Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
istoria_polnaya_versia.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

64.Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастырудың проблемаларын талдап, оның мәні мен салдарын ашып көрсетіңіз.

Ж.э.с.нәт-де кооперативтік қозғалыс дамиды. Өндірістік кооперацияның нег 3 түрі:

  1. Коммуна - өндірісті қоғамдастыру.

  2. Артель - жердің, малдың бір бөлігін, ауылшаруашылық машиналарын, құрал-саймандарды біріктіру.

  3. ТОЗ - жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік.

Шаруалар ұжымдастыру түрлерін таңдағанда негізінен ТОЗ-ды қалады. 1927 ж 1 қазанда респ кооперация шаруа қожалықтарының 23,1% қамтыды: 1074 тұтыну қоғамы (312-сі ауылдарда) 140 факторий (кешпелі халықтың ең қарапайым коорперативтік бірлестігі) 1072 ұжымдық шаруашылық орнап, 101 коммуна, 77 артель, 294 ТОЗ құрылды.

Қызыл отаулар сауатсыздықты жою, кедейлерді кооперативтерге тартуды ұйымдастырды. ЖЭС негізінде мал саны артты: 1929 жылы 40,5 млн-га жетті.

  • 1925 жыл – Ф.И.Голощекин «ауылды кеңестендіру» ұранымен ауылда тап күресін шиеленістіру бағытын таңдады.

Шабындық және егістік жерді қайта бөлу науқаны ауылдағы жағдайды ауырлата түсті. 1926 ж көктемде кедейлер байлардың иелігіндегі 1,3 млн.га шабындық және 1,25 млн.га егістік жерді тартып алды.

Инду-у бағыты азық-түлік қорлары проб-н күн тәртібіне қойды. 1928 ж қаржы мен жұмыс күшін ауыл шар-нан өнеркәсіпке ауыстыру жүйесін қалып-у процесі баст. «Барлық формадағы кооперацияны барынша дамыту саясатын» ұж-у бағытына көшіру көзделді.1928 ж қаңтар-ақпан – И.В.Сталиннің Сібірге сапары.сапарында (1928 ж 3 ақпанда) Омбы округтік ком-нің мәжілісінде астық дайындау бар-да төтенше шаралар қолд-ға рұқсат етті. Ф.Голощекин ауыл мен қоныс-ға 4800 уәкіл жіберіп, 31 мың шаруа жаз-ды. 1928 ж 1 қазан – 1929 ж 1 желтаралығы - 277 шаруа атылды.1928 ж 27 тамыз – «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феод. кәмпескелеу және жер аудару туралы» декрет жария.

Бай-феод.р өздерінің мүліктік және қоғамдық ықпалымен ауылды Кеңестендіруге кедергі жасайды деген ұстаным негізге алынды. 657 бай жер аударылып, 145 мыңы тәркіленіп, олардың ауылшаруашылық құралдары – 877 колхозға, 24.491 жеке шар. бөлініп берілді. Тәркілеу заңды бұзу арқылы жүзеге асырылды:Орташалар байлар қатарына жатқызылды.Тәркілеуге жататын нормаға дейін жеткізу үшін жекелеген отбасы шаруашылықтары әдейі біріктірілді.Уәкілдер кедейлерді қоркыту арқылы, байларды көрсетуге күштеп көндірді.Қанаушы элементтермен қатар дәулетті және орташа шаруашылықтар да тәркіленді.Бай-кулактар қатарына темір шатырлы үйі немесе 2 аты болғандар да енгізілді.Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру бағыты көзделіп, бай-кулактарды тап ретінде жою міндеті қойылды. Ұжымдастыру — бай-кулактарды тәркілеуден басталды;.

Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру.

