- •31. XVII ғасырдағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы.
- •32. Хүіі-хүііі ғ. Басындағы Қазақ хандығы. Тәуке ханның реформалары.
- •33. Хүіі-хүііі ғ. 1-ші ширегінде қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуі. «Ақтабан шұбырынды». Аңырақай шайқасы.
- •34. Қазақстан территориясындағы этногенетикалық үдерістердің негізгі кезеңдері. «Қазақ» этнонимі.
- •37. Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының басталуы.
- •38. Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат.
- •39. Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері, барысы, ерекшеліктері (1783-1797 жж.).
- •40. Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері (1836-1838 жж.)
- •41. 1822-1824 Ж.Ж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы Жарғылар.
- •42. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызы (1837-1847 жж.)
- •43. Хіх ғ. 50-ші жылдарындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған көтеріліс: себептері, барысы, ерекшеліктері.
- •44. Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу барысы және оның салдары.
- •45. Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформалары және олардың нәтижелері.
33. Хүіі-хүііі ғ. 1-ші ширегінде қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуі. «Ақтабан шұбырынды». Аңырақай шайқасы.
Қазақ жерінде біртұтас бір иелікке бағынған, басқару жүйесі орталықтанған ірі мемлекеттің жоқтығы ылғи да сезіліп тұрды. Мұны қазақ жеріне ертеден көз алартып келе жатқан Қазақстанмен жапсарлас, жерлері шектесіп жатқан елдердің билеушілері пайдаланып қалуға тырысты. Оңтүстік-батыстан Жайық казак-орыстарының қолдап-қолпаштауымен Еділ өзенінің бойындағы башқұрттар, қалмақтар Кіші жүздің халқына тынымсыз шабуыл жасады. Орта Азиядағы Бұқара мен Хиуа хандықтары да қазақ жерінен дәмелі болды. Осылардың бәрінен де асып түскен, қазақ халқына жойылып, құрып кету қаупін төндірген жау – жоңғарлар еді.
ХҮІ ғасырдың аяқ шенінде ойраттар басты-басты төрт тайпалық бірлестіктен құралды. Олар: Тарбағатайдан Шығысқа қарай өңірді алып жатқан торғауыттар, Ертістің жоғарғы ағысын бойлай қоныстанған дербеттер, қазіргі Дихуа қаласының төңірегіндегі хошоуыттар және Іле өзенінің жоғарғы жағындағы шоростар еді. 1635 жылы қонтайшы Батурдың бастауымен Жоңғар хандығы құрылды.
Қазақ-жоңғар қатынастары, әсіресе Батур-қонтайшы /1634-1654 жж./ билік құрған кезде ерекше шиеленіске түсті. Одан кейін Ғалдан-Бошакту (1670-1697 жж.) билеген кезде, оның мұрагері Цеван-Рабтан (1697-1727 жж.) өкімет басына келгенде қазақ-қалмақ қатынастары қатты шиеленісіп кетті.
Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін қазақ жерінде феодалдық бытыраңқылық басталды. Бір мезгілде Әбілқайыр, Семеке, Барақ сұлтан және т.б. басқарған шағын ииеліктерге бөлінді.
1722 жылы Қытай императоры Канси қайтыс болғаннан кейін жоңғар-қытай арасында бітім жасалды. Ал 1700-1721 жылдарда Ресей Балтық теңізі үшін Швед королі ХІІ-ші Карлмен соғыс жүргізді.
1723 жылы көктемінде қазақ жерін бет қаратпай басып алуға әбден бекінген жоңғарлар шешуші жорыққа шықты. Мол әскер жинап, барынша толық қаруландырып, оның қолбасшылығына Шуно Дабо деген қалмақ баһадүрін тағайындады. Оның тактикалық жоспары бойынша қалмақ әскерлері стратегиялық екі бағытта қимыл жасауға тиісті болды. Бірінші бағыт Қаратауды басып өтіп, Шу мен Талас өзендеріне шығу болса, екінші бағыт – қазақтарға ес жиғызбай соққы беріп, Шыршық Өзенінің қойнауына жету еді. Бұл жоспарды іске асыру үшін әскерлер жеті топқа бөлініп, оның бірі Жетісі Алатауының етегіндегі Балқаш көліне құятын төрт өзеннің бойына топтастырылды. Қалмақтың ірі қолбасшысы Амурсана басқарған 70 мың адамнан тұратын екінші бір тобы Іле өзенінің бойын, Кеген өзенінің солтүстік жағасына, Нарын өзенінің күншығыс жағындағы Кетпен тауының баурайына орналасты.
Шапқыншылықтың басты ауыртпалығы Ұлы жүздің, Жетісудың халқына түсті. Ешбір бөгетсіз, қарсылықсыз, долындағының бәрін жайпап келе жатқанзұлым жау араға көп уақыт салмай Орта жүз бен Кіші жүздің жеріне жетті. Малын, қонысын тастап, бала-шағасынан, туысқандарынан айырылып босқан халық беті ауған жаққа қашып-пысуға мәжбүр болды. Ұлы жүз бен Орта жүздің қазақтары Самарқанд пен Ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз қазақтары Хиуа мен Бұқараға ағылды. Босқындардың біразы Алакөл маңына келіп паналады. Өзара ауызбіршілік жоқ қазақ билеушілері елін қорғай алмады.
1723-25 жылдарда қазақ халқының жау қолынан өлгені бар және ашаршылықтан қырылғаны юар, жарты халқынан айырылып қалды. Бұл кезеңді қазақ «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп атады.
1726 жылы Шымкентте таяу Ордабасы деген дерде Үш жүздің басшылар, билері жиын өткізіп, онда қазақ жасақтарының қолбасшысы болып Әбілхайыр хан және Бөгенбай батыр сайланды. 1727 жылы халықтың қаһарлы қарсылығының лағы шебінде болып, қалмақ әскерлерімен үш жылдай ұрыс жүргізген Әбілхайыр бастаған Кіші жүз жасақтары, ондағы айтулы батырлардың бірі Тайлақ және оның жиені Ұлы жүздің Ошақты руындағы Тасжүрек тайпасынан шыққан Сағырақ батыр Ырғыздың оңтүстік-шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында «Қара сиыр» деген жерде қалмақтарға есеңгірете соққы берді. Қалмақ әскерлері қиян-кескі соғыста ондаған мың адамынан айырылды. Бұл жеңіске қол жеткен жер кейін «Қалмақ қырылған» деп аталды.
1729 жылы көктемде Балқаш көлінің маңында қазақ пен қалмақтардың арасында тағы бір қатты қырғын соғыс жүрді. Бөгенбай, Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Жәнібек, Бөкенбай, Малайсары сияқты атақты батырлар бастаған қазақ қолдары мен жасақтары қалмақ әскерлеріне екінші рет күйрете соққы берді. Майдан даласында мыңдаған қалмақ әскерлері қаза тапты. Көбі қырылып, жаралы болып, жаны шықпай жатқан жау әскерінің аңыраған дауысы бірнеше күн даланы басына көтерді. Бұл жер кейін «Аңырақай» деп аталып кетті. Сөйтіп, Аңырақайда аяусыз соққыға душар болған Шуно Дабо басқарған қалмақ әскерлері Іле өзенінің бойымен шығысқа қарай қашуға мәжбүр болды.
1730-31 жылдары Аңырақай шайқасынан кейін екі жақ та әлсіреп, соғысты тоқтату жөнінде келісім-шарт жасасқан. Оған тағы бір себеп, Жоңғар мемлекетіне Цинь империясының шабуылының күшеюі еді.
