- •1. Аудиттің түрлері және мәні, мазмұны. Аудиттің мақсаты, міндеттері және функциялары мен обьектілері.
- •2.Аудит постулаттары және концепциясы, компоненттері, қағидалары.
- •4. Аудит жүргізудің циклдік және объектілік тәсілдері
- •5. Қр аудитордың қызметті реттеуші нормативтік-құқықтық актілер.
- •6.Аудиторлардың жауапкершілігі, міндеттері және құқықтары. Кәсіби этикалық кодексі.
- •7.Аудиттің стандарттары.
- •8.Аудит сапасын бақылау. Ішкі бақылау мен оның қызметтері. Ішкі бақылаудың элементтерінің құрылымы.
- •9.Мәліметтерді электронды өңдеудің аудиті.
- •10.Маңыздылықтың деңгейі мен ұғымының анықтамасы. Маңыздылықтың деңгейін анықтау талаптары.
- •12. Аудиторлық тәукелділік және оны бағалау. Аудиторлық тәуекелділіктің негізгі компоненттері және олардың байланысы: ажырамайтын тәуекелділік, бақылау тәуекелділігі, анықталмаған тәуекелділік.
- •13. Аудиторлық дәлелдеумен оның аудиттегі рөлі. Аудиторлық дәлелдеулерге қойылатын талаптар.
- •14.Аудиторлық дәлелдемелерді алу процесі. Аудиторлық дәлелдемелер жіктемесі.
- •15. Аудиторлық тексеру процедуралары. Аналитикалық(талдамалық) процедуралар.
- •16. Аудиторлық таңдау (іріктеу). Аудиторлық тексерістің таңдаулы әдісі. Аудиторлық тексерістің таңдаулы негізгі қағидалары. Таңдап алуға статистикалық және статистикалық емес қарастырулар
- •17. Аудитті жүргізудің этаптары. Аудитті жоспарлау процесі. Клиентпен алдын ала танысу. Аудит жүргізу тәртібі.
- •19. Аудитті құжаттау. Аудиторлық құжаттардың масштабы, мазмұны, формасы және типтері. Аудитордың үлгілік жұмыс құжаттары. Соңғы аудиторлық файлды қалыптастыру.
- •20.Сатып алу кезеңiнiң аудиті
- •21. Өндіріс кезеңiнiң аудиті
- •22. Қаржылық қорытындының қалыптасуы мен сату кезеңiнiң аудиті
- •23. Дебиторлық қарыздар аудиті
- •24. Ақша қаражаттарының аудиті
- •25.Есеп беруге міндетті тұлғалардың сомаларының аудиті
- •26. Ұзақ мерзiмдi активтердің аудиті
- •27. Инвестициялау кезеңінің аудитi
- •28. Міндеттемелер мен капиталдың аудиті
- •29. Аудитте талдау тәсiлдерiн пайдалану
- •30. Аудиттiң басқа да түрлері мен ілеспе қызметтері: Қоршаған ортаның аудиті. Операциялық аудит.
- •20.Сатып алу кезеңiнiң аудиті
- •21. Өндіріс кезеңiнiң аудиті
- •22. Қаржылық қорытындының қалыптасуы мен сату кезеңiнiң аудиті
- •23. Дебиторлық қарыздар аудиті
- •24. Ақша қаражаттарының аудиті
- •25.Есеп беруге міндетті тұлғалардың сомаларының аудиті
- •26. Ұзақ мерзiмдi активтердің аудиті
- •27. Инвестициялау кезеңінің аудитi
- •28. Міндеттемелер мен капиталдың аудиті
- •29. Аудитте талдау тәсiлдерiн пайдалану
- •30. Аудиттiң басқа да түрлері мен ілеспе қызметтері: Қоршаған ортаның аудиті. Операциялық аудит.
2.Аудит постулаттары және концепциясы, компоненттері, қағидалары.