Партияның XV съезі ауыл шар. ұжымд.бағытын жария. (1927 ж желтоқсан). Негізгі ұстанымдар: Еріктілік. Дербестік. Материалдық мүдделілік. Ұжымдастыру сатыларына кезең-кезеңмен өту. ҚАКСР-де ұжымда. 1932 ж. көктеміне қарай аяқтау белгіленді. 1929 ж. 2жарт.бастап респ. колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғ. МТС-тер (машина-трактор станциялары) құр.Қаз. астықты ауд-ғы колхоздық құрылыстың кегізгі формасы а.ш.артелі. Малды ауд-ы колхоз құрудың негізгі формасы – жерді бірлесіп өңдеу және шөп шабу серіктестігі. Қаз. көшпе. және жарт. көшп.шар-қты отырықшылыққа көшіруді 1933 ж. аяқтау көзделді.Ұжымд. мен отырықш-ды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңдықшылар» жіберілді. Олар Ресейдегі колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырдыҰжымдастыру бағытында жіберілген қателіктер:Қатал жаппай қуғындаумен террорга негізделді.Даярлықсыз, жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді.Әкімш.күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді.Шар.базасын жасау, тұрғын үйлер, мәде. тұрмыстық объектілер салу жоспары орындалмады.Белсенділер отырықшыландыруды жоспарланған 3 жыл.орнына 3 күнде аяқтап «жалған колхоздар» құра бастады. Нәт-де:Абыралы ауда.-70%;Жымпиты ауд.-60%;Жәнібек ауд.-95% шар.ұжымд.Шар. ұжымд. деңгейі үнемі өсіп отырды:

  1. ж.– 2%, 1930 ж. 3 сәуір – 56,4%, 1931 ж.қазан – 65%.

Азық-түлікпен қамт.етудің қиындауына байланысты 1929 ж. «әскери коммунизм» саясаты кезіндегі салғырт енгізілді:Шұбартау ауд. малдың 80% -ы мем. етке өткізілді.Балқаш ауд. 297 мың малға салғырт салынды (ауданда 173 мың мал болған).Торғай ауд 1млн. мал басынан салғырт салдарынан 98 мыңы қалды. Торғайлықтар «асыра сілте болмасын, аша тұяқ қалмасын!» ұранын көтерді.

Еріктілік ұстанымы өрескел бұзылды. Колхозға кіргісі келмеген кедейлер мен орташалар «бай-кулактар» қатарына жатқызылып, қатал жазаланды:жыл – 56.498 шаруа жауапқа тартылып, 34 мыңы сотталды.1931 ж.– 5.500 отбасы жер аударылды.1929-1933 ж. – ОГПУ (біріккен мемлекеттік саяси басқарма) үштігі – 9.805 іс қарап, оның ішінде: ату жазасына – 3.386 адам, 3-10 жылға концентрациялық лагерьге қамауға –13.151 адамға үкім шығарды.1933 ж - ОГПУ үштігі 21 мың адамды қамауға алды.Тұтас әулеттер мен рулар да жазаға тартылды. 1930ж 30 мамыр – респ Үкіметі жаңа лагерьлер ұйымдүшін Ақмола, Қарағанды округтерінен мерзімсіз, тегін пайдалануға 110000 га жер бөлді. Жекедегі малды қоғамдастыру нәт, мал күтімінің кемдігінен, жем-шөптің жетпеуінен мал қырылды. Осы жылдары өлкенің одақ бой тауарлы астық өндіруден үлес салмағы 9%-дан 3%-ға кемідіМал шар күйзелісті шығынға ұшырап, 1930-1932 ж аштық жайлады. 1932 жақпан – колхозшы қожалықтарының 87%-ы, жекешелердің 51,8% -ы малдан түгел айрылды. Ұжымдақарсаңында – 40,5 млн. мал болса, 1933 жылы 1 қаңтарда 4,5 млн. мал қалдыЖаппай ұжымд. саясатына қарсылықҰжымд. сталиндік үлгісіне қарсы шар.наразылығы алуан түрлі болды: Қалалар мен құрылыстарға кету. Басқа аймақтарға, шетелге көшу. Белсенділерді, партия, кеңес, комсомол қызметкерлері, сот орындаушыларын өлтіру. Қарулы отрядтар кұру. Көтеріліске шығу. 1929-1931 ж өлкеде қарулы көтерілістер болып өтті. Ұжымд. бағытының 2 жағы болды: Шар.бай-феод.кіріптарлық пен күйзелістен құтылды. Көшпелі өркениет ерекшелігі ескерілмей күштеу әдісімен жүзеге асырылды.

