Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экз.билеты по ПиПГ (каз.весна. 2010).doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

II. Жазбаша емтихан сұрақтары (10 балл)

1. Газдардың ылғалдығы. Оны өрнектеу әдістері. Газдарды кептіру әдістері.

2. Газдарды төменгі температурада абсорбциялау арқылы өңдеу процесінің технологиялық-сызба нұсқасын сызып түсіндіріңіз.

3. Газ қоспасының құрамы төмендегідей (көл. %): СН4-79; С2Н6-16 және СО2-5. Газ қоспасының температурасы 400оС, қысымы р = 1кгс/см2. Осы жағдайдағы компоненттердің динамикалық тұтқырлық коэффициенттері белгілі (мПас): ( СН4)=0,023; (С2Н6)=0,021 және (СО2)=0,034. Газ қоспасының динамикалық тұтқырлық коэффициентін анықтаңыз.

Оқытушы, х.ғ.к., сениор-лектор Әбдиев К.Ж.

Кафедра меңгерушісі, х.ғ.д., профессор Искаков Р.М.

Кафедра мәжілісінде бекітілген. Кафедра мәжілісінің № 9 хаттамасы. «15» сәуір 2010 ж.

Энергетика және мұнай-газ индустриясы факультеті Химиялык инженерия кафедрасы «Табиғи және серіктес газдар, оларды тазалау және өңдеу әдістері» пәні

№ 11 емтихан билеті

I. Тестік емтихан сұрақтары (20 балл)

1. Барланған газ қорының көлемі бойынша дүние жүзінде бірінші орында тұрған қандай ел?

a) Ресей;

b) Норвегия;

c) Ұлыбритания;

d) Аргентина;

e) Түркменістан.

2. Газдың кинематикалық тұтқырлығының өлшем бірлігі….

a) мН/м;

b) м2/с;

c) Па/с;

d) Пас;

e) Дж/м2.

3. Газдың салыстырмалы ылғалдығы деп ….

a) газдың бірлік көлеміндегі су буының мөлшерін немесе массасын айтады (г/м3);

b) газдың бірлік массасына сәйкес келетін су буының мөлшерін немесе массасын айтады (г/кг);

c) берілген температура мен қысымда газдың абсолюттік ылғалдығының оның ең максимал абсолюттік ылғалдығына қатынасын айтады;

d) берілген температура мен қысымда ылғал газ қоспасының массасын су бу массасына қатынасын айтады;

e) ылғал газ қоспасының массасын оның көлеміне қатынасын айтады.

4. Газ қоспасының орташа изобаралық көлемдік жылу сыйымдылығы (С‘p) мына теңдемен анықталады …

a) мұндағы С‘pi мен n i – i-компоненетінің орташа көлемдік жылу сыйымдылығы мен мольдік үлесі;

b) мұндағы С‘pi мен wi – i-компоненетінің орташа көлемдік жылу сыйымдылығы мен массалық үлесі;

c) мұндағы С‘pi мен сi – i-компоненетінің орташа көлемдік жылу сыйымдылығы мен мольдік концентрациясы;

d) мұндағы С‘pi мен i – i-компоненетінің орташа көлемдік жылу сыйымдылығы мен көлемдік үлесі;

e) мұндағы С‘pi мен i – i-компоненетінің орташа көлемдік жылу сыйымдылығы мен молялдық концентрациясы.

5. Газдың критикалық көлемі (uкр ) деп …

a) сұйық күйіндегі газдың көлемін айтады;

b) нормальды жағдайдағы (Т0 мен р0) газдың меншікті көлемі;

c) критикалық температура (Ткр) мен қысым (Ркр) жағдайындағы газдың меншікті көлемі;

d) стандартты жағдайдағы газдың көлемі;

e) нормальды жағдайдағы газдың мольдік көлемі.

6. Тотықтырғыштың (оттектің) теориялық көлемі деп …

a) газдың бірлік көлемі жартылай жанғандағы жұмсалатын тотықтырғыштың ең үлкен мөлшерін айтады;

b) газдың бірлік көлемі толық жану үшін қажетті тотықтырғыштың ең аз мөлше-рін айтады;

c) газ құрамындағы сутек газы тотығып, синтез-газ түзілу үшін қажетті тотықтыр-ғыштың мөлшерін айтады;

d) газ су буымен әрекеттесіп синтез-газ түзілу үшін тотықтырғыштың қажетті мөлшерін айтады;

e) газдың бірлік көлемі жартьылай жанып нәтижесінде СО газы түзілетін процеске қажетті тотықтырғыштың ең көп мөлшерін айтады.

7. Газды тұйықталмаған (разомкнутые) абсорбциялық әдіспен тазалағанда …

a) абсорбент регенерацияланбайды, яғни десорбция бөлімі болмайды;

b) абсорбент регенерацияланады, яғни десорбция бөлімі болады;

c) абсорбентті тек сумен тазалайды;

d) абсорбентті этиленгликольдің судағы ерітіндісімен тазалайды;

e) газ қоспасын алдын-ала СО2 газынан тазалайды.

8. Адсорбция әдісіне қандай факторлар әсер етеді?

a) Адсорбент кеуектігі;

b) температура;

c) қысым мен адсорбенттің химиялық қасиеті;

d) қысым мен адсорбцияланатын заттың химиялық қасиеті;

e) жоғарыда аталған барлық факторплар.

9. Силикагельдің адсорбциялық белсенділігі ....

a) бетіндегі иондардың дегидратациялануы барысында кеми түседі;

b) бетіндегі иондардың дегидратациялануы барысында арта түседі;

c) бетіндегі иондар гидратацияланған сайын кеми түседі;

d) бетіндегі иондар дегидратацияланғанда өзгеріссіз қалады;

e) дұрыс жауабы жоқ.