Аудит постулаттары. Аудиттің көкейтесті мәселелерінің бірі - оның постулаттарын зерделеу болып табылады. Кең мағынасындағы постулат - бұл басқаша дәлелденбейінше, жоққа шығарылмайынша ақиқат ретінде қабылданатын аксиомалық ережелер. Дж. Робертсон мынадай анықтама ұсынады: «Постулат - бұл негізінде қызмет бағыты белгіленетін негізі бар аксиомалық бекіту». Постулаттардың көмегімен аудиторлық стандарттардың мазмұнын танып білуге болады. Постулаттар ғылым және ғылыми тәртіп жүйесінің негізінде жатады. Олар кез келген ғылыми теорияның дамуы үшін одан кейінгі логикалық құрылымды жасау базасына керекті бастапқы алғышарт пен болжаулар болып табылады. Іргелі постулаттарды негізге ала отырып, ең күрделі мәселелерді түсінуге болады. Тіпті олардың шынайылығы толық дәлелденбесе де постулаттар анық болуы керек. Кез келген постулат немесе аксиомалар білімнің даму процесінде өзгерістерге ұшырауы ықтимал болғандықтан олар соңғы инстанциясында шынайы болмауы да мүмкін. Осы жөнінде Дж. Робертсон былай деген: «Аудиторлық тексерудің белгілі бір жағдайларын ескермей тұрып, постулаттарға көзсіз ере беруге болмайды. Постулаттар белгілі бір жағдайда жалған болып, соған сэйкес (нақты жағдайларды назарға алмай) эрекет етеді - яғни, аудиторлық тексеруде жүргізуге қалай болса, солай ұқыпсыз қарайды». Аудит теориясындағы постулаттардың рөлі аса маңызды болады. Батыс ғылымдары мен мамандары олардың қажеттілігін ерте сезінді. 1961 жылы Р.К. Маутц және Х.А. Шараф (30) аудиттің 8 постулатын қалыптастырды. Олар өте әйгілі болып, аудит теориясында кеңінен қолданыла бастады. 1982 жылы америкалық ғылым Т.А. Ли өзінің постулатын қосты. Сондай-ақ Дж. Робертсон, Р.К. Мауцпен пен Х.А. Шараф постулаттарын «экономикалық тиімділіктің максимасы» деп аталатын тағы бір постулатпен толықтырды. Бірқатар ғалымдар, атап айтқанда, А. Белкаоуи, Р. Адамс, Я.В.Соколов, К.Ш. Дүйсембаев, М.С. Ержанов және басқалары жекелеген постулаттардың мазмұнын нақтылау бойынша және оларды қалыптастыру үшін өз нұсқаларын ұсынды. Әр түрлі ғалымдар мен маман-практиктердің көзқарастарын жан-жақты зерделеу арқылы ғылыми негізделеген постулаттар болып мыналар .
Аудит концепциялары. Концепциялар (тұжырымдамалар) аудит теориясының бағытьтн белгілеп береді. Негізгі бес тұжырымдаманы қарастырайық.
Мінез-құлық (тәртіп) этикасы жалпыға бірдей этика нормаларын белгілеп қана қоймай, аудитор тәртібінің арнайы ережесін де белгілейді (мысалы, Кәсіби бухгалтерлер (аудиторлар) этикасының халықаралық кодексі).
Тәуелсіздік ең алдымен пікірдің объективтілігін және шынайы болуын қамтамасыз етеді. Әрбір аудитор өз пікірін дербес қалыптастыруы керек және оған ешкандай сыртқы факторлар (қысым, күш көрсету) әсер етпеуі қажет.
Кәсібилік. Аудиторлар құзыретті, білікті және зерделі болуы қажет.
Дәлелділігі. Аудиторлар қисынға негізделген шешім қабылдау үшін жеткілікті дәрежеде құзырлы мағлұматтар мөлшерін жинап бағалау керек.
Ашыпудың дәлдігі. Ақпаратты ашу мен ұсыну бара- барлығы әдетте бір мәнді ережелердің толық жинағы ретінде қарастырылатын жалпы қабыданған аудиторлық стандарттарға қызмет етеді.
Аудит компоненттері: бірінші компонент- бұл экономикалық обьект. Аудиторлық қызметті жүргізудің өндірістік жағдай мен ақпаратгізудің қажетті шарты оның аясы туралы айқын түсінік болып табылады. Ол белгілі бір уақыт аралығында, компанияның жылдық есеп беруіне аудит жүргізгенде немесе ішкі аудитте, сондайақ экономикалық обьект болып табылмайтын ақпараттық жүйедегі аудитте нақты шаруашылық жүргізші субьектілердің параметрлерімен анықталды.
Екінші компонент — өндірістік жағдаймен ақпарат. Аудиттің көптеген түрі шаруашылық жүргізуші субьектілердің басшылығымен дайындалған ақпаратты бағалайды.
Үшінші копонент бұл аудитті жүзеге асырушы тұлғаның біліктілігі. Аудитор ең алдымен өз ісінің құзіретті маманы болуы, яғни тиісті фактілерді жинай білу керек және осы фактілерді бағалйтын өлшемдерді жете білу қажет. Одан тәртіптің белгілі бір нораларын, атап айтқанда, өз ісінің тәуелсіздігін сақтап,қысым көрсетілушілікке қарсы тұра білу керек.
