Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 том.doc
Скачиваний:
18
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
155 Мб
Скачать
☆

2.1 Батыс Сібір мұнай-газды провинциясы

Батыс Сібір провинциясы әлемдегі ең үлкен Батыс Сібір жазығында орналасқан, ауданы 3 млн. шақырым2 астам. Ол Ресейдің Тюмен, Омск, Курган, Томск және Свердловск, Челябинск, Новосибирск облыстарының кейбір бөлігін, Красноярск, Алтай өңірінің территорияларында орналасқан. Оның аумағында көптеген сағаларымен Объ, Ертіс және Енисей өзендері ағып жатыр. Батыс Сібір ойпатының оңтүстік бөлігі – жазықтар, орталығы – аласа ормандармен жабылған батпақты аймақтар, солтүстігі – тундра. Батыс Сібір ойпатының көпшілік бөлігінде көпжылдық тоңазыған жерлер көрініс береді. Солтүстігінде тоңазыған грунттың қалыңдығы 200-300 м-ден астам.

Қарастырылып отырған провинцияның батысында Орал герциндік таулы құрылымдары бар, геофизикалық деректер бойынша ол ойпаттың мезо-кайнозойлық тысымен жалғасқан Обътың орталық ағысынан шығысқа қарай 300-400м қашықтықта.

Шығысында провинция Енисей және Орта Сібір көне палеозойлық платформасының тектоникалық құрылымдарымен шектелген, сондай-ақ ойпаттың шөгінді тыс асты жалғасы бар. Оңтүстік шекарасы Қазақ каледондық қатпарлы аумағы, Алатау, Салаир көне құрылымдары және Батыс Саян, Алтай, Томь-Калыван құрылымды доғаларымен шектелген. Бұл таулы жүйенің бәрі ойпаттың тысының астына енеді 20 .

Провинция солтүстігінде төмендейді. Мұнда Таймыр жүйесінің герциндік енді тектоникалық құрылымдары бар. Тереңдігі 3-4 шақырым.

Батыс Сібір мұнайгазды провинциясының құрылысы гетерогенді, жарықталған, әр дәрежеде метаморфталған, іргетас жасы докембрий-палеозой, үйлесімсіз орналасқан мезо-кайнозойлық шөгінді жабыны бар. Іргетас шетінен бастап ортасына қарай шөгеді.Соның аймағында жабынның қалыңдығымен, кейде платформаның құрылымына байланысты: іргетас жатысының тереңдігі 2 шақырымга дейін болатын сыртқы белдеу, іргетас жатысының тереңдігі 2,5-4,5шақырым болатын Орталық облыс және іргетас жатысының тереңдігі 8-9 шақырымга 11 км- дейін болатын Солтүстік облыс ерекшеленеді (178- сурет).

Батыс Сібір провинциясы региональді газды және мұнайлы жас платформалар қатарыны жатады. Мұнда юра және бор шөгінділері мұнайгазды болып келеді, оңтүстік-шығыс және солтүстік аудандарда палеозой шөгінділерінен мұнайгаз ағыны ашылған.

Платформаның шөгінді тысындағы газ қорының негізгі көлемі (89) 80 кенорнынан ашылған. Олар ірі бел-белестерге (Нурмингск, Медвежий, Уренгой) және күмбезді көтерілімдермен (Таз, Ямбург) байланысты. Моноклинальдармен барланған газ қорының 9,8 % жатқызуға болады.

Мұнай қорының жиналымдары дөңбек күмбезді көтерілімдерде (Сургут, Нижневартовск, Салым, Красноленинск) және бел-белестерде (Танловск, Варвеган, Уренгай) жиналған. Мұнда барланған мұнай қорының 89,3 % 173 кенорындарында ашылған. Моноклинальдармен (Солтүстік, Оңтүстік-Вартов, Харампур) байланысты мұнай қорының 6,1 % 724 кенорында ашылған.

Батыс Сібір платформасының ауданынды 1100 кеншітер тұратын 370 кенорны (соның ішінде 240мұнайлы және 40газды) анықталған. Шоғырлардың көпшілігі терригенді коллектормен байланысты.

Геотектоникалык құрылысы. Құрылымды кабаттары.

Геотектоникалық жағынан қарастырылатын провинция эпиполеозойлық Кавказалды, Орталық Азия және Батыс Сібір платформалары кіретін Батыс Сібір тақтасында орналасқан.

Тақтаның іргетасы гетерогенді. Шығысында және, мүмкін, солтүстік бөлігінде жазықтық байкал және архей қатпарларының жыныстар кешенінен тұрады 20 (178,179- сурет).

Батыс Сібір тақтасының құрылысында үш құрылымдық этаж белгіленген (төменнен жоғарыға қарай):

  1. докембрий-палеозойлық

  2. рэт-лейасов

  3. мезо-кайнозойлық

178- сурет. Батыс Сібір тақтасының іргетас бетінің бедерлік сұлбасы (В.С.Сурков,О.Г.Жеро және т.б.)[20]

1-іргетас бетінің изогипсалары, шақырым, тереңдік бөлшектеу бұзылыстары; 2-қатпарлы жүйелері; 3-ірі құрылымдары; 4-мезозойлық кайнозойлық тақталы тыстың таралу шекарасы; 5-триасты грабен-рифттер.

Қатпарлы облыстар: В-байқалдық; С-каледондық; Н1-алғашқы герциндік; Н2-соңғы герциндік; S-салашірлік; к/в-байқал тектонотегімен жөнделінген, карельдік; в/н- герцин тектонотегімен жөнделінген байқалдық; S/Н-герцин тектонотегімен жөнделінген,салаирлық.

Батыс Сібір платформасының тақта асты кешеніне палеозой-триасты (юраға дейін) шөгінді-вулканогенді түзілімдері жатады. Олар өз кезегінде іргетастың байкал, салаир, каледон және герцин жастарымен сипатталатын аймақтың әр түрлі бөлігінде бөлек ойпаттар мен грабендер түрінде көрініс табады. Тақта асты кешенінің қалыңдығы 1-ден 6 шакырым арасында(179- сурет).

Платформаның оңтүстігінде ойпаттарда тақта асты кешені салаир және каледон іргетасында жаралған, жастары силур мен девон арасында өзгеретін карбонатты жыныстармен жиналған. Мұндай жыныстар көне Ханды-Мансийск аумағында ашылған.

Платформаның шығысы Енисей маңында тақта асты кешенінің байкал жасты кешенінің юраға дейінгі түзілімдері, төменгі-жоғарғы палеозой және триас жасты карбонатты және терригенді жыныстармен сипатталған. Карбонатты түзілімдері аргоногенді әктас және доломитпен жиналған. Жыныс жастары кембрий, төменгі ордовик және силур. Ал терригенді түзілімдердің қалыңдығы 840м ашылған Касск ұңғысында девонның терригенді түзілімдері қызыл-қоңыр құмтас, алевролит, аргиллиттермен жиналған. Таскөмір түзілімдері Батыс – Ермаковскыда қара аргеллит және көмірлі алевролиттермен анықталған.

179- сурет. Батыс Сібір тақтасының іргетасының геодинамикалық өзгерістілігінің сұлбасы(С.В.Аполанов бойынша).[20]

1-Батыс Сібір тақтасының шекарасы; 2-ежелгі арыл доға жүйелері және олардың жастары(1-Енисейлік, 2-Кемеров, 3-Колпашев, 4-Нурмин, 5-Байдарацтік, 6-Төменгі вартов, 7-Новосибирлік, 8-Ертістік, 9-Петропавлдік, 10-Ишімдік, 11-Валерьянов, 12-Тамец, 13-Березов, 14-Тагиль); 3-офиолитті белдемдер; 4-ұсақ континенттер(15- Надолу, 16-Жоғарғы кет, 17-Щучин, 18-Уват-Хантыманский, 19-Кокчетау, 20-Барнаул, 21-Усть-Тым, 22-Межов); 5-палеозойлық мұхиттардың сақталған литосфераларындағы қалдық ойпаттар; ( 23-Надым, 24-Сургут, 25-Нюроль); 6-пермь-триасты континентальды рифтті белдемдер( 26-Худосей, 27-Объ-Пуров; 28-Аган, 29-Ертіс, 30-тюмень); 7-спредингтің Пермь-триас белдемдері( 31-Обътік ежелгі мұхит, 32-Енисей иіндіойысы).

180- сурет. Батыс Сібір тақтасының Юраға дейінгі іргетасының шөгінді алаптарының сұлбасы(В.С.Сурков, О.Г.Жеро және т.б.)

1-юраға дейінгі іргетастың шөгінді алаптары; 2-жарылымдар; 3-шөгінді түзілімдердің қалыңдығы; 4-мезозойлық- кайнозойлық шөгінді тыстың таралу шекарасы.

Геофизикалық деректер бойынша Енисей маңында палеозой-триас түзілімдерінің қалыңдығы 6-7 шақырым. Олар мұнда терең ойпаттар түрінде кездеседі. Мысалы, Байхск, Дубческ, Касск.

Батыс Сібір платформасының солтүстігінде палеозой түзілімдері Ямалдың Новопортовск кенорындарында жақсы зерттелген. Палеозой түзілімдері 3 кешенге бөлінген – метаморфталған жасыл тақтатас, құмтасты және карбонатты.

Жалпы платформаның шығысындағы және кейбір солтүстік аудандардағы палеозой түзілімдері көне платформаның шөгінділеріне ұқсас келеді. Бірақ оның біршама қатпарланғандығынан және метоморфизм процесінің ауқымды дамуынан, оларды жас платформаның тақта асты кешеніне жатқызған дұрыс.

Тақта асты кешеннің триас түзілімдерінің дамуы оқтын-оқтын жүреді. Олар әдетте, грабен тәрізді ойпаттар – рифтер түрінде белгіленген. Стратиграфиялық сұлбаларға қарағанда, триас – турин және челябинск серияларынан тұрады. Біріншісінің жасы төменгі-ортаңғы триас, кейбір бөлігі жоғарғы триас және вулканогенді, вулканогенді-шөгінді жыныстармен жиналған. Челябинск сериясы рэт-лейасқа жатады, ол көптеген грабен түрінде белгіленген терригенді-көмірлі шөгінділермен жаралған. Қалыңдығы 3 шақырым болатын челябинск сериясы жақсы зерттелген. Платформаның оңтүстік-батыс бөлігінде триас жарылымдары құмды жыныстардың болуымен ерекшеленеді.

