- •Зейін бағдарлаушы іс-әрекет ретінде(Гальперин) зерттеген зерттеулеріне талдау жасау
- •Зейін және сана туралы талдау жасау және қорытындылау
- •Кеңес психологиясында зейінді зерттеу мәселелеріне талдау беру
- •Зейінді шарттандыратын факторлар жайлы талдау жасау арқылы өз пікіріңізді тұжырымдау
- •Зейін және қабылдау жайлы талдау жасау
- •Зейін және іс әрекет жайлы талдау жасау
- •Зейіннің психологиялық ерекшеліктерін талдау
- •Когнитивті психологияда зейінді зерттеу когнитивті информациялық ықпал жайлы талдау жасау
Кеңес психологиясында зейінді зерттеу мәселелеріне талдау беру
Кеңестік психологияда қарым-қатынастағы зейін мәселелеріне көптеген методологиялық және теориялық зерттеулер арналды, олар А.А. Леонтьев Г.М. Андреева, В.М. Бехтерев, А.А, Бодадев, С.Л. Рубинштейн, Н.Ф. Добрынин, Д.Н. Узнадзе, П.Я. Гальперин, А.А. Ухтомский және т.б. ғалымдардың еңбектерінен өз бейнелерін тапты.
Өздерінің көптеген жұмыстарыңда зейінді өзіндік көрініс ретінде емес танымдық психикалық іс-әрекеттің бір жағы сияқты қарастыру советтік әдебиетте әсіресе С.Л. Рубинштейн мен Н.Ф, Добрынинның еңбектерінен көрінді, Добрынинның еңбегінде зейін психикалық іс-әрекеттің белгілі бір объектіге бағыттылығы, шоғырлануы сияқты анықталады. Ол зейін түжырымдамасына келесідей анықтама береді: зейін - тұлғаның психикалық іс-әрекетінің өзара бағыттылығы мен шоғырлануы болып табылады. Осыдан зейін бірден-бір кез келген психикалық іс-әрекет сипатының қасиеті екені белгілі, Рубинштейн зейінге танымдық процестердің бір жағы деген анықтама береді. Зейіннің физиологиялық негізін академик А.А. Ухтомский доминант теориясымен түсіндіреді, Доминант - мида пайда болатын өте күшті үстем етуші қоздырғыштардың ошағы. Доминанта принципі зейіннің бір затқа ғана ерекше бағытталып, басқа тітіркеңдіргіштерді елемей қалатьш жағдайын түсінуге мүмкіндік береді.
П.Я. Гальперин зейін концепцияларын ұсынды. Ол зейінді іс-әрекеттің ішкі бақылауы сияқты қарастырды. Оның ойынша зейінді осы түрде қарастыру зейінді өзіндік көрініс ретінде елестетуге, зейін феномендерінің өз бетінше өмір сүру формасын табуға мүмкіндік береді. Зейін жайлы мұндай елес оның ақыл-ой әрекетінің кезеңдік қалыптасуының жалпы теориялық контекстінде дамыды.
Зейіннің тағы бір теориясьн Д.Н. Узнадзе және оның шәкірттері дамытты. Осы теорияға сәйкес зейін объективтілік актісімен байланысты, ол адамдардағы ерекшелікті байқай отырып мінез-құлықты екі түрге бөледі. Бір түрін ол импульсивтік деп атады.
Зейінді шарттандыратын факторлар жайлы талдау жасау арқылы өз пікіріңізді тұжырымдау
Зейінді анықтайтын факторлар 2 топқа бөлінеді:
1)Адамға әсер ететін сыртқы тітіркендіргіштердің құрылымын анықтайды.
2)Жеке субъектінің іс-әрекетіне байланысты 1-ші топқа жататындар: а)тітіркендіргіштердің күші. б)тітіркендіргіштердің жаңалығы. 2-ші топқа жататындар: Жеке адамның қажеттіліктері, қызығуы, бағыт-бағдары.
Бірінші себептер категориясына тітіркендіргіш әсердің сипаты мен сапасы жатады. Олардың ішінде ең алдымен ескеретініміз әсер күші мен қарқыңдылығы (интинсивность). Елестетіңіз: оқушы жазба жұмысын орындап отыр, оның жұмысқа құныққаны сонша, көшедегі не үйдегі анау-мынау жеңіл сыбдыр шуды тіпті аңғарар емес. Ал кенеттен өз столынан түсіп кетіп, "тарс" ете қалған заттың дыбысы, оны ерксіз мойын бұруға мэжбүр етеді. Әрдайымым күшті тітіркену әсері, айқай-шу, коз қамастырар жарық, екпінді соққы, ащы иіс, дәм біздің зейінімізді еріксіз тартады. Мұндайдағы зейініміздің аударылуы әсердің шектсн тыс күштілігінен емес, сол әсердің қалыпты жағдайға орайлас не орайсыздығынан. Аталған себептер тобына тітіркендіргіш әсердің жаңалығы мен тосыңдылығы (необычность) да кіреді. Бұл тұрғыдан жаңалық деп бұрын білмеген, көрмеген зат,құбылыстар әсерін ғана емес, сонымен бірге бірдейіне ықпалында болып жүрген әсерлеріміздің физикалық қасиеттерінің өзгерісі немесе орын ауысуынан туындаган тітіркендіргіштерді танимыз.
Адамньң көңіл-күйіне, мұқтаждық қажетсінуіне сәйкес тысқы тітіркеңдіруші әсерлер ырықсыз зейін туындатушы себептердің үшінші тобын құрайды. Мысалы, аш адам мен тоқ адамның тагам женіндегі әңгімені, болмаса оның иісі мен дәмін қабылдауы бірдей емес.
Зейін себептерінің, тортінші тобы тұлғаның жалпы бағыт-бағдарына байланысты. Міне осыдан, кеше бойлап келе жатып, аула тазалаушының назары қоқысқа тұседі тәртіп сақшысы орынсыз тұрған машинаны аңғарады, ал, архитектор не суретші ежелгі ғимраттың сәніне сүйсінеді. Адамның бағат-бағдары сонымен бірге оның бұрынғы тәжірибесі мен қалыптасқан сезімдік күйіне де байланысты.