Аудиттің төртінші компонентіне техникалық тұрғыда аудиторлық қызметтің негізгі мазмұны боып табылатын фактілерді алумен бағалау жатады. Фактісіз қандайда бір аудиторлық есеп беру ұтымды жүргізілген зерттеудің нәтижесі ретінде қабылданбайды.
Бесінші компонент ретінде аудит мазмұны туралы ақпаратқа немесе функциялауға қатысты жиналған фактілер негізінде белгіленген критерийлер алдыға шығады.
Аудиттің алтыншы компоненті аудиторлық есеп беруді жасау. Аудитор осы арқылы тексеру барысында ашылған жағдайлар туралы,шаруашылық жүргізуші субьектілердің қызметін оңайландыру бойынша ұсынған шаралары мен айтқан ескертпелері туралы хабарлайды.
Аудит принциптері. Аудит өзінің кәсіби қызметінде мына принциптерді басшылықа алу керек адалдық, обьективтілік, кіби құзыреттілік, құпияны сақтай білетінділік, тәуелсіздік, жинақылық, мұқияттылық, ғылымиялық, нақтылық, жариялық, демократияшлдық және т.б.
Мысалы, аудитор өзінің кәсіби міндетін орындау барысында қағамдық сенімді қолдау әрі нығайту ретінде адалдық, обьективтілік және тәуелсіздік принциптерінің талаптарын сақтауы, өзіне сеніп тапсырған жұмысты мінсіз әрі адал орындалуы талқылауда білдіретін пікірінің обьективтілігі мен тәуелсіздігін сақтауы керек.
Ғылымиялық принциптің мағынасы аудиттің қорытындылары аудит теориясы және оны басқару ғылымының бар ережесімен әрекет етудің нұсқасын құптайды немесе одан бас тартады. Ол белгілі бір бастапқы мәліметтермен құрылған теориялық базаның ғылыми шынайылығын немесе жалғандығын көрсетіп береді.
Нақтылық принципі аудиттің мақсатқа лайықты әрі уақытылы жүргізілуін білдіреді.
Жариялық принципін сақтау қажеттілігі аудитті жүргізуге де, оның нәтижесіне де қатысты. Жариялықтың аудиттің дамуы мен аудиторлық беделін көтеруге пайдасы бар. Қоғамдық пікірді қалыптастыруда маңызы зор.
Халықаралық аудиторлық қызметтің нұсқауында тәуелсіз тексеру жүргізілгенде сақталуы қажет басқада принциптер аталады. Негізгі принциптердің маңызы мен оларды сақтау аудиторлықты тек жақсы жағынан ғана ұғындырып қоймай, оның қызмет нәтижелерінің тиімділігін арттырады.
3. Қаржылық есептілік - аудиттің ақпараттық базасы. Акпарат – жинау, сақтау, өңдеу объектісі болып табылатын мәлімет. Ақпарат құнына: ақпаратты жинауға басшылар мен солардың қол астындағылардың жұмсалған уақыты, рынокты талдау, пайдаланылған уақытын төлеу, сыртқы кеңесшілер қызметтерін пайдаланы,санымен қатар нақты шығындар жатады.
Басқару-шешім қабылдау деген сөз. Басқару шешімдерін түсініп қабылдау тек ақпарат негізінде ғана мүмкін болады. Ақпарат сан алуан және адам қызметіне байланысты ғылыми, техникалық, өндістік, басқарушылық, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және т.б. болып бөлінеді. Аудит тиімді басқару шешімдері негізінде экономикалық ақпарат жүйесіне жатады. Жоғарыда аталғандай ол қаржылық есеп берудің нақтылығын дәлелдейді.
Экономикалық ақпарат-бұл экономикалық субъектінің қаржы-шаруашылық қызметін сипаттайтын мәліметтер.
Шаруашылық механизмді ақпаратпен қамтамасыз ету, нарықтық қатынастар жағдайында қоғамдық өндірістің өсуі мен техникалық прогресстің қарқын алуына сәйкес қиындап отыр. Ең алдымен аудитті жүргізуді ұйымдастыру мен әдістемесін қиындататын кәсіпорын қызметі туралы экономикалық ақпарат көлемі өсуде.
Аудитті ақпаратпен қамтамасыз етудің міндеті-аудиторлық процеске қатысушыларды бақылаудағы объектілер, олардың қызмет етуі және нормативтік құқықтық актілер мен кәсіпорындағы шаруашылық механизмдегі заңбарға сәйкестігі туралы хабарлау б.т.