10. Газдарды құрғату үшін негізінен қандай адсорбенттерді пайдаланады?

a) кальций оксидін, натрий карбонатын;

b) активтелген көмірді, титан оксидін;

c) алюминий оксидін, гельдерді, цеолиттерді;

d) темір гидроксидін, активтелген көмірді;

e) темір карбонатын, силикагельді.

11. Газды абсорбциялық әдіспен өңдегенде пайдаланылатын абсорбердің (А) атқаратын міндеті неде ?

a) А-де газ құрамынан қажетті компоненттерді (С3+жоғары) бөліп алады;

b) А-де де қаныққан абсорбенттен СО2 мен СО бөледі;

c) А-де абсорбент регенерацияланады;

d) А-де газ қоспасы құрамынан жеңіл компоненттерді абсорбциялайды;

e) А-де газ қоспасы құрамынан күкірт қосылыстарын абсорбциялайды.

12. Газды ТТР әдісімен өңдеудің газды ТТК әдісімен өңдеуден басты айырмашылығы неде?

а) ТТР әдісінде шикізат салқындатылғаннан соң сепараторға беріледі;

b) ТТР әдісінде шикізат қыздырылғаннан соң сепараторға беріледі;

c) ТТР әдісінде шикізат қыздырылған соң абсорберге беріледі;

d) ТТР әдісінде шикізат салқындатылған соң бірденен десорберге беріледі;

e) ТТР әдісінде шикізат салқындатылған соң алдын-ала сеператорға жіберілместен бірденен ректификациялық колоннаға жіберіледі.

13. Кез-келген фазадағы компоненттің активтілік коэффициенті (g) мына теңдеумен анықталады......

a) g = а · с ;

b) g = с / а2 ;

c) g = с / а ;

d) g = а /с ;

e) g = с2 / а, мұндағы а мен с – компоненттің активтігі мен концентрациясы.

14. Көмірсутектік газдарды ТТК әдісімен өңдеудің технологиялық сызба-нұсқаларын қандай белгілері бойынша жіктейді?

a) негізгі сепарациялау сатылары саны, салқындатқыш агенттің түріне және алынатын негізгі өнім түріне қарай жіктейді;

b) ректификациялық колоннадағы температура мен өңделетін газ қоспасының құрамы бойынша жіктейді;

c) ректификациялық колоннадағы қысым мен өңделетін газ қоспасының компоненттік құрамы бойынша жіктейді;

d) ректификациялық колоннадағы тарелкалардың теориялық саны мен газ қоспасының температурасы бойынша;

e) мұздатқыштың температурасы мен өңделетін газ қоспасының компоненттік құрамы бойынша жіктейді.

15. Газды ТТК әдісінде деметанизатордың төменгі жағынан шығатын өнімді атаңыз…

a) метан мен этан қоспасы;

b) этан мен одан ауыр көмірсутектерден тұратын қөмірсутектердің кең фракциясы;

c) СО2 мен метан қоспасы;

d) метан мен пентан қоспасы;

e) метан мен этилен қоспасы.

16. Газ қоспасын СО2 компонентінен этаноламин ерітіндісін пайдалана отырып тазалау процесі .....

a) хемосорбцияға жатады;

b) физикалық абсорбцияға жатады;

c) физикалық адсорбцияға жатады;

d) тұйықталмаған физикалық абсорбцияға жатады;

e) циркуляциялық физикалық абсорбцияға жатады.

17. Көмірсутектер қоспасының бастапқы құрамы мынадай сi (моль/моль): с(СН4) = 0,8745; с(С2Н6) = 0,0586; с(С3Н8) = 0,0372; с(н-С4Н8) = 0,0212; с(н-С5Н12) = 0,0085. Системаның параметрі: Р = 400 фунт/дюйм2; t = 50 oF. Сәйкес келу қысымы Рсх=2000 фунт/дюйм2 болғандағы метанның фазалық тепе-теңдік константасын (К) Нейрей әдісімен есепте-ңіз.

a) 1,0;

b) 2,0;

c) 5,0;

d) 9,0;

e) 12,0.

18. Мұнай серіктес газ құрамындағы и-бутанның с = 1,8 мол. %, ал Т = -3,88 0F және P=550 фунт/дюйм2 жағдайындағы фазалық тепе-теңдік константасы К=0,18. Тепе-теңдік күй-дегі конденсаттың мольдік үлесі L = 0,1689. Сұйық фазадағы и-бутанның мольдік үле-сін (х) есептеңіз.

a) 1,23;

b) 0,94;

c) 0,78;

d) 0,06;

e) 0,008.

19. Мұнай серіктес газ құрамындағы и-пентанның с = 0,5 мол. %, ал Т = -3,88 0F және P=550 фунт/дюйм2 жағдайындағы фазалық тепе-теңдік константасы К=0,008. Тепе-теңдік күйдегі конденсаттың мольдік үлесі L = 0,1689. Бу фазасындағы и-пентанның мольдік үлесін (у) есептеңіз.

a) 1,008;

b) 0,001;

c) 0,1008;

d) 0,0008;

e) 0,0002.

20. Газды ТТК әдісінде деэтанизатордың төменгі жағынан шығатын өнімді атаңыз.

a) метан мен этан қоспасы;

b) пропан мен одан ауыр көмірсутектерден тұратын қөмірсутектердің кең фракциясы;

c) СО2 мен метан қоспасы;

d) метан мен пентан қоспасы;

e) метан мен этилен қоспасы.