- •21.Сыртқы нарыққа енудің масштабтары және стратегиялық міндеттемелері.
- •22.Аймақтық экономикалық интеграция деңгейлері
- •23 .Экономикалық интеграцияның жағымды және жағымсыз жақтары.
- •25. Шетелдік валюта нарығының мәні
- •26. Валюта курсые анықтаудағы экономикалық теориялар.
- •28. Ұлттық мәдениет ж/е оның халықаралық сауда саласындағы қызметі
- •27. Мәдениеттің сипаттамалық ерекшеліктері ж/е олардың халықаралық саудаға әсері.
- •1. Әлемдік шаруашылық жүйесіндегі қарама- қайшылықтардың болуы, олардың трансұлттық корпорациялар арасындағы шиеленісуі;
- •2. Әлемдік шаруашылық жүйесінің қалыптасуы және одан әрі нығаюы, өндірісті интернациоландандырудың дамуы;
- •3. Экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізу үшін дамушы және артта қалып қойған елдердің күресі
- •1. Әлемдік шаруашылық жүйесіндегі қарама- қайшылықтардың болуы, олардың трансұлттық корпорациялар арасындағы шиеленісуі;
- •2. Әлемдік шаруашылық жүйесінің қалыптасуы және одан әрі нығаюы, өндірісті интернациоландандырудың дамуы;
- •3. Экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізу үшін дамушы және артта қалып қойған елдердің күресі
- •30.Кедендік одақ және оның мәні
23 .Экономикалық интеграцияның жағымды және жағымсыз жақтары.
Халықаралық экономикалық интеграция дегеніміз- экономиканың өзара бейімделуі олардың біртұтас ұдайы өндіріс процесіне енуі.Бұл халықаралық интеграция қатысушы елдердің белгілі бір территориялық, экономикалық, құрылымдылық, технологиялық жақындығын көрсетеді және оның аймақтық сипатын түсіндіреді.
Интеграция өзіне тән бірнеше маңызды белгілермен сипатталады, соларды атап өтейік:
· Ұлттық өндірістік процестердің өзара енуі мен тоғысуы;
· өндіріс, ғылым және техникадағы халықаралық специализация мен кооперацияның кең түрде дамуы;
· интеграцияға қатысушы елдердің экономикасындағы терендетілген құрылымдылық өзгерістер;
· интеграциялық процестердің мақсатты түрде реттелуі, координацияланған экономикалық стратегия мен саясаттың жасалуы;
· интеграция кеңістік масштабтарының аймақтылығы.
Сонымен бірге интеграцияның барысы өздерінің табиғаты бойынша қарама-қайшылықты және көп қырлы болып келеді.
Интеграциялық процеске экономикалық себептер ғана емес, саяси өзгерістер де әсер етеді.
Бұл әсіресе әлемдік шаруашылықтың шетаймағына қатысты болады. Осы жерлерде, өндіргіш күштердің дамуының төмен деңгейіне және еркіндік алған елдердің бұрынғы метрополияларымен тығыз байбайланысты болуына қарамастан, аймақтық экономикалық топтарды құру барысы белгілі бір жылдарда, индустриясы дамыған мемлекеттер арасындағы байланыспен салыстырғанда, өте қарқынды түрде жүріп жатыр.
Әлемдік шаруашылықтағы интеграциялық өзгерістің экономикалық немесе саяси жақтарының абсолютизациясы мүмкіндігі екі көзқарас тұрғысын қарастырылады:
· Біріншіден, интеграция халықаралық экономикалық байланыстардың кездейсоқ дамуымен теңестіріледі;
· Екіншіден, интеграцияның барысы ресми түрде құрылған экономикалық одақтар шеңберінде әрекет етеді.
Жалпы алғанда, бұл реттеуші және нарықтық бастамалардың, халықаралық интеграция барысындағы саясат пен экономиканың арақатнасы жөніндегі сұрақтар.
Шын мәнінде, нарықтық типтегі шаруашылығы бар елдердің интеграциясы кездейсоқ, өздігінен пайда болатын өзгеріс деп қарастыруға болмайда, өйткені ұлттық экономикалардың өзара бейімділуі сыртқы экономикалық сфераға мемлекеттің араласуынсыз мүмкін емес.
Батыс Еуропадағы мемлекетаралық интеграцияның дамуы осы аймақтың соғыстан кейінгі дәуірдегі саяси дамуының ерекшеліктерімен байланысқан.
