Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DR_01_05.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
158 Кб
Скачать
☆
  1. «Шим-шак нс» жшс –не сипаттама және онда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

2.2 «Шим-шак нс» жшс –нің есеп саясаты мен құрылыстағы

есепті ұйымдастыру

«Шим-шак НС» серіктестігі мемлекеттік тіркеу куәлігі № 24077-1901-ЖШС (Қосымша №4) негізінде 2006 жылдың 15 қыркүиегінде құрылды. Серіктестіктің жарғысында өзгерістер болғандықтан, 2008 жылдың 14 қараша күні кәсіпорын мемлекеттік қайта тіркеу куәлігін алды(Қосымша №5). Нөмірі 00953 Р 0041391 мемлекеттік лицензиясы бар (Қосымша №6).Кәсіпорынның тіркелген мекен жайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Совхозный,№ 10 үй.

«Шим-шак НС» серіктестігінің негізгі іс-әрекеті болып: Қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындау мен қызметтер корсету. «Шим-шак НС» Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің Сарыарқа салық комитетімен берілген салықтық тіркеу номірі 620 300 262 795 (Қосымша №7). Қосымша Құн Салығы бойынша есепке қою куәлігінің сериясы 62305 номірі 0013030 Сарыарқа аудандық салық комитетімен 2006 жылдың Мамырдың 1 ші күні берілді (Қосымша №8). «Шим-шак НС» серіктестігінің ҚҰЖС Мемлекеттік сыныптаушысы бойынша коды – 40606250 (Қосымша №9).

Кәсіпорынды директор- Мухатчина Фаузия Осербайқызы басқарады. Ұжым 10 адамнан тұрады. Кәсіпорында шаруашық жұмысшылар жоқ, тек административтік басқару персонал мен шаруашылық-техникалық бөлім

«Шим-шак НС» кәсіпорнының бухгалтерлік қызметтерін ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп» заңымен, Қазақстан Республикасының нормативті актілері мен заңдылықтарына сәйкес орнатылған. Шаруашылық процесс пен субьект қызметінің қаржылық нәтижесіне толық және нақты ақпаратын қалыптастыру –бұл бухгалтерлік есептеменің негізі болып саналады. Бұл ақпарат бухгалтерлік және қаржы есептерін құру қызметінің ережесі мен принциптерін орнату стандарттарымен сәйкес басқару және меңгеру үшін; инвесторлар, сатып алушылар, кредиторлар, мемлекеттік органдар, банктер және басқа мүдделі тұлғалар үшін қажет.

Бухгалтерлік қызмет жасау кезінде есепті ұйымдастыру және заңдылықтарды сақтау үшін жауапты директор Мухатчина Ф.О. болып табылады [3, б.81].

«Шим-шак НС» кәсіпорнының бухгалтерлік есебін жүргізу үшін бухгалтерлік қызмет қалыптасқан, оны басты бухгалтер басқарады, бірақ «Шим-шак НС» кәсіпорорнында басты бухгалтер қарастырылмаған. Бұл кәсіпорында бухгалтер Карбаева Айсұлу Тұрсынқызы.

«Бухгалтерлік ережені» кәсіпорынның директоры Мухатчина Ф.О. бекітті. Бухгалтер директорға есеп беру қажет.

Есеп саясатына сай ЖШС «Шим-шак НС» бухгалтериясының міндеттеріне келесі функциялар жатады:

  • қаржылық есептерді дайындау;

  • активтердің сақталуын байқау;

  • әрбір объектіге келген шығындарды байқау;

  • салықтық есеп;

  • есеп шотты басқарып, жүргізіп, төлемдерді жүзеге асыру;

  • статистикалық есеп;

Бухгалтер бухгалтерлік есеппен шектелмей келесі қызметтер атқару тиіс:

  • қаржы есеп операцияларының есебі;

  • еңбек және еңбекақы есебі;

  • шығындар есебі;

  • табыстар есебі;

  • тауар материалдар қор есебі;

  • негізгі құралдар мен материалдық емес құралдардың есебі;

  • бухгалтерлік есепті жүргізуді іштей бақылау.