Тақталы кешен Батыс Сібір территориясының көп бөлігінде юра-антропогенді шөгінділерін құрайды. Арктикалық ауданы қимада триас жыныстарымен жалғасады.

Триас шөгінділері Гыдан жарты аралында құмды-алеврит қабаттарымен көрсетілген. Қалыңдығы 2-2,5 шақырым. В.С.Бочкарев платформаның солтүстігіндегі триас шөгінділерін тампей сериясына біріктіреді және оны орталық, оңтүстік аудандағы сияқты біржасты турин сериясының ортоплатформалық аналогы ретінде қарастырады.

Юра-палеогенді құрылымдық этажы қалыңдығы 2-2,5 шақырым төменгі-жоғарғы юра шөгінділерімен басталады (179-сурет). Платформаның орталық және оңтүстік ауданының көп бөлігінің қимасы тюмен свитасының жағалық-теңіздік және континентальді жиі алмасқан құмды-алевролит-сазды жиі көмірлі шөгінділерінен құралған. Қалыңдығы 250-700 шақырым. Бұл шөгінділер мезгіл-мезгіл теңізбен шайылған, жазықтықтың денудация-аккумулятивті шартында қалыптасқан. Сазды материалдар Надым-Вынглор синклинальды зонасының орталық бөлігінде көбейеді, бұл М.Я.Рудкевичтің мәліметтері бойынша төменгі-ортаңғы юра кезеңіндегі үлкен тұщысулы су қоймаларының болуына байланысты.

Батыс Сібірдің солтүстігінде төменгі-ортаңғы юра хет сериясында көрініс береді. Төменде ол жағалық-теңіздік және көлдік-аллювиальды фациялардан құралған. Олар – құрамында 1 м-ге дейін көмір желілері бар қабатталған құмтас, алевролит, аргиллиттер. Шөгінді қабаттың орта қалыңдығы 1400м. Қиманың жоғарғы бөлігінде теңіздік құмтасты-аргиллитті түзілімдер белгіленген, қалыңдығы 800-1000м.

Жоғарғы юра (келловей-киммеридж) шөгінділері негізінен теңіздік және жағалық-теңіздік терригенді қабаттардан құралған. Төменгі келловей сазды жыныстармен көрініс табады. Олар төменгі-ортаңғы юраның өнімді қабатына флюидтіректі қабат болып келеді. Саздар құмтастармен іргетас шоқыларының баурайында ортаюра шөгінділерінің сүйірленіп кему белдемінде тек Орал маңы, Березов және Шаим аудандарында араласады. Жоғарғы келловей-оксфорд Батыс Сібір платформасының орталық бөлігінде, мұнда негізінен құмтастар, алевролит және аргиллит қат-қабатшасымен. Қалыңдығы 10 м-ден аспайды. Бұлардан жоғары киммеридж-георгиев свитасының қара-сұр, кейде қара аргиллиттері жатыр.

Жағалық құмдар және жағажайлық бақалтастар оксфорд-волж шөгінділерінің вогулкинск қабаттарында дамыған. Олар іргетастың ірі шоқыларының баурайында таралуымен сипатталады. Солтүстік-шығыста оксфорд-төменгі киммеридж құмды-алевролит-аргиллитті сиговск свитасынан құралған. Қалыңдығы 400 м-ге дейін.

Пур-Таздың оңтүстік-шығыс аймағында – васюган-наунак свитасы, қалыңдығы 40-115м. Олар жағалық-теңіздік және лагуналық генезисті құмтас, алевролит, аргиллиттің қабаттары. Батыс Сібірдің оңтүстігінде қарастырылып отырған шөгінділер континентальді терригенді қабаттарымен көрініс береді. Қалыңдығы 150-200метр.Келловей-киммеридж бассейнің ойыс орталығы платформаның батыс аудандарын қамтиды, оған Сандибей, Вынглор, Надым және Ханты-Мансий ойпатының кейбір бөлігі жатады. Мұнда абалак свитасының күңгірт түсті саздары жиналған. Қалыңдығы 100м.

181- сурет. Батыс Сібір тақтатасының триас рифті жүйесінің сұлбасы(В.С.Сурков; О.Г.Жеро және т.б. қосылған) [ ]

1-рифтерралық көтерілімдер; 2-триастық грабен-рифттер; 3-грабенді кешен қалыңдығы;шақырым; 4-рифтті интрузивті кешенінің бетінің орналасу тереңдігі, шақырым; 5-мезозойлық кайнозойлық тақталы тыстың таралу шекарасы.

Рифттераралым көтерілімдер: I-Солтүстік Ямал, II-Красноселькуп, III-Уренгой, IV-Сургут, V-Төменгі Вартов, VI-Каймысов, VII-Александров-Васюган, VIII-Сенкино-Пудин, грабен-рифтер, IX-Ямал, X-Колтогорско-Уренгой, XI-Худуттей, XII-Худосей, XIII-Аган, XIV-Усть-Тым, XV-Гузик.

Волжск – төменгі берриас шөгінділері баженов свитасының теңіздік жұқақабатты қара, күңгірт-қызыл аргиллиттерімен және яновстанов, марьяновск, лабытнанг свитасының ұсақ сулы-теңіздік алевритті-сазды жыныстарымен көрініс табады. Аргиллиттер Батыс Сібір платформасының орталық ауданында, ал алевритті- сазды жыныстар қалған аймақтарда таралған. Баженов свитасының қалыңдығы 25-50м. Ол жоғарғы юралық аймақтық флюидтірек болып келеді және жоғары сапалық түп мұнайлы қалыңдық ретінде сипатталады.

Төменгі бор шөгінділері қалыңдығы 2,5 шақырым терригенді, жағалық-теңізді, теңізді-континенттік жыныстармен сипатталады (181,182- сурет).

Апт-сеноман шөгінділері платформаның батыс бөлігінде жағалық-теңіздік құмды-алевролитті жыныстарымен көрсетілген. Қалыңдығы 300-900метр. Платформаның шығысында – жағалық континентті алевритті-құмды жыныстар қалыңдығы 700-900м. Солтүстік аудандарда – жағалық-континентті құмды-алеврит-сазды жыныстар таралған. Қалыңдығы 1300м.

Турон-төменгі олигоцен шөгінділері кремнийлі-саз құрамды теңіздік жыныстармен көрінеді. Қалыңдығы 100-200м. Бұлар апт-сеноманның құмды-алевролитті жыныстарына аймақтық жамылғы қабат болып келеді.

Олигоцен, неоген және антропоген шөгінділері тақталы кешеннің жоғарғы құрылымдық этажын қалыптастырады. Жалпы қалыңдығы 500м. Олигоцен тұщы сулы континентті алапта қалыптасқан. Неоген қабаттары (150м) платформаның оңтүстігінде дамыған, ал антропогенді шөгінділер (120м) платформаның орталық және солтүстік аудандарында дамыған [20.

Шөгінді түзілімдердің құрылымы

Батыс Сібір платформасының палеозой-антропоген жасты вулканогенді-шөгінді түзілімдері тақта алды және тақталы құрылымды этаждардан тұрады.

Тақта алды этажы. Батыс Сібір платформасының әртүрлі ауданында тақта алды этажы палеозой қимасының әр түрлі секциясын және триасты қамтиды. Негізінен ол дискретті таралымдармен және блоктық-қатпарлы құрылысымен сипатталады. Шөгінді- вулканогенді түзілімдердің қатпарлану деңгейі әр геоблоктарда әртүрлі. Батыс Сібірдің солтүстік және шығыс аудандарындағы тақта алды этажының палеозой жыныстары біршама терең ойпаттар түрінде берілген, мұнда палеозой қалыңдығы 4-6 шақырым, кейде одан астам.

Батыс Сібір платформасының құрылымында триас жүйесінің рифтері маңызды рөл атқарады. Мұнда юра-кайнозой тақталы кешенінің құрылысы мен мұнайгаздылығы анықталады. Рифті жүйе – рифт аймағынан және рифт аралық көтерілімдерден тұрады. Ең ірі рифті құрылым – Колтогор-Уренгой рифті. Мұның батысында Худуттей, Ямал және Аган рифтері, ал платформаның солтүстік-шығысында Худосей рифті бар. Бұлар Колтогор-Уренгой рифтіне қарағанда аз созылымды және тар.

Геофизикалық зерттеулер мәліметтері бойынша рифтерде өзіндік рифті кешен бөлінеді. Олар құрамы негізгі вулканитті және вулканогенді-шөгінді түзілімдермен толтырылған базиттер мен грабендер түрінде көрініс береді. Жоғарғы кешен бірнеше ұңғылармен анықталған. Колтогор-Уренгой рифтінің оңтүстігінде бұрғыланған Саймовск және Никольск ұңғыларында грабенді кешен қабатталған лава, лавобрекчия, құрамы негізгі қабат интрузияларымен қалыптасқан, олардың ашылған қалыңдығы 500-1377м. Шөгінді жыныстар терригенді, өсімдікті дитритті сазды жыныстардан және көмір қабатшаларынан құралған. Шөгінді тыстың қалыңдығы 40-200м, жасы ортаңғы-жоғарғы триас. Платформаның солтүстігіне қарай триас шөгінділерінің қалыңдығы 2-2,5 шақырымға дейін өседі.

Юраға дейін бедерде рифтогенді аймақтар грабендердің төмен түсуімен көрініс табады, амплитудасы оңтүстігінде 1-2 шақырым, солтүстігінде 5 шақырым.

Мынаны атап айтқан жөн, рифтогенез тек юраға дейін түзілімдер құрылымының қалыптасуында ғана емес, сонымен қатар юра шөгінділерінің құрылысы мен мұнайгаздылығында да маңызды рөл атқарады. Юра қабатының қалыптасуының алғашқы сатысында рифтогенез аймақтарында тектоникалық қозғалыстар белсенді жүрді. Бұл Батыс Сібір шөгінді алабының қалыптасуына әкелді.

Тақталы кабат. Батыс Сібір платформасының солтүстігінде байкал және байкал алды қатпарлы ауданында тақталы құрылымды этаж триас және юра-антропоген жасты шөгінділерден тұрады. Платформаның іргетасы герциндік, басқа аудандарында тақталы құрылымды этаж юра-антропоген шөгінділерінен қалыптасқан.

Тақталы кешеннің қимасын оның құрылымдық ерекшелігіне, табанының тереңдігіне және өзіндік қатпарлану деңгейіне байланысты бірнеше құрылымдық-тектоникалық аумаққа бөлуге болады, олар:сыртқы тектоникалық белдем, Оңтүстік тектоникалық облысы (немесе Обск аудандық террасасы), Солтүстік тектоникалық аудан (немесе Ямал-Таз мегасинекли-засы). Бұлардың әрқайсысы өзіндік күмбездерге, ойпаңдарға, бел-белестерге жіктеледі.

