- •Инвестиция түсінігі және мағынасы.
- •2. Инвестиция түрлерінің жіктелуі.
- •3. Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы және инвестиция қызметі
- •4. Бизнес-жоспар түсінігі, экономикалық мағынасы
- •Бизнес жоспар және ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдерді қабылдау.
- •6 Бизнес жоспар құрылымы мазмұны
- •7. Жобаның коммерциялық орындалуының талдауы
- •2) Технология импорттық қондырғылар мен шикізаттарға бағытталмауы керек.
- •8. Техникалық талдау
- •1) Технология өзін алдын ала жақсы жағынан көрсетуі тиіс, яғни стандартты болу керек;
- •Инвестициялық жобаның неғұрлым белгісіз параметрлерін таңдайды.
- •Әр параметрдің шектік мәні үшін жоба тиімділігіне талдау жүргізеді.
- •Инвестициялық жобада үш сценарий ұсынылады:
- •11. Инвестицияның тиімділігін бағалаудың қарапайым әдістері. Өтемділік мерзімі
- •12. Дисконтталған критерийлер.
- •Ағымдағы таза құндылық;
- •13. Ағымдағы таза құндылық.
- •14 Табыстылықтың ішкі нормасы.
- •15 Инвестициялық жобаның қауіпсіздік нүктесін табу, қауіпсіздік қорын есептеу, әдістері, графигі
8. Техникалық талдау
Инвестициялық жобаны техникалық талдау міндетіне мыналар жатады:
жоба мақсаттарының көзқарастарына неғұрлым сәйкес келетін технологияларды анықтау;
жергілікті жағдайларды талдау, оның ішінде шикізатқа, энергияға, жұмыс күшіне қол жеткізуді және оның құнын;
жобаның іске асуы мен жоспарлаудың потенциалды мүмкіндіктерін тексеру;
Техникалық талдауды, әдетте, кәсіпорынның жеке сарапшылар тобы арнайы мамандарды шақыру арқылы жүргізеді. Техникалық талдаудың стандартты процедурасы қолда бар жеке технологияларды талдаудан басталады. Сонымен қатар келесі критерийлерді басшылыққа алу керек:
1) Технология өзін алдын ала жақсы жағынан көрсетуі тиіс, яғни стандартты болу керек;
2) Технология импорттық қондырғылар мен шикізаттарға бағытталмауы керек.
Егер өз технологиясын қолдану мүмкін болмаса, онда төмендегі схемалардың бірі бойынша біреуімен шетелдік технология мен қондырғыларды тарту мүмкіндігіне талдау жүргізіледі:
шетел фирмасымен бірлескен кәсіпорын – бөлшектеп инвестицияландыру және барлық технологиялармен қамтамасыз ету;
технологиялық «ноу-хауды» іске асыратын жаңа қондырғыны сатып алу;
«Turn-kеу» - қондырғы сатып алу, зауыт салу, технологиялық процесті қалыптастыру;
«Рrоduct-in-hand» - «turn-kеу» + кәсіпорынның қажетті дайын өнім шығарғанға дейін персоналды оқыту;
өндіріс үшін лицензиялар сатып алу;
шетелдік технолог тарапынан техникалық көмек. Технология таңдау ережесі кейбір альтернативті технологияларды кешендік талдауды және қандай да бір агрегатталған критерийдің негізінде жақсы вариантты таңдауды қарастырады.
Альтернативті технологиялардың ішінен таңдаудың негізгі факторлары технологияны қолдануының келесі аспектілеріне негізделеді:
Сәйкес масштабтарда таңдалған технологияларды бұрынғы бойынша қолдану (нақты бір нарық үшін масштабтар аса үлкен болуы мүмкін).
Шикізатқа қол жеткізушілік (потенциалды жабдықтаушылардың саны қанша, олардың өндірістік қуаттылығы қандай, шикізаттың сапасы, шикізатты басқа тұтынушылардың саны қанша, шикізаттың құны, жеткізудің әдісі мен құны, қоршаған ортаға қатысты тәуекелі).
