- •2.«Төтенше жағдайлар» түсінігі. Тж жіктелуі және зардаптары. Қауіптердің негізгі жүйелену принциптері.
- •3.Табиғи қауіптер. Боран, бұрқасын, дауыл, найзағай.
- •4. Жарақаттану мен зақымдану кезіндегі алғашқы медициналық көмек түрлері
- •6. Қазақстандағы Азаматтық қорғаныс: құрылымы мен қызметтері.
- •7.Зиянды химиялық заттардың жүйеленуі, адам ағзасына қосарлы (комбинациялық) әсері
- •8. Жер сілкінісінің сипаттамалары (ошақ, гипоцентр, эпицентр, толқындар). Жер сілкінісінің магнитудасы және қарқындылығы, өлшем бірліктері
- •9. Ядролық, химиялық, бактериологиялық қарулар туралы түсінік
- •10. Иондаушы сәулелер, олардың түрлері және сипаттамасы, ағзаға әсері. Қорғану жолдары.
- •11. Радиоактивтілік. Радиоактивті заттардың шығу көздері. Адамның радиациялық зақымдалу ошағында болуының салдары.
- •12. Дезактивтендіру, дегаздау, дезинфекция, дезинсекция, дератизация түсініктеріне анықтама. Тж-дағы санитарлық тазалау және оны жүргізу.
- •14. Жер сілкінісі кезінде үйде (пәтерде), ғимараттардағы қауіпсіз және қауіпті жерлер. Құлаған, қираған ғимараттардың астында қалған адамның іс-әрекеті.
- •23) Халықтың сел кезіндегі іс әрекеті
- •17. Халықтың қар көшкіні, сырғыма, опырылма кезіндегі іс-әрекеті.
- •18. Секталар жөнінде түсінік, олардың түрлері. Секталардың адамдарды өзіне тартуы, ұйымдарына мүше қылып алу әдістері және секталардың ықпалынан құтылу жолдары.
- •19. Лаңкестер кепілдікке алған адамдардың өзін-өзі ұстауы.
- •20. Электромагнитті сәуленің ағзаға әсері және олардан қорғану. Компьютердi, ұялы телефонды қолданғандағы қауіп және одан қорғану шаралары.
- •21. Тж кезінде қолданылатын жеке бас қорғаныс құралдары.
- •22. Тж кезінде қолданылатын ұжымдық қорғаныс құралдары.
- •23.Халықтың химиялық қауіпті заттардың сырт ортаға шығуына байланысты хабарлаған кездегі іс-әрекеті.
- •24. Химиялық зақымдалу ошағындағы адамдардың іс-әрекеті
- •26. Радиациялық зақымдалу ошағындағы адамдардың іс-әрекеті. Радиациалық зақымдану ошағында йодпен алдын-алу шарасының тағайындалуы және қолданылуы
- •27. Сәулелі ауру (пайда болу себептері, сипаттамаоары).
- •28. Аса қауіпті қоздырғыштар қоршаған ортаға таралған кездегі халықтың іс-әрекеті.
- •29. Өндірістік өрт кезінде адамдардың іс-әрекеті
- •30. Өндірісте жарылыс болған кездегі адамдардың іс-әрекеті
12. Дезактивтендіру, дегаздау, дезинфекция, дезинсекция, дератизация түсініктеріне анықтама. Тж-дағы санитарлық тазалау және оны жүргізу.
Санитарлық тазарту - адам бойынан радиоактивті және улағыш заттарды, сондай-ақ терісі мен шырышты қабықтан бактериялық құралдарды кетіру. Жүргізу жағдайларына, қолда бар құралдарға байланысты санитарлық өңдеу жөніндегі шаралар ішінара және толық өңдеу деп бөлінеді. Ішінара өңдеуді арнайы немесе қолда бар құралдарды пайдалана отырып, зардап шеккендердің өздері немесе өзара көмек көрсету тәртібімен жүргізеді. Толық өңдеу жұмысы санитарлық жуу пунктерінде, моншадарда, душ павильондарында немесе арнайы жасалған жуу алаңдарында жүргізіледі, бұларда адамдар сабынды, жөкені пайдалана отырып, жылы сумен жуынады, міндетті түрде ішкі киімдері ауыстырылады. Жазғы жағдайларда толық санитарлық өңдеуді зақымданбаган ашық тоғамдарда жүзеге асыруға болады.