65.1931-1933 жылдардағы аштықтың себептерін, экономикалық және демографиялық салдарын ашып көрсетіңіз.

1928 ж 27-тамыз “Аса ірі бай шар-ры мен жартылай феодалдарды кәмпескелеу ж/н жер аудару” туралы декрет жария. Ұжымдастыру осыдан басталды. Жерді өңдеу мақсатында орыс шаруалары әкеліп қоныстандырылды.

Қателіктер: қатал жаппай қуғын мен террорға негізделді; даярлықсыз, жергілікті жағдайлар ескерілмеді; шаруаш.базасын жасау, тұрғын үйлер, мәд.тұрмыстық объектілер салу жоспары орындалмады. Белсенділер жалған колхоздар құра бастады. Жыл сайын ұжымдастыру деңгейі өсіп отырды. Колхоз құрамына кіргісі келмегендер қатал жазаланды: 1929ж 56.498 шаруа жауапқа тартылып, 34 мыңы сотталды; 1931ж-5500 отбасы жер аударылды; 1929-33ж-3386адам ату жазасына. 1933ж ОГПУ үштігі 21мың адамды лагерьлерге қамауға алынды. Ұжымдастыру қарсаңында 40.5 млн. мал болса, 1933ж 4.5. млн. мал қалды. Аштықтан: 1930-313мың адам, 1931ж-755мың адам, 1932ж-769 мың адам қайтыс болды. 1932ж аштық апаты мен себептері туралы Голощекинге “Бесеудің хаты” жазылды. 1933ж Т.Рысқұлов Сталинге хат жазды. Жаппай жазалау мен аштық әсері халықты түгелдей көшіп кетуге мәжбүр етті: 1930-31ж – 1млн.70мың адам Қытай, Иран, Ауғанстанға көшіп кетті. Оның 616мыңы қайта оралмады, 414мыңы кейін елге оралды. Аштық зардаптары: 1930-33ж 2,1млн Адам қырылды (барлық халық саны 6,2). Қазақтардың осы саны тек 40ж соң ғана қалпына келді. Бұл аштық «ұлы жұт” деген атпен мәлім.

Мал шар күйзелісті шығынға ұшырап, 1930-1932 ж аштық жайлады. 1932 ж ақпан – колхозшы қожалықтарының 87%-ы, жекешелердің 51,8%-ы малдан түгел айрылды. Ұжымд қарсаңында – 40,5 млн. мал болса, 1933 жылы 1 қаңтарда 4,5 млн. мал қалды. Бұл жағдай өлкеде аштық қасіретін туғызды:жылы-313 мың адам; 1931 ж- 755 мың адам; 1932 ж- 769 мың адам қайтыс болды. 1930-1932 ж барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе халықтың 40%-ы жаппай қырылды. 1932 ж. 1 ақпанда Павлодар қаласынан саяси жер аударылғандар КСРО ОртюАтқару Комитеті төралқасына аштық айғақтары тур.жазды: «...аштықтың ауыр көрінісі етек алуда. Ит, және алуан түрлі өлекселер желініп жатыр. Тірі қалғандардың аштықтан әлсірегені сонша. өліктерді жерлеуге шамасы келмеуде...» 1932 ж шілде – аштық апаты мен себептері тур. Ф.Голощекинге «Бесеудің хаты» (Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев) жаз Онда көтерілген мәселелер: Орташаларға байлармен бірдей соққы берілді, сонд орташалар байлар жағына шығуда. Байлар малды қырып тастауға тырысуда.