Коммуникациялар мен коммуналды қызметтер.
Технологияларды сатып отырған ұйымның патенті мен лицензиясы бар екендігіне көз жеткізу керек.
Ең болмағанда технологияны сатушының өндіріспен серіктесе жүруі.
Технологияның жергілікті жағдайларына бейімделуі (температура, ылғалдылық, т.с.с.).
Жүктемелік фактор (пайыз түрінде номиналды қуаттылықтан жобаның жағдайларымен) және толық өнімділікке сәйкес, тұрақты жағдайына шығу үшін уақыттың керектігі.
Экология мен қауіпсіздік.
Капиталдық және өндірістік шығындары.
Ең үздік техникалық шешімді таңдау үлгісі\
Кестеге отирик сандар жазындар 1-10 аралығында
1- кесте
Сәттіліктің негізгі факторлары |
Фактордың мөлшері |
Бәсекелестері
|
|||
А |
В |
С |
D |
||
1. Бұрынғы қолдану 2. Шикізаттың жетімділігі 3. Коммуникациялар мен коммуналды қызметгер 4. Патенті мен лицензиясының болуы 5. Технологияның жергілікті жағдайларына бейімделуі 6. Ауырлық факторы 7. Экология мен қауіпсіздік 8. Капиталдық және өндірістік шығындары 9. Өлшенген критернйдің шамасы
|
3 6 3 2 0 5 3 4 6 9 2 5 3 2 6
1 0 0 10 10
2 7 5 4 7
7 4 6 8 4 10 8 5 3 5 5 4 8 6
143 109 136 147 |
||||
1-кестеде көпбаламалы таңдаудың үлгісі келтірілген, онда әр фактор он баллдық шкала бойынша бағаланады.
Жалпыланған критерий мына формула бойынша есептеледі:
G ω= ω1 G1 + ω2 G2+...+ ωn Gn ,
мұндағы ω – жеке критерийдің салмағы, Gk – жеке критерийдің шамасы.
Критерийдің жоғарғы мәніне ие техникалық жоба ең жақсысы болып саналады. Қарастырған мысалымызда А және D техникалық баламалары бірдей дерлік, бірақ D басымырақ.
9, инв жобаны қаржылық және экономикалық талдау.
Қаржылық талдау
Инвестициялық жобаның бұл бөлімінің көлемді және еңбек сыйымдылығы жоғары. Қаржылық талдаудың өзара байланысты мәселелер кешенін қарастырайық. Инвестициялық жобалаудың қаржылық бөлімінің жалпы нұсқасы қарапайым тізбекке негізделген:
Кәсіпорын қызметінің соңғы 3 (дұрысы 5 жыл) жыл ішіндегі
қаржылық жағдайына талдау жасау.
Инвестициялық жобаны дайындау кезеңіндегі кәсіпорынның қаржылық
жағдайына талдау жасау.
Негізгі өнім өндірісінің залалсыздығына талдау жасау.
Инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысындағы пайда мен
ақша ағымдарын болжамдау.
Инвестициялық жобаның тиімділік бағасы.
Кәсіпорынның бұдан бұрынғы қызметі мен ағымдағы жағдайына қаржылық талдау жасау әдетте кәсіпорынның пайдалылығы мен оның басқару тиімділігін, несие қабілеттілігін, өтемпаздығын көрсететін негізгі қаржылық коэффициенттерінің интерпретациясы мен есептеулеріне келтіріледі.
Қаржылық бөлімде кәсіпорынның өткен жылдардағы негізгі қаржылық есебін беру және негізгі көрсеткіштерді салыстыру аса қажет. Егер инвестициялық жоба батыстық стратегиялық инвесторды тарту үшін дайындалса, онда қаржылық есепті беруін инвесторды тартқан батыс мемлекеттің форматтарына келтіру керек.