Сыртқы тектоникалық белдемнің батыс бөлігінде барлық ұсақ құрылымдық формалар тұйықталмаған және олар платформаның орталығына қарай еңістеу. Тысының қалыңдығы мұнда 2-2,2 шақырымнан аспайды және ол негізінен жоғарғы юра-палеоген шөгінділерінен құралған. Айтарлықтай үлкен құрылымдық формалар – ұзындығы 200-300 шақырым, ені 100 шақырым болатын бел-белестер. Амплитудасы 100-300м, жамылғысы жоғарғы юра болатын бел-белестер мұнайгаз жиналым аумақтары болып келеді. Олардың негізгі қалыптасу сатысы юра кезеңіне келеді: неоком, апт-альб-сеноман.

Оңтүстік тектоникалық облыстың ауданында юра алды кешені табанының жатыс тереңдігі 2,2-4 шақырым. Тақталы кешен төменгі юра, олигоцен шөгінділерінен құралған. Мұнда күмбездер және бел-белестер белгіленген, олар мұнай кенорындарының ашылымдары болып келеді. Олар: Красноленинск, Сургут, Нижнийвартов күмбездері және Александров бел- белесі. Бұл облыстың платформалық құрылымдарының көпшілігі турин сериясының вулканогенді-шөгінді жыныстарынын құралған, триас көтерілімдерімен дамыған. Оңтүстік тектоникалық облысының құрылымдық элементтерінің қалыптасу сатысы – төменгі-ортаңғы юра.

Солтүстік тектоникалық облысы (Ямал-Таз мегасинеклизасы) платфор- маның солтүстік бөлігін қамтиды (Сургут күмбезінен солтүстікке қарай). Нижнемессоянск бел-белесімен ол екі синеклизаға бөлінеді: Ямал-Гыдан және Надым-Таз 20.

Ямал-Таз мегасинеклизасы аумағында юра-палеоген кешенінің табаны солтүстігінде 5-6 шақырым тереңдейді. Оның территориясында оннан астам ірі ойпаңдар мен ойыстар, жиырма шақты бел-белестер және бірнеше күмбездер кездеседі. Мынаны айта кеткен жөн, егер Оңтүстік тектоникалық облыста күмбездер таралса, Солтүстігінде бел-белестер орын алған. Бұлардың ішінде Нижнепурский және Часельский триас пен төменгі-ортаңғы юрада дамыған, қалған көтерілімдер негізінен төмендегі үш сатының біреуінде қалыптасқан: төменгі-ортаңғы юра, неоком немесе апт-сеноман, жоғарғы бор-кайнозой. Ямал-Таз мегасинеклизасындағы бел-белестердің созылу бағыты әртүрлі, олар жоғарғы юра жабынының үлкен амплитудасымен (400-1200м) ерекшеленеді.

Мұнайгазды кешендер

Батыс Сібір платформасы аумағында бор, юра және палеозой (15%) шөгінділерінен мұнай мен газдың 370 астам кенорындары ашылған. Шоғыры негізінен қабатты күмбез типті, жиі стратиграфиялық және литологиялық шектелген. Платформаның орталық, шығыс және оңтүстік ауданы негізінен мұнайлы, солтүстігінде газды және газконденсатты кенорындары орналасқан; Орталық Объ маңы мен Обск территорияларының орталығында газдымұнайлы және газдымұнайконденсатты кенорындары таралған 20.

Платформаның мезозой-кайнозой шөгінді тысында екі ірі аймақтық жамылғы қабат бөлінеді: жоғарғыбор-палеоген және төменгіюра- төменгібор. Бұл жамылғы қабаттар шөгінді тысты екі мұнайгазды кешендерге бөледі, олар: юра және бор.

Батыс Сібір провинциясында палеозой-кайнозой шөгінділерінен 11 өнімді және болашағы бар мұнайгазды кешендер белгіленген.

Палеозой болашағы бар кешені. Провинцияның солтүстік және шығыс бөлігінде, оңтүстігінің кей жерлерінде дамыған. Карбонатты жыныстармен көрініс береді. Кешенде 15 кенорын анықталған. Олар палеозой жыныстарының мору қыртысымен байланысты 19 мұнай, газ және конденсат шоғырларынан құралған. Шоғырлар қабатты және массивті, тектоникалық, литологиялық немесе стратиграфиялық шектелген. Шоғырлардың көпшілігі провинцияның оңтүстік-шығыс аймақтарында, Томск және Новосибирск облыстарының территориясында ашылған. Өндірістік өнімдері Широтный Приобъ және Красноленинск күмбезінде белгіленген. Красноленинск күмбезінің Горелый ауданында мұнайдың дебиті шамамен 500м3тәул. Ямалдың оңтүстігінде Новопортовск кенорнының 5 ұңғысынан карбонатты девон жыныстарының жабынынан 2500м тереңдікте максимальді дебиті 260 мың м3тәул болатын өндірістік газ және конденсат ағындары алынған. Карбонатты жыныстардың қабатынан мұнай ағындары Нюрольск ойысының Малоичск ауданында 3450-4230м тереңдікте алынған.

Триас болашағы бар кешені екі түрлі қимамен көрсетілген. Біріншісі вулканогенді-шөгінді турин және көмірлі челябинск сериясымен берілген. Бұл шөгінділерден Шаим ауданында мұнай ашылымдары анықталған. Бірақ оның мұнайгаздылы болашағы өте төмен. Екінші қима құм-сазды және сазды шөгінділерден құралған. Бұл өте аз зерттелгендіктен оның мұнай-газ болашағын болжау қиын.

Төменгі-ортаңғы юра мұнайгазды кешені Батыс Сібір КС потенциалды ресурсының 28,8 % құрайды. Ол платформаның территориясында бірыңғай таралған. Оның орталық және оңтүстік бөлігінде бұл кешен терригенді жағалық-теңіздік және континентті тюмен свитасының шөгінділерінен құралған. Қалыңдығы 100-2000м. Провинцияның солтүстік шетінде бұл кешен жағалық-теңіздік, теңіздік және көлдік-аллювиальды хет сериясының шөгінділерімен құралған. Қалыңдығы 2500м. Мұнда флюид- тіректермен бөлінген үш мұнайгазды аймақтар бар.

Кешеннің аймақтық жабын рөлін төменгі келловейдің сазды қабаттары атқарады. Кешеннің өнімді қабаттарын Ю2, Ю3 т.б индекстермен белгілейді. Провинцияның батысында кешеннің жабынының жатыс тереңдігі 1-2,5м, Орталық Приобъта және шығыста 2,5-3,5 шақырым, солтүстік бөлігіндегі ойыстарда 4-4,5 шакырым.

Төменгі-ортаңғы юра кешенінің мұнайгаздылығы: Орал маңы МГО – 16 мұнай және 1 газ шоғыры; Фролов МГО – 13 мұнай және 4 газды; Орталық Объ МГО – 28 мұнай; Каймысов МГО - 13 мұнай, 8 газконденсатты және 1 мұнайгазконденсатты; Васюган МГО - 5 мұнай, 1 мұнайгаз және 3 газконден- сатты; Пайдугинск МГО – 2 мұнай, 3 газконденсат және 1 мұнайгазкон- денсатты; Ямал, Гыдан, Надым-Пур және Пур-Таз МГО – 9 мұнай, 4 мұнайгазконденсатты және 8 газконденсатты шоғырлары бар. Қарастырылған МГ кешенінде барлығы 80 мұнай, 22 газконденсатты, 4 газды және 1 мұнайгазды шоғырлар анықталған. Мұнай қорының көп мөлшері (50%) Сургут, Нижневартовск, Красноленинск және Каймысов күмбездерінде. Кешеннің шоғырлары құрылымды-литологиялық және литологиялық типті.

Васюган мұнайгазды кешені (келловей-киммеридж) провинцияның орталық, солтүстік, солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс аудандарында дамыған. Сургут күмбезі мен Уренгой бел-белесінен батысқа қарай кешеннің құмды жыныстары сүйірленіп кемиді.

Мұнай және газ шоғырлары васюган, сиговск, вогулкинск қабаттарында жинақталған. Кешеннің өткізгіш бөліктерінің стратиграфиялық көлемі аудан бойынша өзгереді. Платформаның орталық және шығыс бөлігінде кешеннің Ю өнімді горизонтының үстінде киммериджді шектелген қабаттың аргелиттері дамыған. Кешеннің жатыс тереңдігі оңтүстігінде 2,5 шақырым солтүстікке қарай 3,5 шакырымға ұлғаяды. Кешеннің жалпы қалыңдығы 10-300м аралығында өзгереді, негізінен 50-60м болады. Провинцияның орталық бөлігінде кешеннің қалыңдығы 5-300м, солтүстік – шығыс бөлігінде 150м ұлғаяды.

Васюган мұнайгазды кешенінің коллекторлары кварцты-далашпатты құрамымен сипатталады. Кеуектілігі 15-19 аралығында, өткізгіштігі 0,2-0,4 мкм 2. Кешеннің табиғи резервуарларында 180 мұнай, 20 газконденсатты және 10 астам мұнайгазконденсатты шоғырлар анықталған. Олар құрылымды және құрылымды-литологиялық тұтқыштарда жиналған. Кешеннің негізгі мұнай қоры (96)- мұнай шоғырларында, бос газдың (70)- газконденсатты шоғырларда жинақталған. Кешендегі КС шоғырлары Надым-Пур облысының солтүстігі, Ямал, Гыдан МГ облысынан басқа жерлердің бәрінде анықталған. Шоғырлардың көп мөлшері Вартовск ауданында ашылған. Болашағы бар ресурстардың көпшілігі Пур-Тазда және 25 Пур МГОда.

Баженов мұнайгазды кешені волжко-төменгі берриас жасты карбонат-органогенді-саз құрамды битум жыныстарынан құралған. Провинцияның батысында баженов мұнайгазды кешенінің тереңдігі 1-1,2шақырым, ал орталық және солтүстік аудандарда 3,5м. Кешеннің жалпы қалыңдығы 10-15м-ден 100-120 дейін өзгереді (орташа 35м).

Баженов мұнайгазды кешені тек мұнай шоғырларынан тұрады, ол провинцияның КС қорының 9 құрайды. Өндірістік ағын негізінен Салым ауданында алынған. Баженов қабатынан алынған мұнай ағынының құрамы Сорг 0,6-0,7 тұрады.

