- •Алмагүл Ибрагимқызы Тілембекова Мейрамгүл Мұхамедиярқызы Төлеуп
- •1 Сәлемдесу. Қоштасу. Танысу.
- •2. Мамандық. Жұмыс орны
- •3. Функционалдық стильдер
- •4. Қолхат. Сенімхат. Анықтама
- •5. Техникалық сипаттама Жарнама
- •6. Аңдатпа. Өтініш. Бұйрық
- •7. Қазақ тілінің орфоэпиялық нормалары
- •10. Диалог.
- •8. Монолог. Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті
- •10. Ауызша сөйлеу этикасы. Телефонмен сөйлесу
- •11. Іскерлік хат жазысу
- •12. Құттықтаухат. Жеделхат. Телефонхат
- •Телефонхат
- •Хабарлама хат
- •Хабарлама хат
- •Аударма туралы
- •«Барлаушы» түймелер
- •Техникалық аударма
- •Бала жұбататын құрылғы
- •Қартайтпайтын киім
- •Құс қалдығынан – мұнай
- •Ағылшындар киіз басады
- •Өлеңге лайық шаңсорғыш
- •Телекамералы тоңазатқыш
- •Қауырсыннан қағаз
- •Аккумулятор
- •Сұйық май сүзгісіз тазаланады
- •Мұсылмандарға арналған телефон
- •1 Қазақ тілінен орыс тіліне аудармасы:
- •Isdn желісіне енімнің ұйымдастырылуы
- •Роботтар құқықпен қамтылмақ
- •Қанатты парашюттер
- •Теледидар семіртеді
- •Шаршағанға шай шипа
- •Жалғыз көзді бағдаршам
- •Жарық жолында жаңа планета
- •Графит алмасты алмастырады
- •Әдебиеттер тізімі:
«Барлаушы» түймелер
Әскерилердің киімі қолайлы және маскировкалы болумен шектелмейді. Оңтүстік Калифорния (АҚШ) университетінің ғалымдары сарбаздардың киімдеріне маскировкалығына қоса, «барлаушылық» қасиетін де жүктегісі келіп отыр. Американдық зерттеушілердің жобасы бойынша сарбаздардың киімдерінің түймелері арнайы жасалған микрофондардан тұрмақ.
Микрофондардың мақсаты – 100 метрлік радиустағы дыбыс көздерін бақылап, керек нысанның бағытын көрсету. Әзірге «түймелерден» түскен дыбыстық мәліметтер киімнің қалтасында орналасқан компьютерлік чипте сарапталады да, тиісті нысанға нұсқайды. Компьютерлі чиптер өз кезегінде киімде орнатылған батареялармен жұмыс істейді. «Келешекте чиптер мен батареялар киімнің қалталарында ғана емес, оның бойында тұтас орналасатын болады» дейді жасаушы мамандар.
Әрине, ондай жағдайда дыбыс көзін анықтаудың саны мен сапасының арта түсері ақиқат. Сонымен қатар, әскерилердің далалық шатырлары да осындай жүйемен қамтамасыз етілуі мүмкін деген болжам да жоққа шығарылмайды.
(«Зерде» журналынан)
Сөздерді жақшадағы сұраққа жауап беретіндей формада керекті жеріне қойып, мәтінді толықтырыңыз, оқыңыз, аударыңыз. Қандай аударма түрін пайдаланғаныңызды түсіндіріңіз.
көзделіп
сұйықпен
ток көзі
қанындағы
ағзасында
қамтамасыз
энергияны
шығарды
Биобатарейка
Американдық химиктер адам __________ (қайда) жүретін химиялық реакциялардың әсерінен ток шығаратын кішкентай батарейка жасап __________ (не істеді). Батарейканы жасаушылар оның глюкоза мен оттегінің реакциясынан бөлінетін ________ (нені) электр тогына айналдыратынын айтады. Биожанармайлық батарейка кез келген биологиялық ________ (немен) жұмыс істей береді, сондықтан оны терінің астына немесе омыртқа үстіне қою ________ (қайтіп) отыр. Әрине, адам денесіне бөгде заттың қондырылғаны құптарлық нәрсе емес. Десек те, кей жағдайларда солай етуге тура келеді. Биобатарейка ауруларды емдеуге пайдаланылмақ. Мысалы, диабетиктердің ___________ (қайдағы) глюкозаның деңгейін қадағалайтын, жасанды дене мүшелерінің қозғалысын __________ (қайтетін) миниатюралық сенсорларға _________ (не) ретінде қойылмақ.
(«Зерде» журналынан)
Ғылыми-техникалық әдебиетті аудару
Ғылыми-техникалық әдебиетті аударушының ең негізгі міндеті - автордың ойын бұрмаламай, толық беру, аудармада қажетті терминологияны қолданып, сауатты әдеби тілмен аудару. Ғылыми-техникалық әдебиеттің аудармасына қойылатын негізгі талап аударманың түпнұсқаға толық сәйкес келуі керек, оны орысша «адекватность перевода» дейді. «Адекватный» - латын сөзі. Қазақ тіліндегі мағынасын: тең, толық сәйкес келетін, барабар, ұқсас, бірдей, тепе-тең, теңбе-тең деген сөздер береді. Ғылыми-техникалық мәтіннің бірдейлігіне ақпараттық, ғылыми-техникалық дәлдікті сақтай отырып және түпнұсқаның стилистикалық ерекшеліктерін ескере отырып қол жеткізуге болады. Мұндай аударманы басқаша эквивалентті (лат. тең, тең мағыналы) және аутентивті (грек тілінде - түпнұсқаға сәйкес, дұрыс, шын) деп те атайды.
Аударманың өн бойында бір затты немесе ұғымды білдіретін бір ғана термин қолданылуы керек. Белгілі бір кәсіпорында ғана қолданылатын жергілікті сөздерді, архаизм-терминдерді қолданбау керек. Қазіргі кезде аудармада бір сөзді бір мәтіндік бірліктің өзінде бірнеше құбылтып қолдану жағдайлары кездеседі. Мысалы, «схема» деген сөзді бір мәтінде немесе бір ақпараттық бірлікте «сұлба», «схема», «сүлбе» деп немесе «сеть» сөзін бірде «желі», бірде «торап» деп аударатын жағдайлар жиі кездеседі.
Тілдің барлық грамматикалық нормаларын сақтап, күрделі грамматикалық конструкцияларды көп қолданбай, аударылатын ақпаратты қарапайым және түсінікті етіп беру керек.
Сөздерді орнына қойып, мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Мәтінге ат беріңіз
айғақтап келеді
немен
қарапайым
көрсетті
келешекте
асырылады
университетінің
Болашақ – биологиялық технологиялардың еншісінде. ____________(қашан) техникалық құралдардың жұмыс принциптері ауа мен судың қасиеттеріне арқа сүйейтінін уақыт ағымы ___________(не істеп келеді). Жақында Массачусетс технологиялық ______________ (несінің) (АҚШ) студенттері сумен жұмыс істейтін компьютердің үлгісін ______________ (не істеді). Ол компьютердің алгоритмдік процестері электрондардың ________ (немен) емес, судың ағысымен жүзеге ___________ (қайтеді) . Су компьютері әзірге _____________ (қандай) есептер мен логикалық операцияларды орындай алады.
Мына сұрақтар бойынша өз ойларыңызды айтыңыз
Энергиямен жұмыс істейтін компьютер тұрғанда, сумен істейтін компьютердің қажеті қанша?
Су компьютері келешекте күрделі операцияларды орындай ала ма, алса неліктен, алмаса неліктен?