Шығынсыздықты талдау негізгі өнімдерді шығару мен өткізудің өзіндік құн құрылымын талдау бойынша жүйелік жұмыстарды және барлық шығындарының айнымалылар (өндіріс көлемі мен сату көлемінің өзгеруіне орай өзгереді) мен тұрақтыға (өндіріс көлемі өзгеруіне байланысты өзгермейтін) бөлінуін қамтиды. Шығынсыздықты талдаудың негізгі мақсаты – шығынсыздық нүктесін анықтау, яғни пайданың нольдік мәніне сәйкес келетін тауар көлемін сату. Шығынсыздықты талдаудың маңыздылығы нақты немесе жоспарланған пайданы инвестициялық жоба процесінде шығынсыздық нүктесі мен кәсіпорынның пайданы алып келетін іскерлігі сенімінің кейінгі бағасымен салыстыруға негізделген.
Жобаның қаржы бөлімінің неғұрлым жауапкершілігі мол бөлігі оның инвестициялық бөлігі болып табылады, ол мыналарды қамтиды:
жоба бойынша кэсіпорынның инвестициялық қажеттіліктерін анықтау;
инвестициялық қажеттіліктердің қайнар көздерін белгілеу (және ары қарайғы ізденіс);
инвестициялық жобаны іске асыру үшін тартылған капиталдың құнын бағалау;
жобаның іске асуы есебінен түсетін пайда мен ақша ағымдарын болжау;
жоба көрсеткіштерінің тиімділігінің бағасы;
Жобаның іске асу мерзімінде оның өтелімділігін бағалау мәселесі әдістемелік тұрғыдан өте қиын. Жобаны іске асыру нәтижесінде пайда болатын ақша ағымының көлемі, «ақшаның құны уақыт өтуіне қарай» деген қағиданы есепке ала отырып сомалық инвестиция шамасын жабуы керек. Бұл принцип бойынша: «Доллардың қазіргі құны бір жылдан кейінгі алынған доллардың құнынан үлкен», яғни бір жыл кейін алынған әрбір жаңа ақша ағымы бір жыл ерте алынған оған көлемі тең ақша ағымынан төмен мәнге ие. Ақша ағымының уақытты мәнділігін өлшейтін сипаттамсы ретінде инвестициялық жобаны іске асыру нәтижесінде алынған ақша ағымын инвесициялаудан түскен түсімнің нормасы көрінеді.
Экономикалык талдау
Экономикалық талдау жобаның мемлекеттік байлығын ұлғайтуға әсер етуін бағалаудан тұрады.
Экономикалық талдау міндеті қойылымының мысалын қарастырайын. С деген компания кез келген бір тауарды келесі шарттармен өндірсін:
• компанияға шикізатты арзан бағамен мемлекеттік ұйым сатсын;
• импортталатын қосалқы элементтерді де компанияға мемлекет халықаралық бағалардан төмен сатсын;
• кәсіпорын өзінің жұмысшыларына еңбек ақысын мемлекеттік стандартының деңгейінде төлесін;
• нәтижесінде кәсіпорын тауарларды мемлекеттік кәсіпорындарға шетелдің еркін нарығындағы бағадан едәуір төмен бағамен сатады.
Міндет – мемлекеттің осындай жобаны іске асырудан табатын пайдасын төменде көрсетілген нұсқалармен салыстыра отырып анықтау:
комианияға шикізат пен қосалқы бөлшектерді нарықтық бағамен сату, жұмысшыларға еңбекақыны әлемдік стандарттар бойынша төлеу, содан соң компаниялардан тауарларды еркін бағамен сатып алу;
ұқсас тауарларды шетелден сатып алу.
Осылайша, экономикалық талдау процесіңде бұл жобаның іске асуының нәтижесінде түскен кәсіпорын иелерінің пайдасын емес, мемлекеттің пайдасын анықтау керек.
