Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шаруашылык емтихан.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
212 Кб
Скачать
☆

3.Су ресурстарына антропогендік әсер. Улы заттардың зиянды әсері, оларды алдын алу және олармен күрес. Су ресурстарын қорғау.

Су айдындарының ластануын былайша топтайды:

биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар;

химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер;

физикалық ластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті заттар.

Су бассейнінің ластануының негізгі себептері - тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері:

тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар;

өнеркәсіп орындары;

ауыл шаруашылығын химияландыру:

халық шаруашылығының басқа да салалары.

Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді.

Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58%, минералдық заттар 42% тей болады. Өнеркәсіпте пайдаланылатын сулар мен синтетикалық жуатын заттармен сулардың ластануы өте қауіпті. Бұлар –химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кең етек алған. Мәселен, мақта мен күріш, жеміс- жидек, бау-бақша, теплица (жылы жай) зиянкестеріне қарсы бұрынғы Кеңес үкіметі кезеңінде өте көп химиялық заттар пайдаланылған Нәтижесінде, су ластанып, оның сапасы мен микрфлорасы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар зардап шеккен. өз кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары азық –түлікпен адам организмін кері әсерін тигізді.

Су объектлерін пайдалану және қорғаудағы нормалау мына жағдайларды қамтиды:

-су пайдалану лимиттерін белгілеу (сужұмсау және субөліп ағызу);

-су объектлерін пайдалану мен қорғау саласында нормативтер мен ережелер жасап, стандарттар қабылдау.

Ауыз суы су көзіне, өңдеу әдісіне, су құбыр жүйесінің конструктивті ерекшеліктеріне қарамастан гигиеналық талаптарға жауап беру керек. Олар: эпидемиологиялық және паразитарлық жағынан қауіпсіз, химиялық құралы жағынан зиянсыз және жағымды органолептикалық қасиеттері болуы керек

4.Гидросфераның негізгі компоненттерінің негізгі көрсеткіштері. Су адамның тіршілік ортасының биологиялық, физикалық және химиялық факторлары ретінде.

Гидросфера - біздің планетамыздың аса маңызды құрам бөліетерінің бірі. Гидросфераға күн энергиясы мен гравитациялық күштер әсерінен қозғалысқа түсетін және бір күйден екінші күйге өте алатын барлық су түрлері жатады

Гидросферадағы өздігінен тазару процесі заттардың айналымымен байланысты. Бұл процесс табиғи суларда оларда тіршілік ететін тірі организмдердің тіршілік іс-әрекеттері нәтижесінде жүзеге асады. Сондықтан табиғатты қорғаудың аса маңызды міндеттерінің бірі табиғи сулардың осы қасиетін сақтап қалуға барынша мүмкіндік жасау. Әрбір су көзі түрлі тірі организмдер, сол ортада тән арнайы организмдер, өсімдіктер, микроорганизмдер тіршілік ететін, олар үнемі көбейіп, өліп отыратын тірі, күрделі экожүйе. Егер су көзіне бактериялар, не химиялық қосылыстар түсетін болса, онда өздігінен тазару процесі тез жүріп, су өзінің бастапқы таза күйіне қайта келеді. Өздігінен тазару процесіне әсерететін факторлар түрліше. Оларды шартты түрде зүшке бөлуге болады: физикалық, химиялық және биологиялық. Судың өздігінен тазару процесіне әсер ететін физикалық факторлардың ішінде ластаушы заттардың сұйылуы, еруі және араласуы негізгі роль атқарады. Өзен суының интенсивтігі ағысы судағы ластаушы заттардың төмендемеуіне себеп болады. Судағы ерімейтін тұнбалардың су түбіне шөгуі ластанған судың өздігінен тазаруына жағдай жасайды. Миктроорганизмдер өз салмақтарымен, немесе судағы органикалық және органикалық емес заттарға қосылып, олармен бірге су түбіне шөгеді. Судың өздігінен тазаруына әсер ететін аса маңызды физикалық фактор Күннің ультракүлгін сәулесі. Бұл сәулелердің әсерінен су зарарсызданады. Ультракүлгін сәулелер белокты коллоидтарды және микроб клеткалары протоплазмаларының ферменттерін жойып жібереді.