«Шим-шак НС» ЖШС-де активтердің меншіктік капитал, міндеттемелер мен шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебі екі жақты жазу әдісімен жүргізіледі.

Бухгалтерлік есеп 1 С Бухгалтерия программасымен персональді компьютерлерде жүргізіледі.

Бухгалтерлік есеп регисторлар жазуының негізі болып алғашқы құжаттар болып саналады, олар шаруашылық операцияның болған шартын белгілеп алады. Алғашқы құжаттар «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп» заңына сай және 19.03.07 ж. шыққан Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігінің «Алғашқы құжаттардың типті формаларын бекіту» бұйрығына сай құрылады.

Формалар «Шим-шак НС» кәсіпорнымен ерікті түрде шығырылады. Электронды және қағаз түрдегі алғашқы құжаттар құрамында келесі реквизиттер болу керек:

  • құжат атауы;

  • құрылған күні;

  • құжат субъект атынан жасалса, бұл субъект атауы;

  • шаруашылық операция атауы;

  • шаруашылық операция ақшалай және шынайы өлшемдері;

  • шаруашылық операция орындалу факті, дұрыс, тиімді орындалғанына; жауапты жұмысшылар аты жөні;

  • қолдары.

Алғашқы құжаттарға операция қиындығына қарай, есеп хабарламаларын өңдеу әдісіне қарай, нормативті құқұқтық актілер талаптарына қарай қосалқы реквизиттер қосылу мүмкін.

Алғашқы құжаттарды электронды түрде құру кезінде «Шим-шак НС» ЖШС-гі бұл құжаттардың көшірмелерін қағаз түрінде сақтау қажет. Бұл көшірмелер шаруашылық операцияға қатысқан басқа қатысушыларға, сот прокуратура сияқты мемлекеттік мекемелерге де қажет. Алғашқы құжаттар операция орындалу кезінде немесе операция орындалғаннан кейін құрылу тиіс.

Кассалық және банктік құжаттарға өзгертулер жасауға болады. Басқа алғашқы құжаттарға өзгертулер тек қана шаруашылық операция кезіндегі болған қатысушылармен келісім жасап, олардың қолдары қойылып, өзгерту күні жазылу керек.Алғашқы құжаттардағы ақпарат бухгалтерлік есепте бейнеленіп, жиналып, жүйеленіп, бухгалтерлік есепте регистленеді. Бухгалтерлік регистрлерде құжаттар топталып қаржылық есепке айналдырылады.

Құжаттар қозғалысының реті (құрылуы, басқа субъектен алу, есепке алу, өңдеуі, архивке түсуі), орындаушылар тізімі, құжаттардың бухгалтерияға түскен күні, есепті кезеңдегі бүкіл жұмыстардың аяқталуы, қаржылық есепті дайындап құрудың бәрі - құжаттар айналымы деп аталады. Құжаттар айналымы графиктер мен блок схемалармен анықталады, оны «Шим-шак НС» кәсіпорынның директоры Мухатчина Ф.О. бекітеді. Бухгалтердің талабы бойынша құжаттарды бухгалтерияға беру және құру тәртібі сақталу тиіс.

Құжаттар бухгалтерлік есепте бейнеленіп, дұрыс құрылып, құжаттар айналым графигіне дұрыс түсу үшін жауапты жұмысшылар болу тиіс, олар құжаттарға қол қоятын адамдар. «Шим-шак НС» серіктестігі алғашқы документтерді, бухгалтерлік есеп регистлерін, қаржы есептерін архив ережелеріне сай сақтау керек.

