Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология рв-31к.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
104 Кб
Скачать
☆

15. Биоценоз экологиясы

Биоценоз (грекше bios - өмір, koinos – жалпы, ортақ) – бірдей ортақ жағдайларында бірге тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизімдер популяциялардың жиынтығы.

Биоценоз ұғымын қолдануды 1877 жылы неміс зоологы Карл Мебиус ұсынды. Биоцнеоз тірі организімдердің жай жиынтығы емес, ретті, бір-бірімен байланысқан. Фитоденозден (өсімдіктер жиынтығы), зооценоздан (жануарлар жиынтығы), микоценоздан (саңырауқұлақтар жиынтығы) және микробоценоздан (микроорганизімдер жиынтығы) тұратын жүйе.

Ешқандай биоценоз қоршаған ортадан тәуелсіз не одан тыс өздігінен дами алмайды. Нәтижесінде жеке бөліктерінің күрделі өзара қалыптасқан тірі және өлі бөліктердің жиынтығынан тұратын кешендер түзіледі. Біртекті жағдайлармен сипатталатын организімдердің белгілі бір бірлестіктерінен қоныстанған кеңістік биотоп деп аталады.

Табиғатта әртүрлі түрлердің популяциялары биценозға бірігеді. Орта жағдайлары ұқсас кеңістікте тіршілік ететін организімдер қауымдастықтарын биотоп (биоценоз) деп атайды. Биотоп – биоценоздың тіршілік ету ортасы. Сондықтан биоценозды белгілі бір биотопқа тән тарихи қалыптасқан организімдер тобы ретінде қарастыруға болады. Кез-келген биоценоз биотоппен бірге жоғары дәрежедегі биологиялық жүйе – Биогеоценозды құрайды.

Биогеоценоздар әртүрлі мөлшерде, көлемде болуы мүмкін. Мысалы, орман көл шалғындық және т.б. Мөлшері мен күрделілігіне қарамастан кез-келген биогеоценоз мынадай құрамдардан тұрады:

- продукценттер - өндірушілер (жасыл өсімдіктер), күн энергиясын пайдалана отырып денесін бейорганикалық заттардан түзетін автотрофты организімдер. Бұлар қоректік тізбектің бірінші буыны;

- консументтер – тұтунышылар, продукценттер арқылы дайын органикалық заттармен бірге ондағы энергияныпайдаланатын гетеретрофты организімдер (бірнші дәрежелі - өсімдік қоректік жануарлар, екінші дәрежелі – ет қоректілер және үшінші дәрежелі- жыртқыштар);

- редуценттер – ыдыратушылар, органикалық қалдықтарды ыдырататын, биологиялық зат айналымын аяқтайтын (шартты түрде) организімдер (бактериялар, саңырауқұлақтар, микроорганизімдер);

- өлі табиғат компонеттері

16. Биоценоз кеңістіктегі құрылымы

Биоценоздың кеңістіктегі құрылымы ондағы өсімдіктер жамылғысымен (фитоценоз) - өсімдіктердің жер асты және жер үсгі мүшелері салмақтарының бөлінуі бойынша анықталады. Биоценоздарға организмдер алғаш рет қоныстанғаннан бастап көптеген экологиялық факторлаға байланысты орналасады.

Организмдер жердің рельефіне қарай горизонтальды (көлденең) немесе вертикальды багытта (тігінен) орналасуы мүмкін. Ол үшін әрбір жеке түр бір-біріне кедергі келтірмеуі тиіс. Соның биоценоздағы бір көрінісі - ярустылық (қатарлық). Ярустылық - биоценоздардың биіктігі бойынша жіктелуі. Тіпті ярустылық жер асты бөлімдерінде де байқалады. Әрбір ярусқа тән оның микроклиматы, түрлік құрамы, бейімделу белгілері жіктелген.

Биіктігі әртүрлі өсімдіктер өсетін фитоценоздан анық білінетін ярустылык, бөлінуді байқауға болады: ассимиляция жүретін өсімдіктердің жер үсті мүшелері және олардың жер асты бөліктері бірнеше қабат болып орналасады. Ярустылық әсіресе қоңыржай белдеудің ормандарында жақсы байқалады. Мысалы, шыршалы ормандарда ағашты, шөпті-бұталы және мүктер ярустылығы анық білінеді. Жалпақ жапырақты ормандарда 5-6 ярусты ажыратуға болады: I немесе жоғарғы ярус үлкен ағаштардан (емен, жөке, үйеңкі т.б) құралған;II ярус - басқа ағаштардан (шетен, алма, алмұрт, тал т.б.) құралған; III ярусты бұталар (шие, итмұрын) құраса; IV ярус биік шөптесін өсімдіктерден (сасыр, тобылғы); V ярус олардан аласа өсімдіктерден (қымыздық, шайқурай); ал VI ярусты өте аласа өсімдіктер (қына, мүктер) құрайды.Ормандарда міндетті түрде ярусаралық өсімдіктер - балдырлар, ағаштардың діңі мен бүтақтарында өсетін қыналар, эпифиттер, лианалар және т.б. болады.

Ярустылық өсімдіктердің күн сәулесін біршама толық алуына септігін тигізеді: биік өсімдіктердің көлеңкесінде көлеңкеге төзімді және аз ғана жарықты қанағат ететін көлеңке сүйгіш өсімдіктер тіршілік етеді.

Ормандарда көбіне бірнеше (алтыға дейін) ярустар байқалады. Жануарлар да өсімдіктердің кейбір ярустарында көп шоғырланады. Кейбіреулері сол ярусты мүлдем ауыстырмайды да. Мысалы, жәндіктер арасында мынадай топтарды ажыратады: топырақта тіршілік ететіндерді - геобий, топырақтың беткі қабатындағыларды - герпетобий, мүктер ярусындағыларды - бриобий, шөптесін өсімдіктердегі - филлобий, одан жоғары ярустағыларды - аэробий деп бөледі. Құстардың арасында да өз ұясын тек жерде (тауық төрізділер, бұлдырықтар және т.б.), бұталы ярустарда немесе ағаш бұтақтарында (торғай, ірі жыртқыш құстар) салатындары да болады.

Көлденең бағыттағы түрлердің орналасуы мозайкальщ - барлық фитоценоздарға тән. Мозайкалықтың бірнеше себептері бар: микрорельефтің эр текті болуы, өсімдіктердің орта құру әсері мен олардың биологиялық ерекшеліктері. Мұндай себептер жануарлар (құмырсқ а илеуінің пайда болуы, өсімдіктер жамылғысын тұяқтылардың таптауы нәтижесінде) немесе адам тіршілігінің (агаштарды кесу, от жағу) барысында да болады. Топырақтағы, судағы организмдерден де өзіне тән ярустылықты байқауға болады. Бірақ, мұндағы экологиялық факторлар мен талаптар әр түрлі болуы мүмкін. Сол сияқты ярустылық заңына бағынбайтын түрлер де бар. Мәселен, олардын қатарына көптеген паразиттерді, ірі аңдар мен құстарды жатқызуға болады.