Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarikh_shpor.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

165. Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан халқына Жолдауы.

Егеменді еліміздің тарихында 2007 алтын әріппен жазылып қалған жыл. Мағыналы, мазмұнды жыл болды. Әрине, 1991 жылдан бастап бүгінгі мерейлі 2011 жылға дейінгі жиырма жылдың қай-қайсысын жекелеп алсақ, әрқайсысының өз салмағы, өз өлшемі, мән-мағынасы бар. Жеңіл жылдар болған жоқ. Тәуелсіздіктің әр жылының осалы болмағанын біздің ұрпақ жақсы біледі. Қауіп-қатерлі жылдарды басымыздан өткеріп, бүгінгі күнге жетіп, Қазақ елі атанып отыр­мыз. 2007 жылы біз шын мәніндегі Қазақ еліне айналдық. Қазақ менталитетіне жақын ұғым «ел» дегеннің мазмұны кеңес заманда қалыптасқан, «қоғам» дегенге жақын келеді. Ел деген – қоғам болу деген сөз. Ескі кеңестік қоғамды қиратқан соң, қоғам құра алмай, бұрын естіп, көріп білмеген қиыншылықтарға түскен қазақ халқы 2007 жылы өзінің жаңа тұрпатты қоғам болғанын анық көрсетті.

Елбасы Жолдауда мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты өрісіндегі өзекті алты басымдық бойынша отыз бағытты саралап берді. Бұл келелі мәселелерді жүзеге асыруды Елбасы Премьер-Министр Кәрім Мәсімов бастаған жаңа Үкіметке жүктеді. Үкіметтің ауысуы да табиғи жағдай еді. Елбасы әр Үкіметке өзіне тиісті жүктеме қойып, ол орындалған соң жаңа келесі Үкімет алдына тың мәселелер жүйесін қоюмен келеді. Осы жолы да солай болды. Мәселе, Үкіметтің кемшілігінде емес, оның алдына қойылатын стратегиялық міндеттерге қатысты болатын. Президент Жарлығымен Аслан Мусин Премьер-Министрдің орынбасары – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі етіп тағайындалды. Осы жылғы жаңалық деуге болатын жағдай Үкіметтің жаңа құрамын анықтауда бұл мемлекеттік маңызды іске «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы басшылығына және оның Парламенттегі фракциялық кеңесіне жүктелді.

Жолдаудағы идеялар, негізгі бағыттар басылым беттерінде жан-жақты насихатталып талқыға түсе бастады. Осы орайда Елбасының сәуір және мамыр айларында өзінің Жолдауына қатысты бірнеше маңызды шаралар өткізгенін айтқан жөн, әсіресе, «Қазақстанның бірлескен отыз көшбасшысы» бағдарламасы ел экономикасын модернизациялауда шешуші мәнге ие болды. Осы мақсатқа орай Елбасы Үкімет пен бизнес құрылымдарының бірге атқаратын тиімді жұмыс­тарын нақтылай келе, Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына өтуін міндет етіп қойды. Бәсекеге қабілеттілік – мемлекеттің өміршеңдігі деген мағына беретін түсінік. Бәсекеге қабілетті тек құрылымдар, холдингтер, басқа да даму институттары ғана емес, бәсекеге қабілеттілік әр кәсіпкердің іс-қимылынан айқын­далмақ. Бәсекеге қабілетсіздік өнімнің сапасын мүлдем төмендететін жағдай екені, сонау кеңестік кезеңнен белгілі жәйт. Бәсекеге қабілеттілік тек ынта емес, ол жаңа технологияны меңгеріп, онымен жұмыс істеп, сапалы өнім, яғни тауар өндіре білу. Бәсекеге қабілеттілік үшін іскерлік қажет. Ол өздігінен аспаннан түсетін жағдай емес, ол халыққа білім беру ісімен табиғи үндестікте. Бізге бәсекеге қабілетті білімдер жүйесі керек. Бұл білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеру ісі екенін Елбасы Жолдауда нақтылап айтты.

Жолдауда әлеуметтік мәселелер, әсіресе, бюджет саласындағы қызметкерлерге, зейнеткерлерге, студент шәкіртақысына үстемелер қосу мәселесі нақты шешімін тапты.

2007 жыл өзінің саяси қуатымен тарихқа енді. Ол осы жылы Конституцияға енгізілген түзетулерден айқын көрінді. Елбасы 16 мамырда Парламент палата­ларының бірлескен мәжілісінде былай дегені есімде: «Бүгін – қазақстандық демократияның тарихи күні. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң сіздердің алдарыңызда. Бұл құжат – саяси реформалардың жалпы­ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша атқарылған кең көлемді жұмыстардың, еліміздің құқықтық кеңістігіндегі терең өзгерістердің қисынды қорытындысы. Мен, республикамыз президенттік болып қала тұра, Парламенттің өкілеттілігі айтарлықтай кеңейгенін діттейтін конституциялық өзгерістер жолымен жүруді ұсынамын. Бұл біздің республиканың президенттіктен президенттік-парламенттік үлгіге көшкенін білдіреді». Президент неге мұндай қадамға барды, себебі, Қазақ мемлекеті, Қазақ елі толыса келе, енді көптеген істерді қоғам иығына артуға болады деген тұжырымға келді. Бұл – батыл әрі дер кезіндегі шешім. Сөйтіп, қоғам өзін өзі басқаруға көше бастағанда, әрине, саяси партиялардың рөлі туралы сөз болуы қажет еді. Сонымен, қоғам және партия деген жаңа саяси тіркес тұрақты мәнге ие болды. Бұл Қазақ еліндегі басталған жаңа мағынадағы саяси модернизация болатын. Сондықтан, бұл жыл еліміз үшін саяси бетбұрыс жылы болды дейміз.

Әр жылдың өз болмысы, философиясы бар. 2007 Қазақ елі тарихының айтулы жылы болды. Болған іс, оқиғалар тарих еншісіне айналды. Бірақ сол жылы қызмет жасап, ғұмыр кешкен біздің сана-сезімімізде 2007 жыл өзінің ізгілік қуатын сақтап қала береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]