Құжаттарды (алғашқы құжаттар, бухгалтерлік есеп регистрлері, электронды және қағаз түрдегі ақпарат базалары, қаржылық есептер, есептік саясат, есепті ақпаратты өңдеу үшін электронды программа және басқа құжаттар) кейбір кезең сақтау қажет, бұл кезең ҚР заңдылығымен немесе «Шим-шак НС» кәсіпорынның есеп саясатымен бекітіледі. Салық кодексі бойынша субъектілерде (кәсіпорындар, серіктестіктер, мекемелер біріккен ұйымдар) ҚР барлық құқықтық ұйымдарда 30.06.92ж. №562 шыққан «Құжаттарды меңгеру және құжаттар айналымының негізгі ережесі» бойынша нормативті акт болып құжаттарды сақтау тәртібі және мерзімі саналады.

«Шим-шак НС» кәсіпорынның құжаттарды сақтаудың келесі мерзімдері бекітілген:

  • жылдық қаржы және салық есеп беруі-10 жыл;

  • жұмысшылардың есеп шоттары -75 жыл;

  • ұзақ мерзімді активтер құжаттары және ұзақ мерзімді міндеттемелер құжаттары –шығу мерзімі +5 жыл.

  • салық мақсатында амортизацияланған активтер құжаттары - шығу мерзімі мен тоқталу мерзімі +5 жыл

  • басқа да алғашқы құжаттар және құжаттарға қосымша – 5 жыл

Жұмысқа қажетті программа мен электронды түрдегі құжаттар 2 және одан да көп жерлерде сақталынған.

Бухгалтерлік есеп мәліметтер базасы әр күні сақталынып, архивленеді. Соңыра құжаттар не қағаз түрінде не электронды түренде, оперативті сақтаудан мемлекеттік архив фондына ауысып көшеді.

«Шим-шак НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржы шаруашылық қызметіне талдау жасау мақсатында «Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері» кестесі құрылып көрсетілген. Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметінің негізгі мәліметтері 2 кестеде қарастырылған.

Кесте 2

Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметінің негізгі мәліметтері, мың теңге

Мәліметтер

2010 жыл

2011 жыл

Айырмашылықтар

+;-

%

1. Жасалған жұмыстан табыс.мың тенге

48363,9

116409,9

68046

58%

2. Жұмысшылардың орташа саны

8

9

1

11%

3.Негізгі құралдардың орташа жыл құны, мың тенге

593,5

723,2

129,7

18%

4. Ағымды активтердің орташа жыл құны, мың тенге

688,8

54983,3

54294,5

98%

5.Жұмыс өнімділігі (бет1/бет2), мың тенге

6045,5

12934,4

6888,9

53%

6. Қор қайтарымдылығы (бет1/ бет3), мың тенге

81,5

160,9

79,4

49 %

7.Қор сыйымдылығы (бет3/бет1), мың теңге

0,0122

0,0062

-,006

8. Өнімнің өз құны, мың тенге

42921,6

100342,5

57545,2

57%

9. Жиынтық табыс, (бет1-бет8), мың тенге

5442

16067,1

10625

66%

10. Кезең шығындары шығындары.мың. тенге

4651

14525,2

9750

67%

11. Салық төлеу алдындағы табыс,Мың тенге (бет 9-бет10)

788,9

1542

753,1

49%

12. Корпоративті табыс салығы шығындары

174

542

368

60%

13. Таза табыс (бет 11-бет12)

614

999

385

41%

Ескертпе – кесте автормен құрастырылған

Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметінің негізгі мәліметтеріне сүйенсек жасалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерден түскен табыс 2001 жылы 2010 жылға қарағанда 68046 мың теңгеге немес 58 пайызға өскен. Жұмысшылардың саны 8 адамнан 9 адамға яғыни 1 адамға өскен ол 11 пайызды құрап отыр. Негізгі құралдардың орташа жыл құны 129 мың теңшгеге немесе 18 % өссе, Ағымды активтердің орташа жыл құны, 54294,5 мың теңге немесе 98, % өскен. Қор қайтарымдылығы 81,5 тен 2001 жылы 160,9 ға дейін өскен. Жиынтық табыс 2011 жылы 2010 жылға қарағанда 10625 мың теңге немесе 66% өссе таза табыс 385 мың теңге немесе 41% өскен. «Шим-шак НС» ЖШС-нің активтерінің құрамы мен құрылымы 2010-2011 жж 3 кестеде көрсетілген.

