18,Көшпелі өзбек мемлекеті
Әбілқайыр хандығы (Көшпелі өзбектер
мемлекеті)
Әбілхайыр хандығы, Көшпелі
өзбектер мемлекеті - орта ғасырлардағы
қыпшақ мемлекеті. Әбілхайыр хандығы
1428 жылдан 1468 жылға дейін өмір сүрді.
Дешті Қыпшақтағы (Ақ Ордада) Жошы
үрпақтары арасындағы өзара соғыстарға
байланысты Шайбани әулетінің саяси
басымдыққа қол жеткізуі нәтижесінде
қүрылған. 1428 жылы Ақ Орда ханы Барақтың
өлімінен соң, Әбілхайыр хан таққа отырды.
Әбілхайыр хандығы батысындағы Жайықтан
шығысындағы Балқашқа дейінгі,
оңтүстігіндегі Арал мен Сырдарияның
төменгі ағысынан, солтүстігіндегі Тобыл
мен Ертістің орта ағысына дейінгі
аумақты алып жатты. Хандықтың астанасы
алғашында Батыс Сібірдегі Тура (Тара,
Чимги Тура) болып, кейін, 1446 жылы, Сыр
бойындағы Сығанаққа көшірілді. Әбілхайыр
хандығы қүрамында қоңырат, маңғыт,
үйсін, найман, қосшы, күрлеуіт, қарлүқ,
таңғүт, үиғыр, таимас, бүркіт, қият,
кенегес тайпалары болды. Әскер қүрамында
қыпшақтар, ойраттар, мажарлар да қызмет
еткен. Әбілхайыр хандығында аталың
(көкілташ), диуан, қази, инақ, наиб, әмири
шикар, жасауыл, михман-даруға, худай,
мубашир, басқақ сияқты лауазым иелері
маңызды рол атқарды. Хандық қүрамындағы
Иасы, Отырар, Сығанақ, Үзген, та-ғы басқа
қалаларда қолөнер, сауда-саттық,
егіншілік, дәстүрлі мал шаруашылығы
дамыды. 1457-1459 жылдары Керей мен Жәнібектің
Әбілхайыр ханнан бөлінуі Әбілхайыр
хандығының ыдыра-уына әкеліп соқтырды.
1468 жылы Әбілхайыр хан қайтыс болғаннан
кейін мемлекет жеке үлыстарға, иеліктерге
ыдырап кетті.