- •Емтихан сұрақтарына жауаптар:
- •1.Микроэкономиканың зерттеу пәні, объектісі, субъектісі
- •Ресурстар
- •7 Сұрақ Сұраныс,мәні,заңы,бағасы,көлемі, әсер ететін факторлары
- •8 Сұрақ:Ұсыныс,мәні,заңы,бағасы,көлемі,әсер ететін факторлары.
- •9Сұрақ.Нарықтық тепе-теңдік,артықшылық және тапшылық.
- •10Сұрақ.Тұтынушының ұтымы және өндірушінің ұтымы.
- •11 Сұрақ Икемділік және сұраныстың баға бойынша икемділігі
- •12 Сұрақ Икемділік және сұраныстың табыс бойынша икемділігі.
- •19. Гиффен парадоксы және Гиффен тауарлары
- •20.Тұтынушылық сұраныстың ерекшеліктері . Веблен әсері
- •21.Энгель заңдары және Энгель қисықтары
- •22.Өндіріс, өндірістік функция және технология. Изокванталар
- •23.Қысқа мерзімдегі өндіріс және кемімелі қайтарымдылық заңы
- •24. Ұзақ мерзімдегі өндіріс және масштаб тиімділігі
- •25) Өңдірушінің тепе- теңдігі және фирманың даму траекториясы
- •30) Пайда және оның түрлері
- •34. Жетілген бәсеке нарығының артықшылығы мен кемшіліктері
- •35.Жетілген бәсеке жағдайында пайданы мейлінше арттыру екі тұрғыдан қарастырылады:
12 Сұрақ Икемділік және сұраныстың табыс бойынша икемділігі.
. Сұраныстың табыс бойынша икемділігі – тұтынушы табысының пайыздық өзгеруіне байланысты тауарға деген сұраныс көлемінің пайыздық өзгеруін сипатайтын сұраныстың сезімталдық дәрежесінің көрсеткіштік коэффициенті. Бұл икемділіктің коэффициенті мына формуламен беріледі:
EDI = Q% / I%,
мұндағы, EDI – сұраныстың қиылысқан икемділігінің мәнін көрсететін коэффициент; Q% - тауарға деген сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі; I% - тұтынушы табысының салыстырмалы өзгеруі. Әрине, бұл жерде табыс деңгейі сұранысқа әсер ететін маңызды факторлардың бірі болғандықтан, оның өзгеруінен тауарлардың әр типіне деген сұраныс әртүрлі жағдайда өзгеріп отырады. Егер табыстың пайыздық өзгеруі сұраныс көлемінің пайыздық өзгеруіне қарағанда кем болса, онда сұраныс табыс бойынша икемді (EDI >1). Егер табыстың пайыздық өзгеруі сұраныс көлемінің өзгеруіне қарағанда артық болса, онда сұраныс табыс бойынша икемсіз (EDI <1) болып табылады. Мысалы, біріншіден, табыс өскенде кәдімгі (қалыпты) тауарларға да сұраныс артады және ол кемімелі оң тәуелділікпен сипатталады. Яғни, уақыт өткен сайын табыстың өсуіне қарағанда бұл тауарларға сұраныс баяу қарқынмен өсіп отырады. Сондықтан, кәдімгі тауарлар үшін сұраныстың табыс бойынша икемділігінің мәні нөлден үлкен және 1-ден кіші (оң) болады: 0< EDI <1 (сурет 2.18 a). Кәдімгі тауарлардың мысалына тамақ, киім-кешек, тұрмыстық тұтыну заттары жатады. Екіншіден, табыс өзгергенде бірінші қажеттіліктегі тауарлар үшін сұраныс өзгермейді және табыс бойынша сұраныс өте икемсіз (нөлдік мәнді) болып табылады: EDI =0 (сурет 2.18 ә). Бірінші қажеттіліктегі тауарлардың мысалына тұз жатады. Үшіншіден, табыс өскен сайын қымбат бағалы заттарға (сапалы) немесе ұзақ пайдаланылатын тауарларға сұраныс тез қарқынмен өседі (сурет 2.18 б). Мұндай тауарларға деген табыс бойынша сұраныс икемділігінің мәні әрқашанда 1-ден үлкен (оң) болып келеді: EDI >1. Қымбат бағалы заттарға асыл тастар, қымбат автокөліктер, антиквариат бұйымдары, яхталар, тұрғын үйлер, т.б. жатады. Төртіншіден, табыс өскенде қалыпты емес немесе сапасыз тауарға (арзан) сұраныс төмендей береді (сурет 2.18 в). Мұндай тауарларға деген табыс бойынша сұраныс икемділігінің мәні әрқашанда 0-ден кіші (теріс) болып келеді: EDI <0. Бұл тауарлар бағасы және сапасы төмен жақын алмастырушылар болып табылады, яғни табыс өскенде тұтынушылар оның сапалы алмастырушыларын тұтына бастайды деген сөз. Сонымен, табыстың өзгеруіне байланысты осы аталған тауарларға деген сұраныс икемділіктерінің мәндерін график арқылы көрсете аламыз (сурет 2.18).
