Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Инкар (этно) 28-36.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
91 Кб
Скачать
☆

29. Жалпы психологиялық білімнің құрылуына салыстырмалы-мәдени тәсіл

1. Жалпы психологиядағы алғашқы эмпирикалық зерттеулер

Психологиядағы, нақтырақ айқтсақ жалпы психологиядағы алғашқы -салыстырмалы-мәдени зерттеулер XIX ғасырдың ең соңында жүргізілді. Салыстырмалы-мәдени психологияның негізін қалаушы ағылшын зерттеушісі У. Риверс (1864-1922) болды.

Риверстің еңбектері көру иллюзияларындағы мәдениетаралық айырмашылықтарды зерттеуге бастама болды. Біздің ғасырдың басында Риверс екі танымал иллюзиямен жұмыс жасады - Мюллер-Лайердің және горизонталды-вертикалды (1 және 2сурет), оларға Англиянығ, Оңтүстік Үндістанның және Жаңа Гвинеяның тұрғындарының қабылдауын салыстырды.

Риверс және оның артынан ерушілер мәдениет адамның қандай деңгейде оны қоршаған ортаны көретініне әсер етеді деген қорытындыға келді.

3.2. Интеллект тесті туралы

Француздар А. Вине мен Т. Симон XX ғасырдың басында балалардың мектепке дайындығын өлшеу мен кімге арнайы оқу керектігін анықтау үшін интеллект тестін жасады. Бірақ тест АҚШ-қа барғаннан кейін оларды тек қана мектепте ғана емес, басқа да үкіметтік бағдарламаларда да кеңінен қолдана бастады, ал әр түрлі мәдениеттегі адамдарды тестілеу тек қана ғылыми емес, саясаи полемиканың да объектісіне айналды.

Қазіргі кезде этнопсихологтар әр түрлі халықтың IQ-дегі айырмашылықтардың мәдениетке негізделген бірнеше себептерін ашып көрсетті.

  • Біріншіден, әр түрлі мәдениетте интеллектің нені көрсететіні туралы әр түрлі көзқарас бар. Интеллектуалдық қабілеттерді бағалау мағынасына сәйкес жүргізілуі керек.

  • Екіншіден, әр түрлі мәдениетке жататын адамдарда өздерінің қабілеттерін көрсету жолдары туралы көзқарастары сәйкес келмейді.

  • Үшіншіден, бір мәдениетке бағытталған тест басқа мәдениет үшін адекватты бомауы мүмкін, тіпті оның аудармасы ешқандай ескертулерді талап етпесе де.

Сенсотип деген термин ұсынылды, оның көмегімен нәсілдер арасындағы айырмашылықтар сипатталады.

70 жылдардың басында сенсотип деген түсінік салыстырмалы мәдени психологиядан жоғалды. Бұл соңғы онжылдықта халықтың психикасында ортақ белгілердің айырмашылықтардан көптігіне байланысты болды.

3. Көру иллюзиялары

Көру иллюзиясын оқып зерттеуге арналған еңбек М. Сегалл, Д. Кэмпбелл мен М. Херсковицтің «Влияние культуры на зрительное восприятие» (1966) деген еңбегі болды.

Екі негізгі гипотеза ұсынылды:

  1. Гипотеза «мира плотников», оған сәйкес пішіндері тік төртбұрышты заттардың арасында батыс өлкеде өскен адамдар Мюллер-Лайердің иллюзиясына көп ұшырайды.

  2. Гипотеза «перспективной живописи», оған сәйкес горизонталды вертикалды иллюзия горизонт немесе алысты көруге тура келетін адамдарда әлсіздеу.

Зерттеуге 3 батыс пен 14 «нееуропалық» мәдениеттен екі мыңға жуық адам қатысты. Зерттеушілер көру иллюзияларына жауап адам өмір сүретін ортаға, яғни мәдениет пен экология факторларына тәуелдігі туралы қорытынды жасады.

Көру иллюзиясына жауапты түсіндіру барысында әр түрлі факторларды – мәдени, экологиялық, физиологиялық та ескеру қажет.

