Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_PS.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
675 Кб
Скачать
☆

77. Талант, дарындылық, нышан ұғымдары

Адам қабілеттілігі дамуының келесі деңгейі – талант. “Талант” сөзі бір жалқау құл өзінің қожасы жоқ кезде ұрлап алған күмісін, айналымға жібертіп пайда алудың орнына оны жерге көміп тастайтын (осыдан, “талантыңды жерге көм” –деген мақал шыққан) Библияда кездесетін шекті ұғым. Қазіргі кезде талант арнайы қабілеттіліктің (музыкалық, әдеби және т.б.) жоғары деңгейі болып түсіндіріледі. Қабілет сияқты талант та әрекет негізінде айқындалып, дамиды. Талантты адамның әрекеті тәсілдеменің сонылығымен, принципиалды жаңалылығымен ерекшеленеді.

Талантты ояту қабілет сияқты жалпы қоғамды шарттастырылған. Онда аталмыш қоғамның алдында тұратын нақтылы міндеттерінің ерекшеліктері мен дәуір қажеттілігіне байланысты толыққанды даму үшін неғұрлым қолайлы жағдай қанадай дарындылық.

Талант – бұл қабілеттің белгілі бір үйлесімділігі, олардың жиынтығы екенін атап өту қажет. Жекелеген айырушы қабілет, тіпті өте жоғары дамығаны да талант деп аталуы мүмкін емес. Мәселен, таланттылардың арасынан есте сақтауы жақсы да, жаман да адамдарды көптеп табуға болады. Адамның шығармашылық әрекетінің есте сақтауы бұл оның жетістігіне байланысты факторлардың бірі ғана. Бірақ нәтижелер терең қызығушылықсыз, күшті екпінсіз, бай қиялсыз, икемді ақылсыз жеткілікті болмайды.

Дарындылық адамды қандай да бір әрекетті табысты орындау мүмкіндігімен қамтамасыз ететін қабілеттің өзгеше сәйкестігі деп аталады.

Бұл анықтамада дарындылықтан әрекеттің жетістіксіз орындалуы емес, тек сондай жетістікті орындалу мүмкіндігі ғана тәуелді екені атап өту керек. Кез келген әрекетті табысты орындау үшін тек қана лайықты қабілеттің сәйкестігі болуы ғана талап етілмейді, сонымен қоса қажетті білім мен дағдыны талап етеді. Адам қандай да феноменалдық математикалық дарындылығы болса да, егер ол ешқашан математика оқымаған болса, ол осы саладағы ең қарапайым қызметті табысты атқара алмайды. Дарындылық қандай да әрекеттің табысқа жету мүмкіндігін ғана анықтайды, осы мүмкіндікті іске асырылуы лайықты қабілетті қандай өлшемде дамытады және қандай білім мен дағды игерте алатынын анықтайды.

Дарынды адамдардың дербес ерекшелігі қызығушылығы бағыттылықта басты кейіпте білінеді. Мәселен, бір адамдар математикаға, келесісі – тарихқа, үшіншісі - қоғамдық жұмысқа тоқталып жатады. Қабілеттің ары қарай дамуы нақтылы әрекетке өтеді.

Қабілеттердің нышандар негізінде қалыптасуы туралы мәселе әлі күнге дейін шешілген жоқ. Іс- әрекет барысында нышан қабілетке айналады дегентұжырымның өзі де әлі дәлелденбеген. Өйткені қабілетке айналуы үшін нышандар іс- әрекетте қандай орын алатынын көрсету керек.Қабілеттің генезис мәселесінің мәні , оны тек шешу арқылы қабілеттің даму механизмін түсіну нәтижесінде олардың мақсатты қалыптасуы мен диагностикасын жасауға мүмкіндік береді. Бұл мәселені шешудегі ерекше жетістіктер С.Л. Рубинштейннің еңбектерінде көрінеді.Ол адамды жануарлардан бөлетін қабілеттер оның табиғатын құрайды деген.Бірақ адам табиғаты – тарихи өнім болып табылады. Сондықтан да адам табиғатының қалыптасуы мен өзгеруі тарихи процесс негізінде жүреді.( адамның еңбек іс- әрекеті нәтижесінде қалыптасады) Бірақ Рубинштейн осы мәселені нақтылағысы келгенмен, сол мәселенің шешімінен алшақтайды.” Нышандар- қабілеттің алғышарты,- дейді С.Л. Рубинштейн. Қабілет нышандар негізіндн дамымағанмен, кабілет бәрі бір нышанның функциясы болып табылмайды, керісінше нышандар алғышарт негізінде дамудың функциясы болып табылады. Ол индивидтің даму негізіне кіріп, олар өздері дамиды, яғни ауысып және өзгеріп отырады.

Ең қызығы көптеген зерттеушілер қолданбалы есептерді шешуде қабілеттер генезисі мәселесін пайдаланбайды. Н.С. Лейтес бойынша: балалық шақта жас ерекшелік дамудың ішкі жағдайлары қабілеттердің қалыптасу факторы болып табылады.лейтес жастық шақта дамудың ішкі жағдайы ретінде бейімділікті көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]