Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Геофизика ответы.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

50.Индукциялық каротаж әдісінің негізгі ерекшеліктері.

Индукциялық каротажды жүргізу кезінде тау жыныстарының меншікті электрлік өткізгіштігі өлшенеді. Ол үшін ұңғыма ішіне генераторы (Г) жəне өлшеуші (И) катушкалары бар аспап түсіріледі. Генератор мен өлшеуші катушкалар ара қашықтығы зонд ұзындығы деп аталады. Генераторлы катушкада өлшеу жүргізу кезінде айнымалы тоқ көмегімен айнымалы магнит өрісін белгілейді Фарадей заңына сəйкес, осы уақытта тау жыныстарында зондтың өлшеуші катушкасына тіркелетін электромагнитті құйынды тоқтар пайда болады. Ал, бұл құйынды тоқ жыныстарда қосымша магнит өpiciн тауып, ол бастапқы магнит өрісімен қосылып, қабылдаушы катушкада электр қозғаушы күш (ЭҚК) пайда болады. Бұл ЭҚК жыныстардың электрлік өткізгіштігіне, яғни меншікті кедергісіне тікелей пропорционал. Ұңғымадағы

аспапты қоршаған орта біртекті болмағандықтан, өлшенген электрлік өткізгіштік шама көрінерлік электрлік өткізгіштік болып есептеледі, яғни 1 мұндағы Кс - катушкадағы сигналдан меншікті электрлік өткізгіштікке көшу үшін пайдаланатын коэффициент. Көрінерлік меншікті электрлік өткізгіштік сименс/метр- мен өлшенеді (См/м). Сименс - кедергісі 1 Ом-м-ге тең өткізгіштің өткізгіштік қабілеті.__

51.Электрлік каротаждың бүйірлік әдіснің мақсаты: Электрлік каротаждың негізгі мақсаты - жыныстардың көрінерлік меншікті кедергілерін (МК) жəне табиғи потенциалдың (ТП) ұңғыма оқпаны бойымен өзгерісін зерттеу арқылы геологиялық қиманы ажырату. Электрлік каротаж екі түрлі əдіспен

жүргізіледі: кедергі əдісі (метод сопротивлений) жəне өздігінен пайда болатын электр өpici əдісі (метод самопроизвольно возникающего электрического поля). Кедергі əдісімен жүргізілетін каротаждың негізгі түрлері: əдеттегі (обычный) зондпен каротаж (фокусталмаған), бүйірлік жəне индукциялық каротаж, микрокаротаж. Ортаны (ρк) өлшеу көрсеткіші көрінерлік меншікті электрлік кедергі болып табылады жəне өлшем бірлігі - Ом*метр — (Ом*м). Ұңғыманы толтырып тұрған жуу сұйықтығы тоқ

өткізбейтін болса, онда электрлік каротаж жүргізілмейді.

52.Меншікті электрлік өткізгіштік дегеніміз не, олардың өлшем бірлігі? Көрінерлік кедергі әдісінің негізіне тау жыныстарының меншікті электрлік кедергісі арқылы оларды зерттеп, оларды бөлшектеу мүмкіндігі кіреді. Тау жынысының меншікті электрлік кедергісі олардың өз бойынан электр тогын өткізу қабілеттілігін сипаттайды. Егер тау жынысын куб деп алатын болсақ, онда оның электр тогын өткізу қабілеті S кесініне, S ауданына (м3) перпендикуляр бағытта өлшенген R (Ом) кедергіге пропорционал және L (м) ұзындыққа кері пропорционал. ρ=RS\L (Омм)

53.Теригенді қималарда өздігінен поляризацияланатын әдістердің шешетін мәселелері?

54.Н Гамма әдістердің диаграммасы бойынша қабат шекараларын анықтау.

55.Радиоактивтілік әдістердің көрсеткішіне қандай факторлар әсер етеді?

56.ННТ және НГМ әдістерінің айырмашылықтары?

57.Суға қанығуы әр түрлі ортадағы жылулық және жылу асты нейтрондардың таралуына судың хлорға қанығуы қалай әсер етеді?

58.Акустикалық әдістермен тау жыныстарының қандай қасиеттерін қарастырады? Акустикалық əдіс - ультрадыбыс (20кГц-2Мгц) жəне дыбыс (3-20кГц) диапазондарында ұңғымадағы серпімді толқындар өрістерінің параметрлерінің өзгерісіне негізделген. Мұндайда толқындық əдістер мүмкіншілігі толқындар ұзындығынан тəуелді, яғни тербелістер диапазонының жиілігіне. Акустикалық əдістерде басты толқындардың таралуы негізгі болады. Т а у жыныстардың акустикалық параметрлері олардың физико- механикалық қасиетіне, кеуектілігіне, кеуектілік кеңістігінің құрылысына жəне оның қанығу сипатына байланысты. Шегенделген ұңғымада тіркелген 48 акустикалық сигналдар шегенделген жағдайына жəне көбіне цемент –жыныс жəне цемент-құбыр байланыстарының сапасына байланысты.

Б ұ ла рдың бəрі акустикалық əдісті қолданумен мұнай-газды геофизикалық мəселелерді шешудің ауқымының кеңдігін білдіреді.