Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
архитектура.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2. Компьютерлік жүйелердің классификациясын көрсетіңіз, мысал келтіріңіз.

Қарапайым компьютерлік жүйе бір-бірімен онша алыс тұрмаған екі компьютерді жалғастыру арқылы пайда болады. Олар нуль модем деп аталатын (10-20 м. мөлшердегі) арнайы кабель аты келесі немесе параллель тұрған компьютерлерге қосылады. Компьютерлік жүйелер классификациясын1966 жылы Флинн ұсынды. Бұл классификация ағын түсінігіне негізделген. Ағын- процессор орындайтын мәліметтер мен командалардың элементтерінің тізбегі.

1)SISD (Single Instruction Single Data) – командалардың бірлік ағыны. Бұл класқа барлық классикалық тізбектік машиналарды жатқызуға болады. оларда бір ғана командалар ағыны болады, барлық командалар бірінен кейін бірі тізбекті түрде орындалады. SISD архитектурасы бар компьютерлерге мысал ретінде Compaq, Hewlett-Packard және Sun Microsystems жұмыс станцияларын алуға болады. оларға бірпроцессорлы компьютерлер жатады.

2) MISD (Multiple Instruction Single Date) – командалардың көптік, мәліметтердің бірлік ағыны. Бұл архитектура кезінде бір ғана мәліметтер ағынын бірнеше процессор өңдейді. Алайда қазіргі таңда мұндай жүйе жоқ.

3) MIMD (Multiple Instruction Multiple Date) – командалардың, мәліметтердің көптік ағыны. Бұл класта бір кешенге біріктірілген процессорлар болады, және олардың әрқайсысы өзінің командалар және мәліметтер ағынымен жұмыс істейді. Бұл класқа заманауи барлық көппроцессорлы жүйелерді жатқызуға болады.

4) SIMD (Single Instruction Multiple Data) – командалардыі бірлік, мәліметтердің көптік ағыны. Бұларға мысал ретінде матрицалық компьютерлерді атауға болады. кей ғалымдар бұл топқа векторлы-конвейерлі компьютерлерді де жатқызады. Типичными представителями являются матричные компьютеры. Мысал ретінде Hitachi S3600 компьютерлерін алуға болады.

3. Процессорлардың классификациясын келтіріңіз. Қазіргі кездегі процессорлардың негізгі параметрлері. Симметриялы және ассиметриялы жүйелердің анықтамасын және мысал келтіріңіз

Орталық процессор – компьютердің басты бөлігі. Негізгі қызметтері мен компоненттері: Арифметикалық –логикалық құрылғы – арифметикалық және логикалық амалдардың орындалуына жауап береді. Басқару құрылғысы – командаларды жадыдан шақырады және олардың типін анықтайды. Шина – процессорды жадымен, ішкі енгізу-шығару құрылғыларымен байланыстырады, мәліметтерді тасымалдау магистралі. Қазіргі таңда процессорлардың мынадай түрлері бар:массивті-параллельді процессорда бірнеше өңделуіші элементтерді іске қосу үшін сигналдар жіберетін бір басқару блогы болады. мұндай процессорлардың жұмыс істеу принциптері бір болғанымен кей жерлерге келгенде олардың арасында айрмашылықтар туындайды. Мысалы, өңделуші элемент құрылымы, олардың бір-бірімен қалай байланысатындығы, олардың қандай локальды автономия пайдалнытдықтарына және т.б. байланысты. Массивті-параллельді процессор (array processor) әр түрлі мәліметтер жиыны үшін қолданылатын командалар тізбегін орындайтын бірнеше ұқсас процессордан тұрады. Ең алғашқы мұндай процессор ILLIAC IV болды. Алғашқыда әр секторы 8x8 процессор-жады элементтерінен тұратын төрт секторлы машина құрастыру көзделді. Әр сектордың бір бақылау блогы болды. Ол барлық процессорлар бір уақытта орындайтын командаларды жіберіп тұрады, ол кезде әр процессор өз жадысындағы мәліметтер жұмыс істейтін. Массивті-параллельді процессорлар сияқты векторлық процессорлар да мәліметтер элементінің жұбымен жұмыс істегенде өте тиімді болып табылады. Бірақ біріншісінен өзгешелік ретінде, барлық қосу амалдары конвейерлік құрылымы бар бір блок ішінде орындалады.Ортақ жадыны пайдаланатын мультипроцессорлар — бірнеше процессор және солардың барлығына көрінетін бір адрестік кеңістіктегі компьютерлік жүйе. Ол операциялық жүйенің бір данасын сақтайды және ондағы қай беттің бос, қайсысының бос емес екендігін анықтайды. Процесс бұғатталған кезде, процессор өз күйін ОЖ кестелерінде сақтайды, содан кейін орындалуы тиіс процесті табу үшін осы кестелерді бір қарап шығады. Барлық компьютерлер сияқты мультипроцессордың да енгізу-шығару құрылғысы болады (дисктер, адаптерлер). Кей мультипроцессорлық жүйелерде анықталған процессорлардың ғана енгізу-шығару құрылғыларына енуге мүмкіндіктері болады. егер барлық процессорлардың жадының кез келген бөлігіне немесе енгізу-шығару құрылғыларына енуге мүмкіндіктері болса және әр процессор басқа процессорлармен өзара байланысқан болса, онда ондай жүйе SMP (Symmetric Multiprocessor — симметриялық мультипроцессор) деп аталады.Процессорларды біріктірудің жақсы әдістерінің бірі симметриялы SMP әдісі болып табылады. Бұл жүйеде әрбір процессор оған ОЖ тағайындаған өзінің тапсырмасын шешеді. Симметрия екі тұрғыдан қарастырылуы мүмкін: жады симметриясы – барлық процессорлар бір ОЖ көшірмесімен жұмыс істеп, ортақ жадыны пайдаланады; енгізу-шығару симметриясы – барлық процессорлар ортақ енгізу-шығару құрылғылары мен үзу контроллерлерін бөліседі. ASMP (Asymmetric multiprocessing, Асимметриялық көппроцессорлы өңдеу) — DEC’s VMS V.3, сонымен қатар TOPS-10 және OS-360 сияқты ескі жүйелер арқылы сүйемелденетін процессорлық өңдеу типі. Оның күрделі болуына байланысты 1970- 1980-жылдардағы өңдеушілер оны қолданбаған. Симметриялы жүйелердегі сияқты асимметриялы жүйелерде де нақты тапсырмаларды нақты процессорларға ғана жүктейді. Жүйенің барлық үзулерін орындау үшін немесе барлық енгізу-шығару орындалу үшін бір ғана процессора жауапты бола алады. Замануи компьютерлердегі видеокарталарды, платаларды және криптографиялық үдеткіштерді асимметриялық процессорлық өңдеуіштерге жатқызуға болады, себебі олар орталық процессор жұмысынан тәуелді болады.

