- •2.Диатомды балдырлар (диатомовые водоросли) – Diatomophyta.
- •3.Pheophyta–Қоңыр балдырлар бөліміне жалпы сипаттама беріңіз. Классификациясы. Көбеюі. Құрылысы.
- •4. Эвгленалы, динофиттер балдырлар бөлімінің жалпы сипаттамасы. Өкілдері. Классификациясы. Көбеюі. Құрылысы.
- •5.Хризофиттер,ксантофиттер балдырлар .Жалпы сипаттама.
- •6. Қызыл балдырлар бөлімі (Красные водоросли) - Rhodophyta.. Классификациясы. Көбеюі. Құрылысы.
- •7. Б а л д ы р л а р (в о д о р о с л и) – a l g a e. Жасыл балдырлар бөлімі (Зеленые водоросли) - Chlorophyta.
- •8. Вольвоксты балдырлар класы (Вольвоксовые) –Volvocophyceae.
- •11. Ulothrichophyceae кл.–Улотриксті балдырлар класы. Көбеюі. Таралуы.
- •9. Хара балдырлар бөлімі. Классификациясы. Классификациясы. Көбеюі. Құрылысы.
- •10. Балдырлардың жалпы сипаттамасы. Цитологиясы, физиологиясы, биохимиясы
- •12. Экологиялық балдырлар топтары. Мысалдар.
- •13. Mycota бөлімі. Жалпы сипаттамасы. Экологиялық топтары.
- •14. Саңырауқұлақтар бөлімі. Классификациясы. Көбеюі, қоректенуі.
- •15.Chytriodiomycota бөлімінің жалпы сипаттамасы. Морфологиясы. Систематикасы. Экология
- •16.Oomycota бөлімінің жалпы сипаттамасы. Морфологиясы. Систематикасы. Экология
- •17.Қалталы саңырауқұлақтар немесе аскомицеттер класы (Сумчатые грибы или аскомицеты) – Ascomycetes.
- •18.Базидиомицеттер класы (Базидиомицеты) – Basіdіomycetes
- •19.Deuteromycota-Жетілмеген саңырауқұлақтар бөлімі.Практикалық маңызы.
- •20. Саңырауқұлақтардың экологиялық топтары. Мысалдар
- •21. Bryophyta – Мүк тәрізділер бөлімі. Жалпы сипаттамасы. Классификациясы. Таралуы.
- •23.Бауыр мүктер класы (печеночные мхи) – Hepatіcopsіda.
- •24. Шымтезек мүктер кластармағы (сфагновые,или сфагниды)– Sphagnіdae.
- •25.Архегониялы жоғарғы сатыдағы өсімдіктер. Жалпы сипаттама.
- •26. Lycopodiophyta– Плаундар бөлімі. Жалпы сипаттама. Классификациясы. Құрылысы.
- •27.Equisetophyta – қырықбуындар тəрізділер бөлімі. Жалпы сипаттама.Классификациясы. Құрылысы.
- •28.Polypodiophyta –Папортник тəрізділер бөлімі. Жалпы сипаттама.
- •29.Ашық тұқымдылар, немесе қарағайлар бөлімі (голосеменные, или сосновые) - Gymnospermatophyta, Pіnophyta
- •30.Қос жарнақтылар, немесе магнолиопсидтер класы (Двухдольные или магнолиопсид) – Dіcotyledoneae, Magnolіopsіda.
- •31. Раушан гүлділер тұқымдасы. Жалпы сипаттама. Систематика, экология. Практикалық маңызы
- •32. Талдар, шамшаттар, қайындар тұқымдастары. Жалпы сипаттама. Систематика, экология. Практикалық маңызы.
- •33. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер–Cormobionta. Жалпы сипаттама. 0Классификация, экология. Практикалық маңызы.
- •34. Магнолиялар, тұңғиықтар, бөріқарақаттар, сарғалдақтар тұқымдастары. Жалпы сипаттама. Магнолиялар тұқымдасы (магнолиевые)- Magnolіaceae
- •35. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің вегативтік жəне репродуктивтік органдары. Олардың қызметі.
- •36. Астрагүлділер тұқымдасы. Морфологиясы, экологиясы. Гүлдердің типтеры. Мысал келтіріңіз.
- •37.Алқалар, ерінгүлділер тұқымдастары. Морфологиясы, экологиясы. Гүлдері. Мысал келтіріңіз.
- •38. Қалақайлар, қалампырлар, алабұталар, тарандар тұқымдастары.