Неоком мұнайгазды кешені Батыс Сібір провинциясының мұнайгазды кешендері ішіндегі ең маңыздысы. Мұнда КС қорының 35 бар. Бұл кешенмен провинцияда өндірілетін мұнайдың 95 байланысты. Бұл мұнайгазды кешенде ачим қабатының құмды-алевритті жыныстары ерекше орын алады.Олар Батыс Сібір платформасының 4 аймағында: оңтүстік, оңтүстік-батыстан солтүстікке қарай, солтүстік және шығыс аймақтарында максимальды қалыңдықта таралған. Ачим қабатының негізгі КС шоғырлары құмды-алевритті линзаларда, олардың қалыңдығы 40-60м. Ашық кеуектілігі 4-25, өткізгіштігі 0,005-1,15 мкм2 .

Батыс Сібір платформасында жағалық-теңіздік жағдайда шөгінді жиналудан қалыптасқан ачим қабаттары қабатты, дөңбек күмбезді, литологиялық экрандалған КС шоғырларынан тұрады. Олар жоғарғы берриас-валанжин тарск және мегион свитасының құмтастарында жиналған. Қарастырылған неоком свитасында өнімді құмтастар – ұсақ-орта түйірлі, полимиктілі, сазды цементтелген; ашық кеуектілігі 20-25, өткізгіштігі 0,1-3,5 мкм2 . Өнімді қабаттың қалыңдығы 30-50м, мегион свитасында 100 м-ге дейін өседі.

Неоком мұнайгазды кешенінде 620 астам КС шоғырлары ашылған, соның ішінде 440 мұнай, 60 мұнайгазконденсат, 120 газды және газконденсатты шоғырлар. Ритмді- горизонталь қабаттастық жоғары неокомды мұнайгазды кешенге тән, олар көпқабатты кенорындарының қалыптасуына қолайлы. Мұнай шоғырлары мынадай кенорындарында белгіленген: Самотлор, Федоров, Усть-Балык, Мамонтов, Муравленков және т.б. Батыс Сібір платформасы ауданында мұнайгазды кешендердің орналасуы мынадай: мұнай шоғырларының көпшілігі платформаның орталық аймағында; ал мұнайгазконденсатты кенiштер Надым-Пур және Пур-Таз облыстарында; газды және газконденсатты кенiштер Ямал, Гыдан аймақтарында таралған.

182-сурет. Батыс Сібірдің тақтасының тақта тысындағы шағылу шекараларының орналасуының сұлбасы.(М.М.Рудкевич бойынша)[20].

Батыс Сібір платформасында террасалардың қалыптасуы неоком дәуірімен байланысты. Ол 182-шi суретте осы кезеңге сәйкес уақыттың геомагниттік шкаласында магниттік өрістің қалыпты полярлы периодының өзгеруімен анық көрсетілген.Мұнда магниттік өріс геохронологиялық таблицадағы жоғарғыюра мен төменгібор периодтарында 20 аномалиямен (М1-М20) белгіленген және олардың кезектілігі неоком мұнайгазды кешенінің горизонтальды қабаттастығымен сәйкес келеді.

Орталық Объ мұнайгазды облысы неоком кезеңімен, яғни террассалармен тығыз байланысты. Төменде бұл облыстың мұнайгаздылығы туралы толық қарастырамыз.

Орталық Объ мұнайгазды облысы ( ауданы 160 мың шақырым2) Батыс Сібір платформасының орталығында орналасқан, Сургут, Нижневартовск, Салым күмбездерін және басқа да көтерілімдерді қамтиды. Мұнайдың жалпы потенциалдық қорының 43 өндіріледі. Облыс ауданында Лентор, Федоров, Салым, Правдинск, Усть-Балык, Мамонтов, Солтүстік-Покруров, Мегион, Самотлор және басқа да кенорындары ашылған. Бұлардың көпшілігінде баррем-төменгіапт шөгінділерінің ірі массивті мұнай, сирек мұнайгазды кеніштері бар. Провинцияның орталығындағы мұнай кенорындары (Сутормин, Пакачаев, Повхоз, Мамонтов, Приобъ т.б) құрылымдық-литологиялық кеніштерімен сипатталады.

Кесте 14.

Геохронологиялық кесте

183- сурет. Объ маңының аймақты сейсмикалық қимасы Р-1(Г.Н.Гогоненко бойынша)

а-кешенінің табаны анықталған, б-кешенді фрагменттерге бөлген.

184- сурет. Б-В2 шағылу беткейлерінің аралығындағы орта Объ маңының астынғы бор түзілімдерінің геологиялық геофизикалық қимасы(М.Я.Рудкевич бойынша) [20]

1-басымды шағылу беткейлері; 2-құмтастар; 3-құмтасты газдылы құрылымдар; 4-саздар; 5-шайырланған саздар; 6-мұнай кеніштері; 7-ұңғымалар.

Орталық Объ облысы мұнайлы болып табылады. Газдың және оның құрамындағы конденсаттың потенциалды қоры КС қорының 18 құрайды. Сеноман кешені таза газды болып келеді. Ал, мұнайдың негізгі қоры (55) неоком кешенінде жиналған. Баженов свитасы, жоғарғы юра және төменгі-ортаңғы юра шөгінділерімен байланысты мұнайгазды кешендерінің 5-15 мұнай қоры.

Апт-сеноман мұнайгазды кешені. Бұл мұнайгазды кешен провинцияның көп бөлігінде покур сериясының қалың қабатты алевритті-құмды жыныстарымен көрсетілген. Кешеннің жалпы қалыңдығы 500-1200м. Жабын рөлін (500-800м) жоғарғы бор және палеоген жасты қалың қабатты саздар атқарады. Уренгой, Ямбург, Медвежье, Заполярный кенорындарында кешеннің жамылғы қабаттарынан газ шоғырлары ашылған: Орыс, Таз, Солтүстік-Комсомол және Варьеган кенорындарынан мұнай жиектері, ал Ань-Яунск, Орыс кенорындарынан мұнай кенiштерi ашылған.

Платформаның солтүстік бөлігінде кешеннің орталығында сазды теңіздік қабат орналасқан, олар төмен жатқан шөгінділерге экран болып келеді. Жабынның қалыңдығы батыста 100м, солтүстік және солтүстік- шығысында 50м. Жабын астында апт газды кешені қалыптасқан, олар Ямал және Гыдан свиталарымен байланысты. Апт-сеноман кешенінің жабынының орналасу тереңдігі батысында 100 м-ден платформаның солтүстігіне қарай 1300-1500м өзгереді. Кешеннің өткізгіш жыныстары батысында 40-80 өседі. Осы бағытта құмтастардың коллекторлық қасиеті де өседі. Олардың кеуектілігі 20-30, өткізгіштігі 2мкм2 дейін болады.

Апт-сеноман мұнайгазды кешенінде платформаның барланған КС қорының 48 бар. Газды жиналымдар жағалық-теңіздік, сондай-ақ континентальды қабаттарда орналасқан. КС негізгі қоры Ямал және Гыдан ірі кенорындарында жинақталған, ол Батыс Сібірдің 75 астам газ қоры болып табылады.

Террасалар туралы түсінік

Терраса ( франц.terrasse, лат. terra-жер) - өзен аңғарларының беткейлеріндегі, көлдер мен теңіздер жағаларындағы жоғарыдан және төменнен кертпешелермен шектелген, көлбеу не біршама еңіс жайпақ алаңдар. Әртекті тектоникалық көтерілімдер климаттың ауытқулары мен су деңгейінің өзгерулері аясында ағын судың не суқоймалар толқындарының әрекетінен қалыптасады.

Табиғи террасалар шығу тегі жағынан әр түрлі, сыртқы түрінде ұқсастықтары болатын баспалдақ тәріздес горизонтальды немесе шамалы көлбеу жер беті. Олар өзен аңғарларында, тау, төбе беткейлерінде, көл мен теңіз жағдайларында кең таралған. Террасалар тектоникалық көтерілімдер мен төмен түсулер, климаттың өзгеруі (ылғалдылық) т.б жолдармен қалыптасады. Кейде бірінің үстінде бірі орналасқан бірнеше жікқабаттан тұрады. Су алабы деңгейінің тербелісінен қазіргі теңіз, көл деңгейінен төмен орналасқан су асты террасасы пайда болады.

Өзендік террасалар – өзен деңгейінің бірте-бірте төмендеуінен және аңғарларының кең тереңдеуінен пайда болатын аңғар беткейі. Ірі өзендер террасаларының ені кейде 10 км-ден асады. Аймақтық циклді террасалар қалыптасу жағдайына және құрылымына байланысты біртекті емес. Олардан келесі типтер бөлінеді: 1)эрозионды 2)эрозионды-аккумулятивті 3)аккумулятивті.

Эрозионды террасалар – өзен қималарының құлау бағытына себепші тектоникалық қозғалыстардың импульсінің өсуі мен төмендеуі кездесетін жерлерде, яғни жас таулы құрылымдарда кездеседі (184-сурет).

Аккумулятивті террасалар өздерінің аумағы мен кертпештерінде аллювиальды шөгінділерден құралуымен сипатталады. Аккумулятивті террасалар өзгермеген платформалық жазықтар аймағында, сонымен қатар тауаралық және тауалды ойыстарда кездеседі, яғни аллювий қалыңдығы айтарлықтай көп жерлерде (184-сурет).

Эрозионды-аккумулятивті террасалар төменгі кертпештері жергілікті жыныстарынан, ал жоғарғы кертпештерінің аллювиальды шөгінділерден құралуымен сипатталады. Олар көтерілімдердің төмен түсу аймағында, яғни өтпелі зоналарда кездеседі (184-сурет).

185- сурет. Өзендік террасалардың типтері.

Мұнайгазды геологиялық аудандастыру

Батыс Сібір провинциясын И.И.Нестеров, А.Э.Конторович, В.И.Шпильманның жұмыстары бойынша 10 мұнайгазды облысқа бөлуге болады 20.

Ортаобъ мұнайгазды облысы ( ауданы 160 мың шақырым2) Батыс Сібір платформасының орталығында орналасқан, Сургут, Нижневартовск, Салым күмбездерін және басқа да көтерілімдерді қамтиды. Мұнайдың жалпы потенциалдық қорының 43 өндіріледі. Облыс ауданында Лентор, Федоров, Салым, Правдинск, Усть-Балык, Мамонтов, Солтүстік-Покруров, Мегион, Самотлор және басқа да кенорындары ашылған. Бұлардың көпшілігінде баррем-төменгі апт шөгінділерінің ірі массивті мұнай, сирек мұнайгазды кеніштері бар. Провинцияның орталығындағы мұнай кенорындары (Сутормин, Пакачаев, Повхоз, Мамонтов, Приобъ т.б) құрылымдық-литологиялық кеніштерімен сипатталады.

