Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1179_1201_1179_y_1179_negizderi_shpor_2011_sh.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

4.Есеп.

Облыс әкімі некеге тұру жасын 16 жасқа түсіретін шешім шығарды. Облыс прокуроры бұған қарсылық білдірді. Прокурор қарсылығы қаншалықты дәрежеде негізделген? Атқарушы билік өкілдері жас мөлшерін төмендету құқығына ие ма?

1. Мемлекеттің қаржылық қызметі түрлі әдістердің көмегімен іске асырылады. Осындай әдістердің бірі ақшалай қаржы жинау, жеке ж\е заңды тұлғалардың табысының,пайдасының бір бөлігі заңда көрсетілген мерзім мен мөлшерде мемлекетің бюджетіне түседі.Бюджетке аталған түсімдердің уақытында төленуін мемлекеттің арнайы органдары бақылап отырады. Белгіленген мөлшерде, бюджнттік емес қорларға да міндетті жарналар жатады.Мемлекеттік мекемелердің халыққа көрсеткен қызметтері үшін алынатын мемлекеттік баждар мен алымдар да міндетті түрде мемлекеттік бюджетке түседі.

Мемлекеттің қаржылық қызметтің кеселі әдістері ақша қорларын бөлу мен пайдалану. Ақшалай қаржыны бөлу мен пайдаланудағы негізгі әдістердің бірі қаржыландыру мен несие беру әдістері. Қаржыландыру ол жоспарлы, мақсатты,қайтарымсыз,ақысыз ме,млекеттік бюджеттен берілетін ақшалай қаражат, яғни бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу. Несие беру банкілік қарыз түріндегі жоспарлы, мақсатты, ақылы және белгіленген мерзімде қайтарылатын, пайызбен берілетін ақшалай қаржы. Несие берудің мемлекеттік, банктік және коммерциялық сияқты түрлері бар. Мемлекеттік несие бір мемлекеттің басқа шет мемлекеттердің ақшалай қаржыларыне уақытша пайдалануы. Банктік несие банктің қарауына уақытша айналыстан бос ақшалай қаржыларды жинақтау қатыстарын қамтиды. Коммерциялық несие банктік қаржыландырудан түбірінен өзгешеленеді. Ол векселмен бекітіледі және вексельді банктер есепке алады да, сөйтіп коммерциялық несие біртіндеп банктік несиеге алынады.

2. Еңбек д/з- адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани ж/е басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі. Еңбек құқығы еңбек нарқы үрдісінің әрекеті, жалдамалы еңбекті ұйымдастыру мен пайдалану барысында қалыптасатын қызметкерлердің еңбек қатынасын ж/е онымен тығыз байланысты қатынастарды реттейтін құқықтың саласы. Еңбек құқығы-еңбек қатынасын реттейтін құқық нормаларын жиынтығы. Еңбек құқығының негізгі мақсаты-жұмыс беруші мен жалданушы қызметкер арасында қатынастарды құқық арқылы реттеу ж/е заңсыздыққа жол бермеу.

Еңбек құқығының субъектілеріне қызметкер мен жұмыс беруші жатады.

  • Жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға. Жұмыс берушiлердiң өкiлдерi - құрылтай құжаттарының негiзiнде жұмыс берушiнiң немесе жұмыс берушiлер тобының мүдделерiн бiлдiруге уәкiлеттi жеке немесе заңды тұлғалар.

  • Қызметкер - жұмыс берушiмен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек шарты бойынша жұмысты тiкелей орындайтын жеке тұлға. Қызметкерлердің өкілдері - кәсіптік одақтардың, олардың бірлестіктерінің органдары және (немесе) қызметкерлер уәкілеттік берген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылған өзге де тұлғалар мен ұйымдар.

3. Құқықтық мемлекеттің басты белгілерінің бірі азаматтық қоғамның орнығуы болып табылады.

Азаматтық қоғам дегеніміз имандылық, өнегелік, діни, ұлттық, əлеуметтік-экономикалық, отбасылық қатынастар мен институттардың жиынтығы, осылардың көмегі арқылы жеке адамдар мен олардың топтарының мүдделері қанағаттандырылады. Азаматтық қоғам құқықтық мемлекеттің негізі болып табылады. Азаматтық қоғам болмаса құқықтық мемлекет те болмайды.

"Азаматтық коғам" ұғымын өткен замандардың ұлы ойшылдары Аристотель, Цицерон, Г.Гроций, Т.Гоббс, Дж.Локк, Гегель, К.Маркс жəне т.б. тұжырымдаған болатын.

Азаматтық коғамның негізгі идеясы адамның қоғамдағы басымдылық идеясы, адамның дербестік идеясы, өз əрекеттерін құқықты құрмет тұта отырып, ең алдымен өнеге мен имандылық қағидаттарына сүйене отырып жүзеге асыруға қабілетті болу идеясы. Сонымен бірге, азаматтық қоғамның болмысына мемлекет араласпауы тиіс, ал оның араласуы тек құқық бұзушылық болған жағдайда ғана болуы мүмкін. Aзаматтық коғамның күрылымы мынадай бөліктерден тұрады:

1. Мемлекеттік емес, əлеуметтік-экономикалық қатынастар мен институттар (меншік, еңбек, кəсіпкерлік).

2. Мемлекетке тəуелді емес өндірушілер (жекеше фирмалар мен т.б.).

3. Қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер.

4. Саяси партиялар мен қозғалыстар.

5. Тəрбие беру аясы мен мемлекеттік емес білім беру.

6. Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары.

7. Отбасы.

8. Шіркеу, мешіт, жəне т.с.с.

Азаматтық қоғамның белгілері:

- адам жəне азаматтың құқықтары мен бостаңдықтарын ең толық түрде қамтамасыз ету;

- өзін-өзі басқаруы;

- оны құрайтын құрылымдар мен ондағы түрлі халық топтары арасында болатын бəсекелестік;

- қоғамдық пікірдің еркін түрде қалыптасуы жəне көппікірлілік (плюрализм);

- бүкіл жалпылык хабардар болу жəне ең алдымен ақпарат алуға адам құқықтарынын іс жүзінде жүзеге асырылуы.