I I
I I
а) ә) б) в)
0< EDI <1 EDI =0 EDI >1 EDI <0
Q Q Q Q
Сурет 2.18 Сұраныстың табыс бойынша икемділігінің мәндері:
а) бірден кіші; ә) нөлге тең; б) бірден үлкен; в) теріс
13. Икемділік және сұраныстың қиылысқан икемділігі. Икемділік-бір айнымалы өлшемнің өзгеруіне байланысты екінші бір айнымалы өлшемнің өзгеріске ұшырау реакциясының дәрежесі. Икемділіктің сандық мәнін есептеу үшін икемділік коэффиценті қолданылады. Ол – 1 айнымалының 1%-ға өзгеруі нәтижесінде 2-ші 1айнымалының соған байланысты қанша %-ға өзгеретінін көрсететін сандық көрсеткіш. Икемділіктің мәні 0-ден шексіздікке дейін өзгеріп отырады. Икемділік суранысқа да ұсынысқа да әсер етіп отырады. Сұраныс икемділігінің 3 түрі бар.
1. Cұраныстың
баға бойынша икемділігі-
бұл тауар бағасының 1%-ға өзгергендегі
сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеру
реакциясының сезімталдығын сипаттайтын
көрсеткіш коэффицент. Икемділіктің
абсолютті шамалары емес салыстырмалы
шамалары маңызды. мысалы: сникерс 10
тенгеге өссе, оның өзгергенін байқамау
мүмкін емес. Ал Мерседес автокөлігі 10
тенгеге өсті десек, тұтынушы сұраныс
көлемін мүлдем өзгертпейді. Сондықтан
бағаның жІе сұраныс көлемінің
өзгеруісалыстырмалы шамада мына
формуламен беріледі::
– сұраныстың бағалық
икемділігінің мәнін көрс.коэффиц.,
сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі,
бағаның
салыстырмалы өзг.сұраныстың баға бойынша
икемділігіне байл. 5 түрі бар: 1)Икемді
сұраныс- бағаның өзгеруіне қарағанда
сұраныс көлемінің көбірек өзгеруін
көрс. жағдай, бұл жерде икемділіктің
мәні 1-ден жоғары болады.
(бұл сұраныс көлемінің бағаға қарағанда
тез өсетіндігін н\е кемитіндігін көрс.)
2)Икемсіз сұраныс- бағаның өсуіне
қарағанда сұраныс көлемінің азырақ
өсуін көрс.жагдай. бұл жерде икемділіктің
мәні 1-ден төмен.
(бұл сұраныс көлемінің бағаға қарағанда
баяу өсетіндігін н\е кемитіндігін
көрс.); 3)бірлік икемді сұраныс- бағаның
ж\е сұраныс көлемінің 1 пропорцияда
өзгеруін көрс. жагдай. Икемділіктің
мәні 1-ге тең болады.
(бұл
бағаның қанша %-ға өзгерсе, сұраныс
көлемінің де сонша
-ға өзгер. көрс.) 4)Абсолютті (өте) икемді
сұраныс- бағаның өте аз өзгеруіне н\е
мүлдем өзгермеуіне орай сұраныс көлемінің
шексіз өзгеруін көрс жагдай, мунда
икемщділің мәні шексіхдікке умтылады:
;
5) Абсолютті (өте) икемсіз сұраныс- бағаның
өзгеруі сұраныс көлемінмүлдем
өзгертпейтінін н\е салыстырмалы өте аз
өзгертетінін көрс. жагдай, икемділіктің
мәні 0-ге тең ды:
Өте икемді ж\е өте икемсіз сұраныстың
түрлерін икем-ң ең шеткі н\есирек
кездесетін жагдайлары д.а. бағалық
икемділік пен жалпы түсім арасында
өзара байланыс болады. Жалпы тусім
сатылган өнім көлемі мен оның бағасының
көбейтіндісіне тең:
Егер сұраныс баға бойынша икемді
болса
,онда
баганың төмендеуі жалпы түсімді арттырады
немесе керісінше,баганың жогарылауы
жалпы түсімді қысқартады. Ал егер Егер
сұраныс баға бойынша икемсіз болса
,онда
баганың төмендеуі жалпы тусімді
қысқартады, н\е керісінше, баганың
төмендеуі жалпы тусімді арттырады.