Орталық Объ облысы мұнайлы болып табылады. Газдың және оның құрамындағы конденсаттың потенциалды қоры КС қорының 18 құрайды. Сеноман кешені таза газды болып келеді. Ал, мұнайдың негізгі қоры (55) неоком кешенінде жиналған. Баженов свитасы, жоғарғыюра және төменгі-ортаңғыюра шөгінділерімен байланысты мұнайгазды кешендерінің 5-15 мұнай қоры.

186- сурет. Террасалардың қалыптасу сатылары.

Надым-Пур мұнайгазды облысы ( ауданы 166 мың шақырым2 ) платформа-ның солтүстік тектоникалық обласының орталық бөлігін қамтиды. Мұнда Медвежье, Уренгой, Губкин, Вынгапур, Муравленков, Ямбург және басқа да кенорындары ашылған. Мұнай қорының 65  неоком мұнайгазды кешенінде, 10 жоғары юра, 18,6 төменгі-ортаңғы юра кешенінде. Конденсаттың потенциалды қорының жартысы юра шөгінділерінде, 58 неоком кешенінде. Газдың потенциалды қорының 39 игерілген. Ең көп барланғаны сеноманда (78) және неокомда (43). Ачим қабаттарында 18 мұнай, 30 газды конденсаттың қоры бар.

Пур-Таз мұнайгазды облысы ( ауданы 174 мың шақылым2) Батыс Сібір провинциясының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Орыс-Часель бел-белесін, Ортапур ойпатын, Ходырь-Яхинск моноклиналін және басқа да құрылымдарды қамтиды. Мұнда Таз, Заполярный, Русское, Южно-Русское, Харампур кенорындары ашылған. Өнімді мұнайгазды кешен – төменгі-ортаңғыюра, жоғарғыюра, неоком және апт-сеноман. Мұнайдың потенциалды қоры юрада (52) және неокомда (30).

Апт-сеноман кешені газды болып келеді. Оның қорын кеніштері жақсы коллекторлық қасиетке ие, құрылымды тұтқыштармен байланыстырады. Неоком мұнайгазды кешенінде сұйық КС қоры газдың қорымен тең келеді. Мұнда 5 кенорын ашылған. Кеніштері құрылымды-литологиялық тұтқыштарда деп болжанады. Таза мұнай кеніштері 40.

Ямал газмұнайлы облысы ( ауданы 111 мың шақырым2 ) провинцияның солтүстік-батыс шетінде орналасқан. Мұнай, газ және конденсаттың болашағы бар кешендері – сеноман, альб-апт, неоком және төменгі-ортаңғы юра. Облыс аумағында Боканенков, Арктическое, Орталықомал, Новопартов кенорындары ашылған. Барлығы 4 мұнай, 13 газмұнайлы, 107 газды және газконденсатты кеніштер анықталған. Газдың қоры 53 сеноман шөгінділерінде, мұнайдың потенциалды қорының 62 аптта, неокомда 35 газ және 15 мұнай, юрада 9 газ және 13 мұнай қорлары бар.

Мұнайдың негізгі қоры неоком кешенінде. Мұнда мұнай мен газды өзара қатынасының өзгерісінде бір ерекшелік бар: егер кеніш неғұрлым ірі болса, ол – мұнайгазды; неғұрлым ұсақ болса, ол – мұнайлы болып келеді.

Гыдан мұнайгазды облысы ( ауданы 85 мың шақырым2 ) провинцияның солтүстігінде орналасқан. Мұнда 16 газкеніштері, соның ішінде сеноман мұнайгазды кешенінде – 6, апт – 4, неокомда – 5, төменгі-ортаңғы юрада – 1. Кенорындары: Антипаютинск, Симаков, Геофизик, Гыдан және Утренний. Мұнда кеніштерді өнімі 30-500 мың м3тәулікте өндіреді. Болашақты газ кешендері – сеноман, апт, неоком және төменгі-ортаңғы юра, ал мұнай – неоком, васюган және төменгі-ортаңғы юра мұнайгаз кешенінде.

Батыс Сібірдің солтүстік және арктикалық аудандарындағы кенорындарының бір ерекшелігі – ірі газ кеніштері сеноманда; газконденсат, газконденсатты-мұнайлы, мұнай кеніштері неокомда және юрада орналасуы. Кейбір кенорындарға тектоникалық қалқанған кеніштер тән.

Фролов мұнайгазды облысы ( ауданы 204 мың шақылым2 ) провинцияның орталық бөлігінде орналасқан, Орталықобъ және Надым-Пур облыстарынан батысқа қарай. Оның ауданында Красноленинск дөңбек күмбезі орналасқан. Мұнда Красноленинск көпқабатты мұнай кенорны ашылған. Бұдан басқа облыста 7 мұнайлы кенорындары ( Декабрьское, Верхнеляминское, Тайтым, Тевриз және т.б ) бар. Негізгі қордың көпшілігі юра мұнайгазды кешеніне, қалғаны апт және неоком кешенімен байланыстырады. Юра мұнайгазды кешені мұнайлы болып келеді. Мұнайдың потенциалды қорының 80 төменгі-ортаңғы юрада және баженов кешенінде.

Оралмаңы мұнайгазды облысы ( ауданы 113 мың шақырым2 ) провинцияның батыс бөлігінде орналасқан. Оның аумағында 29 кенорны, Березов газды және Шаим мұнайлы аудандарында ашылған. Потенциалды қорының 24 мұнай, 14 газ құрайды. Негізгі өнімді беткейлері юра шөгінділерінде кездеседі.

Каймысов мұнайгазды облысы ( ауданы 140 мың шақырым2) провинцияның оңтүстігінде орналасқан. Верхнедемьянск бел-белесін, Каймысов және Межовск дөңбек күмбездерін, Нюроль және Юган ойпатының бір бөлігін қамтиды. Мұнайдың потенциалды қоры неокомда (36) және төменгі-ортаңғыюра (31) мұнайгазды кешенінде. Газ - ачим (37) және неоком (43) мұнайгазды кешенінде. Болжанған мұнай қоры неокомда (67), жоғарғыюрада (7) және төменгі-ортаңғыюрада (34).

Васюган мұнайгазды облысы ( ауданы 78 мың шақырым2 ) провинцияның оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Оның аумағында Александровск, Ортаңғывасюган және Аудин бел-белестері бар. Ашылған кенорындар Вахск, Мылджинск, Лугинецк т.б. Мұнай өнімді қабаттары юра шөгінділерінде.

Пайдугин мұнайгазды облысы (ауданы 185 мың шақырым2 ) Батыс Сібір провинциясының оңтүстік-шығысында орналасқан. Оның ауданында Парабольский, Пыль-Карамин бел-белесі, Владимирский дөңбек күмбезі бар. Бұл облыста көмірсутектер қоры өте аз. Облыстағы мұнайдың потенциалды қоры 64 юра шөгінділерінде.

Батыс Сібір мұнайгазды провинциясы тек Ресейдің ғана емес, әлемдегі ірі мұнайгаз қоры бар провинциялар қатарына жатады. Жоғарыда келтірілген платформаның геологиялық құрылымын қорытындылай келіп, ірі мұнай кенорындарының орналасу факторына төмендегілерді жатқызуға болады:

1. аудан бойынша ірі седиментациялық алаптың болуы

2. шөгінді тыстың үлкен қалыңдығы ( ірі болашағы бар аудандарда 3 шкырым)

3.жоғары амплитудалы тұйықталған тақта іштік дөңбек күмбезді көтерілімдердің болуы ( тыстың төменгі горизонтымен 500-1000метр )

4. құрылымдық конседиментациялық өсу ұзақтығы

5. аудан бойынша ірі жер қыртысы сегментерінің жас платформаларға қарай иілуі.

6. трансгрессивті және регрессивті жағдайларда ірі, ритмді шөгінді жиналымдар.

Батыс Сібір мұнайгазды провинциясының геодинамикалық моделі

Г.В.Габрилянц (1991) тақтаның іргетасының құрылымының ерекшелігі соңғы протерезой мен палеозой мезгілдерінен ерекше геодинамикалық жағдайларымен пайда болған дейді.

Көп ғалымдардың көзқарасы бойынша (Л.П.Зоненшайн және басқалар, 1987 ж: С.В.Аполонов, 1986 ж), Шығыс Еуропа және Сібір континентальдық тақталар рифей мен палеозойда оңтүстікте Азиаттық палеомұхитымен шектес Орал-Сібір мұхитымен бөлініп жатқан. Соңғы палеозой аяқталған мезгілде палеозойлық палеомұхиттар жабылу нәтижесінде және ІІ Пангей пайда болумен Батыс Сібір орнында жақын орналасқан және бір тұтас дәнекерленген әр текті жекежондардан (ұсақ континенттер мен арал доғалары) тұрған біршама ғажайыпты тектоникалық қадалар пайда болған. Көпшілік ұсақ континенттердің өте қалың палеозойлық шөгінді жабындылары болған. Олар мұхиттардың жабылғандарынан кейін және іргетастың әр жасты жекежондарының бір тұтасты дәнекерленуімен соңғы палезой аяқталғанан уақытында Батыс Сібір тақтасының тақта алды кешенін құрастырған. Басқа көзқарастар бойынша Батыс Сібірдің іргетасының құрылуы герциндік және каледондық қатпарлықтардың әсерінен карел және байкал жасты жекежондардың тектоникалық магмалық қайта жөнделуімен бірге әр жасты геосинклинальды жүйелер мен белдемдер өрбу аяұталуымен тәуелді деуге болады дейді.

Осы қарастырылған пікірлердің геодинамикалық моделін, Батыс Сібір эпипалеозойлық тақтасының келесі сұлбаларымен дәлелдеуге болады(187-194 суреттер).

Рифейден төменгі ордовик уақытына дейін Урал Сібір мұхиттық Азиаттық палеомұхитымен шектескен ортаңғы және соңғы ордовикте Шығыс Еуропа және Сібір ежелгі платформалары түйіскен. Осы шекарада терең жарылым пайда болған. Екі континенттер түйіскен жерде осы дәуірдегі Еуропа мен Африка аралыққа тағы альптік қаптарлық ұқсас жағдай туған. Силур дәуіріне Шығыс Сібір платформасының оңтүстік шектігі жер орта теңізінің аумағындағы субдукция әсеріне ұшыраған.