Жалпы алғанда, алдыңғы қатарлы дамыған державалар үшін интеграция олардың өндіргіш күштерінің дамуының қол жеткен жоғары деңгейнің функциясы ретінде, ал үшінші дүние елдеріне қатысты айтар болсақ, олар үшін интеграция индустрализацияны жүргізуді жеңілдету құралы ретінде қолданылады.
Нақты түрде айтар болсақ:
· Экономикалық даму қарқынын жеделдету;
· Шаруалылықтың тиімді құрылымын құру;
· Бұрынғы метрополияларға тәуелділікті жою;
· Халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі бағыныштылық жағдайда өзгерту.
24.Шетелдік валюта нарығының функциялары. Валюта(итал. voluta — құн, баға) — тауарлар құнының шамасын өлшеу үшін пайдаланылатын ақша өлшемі. Халықаралық валюталық қаржы операциялары тәжірибесінде ол мынадай мәндерде қолданылады: 1) мемлекеттің ақша өлшемі және оның типі (алтын, күміс, қағаз ақша),[1] мысалы, Қазақстанның ұлттық ақшасы — теңге, Ресейдікі — рубль; 2) шет мемлекеттердің ақшасы; 3) халықаралық (аймақтық) есеп айырысу өлшемі (вексель, чек, банкнот) және төлем құралы. 19 ғ-ға дейін күміс валюта мен биметаллизм кең тарады. 19 ғ-дың басында Ұлыбританияда, 19 ғ-дың 2-жартысынан басқа елдерде алтын валюта енгізілді. Валютаның жалпы дағдарысы кезеңінде (1-дүниежүзілік соғыс кезінде) қағаз валюта кеңінен қолданыла бастады. Алтын мен күміске айырбасталмайтын банкноттар қағаз ақша түрінде болды. Ел экономикасында ауық-ауық инфляция болғанда, қағаз валюта құнсызданып отырды. Мұндай жағдайда кейбір елдер өз валютасының номиналды алтындық баламын тұрақтандыруға тырысады. Көптеген елдерде валюта курсы валюталық шектеу арқылы реттеледі. Валюталар пайдаланылу тәртібіне қарай айырбасталымды (конверсияланатын), ішінара толық айырбасталымды және айырбасталмайтын (томаға тұйық) валюта болып үшке бөлінеді.
Бірінші топқа валюталық шектеу жойылған елдердің валютасы (АҚШ доллары, т.б.) жатады. Ол кез келген шет ел валютасына айырбасталады. Ішінара айырбасталымды валютаға валюта операцияларын жасауға толықтай валюталық шектеу жойылмаған елдердің валютасы (мысалы, Ұлыбританияның, Францияның, Италияның, сондай-ақ ТМД елдерінің) жатса, соңғы топқа барлық операциялар бойынша валюталық шектеу сақталған елдердің валютасы жатады. Томаға-тұйық валюта өз мемлекеті шегінде ғана айналыста болады.
Ұйым шетелдік валютамен байланысты қызметті екі әдіспен жүргізе алады. Ол не операцияларды шетелдік валютамен жүргізе, не шетелдік қызметті жүзеге асыра алады. Сонымен бірге өзінің қаржы есептілігінде ұйым деректерді шетелдік валютамен көрсете алады. Осы Стандарттың мақсаты - шетелдік валютамен операцияларды және шетелдік қызметті ұйымның қаржы есептілігінде көрсету, сондай-ақ қаржы есептілігінің көрсеткіштерін ұсыну валютасына қайта есептеу тәртібін орнату.
Валютамен операция – шетелдік валютамен білдірілген немесе сонымен есеп айырысуды қажет ететін операция, соның ішінде ұйым:
(а) бағалары шетелдік валютамен көрсетілген тауарларды немесе қызметтерді сатып алатын немесе сататын;
(b) өтелетін немесе алынатын сома шетелдік валютамен көрсетілген қаражатты қарызға беретін немесе қарызға алатын; немесе
(c) активтерді әлдебір басқа жолмен сатып алатын не сататын, немесе шетелдік валютамен көрсетілген міндеттемені өзіне алатын немесе өтейтін кезде пайда болатын барлық операциялар.
Валюта операциялары
Валюталық құндылықтарға меншік құқығының және өзге де құқықтардың көшуіне, сондай-ақ валюталық, құндылықтарды төлем қаражаты ретінде пайдалануға байланысты операциялар; валюталық құндылықтарды, ұлттық валютаны, номиналы ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздарды және төлем құжаттарын, резиденттер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасына әкелу, жіберу және аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету, жіберу және аудару.