Сұраныстың бағалық икемділігіне бірнеше
маңызды факторлар әсер етеді:1)
нарықта алмастырушы тауарлардың болуы,
субститут коп болган
сайын ол тауарларга сураныс икемдірек
б\ды:2)тұтынушы бюджетіндегі
тауардың үлес салмағы
ол үлес салмак улкен болган сайынсұраныстың
бағалық икемділігі де жоғ. болады:
3)табыс деңгейі:4)тауар
сапасы,қымбат тауарларға
деген сұраныс икемді болады, ал күнделікті
қолданыстағы тауарларга сұраныс икемсіз
болады;5)тауар қорының
мөлшері, тауар коры коп
болса, оган сұраныс икемді б\ды;
6)тұтыныушының күтімі-егер
энергияны тұтыну икемсіз
б\са, ол узак мерзімде айтарлыктай икемді
б.мумкін, электоэнергияны коп кажет
ететін тоңазтқыштардан бас тарта
алмаймыз, ал егер энергияга бага оссе,
онда энергияны аз қажет ететін приборларга
отуіміз мүмкін;
2. Сұраныстың қиылысқан
/тоғыспалы/ икемділігі- 1
тауар бағасының /Х/ пайыздык өзгеруіне
байл. Сол тауарды алмастыратын н\е
толықтыратын екінші 1 тауарға /У/ деген
сұраныс көлемінің пайыздық өзгеру
дәрежесін көрс. коэффицент.
Егер қиылысқан икемділі-ң
мәні
,
н\н оң сан болса, онда
бұл қарастырып отырған Х,У тауарлары
бірін бірі алматырушы/субститут/тауар
б. саналады./егер кофе бағасы өссе өссе,
шайга сураныс артады/
н\е теріс болса, онда бұл қарастырып
отырған Х,У тауарлары бірін бірі
толықтырушы/комплемент/тауар. б.
саналады/.егер фотопленкага бага өссе,оны
толықтыратын фотоаппаратка сураныс
төмендейді/
3. Сұраныстың табыс бойынша
икемділігі – тұтынушы
табысының пайыздық өзгеруіне байл.
тауарға деген сұраныс көлемінің пайыздық
өзгеруін сипаттайтын сұраныстың
сезімталдық дәрежесінің көрсеткіштік
коэф.
Егер табыстың пайыздық
өзгеруі сұраныс көлемінің пайыздық
өзгеруіне қарағанда кем болса, онда
сұраныс табыс бойынша икемді.
.
Егер табыстың пайыздық өзгеруі сұраныс
көлемінің өзгеруіне қарағанда артық
б\са, онда сұраныс табыс б\ша икемсіз
.
Мысалы, 1-шіден
табыс өскенде, кунделікті тауарларга
сураныс артады н\е баяу каркынмен өседі.
Тамак, киім кешек, турмыстык заттар
табыс өссе де б\ды. 2-шіден
табыс өзгергенде 1
кажеттіліктегі тауарлар ушін сұраныс
өзгермейді ж\е табыс б\ша сұраныс өте
икемсіз/нөлдік мәнді/мысалы тұз
,
..3-ден қымбат тауарларға
сұраныс артады
болады; 4-ден сапасыз
тауарларға сураныс төмендей береді.
14. Икемділік ж\е ұсыныс икемділігі. Икемділік-бір айнымалы өлшемнің өзгеруіне байланысты екінші бір айнымалы өлшемнің өзгеріске ұшырау реакциясының дәрежесі. Икемділіктің сандық мәнін есептеу үшін икемділік коэффиценті қолданылады. Ол – 1 айнымалының 1%-ға өзгеруі нәтижесінде 2-ші 1айнымалының соған байланысты қанша %-ға өзгеретінін көрсететін сандық көрсеткіш. Икемділіктің мәні 0-ден шексіздікке дейін өзгеріп отырады.