Кесте 3

«Шим-шак НС» ЖШС-нің активтерінің құрамы мен құрылымы 2010-2011 жж, теңге

АКТИВТЕР

2010 жыл

2011 жыл

Айырмашылығы

(+;-)

Мың теңге

%

Мың теңге

%

Мың теңге (+;-)

%

I.Қысқа мерзімді активтер, барлығы, оның ішінде

6943330

90

52472823

98,4

45529493

86,7

Ақша және оның эквиваленттері

1621452

21

6233341

11,7

4611889

73,9

Қысқа мерзімді дебиторлық борыш

1455377

18,9

46232200

86,7

44776823

96,8

Қорлар

98319

1,3

7282

0,01

-91037

-1250

Басқа қысқа мерзімді активтер

3768182

48,8

 

 

-3768182

 

I.Ұзақ мерзімді активтер, барлығы, оның ішінде

770385

10

872409

1,6

102024

11,7

Негізгі құралдар

593595

7,7

723249

1,3

129654

17,9

Материалдық емес активтер

176790

2,3

149160

0,3

-27630

-18,5

Активтердің жиыны

 7713715

100

53345232

100

45631517

85,5

Екертпе – кесте автормен құрастырылған

«Шим-шак НС» ЖШС-нің активтерінің құрамы мен құрылымы қарастыратын болсақ 20011 жылы 2010 жылға қарағанда құрылыс кәсіпорының активтері 45631517 мың теңгеге немесе 85,5 пайызға өскен, оның ішінде ағымдағы активтер 45529493 мвң теңгеге немесе 86,7 пайызға өскен. Оған себеп болып отырған қысқа мерзімді дебиторлық борыштардың 44776823 мың теңгеге немесе 96,8 пайызға және ақша қаражаттарының 4611889 мың теңгеге немесе 73,9 пайызға өсуінен болып отыр. Ал ұзақ мерзімді активтеріне келетін болсақ ол 102024 мың теңгеге немесе 11,7 пайызға өскен, оның ішінде негізгі құралдар 129654 мың теңгеге немесе 17,9 пайызға өссе ал материалдық емес активтер -27630 мың теңгеге немесе -18,5 пайызға кеміген. Жалпы құрылыс кәсіпорынының активтерінің құрамы мен құрылымына оң баға беруге болады. Енді осыған сәйкес «Шим-шак НС» ЖШС құрылыс кәсіпорынының міндеттемелері мен меншікті капиталының құрамы мен құрылымын келесі кесте бойынша талқылайық [4, б.57].

«Шим-шак НС» ЖШС-нің міндеттемелері мен меншікті капиталының құрамы мен құрылымы келесі 4 кестеде барілген.

Кесте 4

«Шим-шак НС» ЖШС-нің міндеттемелері мен меншікті капиталының құрамы мен құрылымы

Міндеттемелер мен капиталдың атаулары.

2010 жыл

2011 жыл

Айырмашылығы

(+;-)

Теңге

%

Теңге

%

Теңге

(+;-)

%

III.Қысқа мерзімді міндеттемелер

7104236

92,1

52734067

98,8

45629831

86,5

Салықтық міндеттемелер

99160

1,2

2225671

4,1

2126511

95,5

Басқа төлемдер бойынша міндеттемелер

-23088

-0,2

107233

0,2

130321

121есе

Қысқа мерзімді міндеттемелер

7028164

91,1

45919306

86

38891142

84,6

Басқа қысқа мерзімді міндеттемелер

 

 

4481857

8,4

4481857

100

IV.Ұзақ мерзімді міндеттемелер

 

 

 

 

 

 

V. Капитал

609479

7,9

611165

1,2

1686

0,3

Шығарылған капитал

97100

1,3

97100

0,3

0

 

