Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
только тексты каз.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
42 Кб
Скачать
☆

24 Қолхат

          Қолхат – белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын ресми құжаттың бір түрі.

Алматы қаласы, 2006 жылғы он бесінші наурыз

         Мен, азамат Кереев Мұса, мекенжайым: Алматы қаласы, Шәкәрім көшесі, 47-үй, 10-пәтер, жеке куәлігі № 707584, Қазақстан Республикасының

ІІМ берген, Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 11-үй, 85-пәтерде тұратын азамат Тұрсынов Болаттан жеке куәлігі № 203156, Қазақстан Республикасының ІІМ берген, 150000 теңге (бір жүз елу мың) қарызға алдым.

          2006 жылғы 10 наурызда жасалған келісімшартқа сәйкес ай сайын алынған ақшаның  пайызын төлеп тұруға міндеттенемін. Пайыз көлемі келісімшартта көрсетілген.

2006 жылғы 15 наурыз                                    қолы

25 Сенімхат

Сенімхат – сенімді тұлғаға сеніп тапсырушының атынан қандай да бір іс-әрекеттерді жасауға құқық беруі туралы құжат. Сенімхаттың екі түрі бар:

-кәсіпорындарға берілетін ресми;

- азаматтарға (жеке тұлғаларға) берілетін жеке.

Ресми сенімхат мәмілелер жасауға, ақша, тауар-материалдық құндылықтарды алуға немесе басқа да іс-әрекеттерді жүргізуге кәсіпорын атынан кәсіпорынның өкіліне беріледі. Оның мынадай деректемелері болады:

- ұйымның атауы;

-ұйым туралы анықтамалық деректер;

-құжат түрінің атауы;

-құжаттың тіркеу нөмірі;

-құжаттың мәтіні,

-лауазымды тұлғалардың қолы;

-кәсіпорынның мөрі.

Сенімхаттың мәтінінде:

-сенімді тұлғаның лауазымы және төлқұжат деректері;

-сенімхат бойынша іс-әрекет жүргізілетін ұйымның атауы;

-іс-әрекет түрі;

Сенімхатты кәсіпорынның бланкісінде рәсімдеуге болады. Сенімхатта көрсетілген іс-әрекет ақшаға немесе материалдық құндылықтарға қатысты болса, оған кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері қол қояды. Көбінесе сенімхаттардың үлгі бланкілері пайдаланылады.

Жеке сенімхаттар сеніп тапсырушының (азаматтардың) атынан жалақы алуға немесе еңбек қатынастарына қатысты басқа да төлемдерді, зейнетақыларды, жәрдемақыларды, стипендияларды, банктердегі салымдарды, хат-хабарларды, оның ішінде ақшалай және сәлемдемені алуға беріледі. Атап көрсетілген сенімхаттар нотариаттың куәландыруын қажет етпейді, кдрлар бөлімінің инспекторы қолын растаса жеткілікті. Жеке сенімхаттың мынадай деректемелері болады:

-құжат түрінің атауы;

-құжаттың күні,

-мәтіні ( сеніп тапсырушы, сенімді тұлға және сенімхат бойынша іс-әрекеттің түрі көрсетіледі);

-сеніп тапсырушының қолы және оның талдамасы;

-сенімхатты растаған лауазымды тұлғаның қолы;

-сеніп тапсырушы жұмыс істейтін ұйымның немесе тұратын жері бойынша тұрғын үй – пайдалану ұйымының мөрі.

Сенімхат, әдетте, онда көрсетілген іс-әрекетті өткізу мерзіміне беріледі.

Егер сенімхаттың мерзімі көрсетілмесе, онда ол өз күшін берілген сәттен бастап бір жыл бойы сақтайды. Сенімхатты берген күн көрсетілмесе, онда ол жарамсыз болып табылады.

Сенімхат 3 жыл сақталады. СЕНІМХАТ

2005 жылғы 15 тамыз, Алматы қаласы

Мен, азамат Өскенбаев Жәнібек, жеке куәлігі / паспорт № 203654, мекенжайым – Алматы қаласы, Торайғыров көшесі, 16-үй, Алматы қаласы, Н. Тілендиев көшесі, 21-үй,  14-пәтерде тұратын азамат Төлендиев Тұрарға Алматы қаласы, Торайғыров көшесі, 16 мекенжайындағы пәтерімді жекешелендіруге сенім білдіремін.

Бұл үшін Төлендиев Тұрарға менің атымнан өтініш жазу, қажетті құжаттар мен анықтамаларды, жекешелендіру құжаттарын алу, оларды мемлекеттік органдарда тіркеу, мүлік иесі ретінде мен үшін салық инспекциясында өкілетті болу, осы аталған тапсырмаларды орындауға қатысты барлық іс-әрекеттерге мен үшін қол қою құқығын беремін.                                          Өскенбаев Жәнібек

         Осы сенімхатты   2005 жылғы 15 тамызда мен,  «Іскер» нотариалдық кеңсесінің нотариусы Досжанова Бақыт, тіркедім.

Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Өскенбаев Жәнібек қол қойды.

Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхаттың мәтінін нотариус дауыстап оқыды.

№ 52/45 тізбесіне тіркелген.

Мемлекеттік салық алынды.

Нотариус

(Мөрдің орны)