Ұсыныстың баға б\ша икемділігі – тауар багасының 1 пайызға өсуіне байл.ұсыныс көлемінің салыстырмалы түрде қанша пайызға өзгеретінін ж\е соған орай сезімталдық реакциясын көрсететін сандық коэф.
Мұндағы
ұсыныстың
бағалық икемділігі,
ұсыныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі,
тауар
бағасының салыстырмалы өзг.Ұсыныс
заңына сүйене отырып, өндірушілер аса
жоғ. бағамен сату көлемін арттыруға
ынталы б\ды. Ұсыныс икемділігіне әсер
ететін негізгі фактор – уақыт. Осыған
байл. уақыттың 3 түрі бар: 1-түрі – ағымдық
кезең өте қысқа кезеңөндірушінің бағаның
өзгеруіне бейімделе алмайтын уақыт,
мұнда ұсыныс өте икемсіз б\ды.Ұсыныс
көлемі өзгермейді, сұраныстың өсуі
бағаны жоғарылатады. 2-түрі – қысқа
мерзімді кезең-өндірушінің бағаның
өзгеруіне толық емес дәрежеде бейімделе
алуын көрс. уақыт.мұндай кезеңдң ұсыныс
бағаға икемді бола бастайды,сұраныстығ
өзгеруіне байл. баға өзгереді.сол секілді
ұсыныс көлемі де өзгере бастайды. 3-түрі-
ұзақ мерзімді кезең – өндірушінің
бағаның өзгеруіне толық бейімделген
уақыты.мұндай кезеңде ұсыныс бағаға
өте икемді б.т.сұраныстың өсуіне байл.
ұсыныс көлемі маңызды түрде артады.бірақ
бағалар тұрақты күйде қалады.
Ұсыныстың баға бойынша 5 түрі
бар: 1. Икемді ұсыныс-
бағаның өзгеруіне қарағанда ұсыныс
көлемінің көбірек өзгеруін көрс.
жағдай./ұсыныс көлемінің бағаға қарағанда
тез өсетіндігін н\е кемитіндігін көрс./
бұл икемділіктің коэф. 1-ден жоғ.
,
ал ұсыныс қисығы аса жатыңқы б. келеді.
2.Икемсіз ұсыныс – бағаның
өзгеруіне қарағанда ұсыныс көлемінің
азырақ өзгеруін көрс. жағдай. ./ұсыныс
көлемінің бағаға қарағанда баяу
өсетіндігін н\е кемитіндігін көрс./ бұл
икемділіктің коэф. 1-ден төмен.
,
ал ұсыныс қисығы аса тіктеу б. келеді.
3. Бірлік икемді ұсыныс
– бағаның да, ұсыныс көлемінің де 1
пропорцияда н\е бірдей пайызға өзгеретінін
көрсететін жағдай. /бұл бағаның қанша
пайызға өссе, ұсыныс көлемінің де сонша
пайызға өсетінін көрс.жағдай/икемд.
Коэф. 1-ге тең,
,
ұсыныс қисығы оң көлбеулі б. келеді.
4.абсолютті өте икемді ұсыныс-
бағаның өте аз н\е мулдем өзгермеуіне
байланысты ұсыныс көлемінің шексіз
өзгеруін көрс.
,
ал ұсыныс қисығы көлденең сызық б.
келеді. 5.абсолютті өте
икемсіз ұсыныс- бағаның
өзгеруі ұсыныс көлемінің мүлдем н\е өте
аз өзгертетінін көрс.
,
ал ұсыныс қисығы сызық б. келеді.
15. Тұтынушының таңдауы е оған әсер ететін факторлар. Тұтынушы – соңғы игіліктер мен қызметтерді тұтынатын кез-келген экономикалық агент.(индивид, фирма, 1 созбен - үй шаруашылығы) Тұтынушы талғамы – жекелеген тұтынушылардың белгілі бір игіліктің жиынын таңдауына әсер ететін нег. Факторларының бірі. Тұтынушы таңдауындағы игілік дегеніміз тұтынушыға белгілі бір қанағаттанушылық дәрежесін әкелетін тұтынудың кез-келген объектісін айт. Игіліктер б.б. жиынтықпен тұтынылады. Игіліктер жиынтығы б.б. уакыт мезетінде б.б. мөлшерде тұтынылатын нақты игіліктер түрінің жиынтығы. Әрбір тұтынушы алдында мынадай сұрақ тұрады: 1. Не сатып алу кк; 2. Қанша тұрады; 3. Тауар сатып алуга ақша жете ма; Тұтынушы таңдауы – бұл шектеулі ресурстар /ақшалай табыс/ жагдайында ұтымды тұтынушыныңимаксималды пайдалылықты таңдауы.
