- •1. Жиын және оның элементтері. Ішкі жиын.
- •2.Жиындардың қиылысуы
- •4.Графтар теориясы
- •5. Ағаштар. Қасиеттері. Түбірлік ағаштар.
- •6. Ағаштар. Қасиеттері. Түбірлік ағаштар.
- •7.Олардың санын жоғарыдан бағалау
- •8.Жиындардың декарттық көбейтіндісі
- •9.Кортеж
- •10. Желілік графта кризистiк жолды анықтау алгоритмі
- •11.Желілік графиктер
- •13. Графиктiк желіні құрастырудың ережелерi 1-3
- •14. Графиктiк желіні құрастырудың ережелерi 4-6
- •15.Графиктiк желіні құрастырудың ережелерi 7-9
- •16.Графиктiк желіні құрастырудың ережелерi 10-12
- •17. Желілік графиктердiң уақыт параметрлерi
- •19. Желілік графиктiң параметрлерін есептеудің графикалық әдісі
- •2 Мысал. 14-шi суреттегi графиктiк желінің уақытша параметрлерін кестелiк әдiсті пайдалана отырып анықтайық. 0. Желілік графиктердiң параметрлерiн есептеудің кестелік әдісі
- •21. Белгісіз жағдайдағы желілік жоспарлау
- •22. Желілік модельдерді алдын ала талдау
- •24.Желілік графиктерді еңбек ресурстары бойынша оптималдау
- •25. Желілік графиктерді материалдық ресурстары бойынша оптималдау
- •26. Желілік графиктерді ақша ресурстары бойынша оптималдау
- •28. Желілік сызықтық программалау.
- •29. Ең қысқа жол есебі
- •30. Форд-Фалкерсон әдісі
- •1. Жиын және оның элементтері. Ішкі жиын.
- •2.Жиындардың қиылысуы
11.Желілік графиктер
Қазіргі кезде кешенді зерттемелерді басқарудың салыстырмалы түрде қарапайым және тиімді әдістерін жасап, пайдалану басқарушыны ең қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беретін жетілген құралмен қаруландыру қажет. Экономиканың қосымшаларында графтарды желі деп немесе желілік графиктер деп атайды.
Жобаны орындау және оны басқару үрдісін сипаттау үшін ЖЖБ жүйелерінде желілік модель қолданылады.
Жобалар өзара ауқымымен ғана емес жұмсалатын ресурс түрлерімен (қаржылық ресурстарды қоса алғанда), мақсаттық ұстанымдар, тиімділік критерийлері мен бағалаулар арқылы ерекшелінеді.
Өнеркәсіптік нысан үшін маңызды критерийдің бірі оны салудың мерзімі болуы мүмкін. Тұрғын үй құрылысының жобасы үшін рентабельдік пен инвестициялық-құрылыстық қызметтің барлық қатысушылары алатын пайда көлемі маңызды. Ірі нысандарды жасау туралы шешім қабылдаудың сенімділігін арттыру үшін жобалаудың алдыңғы қатарлы технологиялары қолданылады. Кезінде ЖЖБ жүйелері ғылыми-практикалық жетістіктердің шыңы ретінде саналды. Уақыт өте келе күрделі үрдістерді жоспарлаудың тиімді тәсілдерін іздестіру ЖЖБ жүйесінің ерекше жаңа әдістерін жасауға алып келді.
Оларды қандай да бір зерттеменің бірыңғай кешенінің қатарына кіретін бірнеше өзара байланысты жұмыстарды іске асыру арқылы соңғы мақсатқа жету жағдайында қолдануға болады.
Желілік модельдердің (ЖМ) элементтері: жұмыс, оқиға және жол
Ж
М
7 – оқиғадан және 8 жұмыстан тұрады.
Олардың орындалу уақыттары жұмыстардың
астында көрсетілген.
Оқиға – бір немесе бірнеше жұмыстардың басының және соңының айғағы. Оқиға лезде, белгілі бір нақтылы уақытта болады, онда қорлар тұтынбайды Оқиға дөңгелекпен бейнеленеді және өзінің нөмiрi болады.
Желілік графиктiң әр түрлi жұмысы оның (i ) бастапқы және (j ) соңғы оқиғаларының нөмiрлерінің кодымен жазылады.
Мысалы, А жұмысы (1, 2) кодты алады, ал Г жұмысы - (4, 7) код. Желілік модельде жұмыстан тек қана шығатын (1-шi нөмiрiмен) бастапқы оқиға және жұмысқа тек қана кiретiн соңғы оқиға болады.
Жол - бұл бастапқы және соңғы оқиғаларды жалғастыратын бірінен соң бірі жалғасып жатқан тіркестер. Мысалы, L1=(1, 2, 3, 4, 7) , L2 =, (1, 2, 5, 6, 7), L3 = (1, 2, 3, 4, 6, 7).
Жолдың ұзақтығы оның жұмыстарының ұзақтықтарының сомасымен анықталады.
12. Желілік жоспарлау және басқарудың (ЖЖБ) әдістері Экономиканың қосымшаларында графтарды желі деп немесе желілік графиктер деп атайды. Күрделі үрдістерді жоспарлаудың ең тиімді тәсілдерін іздеу желілік жоспарлау және басқарудың (ЖЖБ) жаңа әдістерін жасауға алып келді.
Кезінде ЖЖБ жүйелері ғылыми-практикалық жетістіктердің шыңы ретінде саналды. тиімді тәсілдерін іздестіру ЖЖБ жүйесінің ерекше жаңа әдістерін жасауға алып келді. Оларды қандай да бір зерттеменің бірыңғай кешенінің қатарына кіретін бірнеше өзара байланысты жұмыстарды іске асыру арқылы соңғы мақсатқа жету жағдайында қолдануға болады.
ЖЖБ әдісі кез келген қиын жағдайда тез арада ең дұрыс шешім қабылдауға, бір жұмыс бөлігіндегі уақыт пен құралдардың резервін анықтап, қарбалас жерлерге ауыстыруға мүмкіндік береді. ЖЖБ есебінен қол жеткізілетін әсер бірінші кезекте талдау және жинақтауға заманауи математикалық аппарат пен есептеуіш техника құралдарын тартуға мүмкіндік беретін қатаң логикалық элементтерді жоспарға енгізумен байланысты.
ЖЖБ жүйесінің әмбебаптығының арқасында тұрғын үй құрылысы индустриясы жоспарын құрудың барлық қызмет түрлерінде қолдануға болады.
Жоспарлау және басқарудың негiзгi есептерiнiң шешiмдерінің тиiмдiлiгi, желілік үлгiлердегі модельдердің талдауына, оптималдауына, және ЭЕМ программалық құралдардарының қолдануының мәселелерiнiң ықшамдалуына тәуелдi болады.