Шығарылмаған табыстар (жабылмығын шығындар)

512379

6,6

514065

0,9

1686

0,3

Міндеттемелер мен капиталдың жиыны

7713715

100

53345232

100

45631517

85,5

Екертпе – деректер көзі «Шим-шак НС» ЖШС-нің материалдарынан алынған

Енді біз құрылыс кәсіпорынының міндеттемелері мен меншікті капиталдарын талдауды қарастыратын болсақ, 2001 жылы кәсіпорынның ағымдағы міндеттемелері 45629831мың теңгеге немесе 86,5 пайызға өскен. Оның ішінде салықтық міндеттемелер 45629831 мың теңгеге немесе 95,5 пайызға өссе басқа төлемдер бойынша міндеттемелер 130321 мың теңгеге немесе 121 өссе ал қысқа мерзімді міндеттемелер 38891142 мың теңгеге немесе 84,6 пайызға өскен.

Кәсіпорында ұзақ мерзімді міндеттемелер жоқ яғни қарастырылмаған

Меншікті капиталының құрамы 2001 жылы 2010 жылға қарағанда 1686 мың теңгеге немесе 0,3 пайызға өскен оның ішінде бөлінбеген пайда 1686 мың теңге немесе 03, пайызды құраса ал шығарылған капитал 97100 мың теңге көлемінде өзгеріссіз қалған.

Меншікті капиталды талдау. Меншікті капиталды талдау кезінде оның құрамы мен құрылымына аса назар аударылады.

Серіктестіктің жарғылық капиталы үлкен емес 97100 теңге құрайды, сондықтан кәсіпорын аз көлемді болып саналады. Бірақ директордың алдыңғы жылдары жарғылық капиталды үлкейтету ойлары бар.

Жарғылық капитал кәсіпорын мүлкіне оны кұрған кездегі қатысушылардың салымының жиынтығы болып табылады. Жарғылық капиталды белгілеу мен қалыптастыру тәртібі және пайдалану шаруашылык жүргізуші субъектінің іс-қызметінің өрісі мен жағдайына, ұйымдастыру-құқықтық түріне байланысты.

Серіктестіктің жалпы жиналысында Жарғылық капиталдың ұлғаюы туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 ай ішінде мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған органға ол туралы хабарлауы тиіс. Хабарламас бұрын Жарғылық капитал ұлғаятын соманың жартысынан кем болмайтын сомасы енгізілуі тиіс. Бұл кезде 1030 шот дебеттеліп, 5010 шот кредиттеледі.

Егер жарғылық капиталдың ұлғайғаны туралы аталған органға хабарламаса, Жарғылық капитал орындалмады деп есептеледі.

Негізгі құралдарды қайта бағалау кезінде кәсіпорын негізгі құралдарды қайта бағалауға дейінгі сомаға мынадай жазу береді: 5420 «Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв» дебеттеліп, 1300 «Қорлар» бөлімшесі кредиттеледі.

Негізгі құралдарды қолдану шамасы бойынша бағалауға дейінгі есептен шығару сомасы 5420 «Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв» шоты дебеттеліп, 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)» шоты кредиттеледі.

«Шим-Шак НС» ЖШС бөлінбеген табысты 5500 бөлімшесінің 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)», 5520 «Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)» шоттарында есепке алады. Жыл соңында 5510 шот 5610 «Қорытынды пайда» шотпен жабылады, және ол бухгалтерлік баланс пен қаржылық есептілікте мынадай жазба арқылы көрсетіледі:

Дебет 5510 Кредит 5610 – кәсіпорын зиян шегуінің қорытынды сомасы.

Дебет 5610 Кредит 5510 – кәсіпорынның алған табысының қорытынды сомасы.

Кәсіпорынның есепті кезеңдегі бөлінбеген табысының (жабылмаған зиянның) қалған сомасы 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған зияны)» шоттан 5520 «Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған зияны)» шотқа жіберіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]