Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алишер Нұрбке Курстық Жұмыс.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

    1. Компоненттер жинағы

Компоненттер жинағы – Delphi-дің негізгі байлығы. Ол негізгі терезенің оң жағында орналасып, қажетті компонентті тез табуға арналған белгілерден тұрады (6-сурет).

6-сурет-Компоненттер жинағының терезесі

Компонент деп белгілі бір қасиеттерге иемденген және форма терезесінде кез келген объекті орналастыру мүмкіндігін туғызатын функционалды элементті атайды. Delphi ортасының компоненттері 19 топқа бөлінген, ол топтарды парақтар деп атайды. Компоненттер көмегімен бағдарламаның негізгі қаңқасы құрылады (терезелер, батырмалар, таңдау тізімдері және т.с.с).

7-сурет-Компоненттер терезелер

ҚР 1304000 КЖ

Өзг.

Бет

Құжат№

Қолы

Күні

Бет

Батырмалар тақташасы сияқты компоненттер палитрасын икемдеуге болады. Ол үшін Компоненттер палитрасына кіретін кез келген пиктограмманы тышқан тетігінің оң батырмасымен сырт еткізіп, арнайы редакторды іске қосыңыз. Ашылған менюдегі Properties (қасиеттері) пунктін таңдағанда 7-суреттегі оң жақ терезесі шығады.

Мысалы, 6-суретте көрінбейтін компоненттер арасындағы Dialogs парағын алға жылжытайық. Бұл парақта жиі қолданылатын компоненттер орналасады. Ол үшін 7-суретте келтірілген терезеде Dialogs пунктін тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, Dialogs пунктін Data Access пунктінің орнына қойыңыз.

    1. Форма құрастырушысының терезесі

Форма құрастырушысының немесе форманың терезесі - болашақ бағдарламаның Windows терезесінің жобасы. Алдымен бұл терезе бос болады, дәл айтсақ жүйелі менюді шақыру, терезені үлкейту, кішірейту, жабу батырмаларынан, тақырып қатарынан және қоршаған шегінен – Windows-тің стандартты интерфейстік элементтерінен тұрады. Бұл терезенің жұмыс аумағы координаттық тордың нүктелерімен реттелген.

Бағдарламалаудағы айтарлықтай уақыт Lego конструкторының детальдарымен атқарылатын жұмыс сияқты компоненттер жинағынан қажетті компонентті таңдап, форманың терезесінде орналастыруға болады. Сөйтіп, форма терезесінде қажетті компоненттер бірінен соң бірі орналастырылады.

Бұл ерекшелік – визуалды (көзбен шолу) бағдарламалаудың негізі. Бағдарламалаушы әр мезгілде құрылатын бағдарламаның терезесін бақылап отырып, қажетті өзгерістерді кез келген мезетте енгізу мүмкіндігімен қамтылады.

    1. Объектілер бақылаушысының терезесі

Формадағы орналасқан әр компонент өзінің орын-жайымен, мөлшерімен, түсімен т.с.с. анықталады. Форманы құрастыру File => New => Form опциялары арқылы орындалады. Шығып тұрған бос формаға бір компонентті, мысалы Standard парағының Button батырмасын, орналастыру үшін Компоненттер жинағындағы Standard бетбелгісін сырт еткізіп, парақты екпінді күйге келтіріңіз.

Button батырмасының кескінін ажырату үшін тышқанды баспай тұрып парақта орналасқан белгілердің үстінен жылжытып көріңіз. Осы сәтте компоненттердің аты шығып тұрады.

ҚР 1304000 КЖ

Өзг.

Бет

Құжат№

Қолы

Күні

Бет

Қажетті компонентті сырт еткізіп белгілеңіз. Енді тышқанды форма аумағының кез келген жеріне сырт еткізсеңіз, форманың бетінде Button 1 элементі пайда болады.

Компоненттің формадағы орын-жайын, мөлшерін форма терезесінде бірден өзгертуге болады, ол үшін компонентті тышқанның сол жақ батырмасымен белгілеңіз (кішігірім төрт бұрыштылар пайда болады). Енді белгіленген компонентті тышқанның сол жақ батырмасымен басып тұрып, форма аумағының кез келген жеріне жылжытуға болады. Мөлшерін өзгерту үшін тышқанды элементті қоршап тұрған кез келген төрт бұрышқа орналастырсаңыз, пайда болған қос бағытты тілсызықты тышқанның басылған сол жақ батырмасымен жылжытыңыз. Компонентті жою үшін оны белгілеп, Delete пернесін басса жеткілікті.

Компоненттің басқа параметрлерін өзгерту әрекеттері Объектілер бақылаушысы арқылы немесе бағдарламаның денесінде орындалады.

8-сурет-Формаға Button батырмасын орналастыру

Объектілер бақылаушысының терезесі екі парақтан құрылады: Properties- қасиеттері және Events- оқиғалары. Properties парағы арқылы компоненттің қасиеттері – параметрлері анықталады, ал Events парағы арқылы компонентті әр түрлі оқиғаларға сәйкес сезіндіруді анықтайды.

8-суретіндегі Form1 терезесінде орналасқан Button1 батырмасы – компонент, оқиға – осы батырманы басу, ал оқиғаға сезіндіру – осы батырма басылғанда, қандай амалдар орындалады – соны анықтауды қажет етеді.

ҚР 1304000 КЖ

Өзг.

Бет

Құжат№

Қолы

Күні

Бет

Объектілер бақылаушысы екі бағанадан құралған кесте: сол жақ бағанасында параметрдің немесе оқиғаның атауы, ал оң жақта – параметрдің мәні немесе оқиғаны өңдейтін ішкі бағдарламаның атауы орналасады.

Кестенің кез келген жолын тышқанды сырт еткізу арқылы таңдауға болады. Бұл жолдағы параметр қарапайым немесе күрделі болуы мүмкін. Қарапайымдарға бір мәнімен анықталатын – сан, символдар жолы, True немесе False мәндерін қабылдай алатын және т.с.с. компоненттің қасиеттері жатады. Мысалы, Caption (тақырыбы) қасиеті бір символдар жолымен, Enabled (қол жетерлік)-True немесе False мәндерімен, ал Heigh (биіктігі) және Width (ұзындығы) нақты бір сандық шамалармен анықталады.

Компоненттің күрделі қасиеттер құрамына бірнеше мәндер тізімі кіреді. Олардың сол жағында “+” белгі тұрады, мысалы

Осы тізімді ашу үшін “+” белгісін тышқанмен сырт еткізсе жеткілікті. Тізімді жабу амалы қасиеттің “-” белгісін басқанда орындалады.

Жолдың оң бағанасын сырт еткізу арқылы қасиеттің мәнін шығаруға болады, кейде шыққан көрініс келесі түрлерде де болуы мүмкін:

9-сурет-Компоненттердің құрама қасиеттері

Суретттегі біріші көріністегі “...” белгісін қасиеттің мәнін анықтауға мүмкіндік туғызатын сұқбаттасу терезесі шығады. белгісін екінші көріністің басқанда қарапайым қасиеттің болуы мүмкін мәндерінің тізімі ашылады.

Объектілер бақылаушы терезесінің жоғарғы жағында форманың атауы және формадағы орналасқан барлық компоненттер және оларға қолданылған оқиғалар тізімі орналасып тұрады (10-cурет).

ҚР 1304000 КЖ

Өзг.

Бет

Құжат№

Қолы

Күні

Бет