4. Процессорлардың жұмыстары қалай ұйымдастырылады. Командалардың орындалуы деген не?Диаграммасын сызыңыз

Процессор1) программаға сәйкес операцияларды орындауға арналған компьютердің негізгі құрылғысы, қызметтік бөлігі. Көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өндеу жұмыстарын орындайтын электрондық микросхема. Қазіргі компьютерлерде бір немесе бірнеше процессорлар жұмыс істейді;2) мәліметтерді өңдеу кезінде кейбір алдын ала есептеу жұмыстарын немесе ұйымдастыру қызметін атқаратын машиналық программа.

Микропроцессор жұмысының ең негізгі параметрі – кристалл жұмысының жиілігінде, ол арқылы уақыт бірлігінде қанша әрекет жасай алатынын, яғни шинаның жұмыс жиілігін, SRAM кэш жадысының ішкі көлемін анықтаймыз. Процессорды кристалдың жұмыс жиілігіне қарап белгілейді. Кристалл жұмысының жиілігі транзисторларды ашық жағдайдан, жабық жағдайға ауыстырып қосуы мөлшерімен анықталады

Арифметикалық –логикалық құрылғы – арифметикалық және логикалық амалдардың орындалуына жауап береді. Басқару құрылғысы – командаларды жадыдан шақырады және олардың типін анықтайды. Шина – процессорды жадымен, ішкі енгізу-шығару құрылғыларымен байланыстырады, мәліметтерді тасымалдау магистралі. Орталық процессордың ішінде ағымдағы нәтижелерді және кейбір басқару командаларын сақтауға арналған жады болады. ол жады әрқайсысы белгілі бір функция атқаратын регистрлерден тұрады. Әдетте барлық регистрлердің өлшемдері бірдей болады.Олардың жұмыс істеу принциптерін әдетте программа түрінде көрсетеді. Ол кезде компьютерде екі регистр бар деп есептеледі: келесі команданың адресіне сілтеме жасайтын командалар санағышы және арифметикалық операцияардың нәтижелері сақталатын аккумуляторлар. Әр команданың бір жады ұяшығы болады. жады ұяшығында аккумуляторға қосылуы керек болатын операнд орналасады.

Командалардың орындалуы: 1.Жадыдан командаларды шақырады және командалар регистріне тасымалдайды 2.Командалар санағышының позициясын өзгертеді 3.Шақырылған команданың типін анықтайды.4.Егер команда «сөз» жадыдан пайдаланса, онда олардың қайда орналасқанын анықтайды.5Егер сыртқы жадыда орналасса, орталық процессор регистріне көшіреді.6.Командаларды орындайды.7.Келесі бірінші қадамдағы команданы орындауға дайын тұрады