Солтүстік-Батыс және Солтүстік-шығыс бағыттамалы терең бұзылыстар молдау. Сонымен қатар тіке Солтүстік және ендік бағыттамалы жарылымдар да бар. Солардың нәтижесінде жер қабығының өте маңызды ерекшелігі көріністі.

Ғарыштық геологиялық картасында жарылымдардың бір түрі бағыттамалы бұзылыстар платформалардың басымды құрылымдарында жатады, екінші түрлері олардың көлемінде орналасқан. Геодинамикалық модел бойынша бірнеше түрлері мұхит-континент жағдайында пайда болған, екіншілері -жерорта теңіздік түрлі және ішкі тұйықты мұхит-континент жағалады деп қарастырылған (187,194- суреттер).

Батыс Сібірде тереңдік сейсмикалық зерттеудің мәліметтері бойынша жердің іргетасынан мантияның жабынды беткейіне дейін геологияда өте маңызды құрылымдық ерекшеліктері анықталған.

Батыс Сібір тақтасының қатпарлы шекаралары 1, 2, 3, 4 жекежондармен сипатталған(187,194- суреттер).

1 -жекежон Алтай Саян қатпарлы облысындағы Томь-Колыбан қатпарлы белдемі.

2 -жекежон Салаир антиклинориясының жер облысындағы жабында жоқ бөлшегімен және Батыс Сібірге қалыптасқан оның бөлімі. Барнаул қаласынан шығысында 20 шақырымда дамыған және Кузнецк иінді ойысының шекарасында түгел жарылымдармен шектелген.

3 -жекежон Кузнецск иінді ойысының аумағымен сәйкес орналасқан.

4 -жекежон Енисей Батыс Сібір тақтасымен терең бұзылыс бойымен шектелген.

Батыс Сібір тақтасының жер қабығы әр түрлі тереңдікті сипаттамалы құрылымы ірі жекежондарға бөлінген.

5 -шеттік шығыс жекежон Енисей мен Кузнецк – Алтай терең жарылым белдемінің жалғасының аралығында орналасқан.

6 -жекежон шығысында Кузнецк – Алтай жарылым белдемімен, батысында Тым өзенінің бұзылысымен шектелген, оңтүстік – шығысында жер бетінде ашылған Том – Колыван белдесімен қалыптасқан. Оңтүстік батыс алаңы зерттелмеген.

7 -жекежон Обь алаңында Солтүстік мұзды мұхитына дейін созылып жатыр.

8 -жекежон Ертіс алаңында Солтүстік Қазақстанның жер бетіне жабыны жоқ құрылымдарына, басқаша айтқанда каледон құрылымдарының жоғарыланған бөлегінде.

Осы екі жекежонның батыс шекарасы Ом бұзылыс белдемімен Батыс Сібір айналатын Солтүстіктен оңтүстік бағыттымалы болып жатыр.

Мүмкін осы екі жекежондар ұзындығы мыңдаған шақырым, ені 100-200 шақырым бір біртұтас көмілген құрылым болып әр түрлі жекежондар жүйеленуін бөліп жатқан болар.

Омск қарасының ендігіне жақын бұл құрылым Солтүстік батыс (жайылымды) таралымды көлденең жарылымымен бұзылған. Осы жерде жер қабығының құрылымы басқа жерге қарағанда өте күрделі.

9, 10, 11 -жекежондар Обь өзенінің ендік ағым маңында зерттелген.

12 -жекежон оңтүстігінде Тобльск қаласының ауданында ендікке жақын бағыттамалы шектелген және Солтүстікке қарай Ханты-Мансийск қаласына дейін созылған.

13 -жекежон Ертістің орта саласында анықталған. Оңтүстік жағынан ол Ом белдемдік жарылымдарымен түйіседі.

Бұл жекежон шығыс және батыстық деп екіге бөлінеді. Олардың шекаралық жарылыммен ғана жер қабығының жоғарғы қабаттарында анықталған.

14 -жекежон Омск қаласының маңында орналасқан.

Батыс Сібір тақтасының іргетасы палеозойлық және киммерийлік қатпарлық жүйелерімен, белдемдерімен дәнекерленген ірі ежелгі (кембрий алды) бөлшектенген бұхаралардан қалыптасқан (50% дейін). Кембрий алды жасты бұхаралар ішінде байкалдың түрлері кең жайылымды.

Олардың орбу тарихи әлі толық анықталмаған.

Ертіс – Надым бухарасы және оның Солтүстік жалғасы өзінің иілу ауданы бойынша ерте бүгілу әсерінен ішкі бухара түрде сипатталынады. Оларды батысынан Орал және Жаңажерлік жүйелері, шығысында Обь-Зайсан және Таймыр жүйелері қоршап жатыр.

Бірақта, В.А.Буш, Л.г.Кирюхин (1976) кембрий алдындағы варисций сатысында басталды, соның ішінде ордовик кезеңінде деп ұсынған және Ертіс-назым бухарасының геологиялық тарихы әлі толық анықталмаған, оны ішкі бүгілу бухаралы деп есептеу әлі ерте дейді.

Батыс Сібір тұғыр ежелгі қозғалмалы белдем көлемінде шоғырланған, оның өрбуі соңғы рифей мен ортаңғы палеозойда аяқталған (187,194- суреттер). Соңынан келесі өрбуі жектелген тұғырнама жағдайында болған (S – P).

Орта рифейде барлық ежелгі тұғырнамалар біртұтас осы дәуірдегі Атлант мұхитының Солтүстік жарты шарында 75º ендікте спрединг үстінде шоғырланған (187- сурет).

Соңғы рифейде барлық тұғырнамалар оңтүстікке қарай ығысқан, мысалы Шығыс Еуропа тұғырнамасы 20º оңтүстік және Шығыс Сібір тұғырнамасы 40о оңтүстік ендікке көшіп олардың аралығында тұғырнама аралық мұхит болған. Оңтүстік шығыс шекарасында ежелгі Қытай тұғырнамасы орналасқан. Осы су айдыны пайда болуына, олар үш литосфералық Солтүстік Америка, Еуро-Азиялық және Африка тақталас түйіскен жердегі рифттекті жарылымның әсері тиген. Осы дәуірде батыс Сібір тұғырнамасында 13 жекежонға сай (Тюмень – Омск қалалар маңы).

Төменгі кембрий-венд дәуірінде тұғырнамалас аумақтары сай Солтүстікке қарай көшті. Шығыс Сібір тұғырнамасы жер орта кембрийде Еуропа – Азия литосфералық тұғырнамасының ығысуына тәуелді Шығыс Сібірі тұғырнамасы оңтүстікке қарай ығысып, Батыс Сібір аумағының көлемін кемітті. Мүмкін соның әсерінен тұғырнаманың өстік аумағы иіліп, терең сулы аймақ пайда болып шөгінді және эффузивті жыныстар шоғырлануға ыңғайлы жағдай болған деп есептеуге болады.

Орта және соңғы ордовик дәуірінде Шығыс Еуропа және Шығыс Сібір ежелгі тұғырнамалары бірігіп, олардың түйіскен шекарасында Шығыс Сібір тұғырнамасынан Солтүстік батыс бағыттамаға қарай ығысуымен осы жерде (коллозия) терең жарылым пайда болған, қатпарлы құрылыстар шоғырланған, ішкі континентальді тәртіп жойылған, олардың орнында осы дәуірдегі Орал тау аумағында Оралтау белдемінің терең бұзылыстары белсенді шоғырлана бастаған (187,188- суреттер). Осы аумақтың Солтүстік белдемінде теңіздік тәртіп сақталған.

Силур кезеңінде Батыс Сібір аумағы Солтүстік шығысқа қарай ығысқан және алаңы ұлғайған.

Сонымен қатар Солтүстік шығысында мұхитқа (Атлантика) қарай ашылған. Шығыс Сібір тұғырнамасының осы дәуірдегі оңтүстік шекарасы осы дәуірдегі Жерорта теңіз белдемінде орналасқан.

Басқаша айтқанда бұл, субдукциялық белдемде жер қабығы иілген, жиналған алаптар шоғырланған аумақ. Осыған байланысты континентальді Байкал рифтісі шоғырланған деп есептеуге болады. Девон-силур кезеңінде Солтүстік – Шығысында Шығыс Сібір тұғырнамасының орта атлантикалық рифте белдем әсерінен жаңа жер аралы бөлінген деуге болады. Оның орнында Кар теңізі пайда болған. Батыс Сібір аумағы жердің магниттық өріс өзгерумен және рифті белдемдегі спрединг өрісі орбуі мен оңтүстік бағыттамалы көшіп осы дәуірдегі Гвинея шығанағы алақына сай орналасқан. Сонымен қатар алаң көлемі азайып, тереңдігі ортократын жағдайынан тәуелді болған. Айта кететін бір жағдай, ортократондар шоғырланғын жер қабығы жұқарып, Мохоривичич беткейі жоғарыланды және жарылады. Сол себептен жер қабығына қабаттық қызуы жоғарылайды. Флюидтер көшіне ықпалды геодинамикалық жағдайлары мол болады. Н.М.Одинцованың мәліметтері бойынша батыс сібір көлемінде рифтердің Колтогор бөлімінде қабаттық ыстық 115ºС, ал рифтен тыс аумағында 85ºС.

Батыс Сібір тұғырнамасы девонды осы дәуірінде Батыс Еуропа аумағын көшіртіп, орын ауыстырады, оның шығыс шекарасы Тейесер – Торыквит бұзылысымен сәйкес келген. Солтүстік ауданы Солтүстік теңіз және Балтық теңіздерінің рифті белдем көлемінде, оңтүстікке Қара теңіз аумағында болған. Балтық және Қара теңіздер планетарлық ортократондар дамыған аумақтар.

Осы қарастырылған геодинамикалық модель батыс Сібірде ортаңғы девонда иілім мен қатпарлықтар пайда болғанын сипаттайды. Тейсер – Торнквит бұзылыс әсерінен Урунгай – Колтогор рифтті белдемі дамыған деуге болады. Солтүстік және Балтық теңіздеріндегі белдем Батыс Сібірдің спрединг белдемінің Енисей – Хатанг иінді ойысына сай (189- сурет).

