- •1.Түйсінудің психологиялық ерекшеліктері.
- •2. Түйсінудегі психофизикалық заңдылықтар
- •3. Рецепторлар,психофизика элементтері.
- •4. Түйсіну табалдырықтары.
- •5. Түйсінудің негізгі түрлері.
- •6. Есту түйсінулері.
- •7. Органикалық түйсінулер.
- •8. Түйсінудің классификациясы.
- •9. Түстерді түйсіну. Түстердің араласуы.
- •Түстер психологиясы
3. Рецепторлар,психофизика элементтері.
Рецепторлар – бұл дененің үстінде немесе оның ішінде орналасатын және табиғаты жағынан әр түрлі тітіркендіргіштерді физикалық, химиялық, механикалық және т.б. қабылдауға және олардың жүйкелік электр импульстеріне түрлендіруге арналған арнайы органикалық құрылғы. Эволюция барысында әрбір рецептор белгілі бір тітіркендіргішке арнайы бейімделе отырып, дамыған. Осылайша, тангорецепторлар, сипап сезуді сезінуге, аусторецепторлар, дәм сезу тітіркендіргіштерін түйсінуге, стиборецепторлар – иіс сезуге, фонорецепторлар, дыбыстық тітіркендіргіштерді және фоторецепторлар жарық немесе сәулелік рецепторларды түйсінуге бейімделген.. Ч.Шерингтор бойынша рецепторлар жіктеуі. 1906 жылы ағылшын физиологы Ч.Шерингтормен организмде орналасуы мен арқаратын қызметі бойынша сенсорлық процестердің жіктеуі шығарылды. Ол сезгіштіктің үш тобын бөліп көрсетті: интероцепция (аштықты, шөлдегенді түйсіну), экстероцепция (көру, есту, тактильдік т.б.) және проприоцепция (бұлшық ет, сіңірден шығатын түйсіктер). Организмнің сыртында орналасқан көз, құлақ, мұрын, тіл, тері мүшелері – экстерорецепторлар. Бұл рецепторлар арқылы адам өз денесінің сыртында тұрған заттар мен құбылыстардың сипаттарын бейнелейді. Экстероцептор маңызды бағдарлаушы және реттеуші қызмет атқарады. Объектінің рецепторға әсері бойынша экстероцепторлардың екі түрін бөліп көрсетеді: контакттық және дистанттық. Контакттық рецепторлар дистанттыққа қарағанда, филогенезде ертерек қалыптасқан. Оларға дәм сезу, сипап сезу рецепторлары жатады. Дистанттыққа көру, есту, иіс сезу рецепторлары кіреді. Бұлар құрылымы мен функциялары жағынан күрделі қызмет атқарады. Бұлшық еттерде, тарамыс пен сіңірлерде орналасқан сезім мүшелерін проприорецептор деп атайды. Бұл рецепторлар арқылы адамның қимылдау (кинестетикалық) түйсіктері мен тепе-теңдік (статикалық) түйсіктері сезіледі. Дененің ішінде (қарында, ішекте, өкпеде) орналасқан сезім мүшелерін интерорецептор деп атайды. Бұл рецепторлар арқылы ішкі мүшелерімізде ас қорыту, қан айналысы, тыныс алу сынды басқа да қандай процестер болып жатқаны жайында хабар алып отырамыз. Адамның ішкі мүшелерінде туатын осындай түйсіктерді органикалық түйсіктер деп те атайды. Интероцепторлар қатарына механо- және хеморецепторлар кіреді. Олар барлық ішкі мүшелерде кездеседі және сан-алуан органикалық процестерге – қанның химиялық құрамы мен қысымның өзгеруіне, тканьдердің температурасының өзгеруіне, асқазанның толуының және т.б. өзгерістеріне жауап береді. Интероцептивті қызмет ету, көбінесе, санадан тыс жүзеге асады. Органикалық түйсіктер пайда болғанымен, тек диффуздық түрде организмнің жалпы күйін комфорт немесе дискомфорт, қысылу немесе босаңсу, мазасыздық немесе тыныштық түріндегі, көбінесе эмоционалдық боялған күйін бейнелейді. И.М.Сеченов оларды «қараңғы сезімдер» деп атаған.
4. Түйсіну табалдырықтары.
