Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
844545.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
91 Кб
Скачать
☆

10)Шешендік өнер

Риторика сөзі грек тілінен келген. Оның синонимдері ретінде латын тіліндегі айтылуы шешендік өнер(ораторское искусство), ал орыс тілінде ділмарлық(красноречие) болып табылады. Шешендік өнердің түрлерін былайша топтастыруға болады:

Әлеуметтік-саяси: әлеуметтік-саяси және саяси-экономикалық тақырыптағы баяндамалар, есеп беру баяндамасы, саясат тілі(политическая речь), саяси шолу, митингтегі сөз, үгітші сөзі;

Академиялық- ЖОО-дағы лекция, ғылыми баяндама, ғылыми шолу, ғылыми хабарлама;

Сот кезіндегі ділмарлық(судебное красноречие)- прокурордың сөзі, қоғамдық айыптаушылардың сөзі, адвокаттың сөзі, айыпталушының өзін қорғап сөйлеген сөзі;

Әлеуметтік-саяси- мерейтойдағы сөз, стөл үстіндегі сөз(тост), еске алу кезіндегі сөз(поминальное надгробное)сөз;

Діни бағыттағы ділмарлық- уағыз айту(проповедь);

Әскери ділмарлық- бұйрық беру, нұсқау беру, әскери-саяси тақырыпты сөйлеу, шабыттандыратын сөз(воодущевляющая речь);

Саудадағы ділмарлық- жарнамалау;

Диолог кезіндегі ділмарлық-айтыс-тартыс(спор), айтыс, пікірталас(диспут), пікірсайыс(дискуссия), әңгіме, іскерлік жиналыс, сұхбат, баспасөз конференциясы, іскерлік ойын...

Шешендік өнердің машығына(навыкам) төмендегілер жатады:

*әдебиеттерді іріктеу,

*іріктелген әдебиеттерді оқып білу,

*жоспар құру,

*сөйлейтін сөзінің мәтінін жазу,

*аудитория алдында өзін-өзі ұстау(самообладания);

*уақытты бағдарлау(ориентация во времени).

11)Монолог

Монолог- бір кісінің сөзі. Онда белгілі бір тақырыпты айтып беру мақсаты көзделеді, адамның ойы, пікірі, көңіл-күйі, психологиялық ішкі толғанысы, саяси, ғылыми көзқарасы, дүниетанымы- бәрі анық байқалады. Монолог күрделі ойға құрылады, әдби сөйлеу үлгісіне жатады.

Жұрт алдында сөйлеу өте жауапты, әрі қиын жұмыс. Тыңдаушылар алдында өзін-өзі ұстай алмаған адамның сөзі де өтімді болмайды.

Адиторияда ұстамдылықтың қамы- ерте бастан жүргізілетін даярлық. Даярлықсыз сөйлеген кісіде батылдық, өзіне сенім болмайды.

Жұрт алдында сөйлейтін адамдар мына қағидаларды ескеруі керек:

  1. тыңдаушылар жақсы білетін нәрселерді тәптіштеп айтудың қажеті жоқ.

  2. Білгішсініп, мақтана сөйлегендерді де тыңдаушылар ұната қоймайды.

  3. Сөйлеген сөз анық, дәл, айқын естілетін болсын.

  4. Сөздің мағынасына, сөйлем мазмұнына үйлесімді ырғақ тауып, қолдың, бет-ауыздың қимылдарын қатыстыруға болады.

  5. Екі көзін қағаздан алмай оқып беретін сөйлеуші мен тыңдаушылар арасында байланыс болмайды, байланыс болмаған соң айтылған сөз айдалаға атылған оқпен бірдей болады.

  6. Айтайын деген ойды әбден ығыр болған, үйреншікті сөздерден бастамаған дұрыс.

  7. Айтылған сөз қысқа әрі тұжырымды болуы керек.

12)Техникалық сипаттама

Техникалық сипаттама дегеніміз агрегат, машина, станоктардың қысқаша немесе кеңінен берілген сипаттамасы.

Инженер техникада қолданылатын агрегаттарға, машиналарға, станоктарға техникалық сипаттама беруге үйренуі керек.

Қолданылатын техниканың күш-қуатын ұтымды пайдалану үшін инженер техникалық сипаттаманы білуі керек.

13) Қазіргі уақытта көпшілік алдында сөйлеудің презентация деп аталатын формасы бөлініп шықты. Презентацияның екі ерекше айырашылығын айтуға болады:

  • Көрнекі кұралдардың кеңінен қолданылуы;

  • Презентация көбінесе бірнеше адамның бірлескен әрекетінің нәтижесі;

Көпшілік алдынды сөйлеу ұтымды болу үшін белгілі бір ұстанымдарды қолдануға тура келеді. Оған мыналарды жатқызуға болады: сөйлеудің анықтығы, қарапайымдығы, қысқалығы, орындылығы, табиғилығы.

Презентация тыңдаушыларын қызықтыруы үшін алдымен жоспар құрылады. Кез келген презентация өзін таныстырудан басталады. Адамның не айтатыны емес, қалай айтатыны маңызды. Слайдтар айтылатын әңгіменің иллюстрациялары ғана.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]