Орта девон – төменгі карбон дәуірінде Батыс Сібір аумағы оңтүстік бағыттамалы ығысты, оның аумағы жерорта теңізінің ортократондары дамыған Солтүстік Батыс субдукциялық белдемімен диагональдерге бөлінген (190- сурет). Осы геодинамикалық даму жағдайына байланысты Уват – Хантымен, Метов, Усть – Тым ұсақ континенттері осы дәуірдегі жерорта теңіздегі Пиреней, Сициллия құрылыстарға ұқсас және Обь – Пудес, Атан рифтерімен бөлінген литосфералық мұхиттың қалдық сипаттары, әгей теңіздеріне ұқсас.

Төменгі карбонда осы эпипалезойлық тақта, қайтадан Солтүстік қарай көшіп, оның Солтүстік ауданы Балтық теңізіндегі ортократондар өрбіген геодинамикалық жағдайда ұшырады.

Осылай, Д – С дәуірімен және осы мезгілде Об Губа шығысында ортократондық жағдайлармен байланысты Батыс Сібірдің іргетасы Солтүстік бағыттамалы төмендеуін дәлелдеуге болады (185,186- суреттер).

Сонымен қатар Батыс Сібір аумағы ордовик дәуіріне өрбіген мұхит-континент субдукциялы (тынық мұхит түрлі) меридианалды белдемімен әсерленген.

.187- сурет. Батыс Сібірдің газдылы және мұнайлы кенорындарының шолу картасы және субдукция белдемдері.

188- сурет. Батыс Сібірдің газдылы және мұнайлы кенорындарының шолу картасы және «мұхит-континент» шекаралары.

189- сурет. Батыс Сібірдің тақтасының қатпарлы шекарасы.

190- сурет. Батыс Сібірдің тақтасының қатпарлы шекарасы.

191- сурет. Батыс Сібірдің тақтасының қатпарлы шекарасы.

192- сурет. Батыс Сібірдің тақтасының қатпарлы шекарасы.

193- сурет. Батыс Сібірдің тақтасының қатпарлы шекарасы.

194- сурет. Батыс Сібірдің тақтасының қатпарлы шекарасы.

Батыс Сібір мұнайгазды провинциясының мұнай -газ кенорындары

Провинция шегінде 346 кенорын тіркелген. Өндірістік мұнайгаздылық палеозой, юра, бор түзілімдерімен ұштастырылған. Мұнай -газ кенорындары антиклинальды және антиклинальды емес тұтқыштармен байланысты. Қабат күмбезді типтті кеніштер жие литологиялық және стратиграфиялық шектелген болады. Жоғарғы борда массивті кеніш кездеседі.

Провинцияда 1011 кеніш тіркелген (194-сурет). Олардың стратиграфиялық кешендері мен тектоникалық элементтері бойынша жіктелуі көрсетілген (196-200 суреттер).

Төменгі - орта юра түзілімдерінің мұнайы нафтенді - метанды болып келеді. Едәуір жеңіл мұнай (800 кг/м ) Васюган, Орал алды, Надым-Пур және Пур-Тазов МГП-да кездеседі. Жоғары тығыздықты мұнай(850-874кг/м ) Орта Обь алды, ал едәуір жоғарылары Каймысов және Орал алды МГП-да шектеулі таралған. Неоком кешенінің мұнайы провинцияның орталық бөлігінде жие төменнен жоғары қарай қима бойынша жеңілінен ауырына қарай өзгереді. Одан да жоғары тығыздықты мұнай (0,935кг/м ) апт– альб –сеноман горизонты мұнайына тән. Олар әлсіз парафинді (0,7% парафин) күкірті аз (0,28%) және нафтенді (65-70%) болады.

Еркін газ 41-99% метан, азот 0,02-26,7%, көмірқышқыл 0-3,45% күкірт сутекті жақ деуге де болады.

ГМ кеніштер газдарында метан гомологтары көп мөлшерде 3-5% дан 20-30% дейін, азот және жиі кездесетін элементтер 0,25-6,38%, юра кешенінің кеніштерінде азот үлесі 26,72% құрауы мүмкін.

Еркін газдарда метан 66-88% мөлшерінде болады. Қима бойынша жоғары қарай өседі, ал метан гомологиялық үлесі азаяды.

Надым-Пур және Пур-Тазов МГО газды конденсаты төмен тығыздықты (719-780кг/м ) және метанды (50-70,8%) метан құрамды болады.

Провинция солтүстігінде Ямаль МГО және Гыдан ГО жоғары тығыздықты газдыконденсат кездеседі. (817-818 кг/м). Нафтенді қосылыстар үлесі көбейіп, метанды көмірсутектер рөлі төмендейді.

195-сурет. Батыс Сібір МГП

а- сұлбалық карта, б- геологиялық профиль. Аса ірі тектоникалық элементтер: I – Орал қатпарлы жүйесі, II- Қазақ қалқаны, III- Сібір платформасы, IV- Енисей- Хатанг мегаойысы; ірі тектоникалық элементтер: 1- Орталықямал күмбезі, 2- Нурмин мегабелесі, 3- Оңтүстік- Ямал мегабелесі, 4- Юрац күмбезі, 5- Гыдан күмбезі, 6- Напалков мегабелесі, 7- Төменгімессоях мегабелесі, 8- Уренгой мегабелесі, 9- Медвежий мегабелесі, 10- Северный күмбезі, 11- Орыс- Часель мегабелесі, 12- Сургут күмбезі, 13- Салым күмбезі, 14- Төменгівартов күмбезі, 15- Александров мегабелесі, 16- Каймысов күмбезі, 17- Орталықвасюган мегабелесі, 18- Пудин мегабелесі, 19- Межов мегабелесі, 20- Нюроль ойпаты, 21- Красноленин күмбезі, 22- Шаим мегабелесі, 23- березов моноклиналы, 24- Ханты-Мансий ойпаты, 25- Харампур моноклиналы, 26- Большеук моноклиналы, 27- Парабель мегабелесі, 28- Хадыр- Яхин моноклиналы, 29- Демьян мегабелесі, 30- Солтүстік –Сургут моноклиналы. Мұнайгаздылы облыстары: А- Ямал МГО, Б- Гыдан ГО, В- Надым- Пур МГО, Г- Пур- Тазов МГО, Д- Орталықоб МГО, Е- Фролов МГО, Ж- Приуральск МГО, З- Васюган МГО, И- Каймысов МГО, К- Пайдугин МГО.

196- Ямал МГО және Гыдан ГО мұнай және газ кенорындарының орналасу картасы.

Ірі тектоникалық элементтері: 1- Солтүстік-Ямал мегабелесі, 2- Орталықямал күмбезі, 3- Нурмин мегабелесі, 4- Оңтүстік- Ямал мегабелесі, 5-Щучьин көмпимесі,6- Юрибей моноклиналы,7- Оленья ерқатпары, 8- Юрац күмбезі, 9- Гыдан күмбезі, 10- Напалков мегабелесі, 11- Төменгімессоях мегабелесі. Мұнайгаздылы облыстары. Ямал МГО: а- Малыгин ПГМА; б- Тамбей ГА, в- Нурмин ГМА, г- Оңтүстік- Ямал МГА, д- Щучьин ПМГА; Гыдан ГО: а- Солтүстік- Гыдан ГА, б- Гыдан ГА, в- Напалков ГА, г- Мессов ГА; кенорындар: 1- Харасавэй, 2- Крузенштерн және Оңтүстік- Крузенштерн, 3- Бованенков, 4- Нейтин, 5- Арктикалық, 6- Нурмин, 7- Орталықямал, 8- Малоямал, 9- Нововортов, 10-Оңтүстік- Тамбей, 11- Солтүстік- Тамбей, 12- Жоғарғытеутей, 13- Антипаютин, 14- Семаков, 15- Геофизикалық, 16- Гыдан, 17- Утреннее.

197- Надым- Пур(А) және Пур- Тазов(Б) МГО мұнай және газ кенорындарының орналасу картасы. Ірі тектоникалық элементтері: 1/- Ярудей мегабелесі, 2/- Танлов ойпаты, 3/- Медвежий мегабелесі, 4/- Ямбур мегабелесі, 5/- Уренгой мегабелесі, 6/- Танлов мегабелесі, 7/- Северный күмбезі, 8 ꞌ - Жоғарғыпур мегабелесі, 9ꞌ - Вэнгапур мегабелесі, 10ꞌ- Варьеган- Тагрин мегабелесі, 11 ꞌ - Хадыр-Яхин моноклиналы, 12 ꞌ - Русско- Часель мегабелесі, 13 ꞌ - Красноселькун мегабелесі, 14 ꞌ - Большехет ойпаты, 15 ꞌ - Харампур моноклиналы, 16 ꞌ - Варьеган белесі, 17 ꞌ - Надым моноклиналы, 18 ꞌ - Юрхаров белесі, 19 ꞌ - Төменгітазов мегаойысы.

Мұнайгазды аудандар. Надым- Пур МГО: а- Надым, б- Уренгой, в- Ярудей, г- Губкин, д- Вэнгапур; Пур- Тазов МГО: а- Тазов, б- Сидоров, в- Толькин; кенорындар: 1- Надым, 2- Медвежий және Ныкин, 3- Пангодин, 4- Ямбург, 5- Харвутин, 6- Юрхаров, 7- Находкин, 8- Солтүстік- Уренгой, 9- Уренгой және Енъяхин, 10- Самбург, 11- Оңтүстік -Самбург, 12- Шығыс - Уренгой, 13- Ево- Яхин, 14- Пырей, 15- Юбилей, 16- Ямсовей, 17- Солтүстік- Комсомол, 18- Жоғарғыпур, 19- Муравленков, 20- Пульпуях, 21- Сутормин, 22- Крайнее, 23- Шығыс- Пякутин, 24- Комсомол, 25- Губкин, 26- Солтүстік- Губкин, 27- Батыс- Торкасалин, 28- Тарасов, 29- Етыпур, 30- Вэнгаяхин, 31- Новогднее, 32- Вэнгапур және Оңтүстік- Вэнгапур, 33- Ярайнер, 34- Тагрин, 35- Новомолодежный, 36- Солтүстік Варьеган, 37- Варьеган және Батыс Варьеган, 38- Ваньеган, 39- Песцов, 40- Шығыс- Таркосалин, 41- Оңтүстік- Пырей, 42- Сузун, 43- Тазов және Шығыс- Тазов, 44- Заполяр, 45- Батыс- Заполяр, 46- Русское, 47- Оңтүстік- Русское, 48- Кын, 49- Жоғарғычасель, 50- Усть- Часель, 51- Харампур, 52- Оңтүстік- Харампур, 53- Жоғарғыколикъеган, 54- Сандибин, 55- Береговое.