- •39. Көкнәрлер тұқымдасы (маковые) – Papaveraceae
- •40. Бұршақтар тұқымдасы (бобовые ,или мотыльковые) - Fabaceae, Papіlіonaceae
- •41. Балдырлардың талломының структуралық типтерінің (паренхиматозды, харофитты, пальмелоидты) жоба суреттін келтір. Мысал келтір.
- •42.Conjugatophyceae - Коньюгациялы балдырлар. Спирогираның құрылысы. Конъюгация. Жоба суреттерін белгілермен келтір.
- •43. Балдырлардың талломының структуралық типтерінің (амебоидты,
- •44.Осциляторияның сыртқы бейнесі. Жоба суретін белгілермен келтір.Трихомасының типін ата.
- •45.Анабенаның сыртқы бейнесі. Жоба суреттін келтір. Трихомасының типін ата.
- •46. Диатомды балдыр. Пиннулярияның жоба суретін белгілерімен келтір.
- •47. Қоңыр балдырлар бөлімі. Ламинария өсімдігінің даму циклінің схемасын түз.
- •48. Саңырауқұлақтар бөлімі. Заманауи классификациялық жүйенің сызбанұсқасын түзіңіз.
- •49. Холобазидимициттер класстармағы. Шампиньонның сыртқы бинесі, жоба суретін келтіріңіз.
- •50. Телебазидимициттер класстармағы. Тат саңырауқұлағының даму циклінің сызба нұсқасын келтіріңіз.
- •51. Euascomycetidae–Эуаскомицеттердің жемісті денесінің түрі. Жоба суретін белгілермен келтір. Мысал келтір.
- •52.Базидиомицеттер класы (Базидиомицеты) – Basіdіomycetes
- •53.Hepaticopsida –Бауыр мүктер класының негізгі өкілі–кəдімгі маршранцияның
- •54. Lycopodium clavatum –Шоқпарбас плаунның құрылысына тоқталыңыз.Көбеюі қалай жүреді.
- •55.Устица аппараты. Оның түрлері. Жоба суретін келтіріңіз.
- •56. Өткізгіш шоқтар. Шоқтардың түрлері. Жоба суретін келтіріңіз.
- •58. Кирказон өсімдігі сабағының анатомиялық құрылысының жоба суретін келтіріңіз.
- •59. Камелия жапырғының анатомиялық құрылысының жоба суретін келтіріңіз
- •60. Қарағай қылқанының құрылысы. Қабаттары. Жоба суретін келтіріңіз
34. Магнолиялар, тұңғиықтар, бөріқарақаттар, сарғалдақтар тұқымдастары. Жалпы сипаттама. Магнолиялар тұқымдасы (магнолиевые)- Magnolіaceae
Бұл тұқымдаста 200-ден аса түр бар (20туыс). Олардың көпшілігі жойылып кеткен өсімдіктер. Магнолиялар өткен геологиялық кезеңдерде кең таралған өсімдіктер болған, олар солтүстікте поляр шеңберіне жақын орналасқан елдерде, тіптен Щпицберген, Гренландия аралдарына таяу жерлерге дейін, ал оңтүстікте – Австралияға жеткен. Кейіндеу климаттың салқында- уына байланысты олардың ареалының солтүстік бөлігі
жойылған. Қазіргі кездегі түрлерінің ең көп таралған орталығына Қытайдың Оңтүстік-Шығысы, Индоқытай, Индияның Солтүстік- Шығысы жатады. Ксилемасының əртүрлі гистологиялық элементтері трахеидтерден жəне баспалдақты перфорациясы (тесіктері) бар қарапайым түтіктерден бастап, қарапайым перфорациясы бар маманданған түтіктерге дейін болады. Гүлдері үлкен, əдетте өсімдіктің сабағының жоғарғы жағында орналасады, гүл серігі қарапайым немесе қосарланған болып келеді жəне шеңбердің бойымен орналасады. Аталықтары мен аналықтары жеке-жеке тұрады, олардың сан мөлшері ерекше көп жəне спиральдың бойымен орналасады. Жемістерінің дəні көп жағдайда үлкен болады. Олар таптамалардың жиынтығынан (сборная листовка), сиректеу жаңғақшалардың жиынтығынан тұрады. Магнолия туысы (магнолия - Magnolіa). Бұл туыста 70-тей түр бар, олардың 20- дайы сəндік өсімдіктер ретінде мəдени жағдайда өсіріледі. Солтүстік Америкада (мəңгі жасыл түрлері) жəне Азияның Оңтүстік шығысында (жапырақты түрлері) кең таралған. Гүлінің формуласы:
* Ca3 Co¥ A¥G¥.
Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында табиғи жағдайда сібір магнолиясы (магнолия сибирская - M.obovata) деп аталынатын бір ғана түр өседі (курил аралдарында). Мəдени жағдайда ең көп отырғызылатын түріне үлкен гүлді магнолияны (магнолия крупноцветковая - M.grandіflora) жатқызуға болады. Ол Флоридадан шыққан мəңгі жасыл ағаш, гүлі үлкен, түсі балауыз (воска) тəрізді ақ жəне жағымды иісі болады. Магнолияның кесілген бөренелері əртүрлі бұйымдар жасауға қажетті аса құнды материал болып саналады.
Сарғалдақтар тұқымдасы (лютиковые)- Ranunculaceae
Бұл тұқымдаста 2 мыңдай түр бар (45 туыс). Олардың көпшілігі қоңыржай жəне салқын климатты аймақтарда кеңінен таралған өсімдіктер, кейбір түрлері тропикада өседі. Сарғалтақгүлділер көпжағдайда, əсіресе ылғалы мол шалғындарда жəне ормандарда өсімдіктер жабының негізгі компоненттерінің бірі. Негізгі өмірлік формасы – көпжылдық шөптесін өсімдіктер, олар тамырсабақ жəне түйнек түрінде жердің астында қыстап шығады, сиректеу кішігірім бұталар немесе лианалар. Жапырақтарының жапырақ серігі болмайды, олар қарапайым тілімделген немесе терең қалақша тəрізді тілімделген (лопастные) болып келеді, сабаққа кезектесіп немесе
қарама-қарсы орналасады. Гүлдері алуан түрлі - ациклді, гемициклді, циклді; актиноморфты жəне зигоморфты, гүл серігі қарапайым немесе қосарланған; гинецейі апокарпты немесе ценокарпты. Гүлдерінің алуантүрлілігі осы тұқымдасқа біріктірілген туыстардың, эволюциялық дамудың əртүрлі сатысында тұрғандығымен тікелей
байланысты. Сонымен бір туыстарының гүлдерінің құрылысы көпжемістілерге тəн қарапайым: гүл серігі қарапайым, гүлінің компоненттерінің саны өлшеусіз көп, спиральдың бойымен орналасқан, тəтті шырыны (нектарнигі) жоқ (сарғалтақ - Trollіus, желайдар - Anemone, қалтагүл - Caltha); екінші біреулерінің гүлдерінің құрылысында насекомдармен тозаңдануға бейімделуіне байланысты жоғарғы деңгейде маманданғандықтың белгілері байқалады. Мысалы, гүл тепкісі бар (шпорцелері), шөмішгүл (водосбор - Aquіlegіa, тегеурін гүл - живокость - Delphіnіum), гүл серігі зигоморфты (у қорғасын - борец - Aconіtum, тегеурінгүл - живокость - Delphіnіum), кейбір туыстары желмен тозаңдануға маманданған, шамасы екінші рет болса керек, - гүл серігі
редукцияға ұшыраған (маралоты-василистник- Thalіctrum). Сондықтанда, туыстарды анықтағанда гүлдің құрылысының белгілері маңызды роль атқарады. Жемістері көп жағдайда құрама – таптамалардың жиынтығынан (сборная листовка), жаңғақшалардың жиынтығы-нан немесе қарапайым жидектəрізді болып келеді. Сарғалдақгүлділердің бойында көп жағдайда улы алколоидтар болады, сондықтанда оларды мал жемейді. Пішенге орылатын шалғындарда жəне жайылымдарда олар қажет емес компоненттердің бірі болып табылады. Бұлар негізінен сəндік жəне дəрілік өсімдіктер.
Сарғалдақ туысы (лютик - Ranunculus) - 600-дей түрі бар. Бұлардың көпшілігі өте кең таралған жəне ылғалы мол жерлердің өсімдіктер жабынында, ылғалы мол жайылмаларда, батпақтарда жəне т.б. жерлерде доминант болып саналады. Сарғалдақтың түрлері барлық континенттерде кездеседі. Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында 180-дей, ал Қазақстанда 57 түрі бар. Олардың ішіндегі ең кең
таралғандары күйдіргі сарғалдақ (лютик едкий - R.acrіs) сарғылт сарғалдақ (лютик золотистый- R.aurіcomus), улы сарғалдақ (лютик ядовитый - R.sceleratus) жəне басқалар. Барлық түрлері негізінен көпжылдық шөптесін өсімдіктер, сиректеу біржылдық, барлық уақытта дерлік улы деп айтуға болады. Гүлінің формуласы:
* Ca 5 CO 5 A¥G¥.
