Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бб201 микробиология шпор2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

11. Бактериялардың қозғалуы. Бактериялардың талшықтары, кірпікшелері және қылшықтары.

Көптеген бактериялар қозғала алады, өйткені олардың клета сыртында бір немесе бірнеше арнайы талшықтар болады. Олар жіңішке, бір шеті бос, екінші шеті клеткаға бекінген және орналасу тәртібі әр түрлі. Талшықтар саны мен бактериялар клеткасында орналасу тәртібіне қарай әр түрлі болып келеді:

• Монополярлы монотрихтер – клетканың бір жақ шетіне бекінген жалғыз талшығы бар бактериялар;

• Екі полярлы монотрихтер – талшықтары клетканың екі шетінде бір-бірден орналасқанбактериялар;

• Монополярлы политрихтер немесе лофотрихтер – талшықтары клетканың бір жақ шетінде шоқтасып орналасқан бактериялар;

• Екі полярлы перитрихтер немесе амфитрихтер – талшықтары клетканың екі шетіне топталып орналасқан бактериялар;

• Перитрихтер – талшықтар клетканың бетін толық жабатын бактериялар

Талшықтар 3 бөліктен тұрады: клетканың сыртына шығатын иірілген жіпше, клетка бетіне жақын орналасқан ілмек жіне клетка ішіндегі өзекті денешік.

Таксис – қозғалғыш бактериялар белгілі бір бағытта қозғала алады. Осындай қозғалыс сыртқы ортаның түрткі болатын факторларына байланысты хемотаксис, вискозитаксис, аэротаксис, фототаксис, магнитотаксис деп бөлінеді.

Хемотаксис – әр түрлі химимялық заттарға қарай бағыттала қозғалу. Ол клетканың беткі қабатында химиялық заттарға тән.

Аэротаксис – оттегіне қарай жылжу түрі. Оттегі аэробты бактерияларға – аттрактант, анаэробты бактерияларға – репеллент болады.

Фототаксис – жарыққа қарай немесе одан кері жылжу. Бұл фототрофты микроорганизмдерге тән.

Магнетотаксис – ағынсыз суларда, мұхит түбінде кездесетін бактерияларға тән. Олар жердің магнит өрісіне қарай жылжиды.

Вискозатаксис – бағыты ерітінділердің тұтқырлығымен байланысты бактериялардың қозғалуы. Бактериялардың тұтқырлық жоғары жаққа немесе оның төмендеген жағына жылжиды.

Бактериялардың сыртқы жүйелеріне кірпікшелер мен қылшықтар жатады. Оларды пили және фимбрия деп атайды. Кірпікше мен қылшықтар қозғалғыш және қозғалғыш емес бактерияларды кездеседі. Олар пилин белогынан тұрады. Ұсақ бөлшектері клетканың бетінен басталатын жалғыз қабатты, іші қуыс түтікше сияқты жіпше құрады. Қылшықтар атқаратын қызметіне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы, гонококтардың қылшықтары ұзын және ауру қоздыруға қатысы бар. Кейбір клеткалардың пилиі жиырыла алады, бұндай пилилері бар клеткалар немесе клетка топтары қатты субстраттың бетінде баяу жылжиды. Миксобактериялардың қылшықтары клеткааралық байланысты қадағалайды. Сондықтан көптеген клеткалардың бір қалыпты жылжуына жағдай туады.

12. Талшықтардың түрлері, құрылысы мен құрамы, сақиналардың қызметі. Қозғалғыш бактериялардың таксис түрлері, аттрактант және репеллент ұғымы.

Талшықтар саны мен бактериялар клеткасында орналасу тәртібіне қарай әр түрлі болып келеді:

• Монополярлы монотрихтер – клетканың бір жақ шетіне бекінген жалғыз талшығы бар бактериялар;

• Екі полярлы монотрихтер – талшықтары клетканың екі шетінде бір-бірден орналасқанбактериялар;

• Монополярлы политрихтер немесе лофотрихтер – талшықтары клетканың бір жақ шетінде шоқтасып орналасқан бактериялар;

• Екі полярлы перитрихтер немесе амфитрихтер – талшықтары клетканың екі шетіне топталып орналасқан бактериялар;

• Перитрихтер – талшықтар клетканың бетін толық жабатын бактериялар

Талшықтар 3 бөліктен тұрады: клетканың сыртына шығатын иірілген жіпше, клетка бетіне жақын орналасқан ілмек жіне клетка ішіндегі өзекті денешік. Талшық жіпшелерінің құрамы белоктық зат – флагеллиннен тұрады. Оның құрамына кіретін аминқышқылы клетка белогынан өзгеше. Жіпшенің құрылысы белок бөлшектерінің үлкендігі мен олардың тізбектерінің санына байланысты. Жіпше ілмек арқылы өзекті денешікпен иілімді түрде жалғасады. Өзекті денешік ілмектің жалғасы болып келетін орталық біліктен, оған кигізілген екі қос сақинадан тұрады. Екі ішкі сақинаны М және S деп атайды, олар грам оң және грам теріс бактериялардың барлығында болады.

М-сақинасы мембрананың ішінде, не оның дәл астында орналасады. S-сақинасы грам еріс бактерияларда – периплазмалық аймақта, ал грам оң бактерияларды пептидогликанда орналасады. Екі сыртқы сақиналар Р және L-сақиналар деп аталады. Олар тек қана грам теріс бактерияларды кездеседі. Р-сақинасы қабықшаның пептидогликан, ал L-сақинасы липополисахарид қабатында орналасады. Ішкі қос сақина талшықтары қозғалысқа түсіру үшін қажет: қозғалмайтын S-сақинасы талшыөты қозғалту үшін «стартер» қызметін атқарса, М-сақинасы ілмек пен жіпшені айнала отырып, мотор қызметін атқарады. Сонда талшық не сағат тілінің бағытымен, не сағат тіліне қарсы айналады.