- •Қазақстандағы туризмнің дамуы
- •3. Қазақстанның тартымды туристік имиджін нормалау
- •2012 Жылдың 9 айында:
- •2.Туристік бизнесте бухгалтерлік есептің ұйымдастырылу ерекшеліктері.
- •4. Турөнімнің өзіндік құн калькуляциясы ж/е шығындар есебі
- •7. Туроператор және турагент қызметіндегі негізгі айырмашылық
- •8. Туроператорлар қызметі есебі
- •9) Турагент қызметі есебі
- •11. Туристік ұйым атқаратын негізгі функциялары
- •10) Туризм қызметіндегі делдал есебі
- •13. Туризмдегі басқа қызмет есебі.
- •14. Шығатын туризм бойынша құжаттарды рәсімдеу есебі.
- •15. Туристерді сақтандыру есебі.
- •16. Туристік ұйымдарда салық есебін ұйымдастыру.
- •17. Туристік ұйымдардың қосылған құн салығы есебі.
- •18.Туристік ұйымдардың корпоративтік салығы есебі.
- •20. Ақша қаражаттары және валюталық операциялар есебі.
- •21. Тур ұйымдардағы қаржы нәтижесі есебі
- •22. Касса және касса операциялары есебі
- •23. Валюталық операциялар есебі.
- •24. Курстық айырма есебі.
- •25. Қонақ үй бизнес есебінің ұйымдастырылуы.
- •26. Әр түрлі категориядағы номерлердің өзіндік құнының калькуляциясы.
- •27. Қонақүй қызметі шығындары есебі.
- •28. Қонақүй қызметін сатудан түскен кірістер есебі.
- •29. Қонақ үй кәсіпорынының бизнесінің қаржы нәтижесі есебі.
- •30. Қонақ үй қызметіне салық салу.
3. Қазақстанның тартымды туристік имиджін нормалау
Әлемдік туристік рыноктағы Қазақстанның тартымды туристік имиджін қалыптастыру мақсатында Қазақстанның туристік әлеуетін ілгерілетудің мақсатында Бағдарламасы жасалды. Онда халықаралық туристік форумдарға қатысу, көрме, жәрмеңке өткізу, әлемнің жетекші телеарналарында жарнамалық бейнероликтерді орналастыру және беру, сонымен қатар шетелдік БАҚ өкілдеріне инфотурлар өткізу және жарнамалық-ақпараттық өнім шығаруды қарастырылған.
2012 Жылдың 9 айында:
Сырттан келу туризмі 4 млн. 219 600 адамды құрады;
Сыртқа шығу 6 млн. 732 700 адамды құрады
2.Туристік бизнесте бухгалтерлік есептің ұйымдастырылу ерекшеліктері.
Туристік бизнесте бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен, 2001 жылғы 13 маусымдағы №211-II Қазақстан Республикасының «ҚР туристік қызметі туралы» заңымен (2002 жылғы 22 ақпандағы №296-II өзгертулерімен), Қазақстан Республикасының №234-III 2007 жылғы 28 ақпандағы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық тұрақтылық туралы» заңымен, 2007 жылғы 23 мамырдағы Үлгілі Шоттар жоспарымен, №2 ҚЕҰС реттемеленеді. Туристік компаниялардағы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің жүйесі «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептеме туралы» Заң мен қаржылық есептеменің ұлттық стандарттары орнатқан қағидалар мен сапалы сипаттамаларға сәйкес құрылады. Қағидалардың екі тобы анықталады: негізгі қағидалар (есептеу мен үздіксіз қызмет); ақпараттың сапалы сипаттамалары (түсініктілік, орындылық, сенімділік, салыстырымдылық). Қазіргі уақытта туризм – экономиканың перспективалы саласының бірі болып табылады. Тарихи-мәдени ескерткіштерді, табиғи ресурстармен тең қолдануда туризм тұрғындардың жұмысбастылық деңгейін көтеруге және тауар өнімін, қызмет көрсету өнімділігін жоғарлатуға ықпал етеді. ҚР Президентінің халыққа жолдауында экономиканың шикізат секторының дамуының қажеттілігін атап өтті. Есеп саясатын қалыптастыру кезінде туристік кәсіпорынның мүліктері мен міндеттемелері осы туристік кәсіпорынның иегерлерінің мүліктері мен міндеттемелерінен оқшауландырылуы; туристік кәсіпорын өзінің қызметін болашақта жалғастыруы және оның өз қызметін тоқтатуға немесе қысқартуға ойы жоқ, сондай-ақ міндеттері бекітілген тәртіпте өтелуі; есеп саясаты ұзақ мерзімге (бір қаржы жылынан көп) қалыптастырылуы және бір есеп жылынан басқа есеп жылында қолданылуы; бухгалтерлік есепте шаруашылық қызметтеріндегі фактілер (шығыстары мен кірістері), сол есеп мерзімінде сәйкес көрсетілетілуіне және фактілерге байланысты ақша қаражаттарының нақты түсу мерзімінде тәуелсіз бухгалтерлік есепте көрсетілетін «ақша есептеу» принципін сақтауы қарастырылады.
