- •Егеменді еркін ел
- •Қазақстанжәнеоныңтабиғаты.
- •2.Сөйлесім. Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер жайында әңгімелеңіз /15 сөйлем/
- •2.Сөйлесім. Елбасы н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан 2050" стратегиясы /Пікір 10 сөйлем/
- •2.Сөйлесім. Дәмханада ұлттық тағамға тапсырыс беріңіз /Сұхбат 15 сөйлем/
- •2.Сөйлесім. 8 наурыз мерекесіне анаңызға сыйлық алғыңыз келеді. Сауда үйінде /сұхбат 15-20 сөйлем/
2.Сөйлесім. Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер жайында әңгімелеңіз /15 сөйлем/
Бала – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген.
Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ерекше назар аударып, «Беске келгенше балаңды хандай ұста, он беске дейін құлдай жұмса, он бестен кейін досыңдай көр» деп, баланың ой-өрісі даму кезеңін ерекше бағалаған. Отбасы үшін ежелден тән қасиетті балажандық, балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, үлкенді құрметтеу, туысқандық кең байланыс, көршілермен және ұлты басқа халықтармен достық, ізгілік қатынастар осының бәрі қазақ халқының тұрмыс қалпына байланысты болған.
Қазақ халқында бала тәрбиесіне байланысты көп салт-дәстүрлер бар оның біреуі құлақ тесу.
Құлақ тесу – дәстүрге енген ежелгі ғұрыптың бірі. Бойжеткеннің немесе балиғатқа толған қыздың (9 жас) құлағын тесу үшін қыздың шешесі, жеңгелері, апалары жиналған. Құлақты уқалап жанын кетіріп қыздырылған жуан инемен немесе кәдімгі тарымен тескен. Ол үшін екі тарыны құлақтың сырғалығының екі жағынан бірінің тұсына бірін дәл келтіріп уқалаған. Бір қызығы тесілген құлаққа қызыл иттің жүнін есіп өткізген. Үлкен кісілер иттің жүнін өткізсе «құлақ іспейді, қотырланбайды, жара түспейді» дейді екен. Мүмкін мұның да себебі болған шығар. Өйткені қазынасы кең халық емдік құпиялардың да бір сырын білетін болар… Халық ұғымында «қыздың құлағын тесу – оны сүндеттеумен бірдей» деген қағида бар.
Бір қызығы, бала ана құрсағында жүргенде, анасы нені көп үйренсе, нені білетін болса, кейін бала сол нәрсені тез игеріп алады екен. «Сүтпен біткен сүйекпен кетеді», деген қазақта мақал бар.
2. Шілдехана. Жарыс қазан. Дүниеге жаңа келген жас нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-той, салтанатты жиындар мен рәсімдер көп. Соның ең алғашқысы –жарыс қазан атанатыны –мұндайда аяу, ірку, мөлшерлеу деген болмайды. Қазан әр үйде бірнеше жерде асылады. Келіншек аман-есен босанса, босанған әйелдің қалжасынан ауылдың үлкен-кіші, еркек-әйелі түгелдей дәм татып, ет жеп, сорпа ішеді. Жас босанған әйелге де жас сорпа баптап беріп қалжалайды. Нәрестенің дүниеге келген құрметіне арналатын салт-дәстүрдің бірі-шілдехана. Жарыс қазанның арты іле-шала, не сол күні түнде, не ертеңіндегі кеште шілдеханаға жалғасады. Оны кей жерде «шілделік күзету» деп те атайды. Шілдехана алғашқыда «Жас босанған әйелді түні бойы жынпері жағалап жүреді; әйелдер, қыз-келіншектер жас босанған әйелді үш күн бойы жын-періден қорғап күзету керек» деген діни ұғымнан пайда болған.
3. Тұсау кесу Бала қаз тұрып, тәйтәй басып жүре бастаған кезде жасалатын салт-дәстүр Әдетте баланың туғанына 12-14 ай тол ғанда жасалады. Тұсау кесу тойының негізгі жабдықтары 1,5 метр ала жіп, өткір қайшы немесе пышақ. Тұсау кесу тойына ауылдың қыз-келіншек, бәйбішелері түгел шақырылады. Ет асылып, шай қайнатылады. Тойға келгендер шашуға құрт, май, тәтті тағамдар, балаға ойншық, асық, сылдырмақ, т.б. әкеледі. Баланың шешесі шаруаға икемді, елгезек пысық әйелдердің біріне қайшы мен жіпті ұстатып, баласының тұсауын кесуді ұсынады. Тұсау кесуші әйел жүре бастаған баланың аяғына ала жіппен тұсау саып жатып
Сүндетке отырғызу мұсылмандықтың белгісі болып саналады. Ер баланы сүндетке 5,7 немесе 9 жасында отырғызған. Баланы неғұрлым ерте сүндетке отырғызса соғұрлым ауырсынбайды, тез жазылып кететін болған. Сүндетке отырғызу көбінесе жазға салым немесе күз айларында іске асырылған. Себебі суықта ыстықта балаға әсер етпесін деген мақсат көзделген. Кейде 5,7,9 жастағы ауыл балаларын жинап қожаны шақырып 3-4 үйдің балаларын бірақ сүндетке отырғызған. Сүндетке отырғызу үшін балаларды шешіндіріп әкесі немесе ересек ағалары қол аяғынан мықтап ұстап ал қожаға балаға: Бір, екі, үш, төрт, бес, Тәшімай үшін кес- Дегізіп өлең айтқызып алдандырып отырып, өткір пышақпен 1см теріні кесіп алып, қанды тоқтату үшін тәнге күл салады немесе құрым кигізді Отқа күидіріп соның күлін басады. Қожаға баланы сүндетке отырғызғаны үшін қой, тайынша тай немесе ақша берген. Баланы сүндетке отырғызырда әкесі мүмкіндігі болса сүндет атың деп балаға арнап белдеуге ат байлаған. Сүндетке отырғызу, біріншіден, мұсылмандық белгісі болып саналса, екіншіден, балаға ер жеттің, азамат болдың, әжетке жарап қалдыңдеген сезімді де білдіру көзделген. Қазақта сүндет тойынан кейін 9-10 жастағы ер балаға қыз айттырып, құда түсу дәстүрлері іске асырылған. Бұл бала психикасының өзгеруіне ықпал еткен. Бала өзін үлкейген екенмін деп сезіне бастайды. Сүндет тойы да тай, құнан шаптыру, балалардың күресін өткізу, шашу шашу, сүндетке отырғызылған балаға көрімдік беру сияқты әдет- дәстүрлермен өткерілген.
15-билет
