ендіруді жылдамдату және НҚ жаңарту мүдделілігін арттыру үшін субъектілер амортизация есептеудің үдемелі әдістерін қолдануы мүмкін. №6 БЕС мұндай 2 әдісті ұсынады: Сандар сомасы бойынша құнды есептен шығару (кулмулятивтік) әдісі есептеу коэффициентін анықтаудан тұрады. Коэффициенттің бөлімі ұтымды қызмет мерзімі жылдарының сомасына тең. Алымы қалған санның қызмет мерзімінің соңына дейін керісінше тәртіппен анықталады.

Пайдаланудың алғашқы жылдарындағы амортизация сомасы одан кейінгі жылдардағыға қарағанда едәуір жоғары болады.

Куммулятивтік санды тез арада анықтау үшін мынадай формуланы қолданады:

S= N (N + 1) /2

мұндағы S — сома

N — ұтымды қызметтің болжамды мерзімі

Бұл әдіс кезінде амортизация сомасы объектіні пайдаланудың 1-ші жылы қарқындап өсіп, кейінгі жылдары азая бастайды.

• Кемімелі қалдық (регрессия, қосарланған регрессия) әдісі амортизацияны есептеу бастапқы құнынан емес, баланстық құнынан жүргізілуге тиістігін білдіреді. Тікелей әдіс кезінде қолданылатын амортизация нормасы екі еселенуі мүмкін, сол кезде қосарланған регрессия әдісі жайлы сөз болады.

Амортизацияны есептен шығарған кезде, соңғы жылды қоспағанда, жою құны ескерілмейді. Мұндайда амортизация сомасы қалдық құнның жою құнына дейінгі кемітілуі үшін ішкі қажеттікпен шектелген болады.

Амортизациялық аударымдар әрбір есепті кезенде НҚ әрбір түріне жұмсалған шығындар ретінде танылады. Амортизацияның әртүрлі әдістерін қолдануға рұқсат етіледі. Амортизацияны есептеудің субъект таңдап алған әдістері есеп саясатымен анықталып, бір есепті кезеңнен келесісіне қарай қолданылуға тиіс.

НҚ тозуын есепке алу үшін «НҚ тозуы» деген XIII бөлімшенің пассивтік шоттары қолданылады, онда мынадай жинақтамалы шоттар бар:

2421 – үйлер мен ғимараттардың тозуы;

2423 – машиналардың, жабдықтардың, беріліс құрылғыларының тозуы;

2425 – көлік құралдарының тозуы;

2429 – офистік жиһаздар мен өндіріс жабдықтарының тозуы.

Аталған шоттардың әрқайсысына субшоттар ашылуы мүмкін:

Меншікті НҚ тозуы;

Ұзақ мерзімді жалға алынған НҚ тозуы.

Егер НҚ объектісі бойынша тозуды есептеу тоқтатылса, онда НҚ есепке алудың НҚ №6 нысанындағы инвентарлық карточкадағы амортизация нормасы түрлі-түсті қаламмен сызылып тасталады және амортизация есептеудің қай мезгілден бастап тоқтатылғаны көрсетіледі.

Аудитор тозу есептеудің және оның бухгалтерлік есеп шоттарында дұрыс көрсетілуін тексеру кезінде субъктіде көрсетілген амортизация нормаларының кақты қолда барлығына көз жеткізуге тиісті. Олар нақты қолда бар болмауына байланысты қате жіберудің себебі туындайды.

№97. Аудиттің түрлері мен оның мақсаты, қағидалары

Қаржылық есеп берудің аудитінің мақсаты – аудиторға қаржылық қорытынды есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер б/ша қаржылық қорытынды есептің дайындалғанына жөнінде қорытынды беру мүмкіндігі.

Аудиттің түрлері: сыртқы – ішкі болып бөлінеді.

Сыртқы аудит – есеп,бақылау ж/е экономикалық тадлау саласы б/ша аттестацияланған ж/е аудиторлық қызметті жүзеге асыруға құқық беретін тиісті лицензиясы бар мамандар жүргізетін тәуелсіз бақылау б.т.

Ішкі аудит – субьектінің ішінде жеке бөлім ретінде құрылған, оның жұмысын бағалау б/ша қызмет. Басқа мәселелерімен қатар оның міндетті қызметіне (функциясына)бухг.есеп пен ішкі бақылау жұйелерінің бірдейлігі мен тиімділігіне тексеру жүргізу,оны бағалау ж/е мониторинг жүргізу кіреді.