«Жалған колхоздарды» ұйымдастыру жалғасуда. Өлкеде ашығушылар саны көбеюде. 1933 ж. наурыз - РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т.Рысқұловтың Сталинге хаты. Хатта көрсетілген деректер: «Қазақ жерінде көршілес өлкелерге көшушілер саны артуда: Орта Волгада-40 мың, Қырғыз жерінде-100 мың, Бат.Сібірде-40 мың, Орта Азияда-30 мың, Қарақалпақ жерінде-20 мың қазақтар бар. Көшіп кетушілер Қалмак, Тәжік жері, Солтүстік өлке, Бат. Қытайға дейін барған. Бұл аш адамдардың тамақ іздеп босуы». Ол қазақ халқын аштықтан құтқаруды өтінді.

Қазақ зиялыларының өтініштеріне орт. тарапынан жауап болмады. Аштық әсерінен халық санының азаюы жалғаса берді: Актөбе облысында 1930 ж.– 1 млн. 12500 адам болса, 1932 ж.– 725800 адамға кеміген (71%). Балқаш ауд. 1930 ж. – 60 мың адам болса, 1932 ж. – 36 мыңы қырылып, 12 мыңы басқа айма-ға көшіп, 12 мыңы қалған.Жаппай жазалау мен аштык әсері халықты түгелдей көшіп кетуге мәжбүр етті.1930 ж.қаңтар – 1931 ж.маусым аралығы – 1 млн. 70 мың адам (281.230 шаруа қожалығы) Қытай, Иран, Ауған жеріне т.б. көшті.Оның 616 мыңы қайтып оралған жоқ, 414 мыңы кейін елге оралды. Аштық зардаптары: 1930-1933 ж. 2,1 млн. адам қырылды (барлық халық саны - 6,2 млн.)

Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жыл. кейін, 1969 ж.ғана қалпына келді.1930-1932 ж. аштық тарихқа «ұлы жұт» ретінде енді.

66.ХХғ. 20-30 жж мәдени революцияның мазмұнын, қайшылықтарын ашып, онда большевиктік концепцияның үстемдік алуының салдарын көрсетіңіз.

Өлкеде мәдени құрылысты жүзеге асыруда көптеген кедергілер кездесті: Ұлт зиялыларының аздығы, Ұлыдержавалық шовинизм, Материалдық-техникалық болмауы.

    • 1924 жылғы сәуір «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы құрылды.

1921-1927 жж 200 мың адам оқып сауатын ашты. 1928 жылдың аяғында сауатты адамдар - 25%, оның ішінде қазақтар­10% болды.

  • 1926 жылғы мамыр бірыңғай еңбек жарғысы» қабылданды: үш жылдық және төрт жылдық мектептердің үлес салмағын көбейту, Қазақ қыздарына арнап мектеп ашу.

Қыздарға арналған мектептер Шымкентте, Алматыда, Түркістанда, Оралда ашылды.

Ағарту ісіне бөлінетін қаржы өсті: 1924-1925 жылдары РКФСР-де – 30 тиын болса, ҚАКСР-де – 68,9 тиын.

Мәдени құрылыс процесін жеделдетуге ұлттық зиялылар ықпалы ерекше болды:

  • А.Байтұрсынов суретті әліппені, мысал-жұмбақтар жинақтарын;

  • Ж.Аймауытов - қостілділік және ана тілін оқыту әдістемесін;

  • Ә.Бөкейханов - география оқулығын;

  • Қ.Сәтпаев (Том университетінің студенті) - алгебра оқулығын құрастырды.

20-жылдары қазақ мектептеріне арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиетті жазуға С.Сейфуллин, С.Сәдуақасов, Ғ.Мүсірепов, М.Дулатов, М.Жолдыбаев, М.Жұмабаев, Қ.Кемеңгеров т.б. белсене қатысты. Қазақ тіліндегі оқулықтарды әзірлеу мен баспадан шығаруды құрамына А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, С.Сәдуақасов, Х.Болғанбаев, Ж.Аймауытов енген редакциялық алқа ұйымдастырды. Қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтар Қазан қаласында бастырылды.

1926 жылы БК(б)П Қазақстан өлкелік комитетінің ІІІ пленумында Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Мендешев, Ж.Аймауытов, С.Қожанов т.б. орынсыз сынға алынды. Кешікпей бұл сын зиялыларды ашық айыптауға және қудалауға ұласты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]