Тұтынушы таңдауының негізгі постулаттары \Кардиналистік теория\
1.Тұтынушының ақшалай табысы арқашан да шектеулі; 2.бағалар тұтынылатын игіліктердің көлеміне байл. емес; 3. Барлық тұтынушылар өздері тұтынатын барлық өнімдердің шекті пайдалылығын жаксы түсінеді. 4. Тұтынушылар пайдаларын мах. ұмтылады. Тұтынушы таңдауының теориясы келексі постулаттарға сүйенеді: 1. Тұтыну түрлерінің алуан түрлілігі: 2.тойымсыздық 3. Транзитивтілік 4. Субституция 5. Шекті пайдалылықтың төмендеу принципі
16. Пайдалылық теориясы ж\е шекті пайдалылық теориясы. Жалпы пайдалылық – біртіндеп иеленген игілік бірліктерінің барлық жиынтығынан пайдалылықтардың жинақталған сомасы. Ол TU – total utility деп белгіленеді. Игіліктің қосымша (келесі) бірлігінен тұтынған жалпы пайдалылықтың өсімі шекті пайдалылық деп аталады. Шекті пайдалылықтың динамикасы (даму, өзгеру барысы) азаятын шекті пайдалылығы заңына тәуелді: игіліктің әр келесі бірлігінің, алдынғыға қарағанда, қажеттілігі аздау, яғни игіліктің әр қосымша бірлігінің шекті пайдалылығы азаяды. Бұл қағиданы (маржиналистерден тәуелсіз). 1854 жылы неміс экономисті әрі математігі Г.Госсен қысқа, дәл жеткізген, сондықтан ол Госсеннің бірінші заңы деп аталады. Игіліктің әр келесі бірлігі алдыңғыдан аздау қажеттілікті қамтамасыз етуін экономикалық емес, психологиялық себептермен байланыстырады (түсіндіреді): «Адам өзінің ең алғашқы алған көйлегіне, ең алғашқы тамағына, сатып алған телевизорына көбірек қуанады, екінші рет сатып алғандарымен салыстырғанда; ал екінші сатып алғандарына, үшінші сатып алғандарымен салыстарғанда, көбірек қуанады және т.с.»
Пайдалылық функциясы – игілікті тұтынуы өскен сайын пайдалылықтың азаюын көрсететін функция: U= f(Qi), мұнда U– игіліктің пайдалылығы, Qi – игіліктің келесі сандары. 25 суретте пайдалылық функциясының графигі көрсетілген. Шекті пайдалылық функциясының 0 (нөлге) тең нүктесінде ең жоғары жалпы пайдалылыққа жетіп тұр – игілік қажеттілікті толық қамтамасыз етуде. Игілікті әрі қарай тұтыну жалпы пайдалылықтың төмендеуіне әкеледі де, шекті пайдалылық теріс болып кетеді. Сонымен, мына түйін жасауға болады: жеке адамда игіліктің неғұрлым көп саны бар, оның әр қосымша бірлігі соғұрлым аз құндылыққа ие. Демек, игіліктің бағасы жалпы емес, шекті құндылықпен анықталады. Тұтыну теориясының осы қағидаларын түйіндей келе, су мен гаухар парадоксын (қайшылығын) түсіндіруге болады. Оның мәні мынада: гаухармен салыстырғанда, су адам үшін ең үлкен жалпы пайдалылыққа ие. Сонымен қатар, гаухардың бағасы судың бағасына қарағанда, өлшемсіз көп. Бұнын себебі су мен гаухар қорларының әр түрлілігінде: судың қоры шексіз мол, ал гаухардың қоры аз. Сондықтан, гаухардың шекті пайдалылығы судың шекті пайдалылығынан әжептәуір көп, соған сәйкес бағалары да. Азаятын шекті пайдалылық заңы тұтынушының мінез-құлқында қалай көрінеді? Бұл сауалға жауап беру үшін мына мысалды қарайық, келесі алғышарттарды назарға ала тұра: – нарықта әр түрлі тауарлардың көптеген саны (көлемі) бар.
