- •1.Алгоритм, программа ұғымдары
- •2.Алгоритм қасиеттері
- •3.Алгоритмнің өрнектелу жолдары
- •4.Алгоритмдерді график жолымен жазу
- •5.Алгоритмдердің біріңғай құрылымдары
- •6.Сызықтық алгоритмдер
- •10.Арифметикалық циклдер
- •7.Тармақталу алгоритмдері
- •8.*Таңдау*,*Аттап өту* алгоритмдері
- •9.Циклдік алгоритмдер
- •11.Қадамдық циклдер
- •12. Си тілі жайлы жалпы түсініктер
- •13.1 Си тіліндегі программа құрылымы.
- •15.Символдардың америкалық кодтар стандарты(American Standart Code for Infarmation Interchange - ascii ) және оны падалану.
- •18.Тілдің қарапайым объектілері
- •19.С тіліндегі мәліметтер типтері.Бүтін сандар типтері сипаттамалары,типтерді түрлендіру.
- •20.С тіліндегі мәліметтер типтері.Нақты сандар типтері,типтерді келтіру тәсілдері.
- •21. Си тілінде бүтін сандар жазылуы. Ондық, оналтылық, сегіздік, ондық сандарды пайдалану
- •22. Си тіліндегі нақты сандардың жазылуы. Табиғи және экспоненциал сандар
- •23. Си тілінде тұрақтыларды анықтау
- •24. Си тілінде идентификаторлар, айнымалыларды анықтау, сипаттау, пайдалану
- •25. Си тілінің стандартты математикалық функциялары, өрнектерді жазу
- •26. Си тіліндегі printf, scanf функцияларын жазу, оларды пайдалану мысалдары
- •27. Мәлімет шығарудағы символдық басқару кодтары
- •28. Си тіліндегі меншіктеу операторлары және құрама операторлар
- •4. Құрама операторлар
- •29. Си тілінде арттыру, кеміту (инкремент жəне декремент) операциялары
- •30. Тармақталу операторлары және күрделі шарттарды жазу (логикалық оператор)
- •If (шарт-өрнек) оператор; //қысқа түрі
- •If (шарт-өрнек) 1-оператор; //толық түрі
21. Си тілінде бүтін сандар жазылуы. Ондық, оналтылық, сегіздік, ондық сандарды пайдалану
Сандар мен айнымалылар бүтін жəне нақты болып екіге бөлінеді. Бүтін сандар: +4, -100, 15743, 0 , т.с.с.
Дербес ЭЕМ-дер үшін қолданылатын бүтін сандар(іnt) бұрын -32768 бен +32767 аралығында ғана жазылған еді, қазір компьютер типіне байланысты ол басқаша да бола береді.
Мұнда ондық, сегіздік жəне он алтылық бүтін сандар да пайдаланылады. Он алтылық сандардың алдына 0х белгісі қойылады. Мысалы, 0хA12 немесе 0х8B2. Сегіздік сандар алдына 0 қойылады: 0556, 07012, т.с.с.
22. Си тіліндегі нақты сандардың жазылуы. Табиғи және экспоненциал сандар
Нақты сандар (float) кəдімгі табиғи аралас сандар тəрізді санның бүтіні мен бөлшегін нүкте арқылы бөлген күйде жазылады. Мысалы:2.65, 0.5, -0.862, -6.0. Ал өте үлкен немесе өте кіші нақты сандар көрсеткіші бар экспоненциал
сандар ретінде mЕ±р түрінде жазылады да, олардың диапазоны əлде қайда кең болады, мұндағы m-санның мантиссасы деп аталады, Е-онның дəрежесі дегенді білдіреді, ал р-дəреженің өз мəні. Мысалы:
1,25•106 1.25Е+6 0,0005 0.5Е-3
-5,2 • 10-12 - 5.2Е-12 -180000 -1.8Е+5
23. Си тілінде тұрақтыларды анықтау
4. Тұрақты немесе константа деп программаның орындалу барысында мəндері өзгеріссіз қалатын шамаларды айтады. Тұрақтыға программа басындағы директива арқылы мəн берсек те немесе оны программаның сипаттау бөлімінде идентификатор түрінде белгілеп алып мəн
берсек те болады. Олар сандық, символдық жəне тіркестік (іnt, float, char, strіng) мəндерді қабылдай алады. Символдық жəне тіркестік (строковый – strіng) мəндер үшін орыс, қазақ əріптерін жəне кез келген символдарды пайдалануға болады. Олар тырнақша ішіндегі таңбалармен жазылады, мысалы: “S=“ , “сумма” , “функцияның мəні”, “y=“ жəне т.б.
Тұрақтыларды анықтау мысалдары:
a) Директива арқылы
#define костанта мəні
#define PI 3.14159 // pi=3.14159 болады
#define EULER 2.718282 // EULER=2.718282
b)Атау арқылы
const типi костанта = мəні
const float m=99999999;
const F=765; // типі int болады
const char s=‘B’; // символдық тип
const Menіng_atim = 'Serik' ;
const C=‘Turbo С‘;
24. Си тілінде идентификаторлар, айнымалыларды анықтау, сипаттау, пайдалану
Атау – идентификатор (іdentіfіеr – объектіге қойылған ат) программаны жəне программадағы тұрақтыларды, айнымалыларды, функцияларды, файлдарды жəне тағы басқаларды белгілеп жазу үшін қажет.
Идентификатор – міндетті түрде əріптен басталатын сандар мен əріптердің тізбегі.
Оның ұзындығын өте үлкен етудің қажеті жоқ, өйткені атауларды теру жəне кейіннен сақтау біраз уақыт керек етеді. Бірақ оларды өте қысқартпай, мағынасына сəкес атау беру қалыптасқан. Мысалы: X, x1, cymka, bec, p23ps6, dt54as, ALFA, baga2, salmak, Omega2 т.с.с Бас əріп пен кіші əріп бірдей болып саналмайды.
Айнымалылар деп программаның орындалу барысында əр түрлі мəндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Айнымалы – компьютер жадының ат қойылған аймағы. Оған мəн берілгенде, сол аймаққа мəннің екілік коды жазылады. Айнымалы мəнін қолдану
үшін оның атын – идентификаторын жəне мəн орналасқан аймақтың адресін білу керек. Олар идентификаторлармен белгіленіп, əр уақытта əр түрлі мəнге ие бола алады. Айнымалылардың белгіленулері: alfa, y, x3, summa, baga, a1b8, т.с.с. Айнымалы атауы оның орындайтын міндетіне сəйкес, түсінікті жəне қарапайым болғаны жөн. Айныма-
лыларды сипаттау оларды пайдалану алдында кез келген жерде орналасады да, алдында олардың типі көрсетіледі. Оның жазылу форматы: <тип> <идентификатор1>, ...,<идентификаторN> ;
Мысалы:
іnt a, b=5, d, D;
float c, alfa=2.15, b4=1.336e2;
char symbol, cc;
string coz, coilem;
Сипаттау кезінде бірден бастапқы мəн меншіктеуге болады, оны айнымалыны инициалдау дейді. Си тілінде символдық тіркестерді сипаттау үшін арнайы тип жоқ, олар көбінесе char типтегі элементтерден тұратын массив (жиым) ретінде қарастырылады. Жолдық немесе тіркестік символдар ЭЕМ жадында көршілес ұяшықтарда сақталады да, олардың соңында ‘\o’ символы тұрады. Символдар қатарының ұзындығын анықтау үшін strlen сөзі қолданылады.