Өнімдердегі улағыш заттарды ыдырату және нысандар мен жер бетінің УЗ-мен зақымдануын шекті нормаға дейін азайту мақсатымен жүргізілетін тазартуды немесе толық жоюды дегазация (газсыздандыру) деп атайды. Дегазация суды, органикалық еріткіштерді, жуғыш еріткіштерді, т.б. қолдана отырып, арнаулы газсыздандыру машиналармен, аспаптармен (қондырғылармен) жүргізіледі. Дегазация ішінара және толық болып екіге бөлінеді. Химиялық зақымдану ошағынан шыққаннан кейін, толық дегазация жүргізіледі. Газсыздандыру физикалық, механикалық және химиялық әдістермен жүзеге асырылады. Мысалы, төгілген аммиакты әлсірету үшін тұз немесе азот қышқылының 5-6% ерітіндісін пайдалануға болады. 1 тонна аммиак төгілген жерді тазарту үшін 2 тонна су қажет.
Дезактивация - бұп зақымдалған объектіден радиоактивті заттарды жою. Жерді дезактивациялау сумен жуу, ластанған топырақты алып тастау арқылы; суды - сүзу, айдау және ион алмастырғыш смолалардың көмегімен; азық-түлікті - ластанған ыдысты тазартудан кейін немесе ауыстыру жолымен жүргізіледі. Ластанған дайын тағам жойылады.
Дезинфекция - бұл сыртқы ортада жұқпалы аурулар қоздырғыштарын жою. Залалсыздандырудың ең қарапайым және мүмкін әдісі қайнату. Химиялық әдіс дезинфекциялаудың кең тараған түрі. Ол заттарға хлорлы және қышқылдандырғыш заттар - хлораминде, хлор қышқылды кальций тұзы, хлорлы әк және т.б.
Дератизация(де... және лат. rat – егеуқұйрық) – індет ауруларын тарататын кеміргіштерге (егеуқұйрық, тышқан, т.б.) қарсы күрес. Дератизация кеміргіштер тарататын түрлі аурулардың (оба, туляремия, құтыру, сарып, күйдіргі, сальмонеллез, т.б.) қоздырғыштарын дер кезінде құрту, олардан сақтандыру үшін жүргізіледі. Сақтандыру үшін тұрғын үйлер мен ғимараттардың астындағы жертөлелерді, қоймаларды, мал мен құс қораларын таза ұстап, азықты тышқан кіре алмайтын қоймаларда сақтайды. Тышқан інін бітейді.
13. Төтенше жағдай кезінде халықты және аймақты қорғау. ТЖ халықты көшіру (эвакуация) және қоныстандыру.
Адамдардың қауіпсіздігін қамсыздандыру бейбіт ж/е соғыс уақытындағы ТЖ жағдайында халықты қорғау б/ша республикамызда жүргізілетін барлық шараларджың аса маңызды мақсаты б.т.. Адам өміріне қауіпті заттарды пайдаланатын ж/е өндіретін объектілер бір жерге шоғырлануда. Бұл объектілердегі авария салдарын осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану салдарымен салыстыруға болады. Республика аумағында атом энергетикасы, химия өнеркәсібі объ/лерімен өзге де объ/лер орналасқан, мұндағы авариялар үлкен адам құрбандықтарымен, материалдық залалмен қатар елеулі экономикалық салдарға да ұшырату мүмкін.
Төтенше жағдай кезіндегі халықты көшіру
ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңының 14 бабына сәйкес алдын алу шараларына:
- ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау, ТЖ пайда болуына әкеп соғуы мүмкін аварияны, зілзала мен апатты болжау және олардың қаупі туралы хабарлау;
- ТЖ саласындағы білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, қорғану шаралары жатады.
ТЖ саласындағы ғылыми зерттеулердің негізгі міндеттеріне мониторинг әдістерін әзірлеу мен ТЖ-дың деректер банкін жасау, ТЖ болжау, алдын алу әдістерін, бақылау шаралары мен қорғану құралдарын, оларды болжау, зардаптарына баға беру, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу кіреді. Жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ болжау қызметі (сейсмикалық қызмет, сел жүретінін хабарлау,радиациялық қауіпсіздікті бапқылау жүйелері және басқалар) арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың жанынан құрылады және ТЖ алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесіне енгізіледі.