әр қайсысының бағасы бар
тұтынушының бюджеті шектелген (ол барлық тауарлар мен қызмет көрсетулерге ие бола алмайды), сондықтан, оның алдында таңдау мәселесі тұрады.
тұтынушы өзінің сатып алған нәрселерінен ең жоғары жалпы пайдалылықты алуға ұмтылады – басқаша айтқанда, жалпы пайдалылықты көбейтуге тырысады.
17. Талғамсыздық қисығы ж\е бюджет сызығы. Талғамсыздық қисығы- /Эджуорт 1881ж/ бұл тұтынушыға бірдей пайдалылық алып келетін 2 экономикалық игіліктің әртүрлі комбинациялар жиынтыгын көрс. қисық. Мысал ретінде адам 3 кесек нан жеп 1 стакан сут іше ме, 1 кесек нан жеп, 3 стакан сут іше ме. Ал екі экон. Игіліктің кеңістігінде жатқан бірнеше талғамсыздық қисықтары – талғамсыздық қисығының картасы д.а. Қасиеттері:1. тауар кеңістігіндегі кез келген нукте арқ. Талғамсыздық қисығын жүргізуге болады. 2. Талғамсыздық қисығы ешкашан қиылыспайды. 3. талг. Қисықтары теріс бағытты б. келед. 3.талг қисықтары дөңес болады т.б.
Бюджеттік сызық (бағалар сызығы) –берілген табыс мөлшерінің игіліктер жиынтығын толық сатып алу кезіндегі сол игіліктер жиынын көрсететін нүктелерді қосатын түзу сызық.Бюджеттік сызықтағы кез келген нүкте бағалардың осы деңгейінде тұтынушы өз бюджетінің шеңберінде сатып алуға мүмкіндігі бар тауарлардың ең жоғары көлемін көрсетеді. Тұтынушы табысының өсуі бюджеттік сызықтың оңга қарай жылжуымен білінеді. Сәйкесінше, бюджеттік сызықтың солға қарай жылжуы табыстардың азаюын, тұтыну деңгейінің түсуін (төмендеуін) білдіреді. Бұл мына себептерден пайда болады:
1. Бағалардың өзгермеу жағдайында нақтылы, негізгі табыстың өсуінен/төмендеуінен;
2. Табыстың өзгермеу жағдайында тауарлар бағаларының өсуі/төмендеуі;
3. Табыс пен бағалардың өзгерістері.
18. Тұтынушының әл-ауқаты /тепе-теңдігі/ және оның өзгеруіне әсер ететін факторлар. Талғамсыздық қисықтарының бюджет сызығымен жанасу нүктесін біз тұтынушының тепе-тендік жағдайы д.а.бұл нуктеде тұтынушы өз қажеттілігін толық қанағаттандырады. тұтынушының тепе-тендік жағдайы – тұтынушы өзінің жалпы пайдалылығын ж\е әл – ауқаттылығын максималдай алатын нуктесі н\е шектеулі табысын толық жұмсаудан алатын қанағаттанушылық деңгейі. 4. Тұтынушының тепе-теңдігі Егер бюджеттік шектеу сызығын талғаусыздық қисық сызықтар картасына көшірсек, тұтынушының тепе-теңдік моделін (үлгісін) аламыз (30 сурет). Алынған графиктегі Е нүктесі – бюджеттік сызық сәйкес талғаусыздық қисық сызығына тиіп тұрған нүкте. А және В нүктелері тепе-теңдік шартын қанағаттандырмайды, өйткені олар құрылымы бойынша оңтайлы емес жиынтықтарды ұсынады. Тұтынушы үшін оңтайлы, оның бюджетіне сәйкес, қолы жететін жиынтықта Х тауарлардың ХЕ бірлігі және Y тауардың YЕ бірлігі бар. Талғаусыздық қисық сызығының және бюджеттік сызықтың еңкіштік бұрыштары Е нүктесінде дәл келеді. Бюджеттік сызықтың еңкіштігі РХ /РY тең болғандықтан, ал талғаусыздық қисық сызығының еңкіштігі MRSXY тең, тұтынушының тепе-теңдік шарты келесі болады:
РХ /РY = MRSXY
Y U1 U2 U3
•A •B
Е
Y X E X Тұтынушының тепе-теңдік моделі (үлгісі)
