Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лек ос.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
282 Кб
Скачать
☆

Gimp графикалық редакторы

Жұмыстың мақсаты: GIMP графикалық редакторымен танысу. GIMP графикалық редакторымен жұмыс жасау.

Теориялық мәліметтер

GIMP графикалық редакторы – Linux жүйесінің стандартты бағдарламалар құрамына кіретін нүктелік (растрлық) графикалық редактор. Графикалық редактор – графикалық кескіндермен жұмыс істеуге, оларды түзетуге, толықтыруға мүмкіндік беретін және графикалық ақпаратты редакциялайтын бағдарлама. Графикалық редактор дисплей экранына әр түрлі түспен қалам мен тышқан көмегімен сурет салады. Графикалық редактордың екі түрі кеңінен қолданылады: нүктелік (растрлық) және векторлық.

Растр – қағазда, мониторда, теледидар экранында кескінді құрайтын нүктелердің екі өлшемді жиымы. Пиксель – дисплей бетінде көрсетілетін ең кіші бейнесызбалық бірлік. Нүктелік (растрлық) графикалық редакторда кез-келген сурет пиксельдерден тұратын кішкене бейнелер арқылы салынады. Ол нүктелердің әрқайсысын түрлі түске бояуға болады. Нүктелік (растрлық) графикалық редакторда әр нүктенің түсі басқалардан тәуелсіз жеке беріледі.

Векторлық графикада кескіндер түзу векторлар жиымы түрінде бейнеленеді.

GIMP графикалық редакторында бір уақытта екі түспен сурет салуға болады: негізгі және фондық. Негізгі түс деп қарындаш түсін, ал фондық түс деп фонның түсін айтады. Терезенің жоғары сол жағында сурет салу аспаптары орналасқан. Қажетті аспапты таңдау үшін аспаптың белгісіне тышқан меңзерін апарып, оны шерту қажет. Нәтижесінде қажетті аспаптың белгісі айқын түспен ерекшеленеді. Қарындашпен қалыңдығы бір нүктеге тең кез-келген сызық сызуға болады, қарындаш қалыңдығы өзгермейді.

GIMP графикалық редакторының интерфейсі өте қарапайым, мұндағы аспаптар тақтасы суретші аспаптарының жиынына ұқсас. Қылқалам (Кисть) аспабы әдеттегі қарындаш тәрізді қызмет атқарады, оның қалыңдығын өзгертуге және формасын таңдауға болады. - сызықтар қалыңдығын таңдауға, өшіргіш аспабы қажетсіз сызбаларды өшіруге арналған.

Paint графикалық редакторында тіктөртбұрыш, эллипс, тұйық көпбұрыш сызатын арнайы аспаптар бар. Әдетте фигуралардың іші бос болады. Бірақ, оларды белгілі бір түспен бояуға болады. Тұйық аймақтың ішін бояу үшін қолданылады. Суретке мәлімет жазу үшін құралы қолданылады.

Жұмыс жасау барысында GIMP графикалық редакторын меңгеру жеңіл. Сондықтан, бұл бағдарламамен қазіргі уақытта төменгі сынып оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері жұмыс жасайды.

Бақылау сұрақтары:

  1. Графикалық редактор дегеніміз не?

  2. Графикалық редактордың түрлері?

  3. Растрлік графика дегеніміз не?

  4. Векторлық графиканың ерекшелігі неде?

  5. GIMP графикалық редакторын іске қосу командасын атаңыз.

  6. GIMP графикалық редакторында суретті градуспен бұру командасы қандай?

  7. Суреттің өлшемін қалай өзгертуге болады?

3/ Ubuntu linux мультимедиалық мүмкіндіктері

Жұмыстың мақсаты: Ubuntu Linux мультимедиалық мүмкіндіктерімен танысу.

Теориялық мәліметтер

«Мультимедиа» деп - операциялық жүйе ортасындағы дыбыс, графиктерді және бейне әрекеттерін түсінеді. Бұл әрекеттер тек сіздердің компьютеріңізде лайықты жабдықтардың орнатылған кезінде ғана мүмкін, (монитор, видеоадаптер, компакті - тегеріштерге арналған дисковод, дауыс зорайтқыштар, аудиоадаптер, джойстик, MIDI порты) және осы жабдықтарды қамтамасыз ететін бағдарлама.

