Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
prog_exz_dayin.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
238 Кб
Скачать
☆

24.Ағымдар, стандартты файлдық және қатарлық ағымдар

Ағым (поток)- мәліметтерді мәлімет көзінен қабылдағышқа беруге қатысты абстрактілі түсінік. Ағымнан мәліметтерді оқу алу (извлечение), ал ағымға беру орналастыру (помещение) деп аталады. Алмасу бағыты бойынша ағымдарды кіріс, шығыс, екі бағытты (кіріс-шығыс) деп бөлуге болады.

Ағым жұмыс істейтін құрылғының түрі бойынша ағымдарды стандартты, файлдық және қатарлық деп бөлуге болады. Стандартты ағымдар мәліметтерді пернетақтадан экранға беру үшін, файлдық ағымдар сыртқы мәлімет тасығыштардағы файлдармен мәлімет алмасу үшін, ал қатарлық ағымдар жедел жадыдағы символдар жиымымен жұмыс істеу үшін арналған.

С++ библиотекасы ағымдарды қолдау үшін ios, streambuf екі базалық класс негізінде тұрғызылған класстар иерархиясынан тұрады.

Төменде жиі қолданылатын ағымдар класы берілген:

ios – ағымдардың базалық класы

istream – кіріс ағымдардың класы

ostream- шығыс ағымдардың класы

iostream – екібағытты ағымдардың класы

istringstream- кіріс қатарлық ағымдардың класы

ostringstream- шығыс қатарлық ағымдардың класы

stringstream - екібағытты қатарлық ағымдардың класы

ifstream- кіріс файлдық ағымдардың класы

ofstream- шығыс файлдық ағымдардың класы

fstream - екібағытты файлдық ағымдардың класы

<ios>-енгізу/шығару ағымының базалық класы

<iosfwd>-енгізу/шығару жабдықтарын алдын- ала хабарлау

<istream>- енгізу ағымының шаблоны

<ostream>- шығару ағымының шаблоны

<iostream>- стандартты объектілер және енгізу/шығару ағымдарымен операциялар

<fstream> - файлдағы енгізу/шығару ағымдары

<sstream> - қатардағы енгізу/шығару ағымдары

<streambuf>- енгізу/шығару ағымдарын буферизациялау

<iomanip>- манипуляторлар

25.Манипуляторлар.Жай және параметрлі манипуляторлар

Мәліметтерді форматтау үшін қолданылатын алу және орналастыру операциялар тізбегінен тұратын функцияларды манипуляторлар деп атаймыз. Аргументтерді көрсетуді талап етпейтін манипуляторларды жай деп , ал аргументтерді көрсетуді талап ететін манипуляторларды параметрлі деп атаймыз. Манипуляторларды қолдану үшін поограммаға <iomanip. h> тақырыптық файлын қосу керек.

Төменде жай манипуляторлар келтірілген:

dec- енгізу/шығару кезінде ағымға ондық санау жүйесінің жалаушасын орнатады

oct- енгізу/шығару кезінде ағымға сегіздік санау жүйесінің жалаушасын орнатады

hex- енгізу/шығару кезінде ағымға он алтылық санау жүйесінің жалаушасын орнатады

ws- енгізу кезінде ағымға бос орынды символдарды алуды (извлечение) орнатады

endl- шығару кезінде ағымға жаңа қатардың символын қосады

ends- шығару кезінде ағымға нөлдік символды қорады

flush- шығару кезінде буферге жүктейді

Төменде параметрлі манипуляторлар келтірілген:

setbase(int n)- санау жүйесінің негізін береді. (n=8, 10, 16, 0). 0 үнсіздік бойынша негіз болып табылады.

resetiosflags (long)- параметрде биттері орнатылған ағымның жалаушаларын алып тастайды (сбрасывает)

setiosflags (long)- параметрде биті 1-ге тең ағымның жалаушаларын орнатады

setfill (int) – параметр мәніне тең коды бар символ-толықтырғышты орнатады

setprecision (int)- нақты санның бөлшек бөлігінің ең үлкен санын орнатады

setw (int)- шығару өрісінің ең үлкен енін орнатады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]