Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Angeom_Ts (1).doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

11. Векторлар жүйесінің сызықты тәуелділігі мен тәуелсізділіктерінің қажетті және жеткілікті шарттары.

Бағытталған кесінділердің сызықтық өрнегі, сызықтық тәуелділік пен тәуелсіздік ұғымдары кез келген сызықтық кеңістіктің векторлар жүйелеріне тікелей жалпыланады. <X,P> қандай да бір сызықтық кеңістік болсын.

Анықтама1:a1,a2,...,an€X векторлар жүйесінің сызықтық өренгі деп, α1a1+ α2a2+...+ αnan түріндегі өрнекті айтамыз.Мұндағы a1,a2,...,an€P коэффициенттері осы сызықтық өрнектің коэффициенттері деп аталады.Егер P өрісіндегі бір β1, β 2,..., β n коэффициенттері үшін b=β1a1, β 2a2,..., β nan болса, онда b векторы a1,a2,...,an векторлар жүйесі арқылы сызықтық өрнектеледі дейміз.

Берілген a1,a2,...,an векторлар жүйесі арқылы кеңістіктің нөлдік векторы қашан сызықтық өрнектеледі?Міне осы сауал сызықтық алгебрада ең жиі қойылатын сауалдардын бірі. Әрине,барлық коэффициентері нөлге тең болатын α1a1+ α2a2+...+ αnan өрнек θ-ға тең болады,яғни θ=0*a1+0*a2+...,+0*an

Бұл жағдайдан өзге жағдай жоқ болса, a1,a2,...,an векторлар жүйесі сызықтық тәуелсіз,ал кері жағдайда сызықтық тәуелді аталады.Нақтылы айтқанда,біз келесі маңызды анықтамаға келдік.

Анықтама2:Егер α1a1+ α2a2+...+ αnan =θ болуы үшін α1=α2=...=αn=0 шарты қажет болса, a1,a2,...,an онда векторлар жүйесі сызықтық тәуелсіз деп аталады.

Анықтама3:Егер θ нөлдік векторын a1,a2,...,an векторлар жүйесі арқылы ең болмағанда коэффициенттерінің бірі нөлден өзге болатындай етіп,сызықтық өрнектеуге болса: θ=α1a1+ α2a2+...+ αnan онда a1,a2,...,an векторлар жүйесі сызықтық тәуелді деп аталады.

Демек берілген a1,a2,...,an векторлар жүйесінің сызықтық тәуелділігі не тәуелсіздігін анықтау үшін белгісіздері a1,a2,...,an болатын α1a1+ α2a2+...+ αnan=θ теңдеуінің нөлдік емес шешімдері бар жоқтығын зерттеуіміз керек.

Мысал1:Ei,j арқылы (i,j) орнында P өрісінің бірлігі,ал қалған орындарында P-ның нөлдігі тұратын mxn матрицасын белгілейік.Онда E1,1,...,E1,n,..., Em,1,..., Em,n матрицалар жүйесі- сызықтық тәуелсіз.Шынында,егер α1,1E1,1+...+ α1,nE1,n+...+ αm,1Em,1+...+ αm,nEm,n=О (1) болса, онда α1,1E1,1+...+ α1,nE1,n+...+ αm,1Em,1+...+ αm,nEm,n матрицасының (i,j)орнында P өрісінің ai,j элементі тұрады,ал (1)-ші теңдіктің оң жағындағы нөлдік O матрицасы түгел өрістің нөлдігінен тұрады.Eндеше,барлық ai,j коэффициенттері нөлге тең.

12.Векторлар жүйесінің базисі мен рангы.Мысалдар.

Егер а1,а2,...,ак векторлар жүйесінің әрбір векторы b1,b2,...,bm векторлар жүйесі арқылы,

ал b1,b2,...,bm жүйесінің әрбір векторы а1,а2,...,ак векторлары арқылы сызықтық өрнектелетін болса, онда осы екі жүйе эквивалент жүйелер деп аталады. Эквивалент жүйелерді белгілеу үшін біз ~ символын пайдаланамыз: а1,а2,...,ак ~ b1,b2,...,bm. ~ қатынасының рефлексивті симметриялы және транзитивті болуы айқын.