Осыдан біршама уакыт бұрын компьютер музыкалық мақсаттардың орындауына арналмаған машина деп есептелді. Бірақ, ол ой жоққа ұшырады. Жаңа музыкалық бағдарламалық қамтамасыз ету көп көрінді, мысалы, музыкантқа жұмыс істеуге мүмкін болады. Мультимедиалық компьютерде өте маңызды рольді дыбысты карта ойнайды, өйткені ол «әдемілеуге арналған» құрал ғана емес, ол кәсіпшілік жұмысқа арналған аспап. Дыбысты карта аудиожазбаға және елестетудің арналған құралдарды өзіне біріктіреді, сэмплер немесе синтезатор (кейде екеуінде), MIDI - интерфейс, күшті әсер - процессоры және - басқа құрылғы. Бұның барлығы платада орналасады, ол ISA слотына қойылады.

Басқа құралдар мен машиналарды қолданғандағы сияқты, компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі - жұмыс өнімділігін арттыру болып саналады. Егер компьютерді есеп-қисап жасау, мәліметтерді өндеу немесе құжаттарды қағазға басып алу істеріне пайдапансаңыз,сіз бір сағатта көптеген істерді тындырасыз. Мысалы, машинкада мәтін басатын шебер адам бір минутта 60-тан 80 сөзге дейін жмесе 6-8 жолға дейін мәтін басатын болса, орташа мүмкіндікті компьютер минутына 1200 жол баса алады. Демек, бір компьютер 150-200 адамды алмастыра алады деген сөз.

Компьютерлік графика табиғи объектілердің шындыққа негізделген бейнелеріне дейін қарапайым чертеждің әр түрлі бейнелеулерге арналған аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету туралы ғылым ретінде құрылды. Компьютерлік ақырғы өніммен графиктар бейнелеуді келеді .

Компьютерлік графикта келесі міндеттер тексерілу: компьютерлік графикта бейнелеу ұсынуы; визуализацияға бейнелеу дайындауы; бейнелеу жасауы; әрекеттердің жүзеге асыруы.

Қазіргі кездегі компьютерлер сурет салу, жазу мүмкіндіктерінен басқа компакт-дискілерден музыка, клип, кино сияқты анимациялық көріністерді көріп бейнелеуге болады. Оны біз мультимедия арқылы көруге болады.

Мульти – көп, Медия – мәтін, дыбыс, бейне қолданатын бұқаралық ақпарат құралдарының жалпы аты.

Мультимедияны компьютерде қолдану үшін қосымша құрылғылармен жабдықталу керек.

Мысалы: 1. Колонкалар, динамиктер, және құлаққалқалар(наушник);

  1. Микрофон;

  2. CD-ROM

Қосымша құрылғылардың көмегімен:

  1. Құжатқа дыбыс қосуға;

  2. Компьтерюе музыкалық компакт-дискілерді ойнатуға;

  3. Әр түрлі оқиғаларға дыбыс тағайындауға;

  4. Нақтылы дыбысы, бейнекөрінісі және анимациясы бар мультипликациялық ойындар ойнатуға болады.

Бұл құрылғыларды пайдалануға аранлған Windows-тың арнайы бағдарламалары бар. Мысалы, Лазерлік ойнатқыш, әмбебап ойнатқыш, Проигрыватель Windows Media, Фонограф бағдарламасы немесе дыбыс жазу (звукозапись) бағдарламасы.

Мультимедиа дегеніміз – ақпаратты көрсетудің түрлі үлгілерін бір мезгілде пайдалану. Әдетте, мультимедиалық материалдар мынадай негізгі элементтерді қамтиды: мәтін, дыбыс, кескін, анимация және бейне.

Мәтіндік ақпарат графикалық және дыбыстық элементтермен үйлескен жағдайда, адамның оны жақсы қабылдайтындығы дәлелденген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]