Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дамира 45-52.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
170 Кб
Скачать
☆

48. Посткеңестік кеңістіктегі саяси жанжалдар

Посткеңестік мемлекеттердің қазіргі заман тарихында қарулы қақтығыстарға алып келген жанжалдар да болып отырды. Шынында, бұл жанжалдар тарихи алғышарттарымен, әлеуметтік-мәдени, әлеу­мет­тік-экономикалық және қоғамдық қа­тынастардағы саяси саланың дамуында жүрген дағдарыстармен байланысты болды. Менің ойымша, аталған жанжал­дар­дың себебі мынада: Бірқатар елдердің болжамы жоқ саясаты. Ал аталған себеп белгілі жанжалдардың катализаторына айналды. Біз ТМД елдеріндегі болған «түрлі-түсті революцияларды» естен шығармауымыз қажет. Қаншама жылдар өтсе де, «түрлі-түсті революциялардан» кейін ешбір мемлекетте әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйеде түбегейлі, әрі сапалы өзгерістер болмады. Сонымен қатар, бұл елдерде қа­лыптасқан саяси жағдайлардың ерекшеліктерінің бірі – билік үшін күрес «жаңадан» қалыптасқан элиталар арасында жү­руде, бұл өз кезегінде, олардың мақсаттары мен мүдделерінің қарама-қайшылығы, олардың арасында базалық келісімнің болмауы мен қоғам алдында тұрған мәселелердің тереңдігін көру мүмкіндігінің жоқтығы туралы айтуға мүмкіндік береді. – Бұл орайда нені назарда ұстаған жөн? – ТМД елдері саясатының басты мақ­саты ретінде мынаған мән бергендері жөн: даму тұрақтылығы, өзгерістерге бейімделу, мерзімі жеткен қатерлердің алдын алу. Сондықтан посткеңестік мемлекеттерге тұрақсыздыққа ықпал жасайтын түрлі факторларды азайту жолдарын қарастыратын саясат жүргізу керек. Мен, ең алдымен, жаһандық дағдарыс салдарына, Таяу және Орта Шығыстағы, Солтүстік пен Тропикалық Африкадағы әлеуметтік-сая­си, діни және өзге де қақтығыстарға, еуро аймағындағы дағдарысқа, Батыс пен Шы­ғыс арасындағы әлемдік экономикалық өзгерістерге, АҚШ және оның одақтастары арасындағы қарама-қайшылықтарға, екпінді жаһандық экологиялық дағдарысқа назар аударған жөн деп санаймын

49. Қазақстан – 2030 стратегиясының негізгі идеясы мен бағыттарына талдау жасаңыз

Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді: Ұлттық қауіпсіздік, Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы, Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу, Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі, Энергетикалық қорлар, Инфрақұрылым

Президенттің жолдауында бүкіл күш-жігерді осы бағыттарға жұмылдырудың, мүмкіндіктерді шоғырландырудың және үйлестірудің келелі идеялары айқын тұжырымдалған, басқару жүйесіндегі реформаларды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін түбірімен қайта қарау қажеттілігі атап көрсетілген. Бұл қысқа және ұзақ мерзімді негізгі бағыттарды іске асыру барысында, ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бостандығына кепілдік беруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға бағытталған бірден-бір бағдарламалық-стратег. ресми құжат болып табылады.

Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді. Реформалар стратегиясында экон. және саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын байланыста болатындығы ескерілген. Бәсекелестік қабілеті ашық та риясыз жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан әрі демократияландыру арқылы өтеді, ол, түптеп келгенде, сайлауды әділ өткізуге, саяси партиялардың, парламенттің рөлін, үкіметтің мүмкіндігін күшейтуге, сот жүйесін реформалауға, БАҚ-қа еркіндік беруге, әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейтуге саяды.