1.1-анықтама: а1,а2,...,ак векторлар жүйесінің:

(1) аi1,аi2,...,аir сызықтық тәуелсіз,

(2) аi1,аi2,...,аir ~ а1,а2,...,ак

екі шартты қанағаттандыратын аi1,аi2,...,аir ішкі жүйесін бастапқы жүйенің базасы деп атаймыз.

1.1-ескерту.База анықтамасындағы (2)-шарт:

(2)' {а1,а2,...,ак}\{ аi1,аi2,...,аir} жиынына тиісті әрбір вектор аi1,аi2,...,аir векторлары арқылы сызықты өрнектеледі деген шартқа пара-пар.

Базаның басқа да сипаттамасы бар,оны беру үшін қосымша бір ұғым еңгізуіміз керек.

1.2-анықтама: аi1,аi2,...,аir векторлар жүйесі а1,а2,...,ак жүйесінің қандай да бір сызықтық тәуелсіз ішкі жүйесі болсын.Егер осы жүйелер бірдей болса,немесе кез келген ішкі жүйеден тыс аj векторы үшін аi1,аi2,...,аir, аj векторлар жүйесі сызықтық тәуелді болса, онда аi1,аi2,...,аir векторлар жүйесі а1,а2,...,ак жүйесінің максималь сызықтық тәуелсіз ішкі жүйесі деп аталады.

1.1-тұжырым: а1,а2,...,ак қандай да бір векторлар жүйесі,ал аi1,аi2,...,аir оның ішкі жүйесі болсын.Онда аi1,аi2,...,аir жүйесі база болуы үшін ол максималь сызықтық тәуелсіз ішкі жүйе болуы қажетті және жеткілікті.

1.1.-салдар: а1,а2,...,ак жүйесінің сызықтық тәуелсіз ішкі жүйелердің арасында векторлар саны ең үлкен болатын жүйелердің әрқайсысы база болады.

1.2-тұжырым:Егер векторлар жүйесінде бір вектор нөлден озгеше болса,онда бұл жүйенің кем дегенде бір базасы бар.

1.1-теорема:Кез келген а1,а2,...,ак векторлар жүйесінің барлық базалардағы векторлар саны бірдей болады.

Дәлелдеу.Егер а1,а2,...,ак жүйесінің барлық векторлары нөлдік болса,онда бұл жүйенің бірде-бір базасы жоқ.Ендеше базадағы векторлар саны 0-ге тең.

Енді а1,а2,...,ак жүйесіндегі нөлден өзгеше кем дегенде бір вектор бар болсын деп ұйғарамыз.Онда 1.2-тұжырымның дәлелдеуі бойынша,бұл жүйенің кем дегенде бір аi1,аi2,...,аir базасы бар және басқа базалардағы векторлар саны r-ден аспайды. аj1,аj2,...,аjp қандай да бір базасы болсын.онда осы екі ішкі жүйенің әрқайсысы сызықтық тәуелсіз және олар өзара эквивалент болады.Теорема дәлелденді.

1.2-салдар:Базадағы векторлар саны ең көп векторларды қамтитын сызықтық тәуелсіз ішкі жүйедегі векторлар санына тең.

1.2-анықтама: а1,а2,...,ак векторлар жүйесінің кез келген базасындағы векторлар санын r(а1,а2,...,ак) арқылы белгілейміз де оны а1,а2,...,ак жүйесінің рангы деп атаймыз.

1.3-салдар: а1,а2,...,ак жүйесінің r(а1,а2,...,ак) рангы жүйедегі тәуелсіз векторлардың максимал санына тең.

1.4-салдар:Егер а1,а2,...,ак жүйесінің сызықтық тәуелсіз аi1,аi2,...,аip ішкі жүйесінің векторлар саны r(а1,а2,...,ак) рангыге тең болса, онда сол ішкі жүйе база болады.

Дәлелдеу. аi1,аi2,...,аip векторлар жүйесі сызықтық тәуелсіз және p= r(а1,а2,...,ак).

1.3-тұжырым: а1,а2,...,ак кез келген векторлар жүйесі болсын.Егер r(а1,а2,...,ак) =k болса, онда а1,а2,...,ак векторлар жүйесі сызықтық тәуелсіз болады.Егер r(а1,а2,...,ак)<k болса,онда

а1,а2,...,ак векторлар жүйесі сызықтық тәуелді болады.

1.4-тұжырым:Эквивалент жүйелердің рангы бірдей болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]