Егер жобаның қаржылық үлесі белгілі болса да, экономикалық үлес өте сирек бағаланады. Сондықтан да ірі инвестициялық жобалар үшін олардың қаржылық тиімділігінен гөрі, экономикалық тиімділігі мен экономикалық тартымдылығын талдау қалыптасқан. Инвестициялық жобаның экономикалық тартымдылығын өлшеу келесі нұсқау бойынша іске асуы мүмкін.
/ қадам. Мақсаттарды таңдап, оларды өлшейді. Мысалы:
Мемлекеттің мақсаттары Мақсаттың салмағы
Қатты валютаның ағылуы 0,30
Қатты валютаның үнемделуі 0,20
Жергілікті нарықта өнімнің көбеюі 0,15 Халыктың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету 0,20
Аумақтарды дамыту 0,15
Барлығы 1,00
2 қадам. Альтернативті жобалардың әрқайсысына әр мақсатқа жету үшін сандық өлшемін анықтайды (абсолютті мәнде немесе жақсысына қарай пайыздық қатынаста). Әр жоба үшін кешендік (комплекстік) критерийдің салмақталған мәнін есептейді:
G0 = 0,3 • ω1 + 0,2 • ω2+ 0,15 • ω3+ 0,2 • ω4 +0,15 ω5 .
3 қадам. Үздік вариантты таңдауы жалпыланған критерийдің максимум критерийі бойынша жүргізіледі.
Экономикалық тиімділік дайын өнім мен ресурстардың мүмкін болатын сатып алу құнымен, ішкі бағамен және мемлекеттің айырықша ерекшелігі болып табылатын және әлемдік бағалармен және қағидалармен сәйкес келмейтін тағы басқа нәрселерді есепке ала отырып бағаланады.
Экономикалық тиімділікті бағалаудың іріленген процедурасы мынадай түрге ие:
қаржылық талдаудың қорытындысын ұсыну;
экономикалық талдау тұрғысынан шығындар мен табыстың жаңа жіктелуін жасау;
қаржылық мәндерді экономикалық мәндерге ауыстыру (олар сыртқы және ішкі нарық бағасы мен шығындардың үйлеспеуіне байланысты);
ресурстарды қолдану және өнімдер алу үшін басқа мүмкіндіктердің құнын бағалау;
ішкі төлемдер бойынша барлық есептеулерді шығарып тастау (өйткені олар мемлекеттің жалпы байлығын өзгертпейді);
6) жыл сайынғы экономикалық құралдар ағымын инвестицияның бастапқы көлемімен салыстыру (бұл нәтиже болады).
Тәуекелді талдаудың мәні мынада. Жіберілген сапасына тәуелсіз болашақтың әрқашанда белгісіздік элементі бар. Мысалы, керекті мәліметтердің көп бөлігі қаржылық талдау үшін (шығындар элементтері, бағалар, өнімнің сатылу көлемі және т.с.с.) белгісіз болып табылады. Болашақта болжаудың жақсы жаққа да, жаман жаққа (пайданың төмендеуі) да өзгеруі мүмкін. Тәуекелді талдау барлық өзгерістерді, қай жағына болса да, есепке алуды қажет етеді.
Жобаны іске асыру процесінде келесі элементтер өзгеріске ұшырауға бейім: шикізат пен қосалқы бөлшектердің құны, капиталдық шығындардың құны, қызмет етудің құны, сатудың құны, бағаның құны және т.с.с. Нәтижесінде шығатын параметр, мысалы, пайда кездейсоқ болады. Тәуекел ықтималдық таралу мен ықтималдықтар түсінігін қолданады. Сонымен тәуекел теріс пайда алу, яғни залал шегу ықтималдығына тең. Жоба факторларының өзгеріс диапазоны қаншалықты кең болса, жоба тәуекелділігі соншалықты жоғары.
Кейде тәуекелді талдау процесінде төмендегі нұсқау бойынша жүргізілуі мүмкін сценарийді талдаумен шектеледі.