30. Этнопсихологияның негізгі зерттеу бағыттары

Көпшілік батыс этнопсихологтары мен ғалымдары XX ғасырдың басында психоаналитикалық тұрғыны ұстанады. Психоанализ бір кездері тұлға концепциясы болса, енді психотерапевтикалық тәжірибе болып отыр. Фрейд бойынша тұлғаның қалыптасуы балалық шағына байланысты, яғни оның сексуалды құмарлықтарына шек қою оның психикасына травма болады деді, мысалы: (мінез қырларының өзгеруі, психикалық аурулар т.б.).Көптеген шетел этнопсихологтары өз іштерінде өздерінің методологияларын өзара қолданса да, Фрейдтің адамның мінез-құлқы тек туа біткен инстингтер бағытымен келісті.Фрейдтің кейбір жұмыстарымен кейбір этнопсихологтар келіспеседе, оның ең негізгі методологиясының бағытымен келісті, бірақ біршама модернизацияланған категориялар мен түсініктерге сүйенді.Кейбір этнопсихологтар әлеуметтік ортаны қоғамдық өндірістік жүйедегі адамның тарихи анықталған қарым-қатынас ретінде емес, туғандағы эмоцияның, сезімдердің, құмарлықтар сияқты психологиялық көрінулердің қорытындысы ретінде қарастырды.Батыстағы этнопсихологиялық көзқарастарға және оның методологиялық негізінің дамуына француздық этногрф және философ Л. Леви-Брюльдің (1837-1939) әртүрлі этникалық ортақтықтағы адамдарға ерекше ойлау түрі тән деді. Ол әлеуметтік институттары, мәдениет, тіл, сал-дәстүрлер де көрінетін ұжымдық көріністер адамның ойлауына әсер етеді деген.Ұзақ уақытты ұлттық психикалық эволюция жайында ол алғашқы қауымдық адамдардың логикасы қазіргі уақыттағы адамдардың ойлауынан ерекшеленеді. Оның ойынша алғаш қауымдық адамдардың ойлауының негізінде дамуға деген қабілет және практикалық тәжірибе жатыр дейді. Сол уақытта логикалық ойлауға дейін, қоғамдық өмірдегі сфералар, яғни ұлттық қатынас, ұлттық өзіндік сана және адамгершілік, мораль, дін түрінде көрінеді. Этникалық психология төңірегінде оның жұмысы ойлаудың ұлттық ерекше механизмдерінің пайда болуына және оның факторларын түсінуге және адамның қылықтары мен әрекеттеріне, олардың мінез-құлқына әсер етуіне көмектесті. Осы көзқарасты қорытындылай келе, қоршаған әлем құбылыстары және заттарға әсер ету, кезінде көрінетін мінез-құлық тәсілдері және олар үшін алғаш көрінетін сезімдер, сондай-ақ нақты этникалық ортақтықтың көрінуі және құндылық бағдарына бағытталған ерекше жиыннан тұратын әлеуметтік-психология (этникалық) туралы тұрақты көріністер қалыптасады.Әлеуметтік-психологиялық архетип адамға мұра арқылы беріліп отырады, оның санасына вербалды емес әсіресе рефлексиацияланбаған (санасыз) деңгейде қалыптасады.Этнопсихологиялық көқарастардың дамуына француз этнографы және социолог Ж. Леви-Стростың да көзқарасы әсер етті. Оның негізі бағыты индивидуалды: «санадан тәуелсіз ойлау және өмір құрылымының қортындысы»-деді. Мысал ретінде, Солтүстік және Оңтүстік Америкадағы алғашқы қоғамдық зерттеулер.Леви-Стросстың айтуы бойынша, ұлттық мәдени және әлеуметтік зеттеу құрылымының мақсаты, сондай-ақ ортақтық басқаратын заңдарда қарастырады. Леви-Строс «жаңа гуманизімді» білмейтін нәсілдік және қоғамдық топтардағы әртүрліліктер концепциясын алға жылжытты. Оның теориясы мазмұны жағынан этнопсихологиялық, бірақ, әртүрлі этникалық ортақтық көріністері аралығындағы арқилы көрінулерге бағытталған.