Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
inform_2_blok_Aya.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
88 Кб
Скачать
☆

20. Коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты құруды, тапсыруды, алуды және қолдануды құқықтық реттеу

Коммерциялық құпия - жариялау олардың мүдделеріне зиянын тигізетін фирма, кәсіпорын қызметі туралы мәлімет. Нарықта операция жасайтын фирмалар, өзінің өндірістік, қаржылық, сауда және басқа қызмет түрлерінің кейбір аспектілерін құпияландыруға құқығы бар.

Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi құқық иесiнiң рұқсатынсыз пайдалану коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты құқыққа сыйымсыз пайдалану болып табылады.

Құпия ақпарат (Конфиденциальная информация; sensitive information) — құқықтық режімін меншік иесі коммерциялық, кәсіптік (өнеркөсіптік) құпия, мемлекетгік қызмет жайындағы және басқа заңнамалық кесімдер негізінде тағайындайтын қызметтік, кәсіптік, өнеркәсіптік, коммерциялық және т.б. ақпарат қорғауды талап ететін ақпарат; қорғауды қажет ететін ақпарат.

Құпия ақпаратты қорғау жүиесі (Система защиты секретной информации; secret informarion security system) — автоматтандырылған жүйелердегі ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыздандыруға арналған ұйымдастырушылық шаралар мен программалық-техникалық (соның ішінде, криптографиялық) Құралдар кешені.

21. Коммерциялық құпия режимін анықтау. Ақпаратты коммерциялық құпия қатарына жатқызу.

Өндірістік құпияны басқа айналым қатысушыларынан сақтау шығармашылық нәтиженің қорғаудың ең басты және ежелгі нысандарының бірі болып табылады. Бірақ өндірістік меншік объектілермен байланысты құқықтық реттеу әрекеттері соңғы жүз жылдықта заңшығарушы бәсекені бұзуға қарсы күрес жүзгізуді бастағаннан кейін ғана пайда болды. Қазақстанда 70 жылға жуық әкімшіліқ-жоспарлы экономиканың әрекет етуіне байланысты құқықтық реттеудің мұнадй түрі болмаған. Өндірістік құпияны сақтау ең алғаш рет 04.06.1990 жылы «КСРО-ң кәсіпорындары туралы» КСРО заңының негізінде пайда болды. Аталған заңның 33-бабына сәйкес Коммерциялық құпия дегеніміз - өндіріспен, технологиялық ақпаратпен, басқарумен, зиян тигізуі мүмкін өнеркәсіптің қаржы және басқа мәліметтерді тарату әрекеттерімен байланысты мемлекеттік құпия болып табылмайтын құпияны айтамыз. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес коммерциялық құпия – бұл Үшiншi жаққа белгiсiз болуына байланысты ақпараттың нақты немесе потенциалды коммерциялық құны болып, онымен заңды негiзде еркiн танысуға болмайтын және ақпаратты иеленушi оның құпиялылығын сақтауға шара қолданатын ретте, қызметтiк немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат болып табылады.(АК-ң126б1т.) Мұндай ақпаратты заңсыз әдiстермен алған адамдар сондай-ақ еңбек шартына қарамастан қызметшiлер немесе азаматтық-құқықтық шартқа қарамастан контрагенттер қызметтiк немесе коммерциялық құпияны жария етсе, келтiрiлген залалдың орнын толтыруға мiндеттi. Интеллектуалдық меншікке тиесілі барлық белгілерге сәйкес оның объектісі бола отырып, коммерциялық құпияның өзіне қатысты ерекшеліктері бар. Қазақстан Республикасының заңнамасы көптеген мемлекеттердің заңнамалары сияқты коммерциялық құпияға келесі үш талаптықояды. Біріншіден, ақпараттың үшінші тұлға білмейтін нақты немесе потенциалды құпиясы болуы керек. Екіншіден, заңның негізінде коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа ешкімнің де қолы жетпеуі керек. Егер тиісті ақпаратқа заңның негізінде мүдделі адамның қолы жетсе, мысалы, ашық мәліметтерді зерттеу жолымен, шығарылатын өнімнің үлгісін анализдеу, баспалармен танысу және т.б. мұндай ақпарат коммерциялық құпия болып танылмайды. Үшіншіден, ақпарат коммерциялық құпия болып саналуы үшін оның иесі құпияны қорғауға тиісті шараларын жүргізуі керек. Бұл техникалық шаралар, ұйымдық және заңдық сипатқа ие үшінші тұлғадан ақпаратты қорғайтын әр түрлі шаралар болуы мүмкін. «Коммерциялық құпия» терминімен қатар заңдарда және тәжірибеде «өндірістің құпиялары», «ноу-хау», «сауда құпиялары», «конфиденциальды ақпарат» сияқты терминдер кең таралған. Аталған терминдерінің әрбіреуінің өзіне тән ерекшеліктеріне және белгілі бір жағдайда қолданатынына қарамастан, олардың барлығы бір атауға ие болып Азаматтық Кодексте «қызметтік және коммерциялық құпия» деп бекітілген. Коммерциялық құпияның арнайы бір белгісі ретінде оның қорғалуының мерзімі көрсетілмеген. Коммерциялық құпия иесінің ақпаратқа монополиенің сақталғанша қорғалады. Қорғаудың мұндай түрі кәсіпкерлік қызметпен айналысатын адамдарға патенттік қорғау қамтамасыз етпеген кезде өте қолайлы. ҚР Азаматтық Кодексі ақпаратты заңсыз жолмен алудың қандай екенін нақты көрсетпейтіндіктен, аса қауіптілік туындамайды. Дүние жүзі бойынша мұндай тәсілдер болып шпионаж, коммерциялық құпияны білетін қызметкерден пара беріп сатып алу, ғимаратқа заңсыз кіру, байланыс құралдарын заңсыз тыңдау табылады. Жоғары аталған тәсілдерді қолданудың арқасында әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туындайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]