- •16. Қр сот билiгiнiң конституциялық мәртебесi. Қазақстан Республикасының сот жүйесi
- •17. Қр прокуратура органдарының конституциялық мәртебесi.
- •18. Қр Президентiнің мәртебесі, сайлануы және ӛкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы
- •19. Қр Президентiнiң өкiлеттiгi
- •21. Конституциялық Кеңестiң тӛрағасы мен мүшелерiнiң мәртебесi.
- •22. Қр Үкiметі қызметiн ұйымдастыру, актiлерi. Үкiметтiң және оның мүшесiнiң орнынан түсуi.
- •23. Парламентте заңдарды қабылдау тәртібі. Заң шығару процесінің сатылары
- •25. Жергiлiктi атқарушы органдар: функциялары, мақсаттары, құрылуы.
- •27. Мәслихаттың ӛкiлеттiгi және қызметiнiң ұйымдық нысандары.
- •26. Жергiлiктi ӛкiлдi органдар: мәртебесi, құрылу деңгейі және құрамы
- •28. Мәслихаттың органдары, олардың құрылуы мен қызметі
- •30. Республикалық референдум – тiкелей демократияның нысаны ретiнде. Республикалық референдумның пәнi және ӛткiзiлуi
25. Жергiлiктi атқарушы органдар: функциялары, мақсаттары, құрылуы.
Жергiлiктi атқарушы орган (әкiмдiк) - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмi басқаратын, өз құзыретi шегiнде тиiстi аумақта жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды және өзiн-өзi басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
Жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi, тиiстi аумақтың мүддесi мен даму қажеттiлiгiн ұштастыра отырып, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi.
Конституцияға сәйкес жергiлiктi атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады:
1) аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын, жергiлiктi бюджеттi әзiрлеу және олардың атқарылуын қамтамасыз ету;
2) коммуналдық меншiктi басқару;
3) жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату, жергiлiктi атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты ӛзге де мәселелердi шешу;
4) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiне сай Республика заңдарымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн ӛзге де ӛкiлеттiктердi жүзеге асыру;
Әкiм облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмдiктi әкiм орынбасарларынан, әкiм аппаратының басшысынан, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бiрiншi басшыларынан құрады. Әкiм аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiктi аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң орынбасарларынан, әкiм аппаратының басшысынан, тиiстi атқарушы органдардың бiрiншi басшыларынан құрады. Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттiк, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтiк әкiмдiктер құрылмайды.
Жергiлiктi атқарушы органды Республика Президентi мен Үкiметiнiң ӛкiлi болып табылатын тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бӛлiнiстiң әкiмi басқарады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін қызметке тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарының келісімімен Республика Президенті тағайындайды. Ӛзге әкімшілік-аумақтық бӛліністердің әкімдері қызметке Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен тағайындалады немесе сайланады. Республика Президенті ӛзінің ұйғаруы бойынша әкімдерді қызметтерінен босатуға хақылы. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің ӛкілеттігі жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен кезде тоқтатылады. Әкiмияттар Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттiк, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтiк құрылмайды.
Мәслихаттар ӛз құзыретiндегi мәселелер бойынша шешiмдер, ал әкiмдер - тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бӛлiнiстiң аумағында орындалуға мiндеттi шешiмдер мен ӛкiмдер қабылдайды.
Мәслихаттардың жергiлiктi бюджет кiрiсiн қысқартуды немесе жергiлiктi бюджет шығысын ұлғайтуды кӛздейтiн шешiмдерiнiң жобалары әкiмнiң оң қорытындысы болған кезде ғана қарауға енгiзiлуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес келмейтiн мәслихат шешiмдерiнiң күшi сот тәртiбiмен жойылуы мүмкiн.
Әкiмдердiң шешiмдерi мен ӛкiмдерiнiң күшiн тиiсiнше Қазақстан Республикасының Президентi, Үкiметi не жоғары тұрған әкiм жоюы мүмкiн, сондай-ақ олардың күшi сот тәртiбiмен жойылуы мүмкiн.