Талдағыштардың рецепторларына әсер еткен тітіркендіргіштердің бәрі бірдей түйсік тудыра бермейді. Түйсік тудыру үшін тітіркендіргіштердің белгілі бір дәрежелік мөлшері және күші болуы керек. Бұл жағдай түйсіну процесіндегі түйсік табалдырығына байланысты. Түйсіну табалдырығының шегі – абсолюттік табалдырық. Түйсіктің абсолюттік табалдырығы деп өте нәзік сезетін түйсік туған кездегі тітіркендіргіштің аз ғана шамасын айтады. Түйсік табалдырығы екіге бөлінеді, яғни: төменгі минималдық табалдырық және жоғарғы максималдық табалдырық. Егер тетеркендіргіштер әлсіз болып, түйсіктің төменгі табалдырығына жетпесе, онда әсер еткен тітіркендіргішті адам түйсіне алмайды. Мәселен, бөлменің бұрышына барып, алыстау тұрған адам қол сағаттың тықылын естімейді. Себебі, сағат тықылының күші абсолюттік табалдырыққа жетпейді. Абсолюттік табалдырықтың күші адамның абсолюттік сезгіштігін сипаттайды: абсолюттік табалдырық күші неғұрлым аз болса, абсолюттік сезгіштік соғұрлым аз болса, абсолюттік сезгіштік соғұрлым жоғары, өткір болады. Басқаша айтқанда, абсолюттік сезгіштіктің мөлшері түйсіктің абсолюттік табалдырығының мөлшеріне кері пропорционалды болады. Түйсінудің абсолюттік табалдырығы төмен болса, онда абсолюттік сезгіштік соғұрлым жоғары болады. Мұны мынадай формуламен көрсетуге болады:
;
E – абсолюттік сезгіштік; Р-абсолюттік түйсіну табалдырығы;
Формула анықтамасы мынадай: егер абсолюттік сезгіштіктің саны неғұрлым төмен болса, онда абсолюттік түйсіну табалдырығы соғұрлым жоғары болады. Абсолюттік сезгіштіктің саны мен түйсіну табалдырығы түрлі себептерге байланысты. Ондай себептерге адамның іс-әрекеті, жасының ерекшелігі, рецептордың қызметі, тітіркендіргіштердің күші мен әсері, мерзім ұзақтығы жатады. Табалдырық түрлерінің абсолюттік сезгіштігі әр адамда әр түрлі. Мәселен, сіздің сыбырлап айтқан сөздеріңізді бір бала едәуір алыста тұрып естиді, ал екінші бір бала ондай аралықтағы сөзді ести алмайды. Бұл бірінші баланың абсолюттік сезгіштігінің екінші баланікіне қарағанда күштірек екендігін көрсетеді. Адам талдағыштарының абсолюттік сезгіштігі жоғары екендігін академик С.И.Вавилов зерттей отырып, адамның көзі жарық қуатының 7-8 квантасына (квантаны фон деп те атайды, ол – жарық энергиясының өте кішкентай мөлшері) реакция жасай алатынын анықтаған. Бұдан кейінгі зерттеулерде мөлдір атмосфера жағдайында көздің 1 км жерден шамның мыңнан бір үлесіне пара-пар жарықты түйсіне алатындығы дәлелденді. Жоғары табалдырық тітіркендіргіштің одан әрі түйсінілмейтін ең биік максималдық мөлшерін көрсетеді. Мысалы, есту талдағышы үшін адамның абсолюттік жоғарғы табалдырығы орта есеппен 1 секундт ішінде 20000 герцке тең. Алайда, адамның даралық ерекшеліктеріне сәйкес абсолюттік табалдырық белгілі дәрежеде өзгеріп отырады. Қарт адам құлағының жоғарғы абсолюттік табалдырығы 15000 герцтен аспайд Сезгіштіктің абсолюттік табалдырығынан басқа тағы бір табалдырығы айыру табалдырығы дегеніміз – түйсіктердің болар-болмас айырмашылығын тудыратын тітіркендіргіштердің минималдық айырмасы. Айыру сезгіштігі деп рецепторлардың тітіркендіргіштер арасындағы азғантай ғана, болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Мысалы, жанып тұрған 100 люкстік шамға бір люкс қоссақ, жарықтың күшейгені байқалады. Демек, бір люкс адамның көз рецепторы үшін айыру табалдырығы болады екен. Дыбысты айыратын табалдырықтың күші орта есеппен 1/10-ге тең. Мәселен, 100 кісі қатысқан хорға 10 адам косылса, хор аздап қана артады. Үстеме күш бастапқы сезімге белгілі қатыста болып, егер одан аз мөлшерде болса, түйсік сезе алмайды. Сондай-ақ, қолға түсірілетін салмақты 1/30 қатынасқа тең деп алады. 100 грамм салмақты қолмен ұстап тұрып, оның ауырлаған салмағын байқау үшін оған тағы да 3-4 грамм салмақ қосу керек, ал қолда 1000 грамм болса, оның үстіне 34 грамм қосылғанда ғана салмақтың ептеп ауырлағанын түйсіну кинестетикалық рецептор арқылы байқалады. Сезгіштіктің айыру формуласын Вебер-Фехнер мынадай етіп құрған:
lg
I+C
S – түйсіну қарқыны;
І – тітіркендіргіштің күші;
К және С – тұрақтылық (константтар).