Туристік кәсіпорындардың есеп саясаты – бұл олардың негіздері мен принциптеріне сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есеп беруді айқындау үшін туристік кәсіпорындардың басшылары қолданатын тәсіл-амалдарының жиыны. Туристік кәсіпорындардың шаруашылық операцияларын, активтерін, меншік капиталын, міндеттемелерін, қаржы нәтижелерін көрсететін альтернативті әдістерін қолдануға мүмкіндік беретін бухгалтерлік есеп стандарттары есеп саясатының негізі мен базасы болып табылады. Туристік кәсіпорындардың көрсететін қызметтерінің жағдайларынан шығатын және бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржы есебін көрсету үшін негіз ретінде қабылданатын әрбір стандарт ұсынатын әдістердің бірін таңдаумен есеп саясаты қалыптастырылады. Туристік фирмаларда бухгалтерлік есеп шаруашылық есеп жұмысының көлеміне байланысты іске асырылады:
— бас бухгалтердің басшылығымен жеке құрылымдық бөлімшесі ретінде
бухгалтериямен;
— не туристік кәсіпорын штатына енгізілген, не еңбек келісім шарты бойынша
жұмысқа қабылданған бас бухгалтермен;
— арнайландырылған ұйымдармен, аудиторлық компаниялармен;
— тікелей туристік кәсіпорын басшысымен.
Туристік кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері арасында өзара байланысты қамтамасыз ететін, еңбекті ұйымдастыруда ғылыми жетістіктерді пайдаланатын, барынша қарапайым және жинақы болатын, бақылау мен басқару үшін әкімшілік басқаруды ақпараттармен қамтамасыз ететін, ақпаратты сырттан пайдаланушыларға сенімді бухгалтерлік есеп беретін бухгалтерия аппаратының құрылымы турөнім өндірісінің технологиясымен және арнайы ұйымдастыру ерекшеліктерімен құрылуы керек.
3. Турөнімнің өзіндік құнын қалыптастырушы шығындар есебі Туристік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп маңызды бөлігі туристік өнімді рәсімдеуге ж/е оның өзіндік құнын анықтауға жұмсалған шығындарды есепке алу болып табылады. Калькуляциялық баптар б/ша туристік өнімнің өзіндік құнын қалыптастыруға шыққан шығындардың, олардың неге жұмсалғанын анықтау, сонымен қатар шығындарды бақылауды ұйымдастыру, жалпы туристік ұйымдастыру ж/е олардың жекелеген бөлімшелерінің де шаруашылық қызметтерінің сапалы көрсеткіштерін анықтауға, өндіріс шығындарын азайтуға қай уақытта, қандай жолдарын іздестіру керек екенін белгілеуге мүмкіндік береді. Туристік өнімнің өндірістік шығындар құрамына келесідей топтарды енгізу ұсынылады:
Туристік өнімді қалыптастыру мақсатында туристік қызметпен айналысуға құқық алуға байланысты жұмсалған шығындар;
Туристік ұйымдағы қызметкерлердің әрекетіне б/ты шығындар, яғни еңбекақы шығындары;
Туристік өнімді қалыптастыруға б/ты шығындар;
Үстеме шығындар.
Туристік өнімдерді қалыптастыру б/ша шығындар есебі кәсіпорын есебін ұйымдастырудың әдеттегі схемасы б/ша жүргізіледі. Ал, туристік өнімдердің өзіндік құнын қалыптастыру б/ша шығындар есебін 8110 шот негізінде жүргізуге болады. Өзге ұйымдардың көрсетілген қызметтер есебі 8110 шот дебеті, 3310 шотының кредиті б/ша жүргізіледі.
Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің көрсеткен қызметін есепке алған жағдайда:
ДТ 8111 КТ 8310( қосымша), 8410 (үстеме шығын)
Турөнімді қалыптастыруға б/ты қызметкерлерге еңбекақы есептелген жағдайда
ДТ 8112 КТ 3350
Әлеуметтік салық есептелгенде:
ДТ 8113 КТ 3150
Өндірістік шығындарды түрлері б/ша жабу:
ДТ 8110 КТ 8310, 8410
ДТ 7010 КТ 8110
ДТ 5610 КТ 7010
Турөнімнің жеке түрлері б/ша өзіндік құн топтастырылады және калькуляция баптары б/ша есептеледі.Кәсіпорындарда жоспарлау, өнімнің өзіндік құн есебі мен калькуляциялау негізгі жағдайларына калькуляция баптары б/ша шығындарды типтік топтастыру бекітілген:
1)Шикізат мен материалдар; 2)Қайтарылған қалдықтар; 3)Өзге ұйымдар мен кәсіпорындар көрсеткен қызметтер мен сатып алынған бұйымдар, жартылай фабрикаттар; 4)Технологиялық мақсаттар үшін отын мен энергия; 5)Қызметкерлердің еңбекақысы; 6)Әлеуметтік қажеттіліктер үшін аударымдар; 7)Өндірістік дайындық пен жүзеге асыру шығындары; 8)Жалпы өндірістік шығындар; 9)Жалпы шаруашылық шығындар; 10)Ақаудан болған жоғалтулар; 11)Басқа да өндірістік шығындар; 12)Коммерциялық шығындар.