198-сурет. Орталықоб МГО мұнай және газ кенорындарының орналасу картасы.

Ірі тектоникалық элементтері: 1/- Солтүстік- Сургут моноклиналі, 2/- Сургут күмбезі, 3/- Солтүстік- Вартов моноклиналі, 4/- Төменгі Вартов күмбезі, 5/- Оңтүстік- Вартов моноклиналі, 6/- Салым күмбезі, 7/- Юган ойпаты, 8 ꞌ - Ярсомов мегаойысы, 9ꞌ - Чупал ерқатпары, 10ꞌ- Колтогор мегаойысымы, 11 ꞌ - Тундрин ойпаты.

Мұнайгазды аудандар: а- Сургут, б- Вартов, в- Салым; кенорындар: 1- Солтүстік- Соимлор, 2- Карамов, 3- Холмогор, 4- Икилор, 5- Шығыс Ягун, 6- Пограничный, 7- Выинтой, 8- Төменгі Сортым, 9- Кочев, 10- Тевлин, 11- Коголым, 12- Конитлор, 13- Сорым, 14- Айпим, 15- Камын, 16- Алехин, 17- Лянтор, 18- Тайбин, 19- Тутлим, 20- Карьяун, 21- Вачим және Таплор, 22- Минчимкин және Солтүстік- Минчимкин, 23- Сапоркин, 24- Русскин, 25- Быстрин, 26- Савуй, 27- Федоров, 28- Равен, 29- Батыс- Сүргут, Яунлор, 30- Вершин, 31- Мамонтов, 32- Теплов, 33- Оңтүстік Сүргіт, Сайгатин, 34- Оңтүстік Балык, 35- Малобалык, 36- Ортабалык, 37- Май, 38- Шығыс Сүргіт, 39- Широков, 40- Ватьеган, 41- Повхов, 42- Большекотухтин, 43- Курраган, 44- Гуньеган, 45- Тюмен, 46- Пылин, 47- Ершовое, 48- Нонъеган, 49- Покачев және Солтүстік Покачев, 50- Оңтүстік Покачев, 51- Урьев, Поточный және Солтүстік Поточный, 52- Ласъеган, 53- Аган, 54- Большечерногор, 55- Малочерногор, 56- Соромин, 57- Стрежев, 58- Локосов, Покамасов, Чумпасск, 59- Солтүстік Покур, 60- Самотлор, Мегион, Мыхпай, 61- Ватин, 62- Төменгівартов, 63- Совет, 64- Солтүстік Остров, 65- Остров, 66- Орехов, 67- Ермаков, 68- Неждан, 69- Вартов- Соснин, 70- Аленкин, 71- Квартов, 72- Матюшкин, 73- Малоречин, 74- Жаңапокур, 75- Малоюган, 76- Ачимов, 77- Солтүстік Чупал, 78- Чупал, 79- Салым және Солтүстік Салым, 80- Тундрин, 81- Орталықшапшин, 82- Жоғарғышапшин, 83- Правдин, 84- Ортаңғысалым, 85- Төменгішапшин, 86- Жоғарғысалым, 87- Ледов, 88- Студеное, 89- Оңтүстік Ягун, 90- Грибной, 91- Приоб, 92- Петелин, 93- Руфьеган, 94- Нивагаль.

199- сурет. Каймысов (А), Васюган (Б), Пайдугин (В) МГО мұнай және газ кенорындарының орналасу картасы.

Ірі тектоникалық элементтері: 1/- Ханты- Мансий ойпаты, 2/- Демьян мегабелесі, 3/- Чупал ерқатпары, 4/- Юган ойпаты, 5/- Каймысов күмбезі, 6/- Нюроль ойпаты, 7/-Межов мегабелесі, 8 ꞌ - Верхнетар монгоклиналі, 9ꞌ - Ломов ерқатпары, 10ꞌ- Ортаңғывасюган мегабелесі, 11 ꞌ - Пудин мегабелесі, 12/- Оленья ерқатпары, 13/- Александров мегабелесі, 14/- Окунев ерқатпары, 15/- Ларьяк мегаойысы, 16/- Парабел мегабелесі, 17/- Усть- Тым ойпаты, 18/-Пыль- Карамин мегабелесі, 19 /- Корликов мегаойысы, 20/- Каралькин мегабелесі, 21/- Тар моноклиналі, 22/- Тым мегабелесі, 23 ꞌ - Владимир күмбезі.

Мұнайгазды аудандар: Каймысов МГО: а- Демьян, б- Каймысов, в- Межов; Васюган МГО: а- Александров, б- Васюган, в- Пудин; Пайдугин МГО: а- Пайдугин, б- Сильгин; кенорындар: 1- Тукан, 2- Мултанов, 3- Айяун, 4- Тайлаков, 5- Урнен, 6- Усанов, 7- Первомай, 8- Катыльгин, 9- Озерное, 10- Оленье, 11- Лонтыньях, 12- Моисеев, 13- Батыс Катыльгин, 14- Поселков, 15- Иголь, 16- Талов, 17- Поньже, 18- Глухов, 19- Карай, 20- Батыс Карай, 21- Урман, 22- Герасимов, 23- Төменгітабаган, 24- Солтүстік- Калин, 25- Калин, 26- Оңтүстік- Табаган, 27- Межов, 28- Шығыс Межов , 29- Веселов, 30- Малоич, 31- Верх- Тарск, 32- Ракитин, 33- Тай- Дасск, 34- Казан, 35- Лугинец, 36- Солтүстік Останин, 37- Батыс Останин, 38- Останин, 39- Мирное, 40- Верхнекамбар, 41- Селимханов, 42- Шингин, 43- Фестивальное, 44- Чворов, 45- Оңтүстік Черемшан, 46- Ломов, 47- Солтүстік- Васюган, 48- Орталықвасюган, 49- Орталықюроль, 50- Ключев, 51- Мыльджин, 52- Оңтүстік- Мыльджин, 53- Верхнесалатское, 54- Речное, 55- Солтүстік- Сиктор, 56- Солтүстік- Хохряковск, 57- Хохряковск, 58- Пермяков, 59- Коликъеганск, 60- Вах, Оңтүстік- Вах, Солтүстік- Вах, 61- Северное, 62- Проточное, 63- Чебачье, 64- Кондаков, 65- Вартов, 66- Никольск, 67- Линейное, 68- Киевьеганск, 69- Чкалов, 70- Соболин, 71- Солтүстік- Силгин, 72- Усть-Силгин, 73- Орталықсилгин, 74- Вонтер, 75- Энитор.

200- сурет. Приурал және Фролов МГО мұнай және газ кенорындарының орналасу картасы.

Ірі тектоникалық элементтері: 1/- Березов моноклиналі, 2/- Верхнеполуй моноклиналі, 3/- Надым ойпаты, 4/- Помут мегабелесі, 5/- Юиль ерқатпары, 6/- Вынглор ойпаты, 7/- Красноленин күмбезі, 8 ꞌ - Батыс- Лямин мегабелесі, 9ꞌ - Шайм мегабелесі, 10ꞌ- Шығыс- Турин моноклиналі, 11 ꞌ - Туртас моноклиналі, 12/- Пологрудов мегабелесі, 13/- Ханты- Мансий мегабелесі, 14/- Большеук моноклиналі, 15/- Тоболь мегабелесі, 16/- Орталямин белесі, 17/- Верхнекондин мегаойысы, 18/-Шеркалин мегаойысы.

Мұнайгазды аудандар: Приурал МГО: а- Березов ГА, б- Шайм МА, в- Карабаш ГА; Фролов МГО: а- Казым ГА, б- Юиль, в- Красноленин, г- Лямин, д- Тоболь; кенорындар: 1- Солтүстік- Алясов, 2- Похром, 3- Оңтүстік- Алясов, 4- Демин, 5- Березов, 6- Чуэль, 7- Тугиян, 8- Солтүстік- Игрим, 9- Оңтүстік- Игрим, 10- Пауль- Тур, 11- Нулин- Тур, 12- Шығыс - Сысконсыньин, 13- Батыс- Сысконсыньин, 14- Оңтүстік- Сысконсыньин, 15- Пунгин, 16- Горное, 17- Батыс- Шухтунгорт, 18- Шығыс - Шухтунгорт, 19- Батыс- Озерный, 20- Шығыс - Озерный, 21- Верхнекондин , 22- Верхнелямин, 23- Данилов, 24- Лемьин, 25- Батыс- Ловин, 26- Ловин, 27- Яхлин, 28- Солтүстік- Потанай , 29- Оңтүстік - Потанай, 30- Батыс- Кортопьин, 31- Филиппов, 32- Каюмов, 33- Шығыс- Семивидов, 34- Солтүстік -Убин, Батыс- Убин, Малоубинь, Оңтүстік - Убин, 35- Ортаңғымулымьин, 36- Толум- Семивидов, Оңтүстік- Толум, Шығыс- Толум, 37- Солтүстік- Толум, 38- Картопья- Охан, 39- Солтүстік- Мортымьин, 40- Шығыс- Тетерев, 41- Оңтүстік- Тетерев, 42- Мулымьин, 43- Трехозерный, 44- Солтүстік- Казым, 45- Лыхмин, 46- Солтүстік- Сотэ- Юган, 47- Оңтүстік -Сотэ- Юган, 48- Сосновомыс, 49- Емъегов, 50- Талин, Полянов, 51- Ингин, 52- Лорбин, 53- Каменное, 54- Елизаров, 55- Новоендыр, 56- Солтүстік- Хохряковск, 57- Хохряковск, 58- Пермяков, 59- Коликъеганск, 60- Вах, Оңтүстік- Вах, Солтүстік- Вах, 61- Северное, 62- Проточное, 63- Чебачье, 64- Кондаков, 65- Лебяжье, 66- Галянов.

201-сурет. Самотлор мұнайгазконденсатты кенорны.

Төменгі бор өнімді горизонты жабынының құрылымдық картасы ( Л.А.Векслер бойынша): а- БВ8, б- БВ10; в- шоғырлар шегінің тепе- теңдігі; г- геологиялық профиль ( К.В.Водопьянов бойынша); д- түзілімнің өнімді қабатының қимасы.

Өнімді горизонттардың мұнайлылық шектері: 1- БВ8, 2- БВ10, 3- БВ11, 4- АВ1-5, 5- Ю1, 6- ПК1 өнімді горизонтының газдылық шегі; 7- қабаттың саздану белдемі.

202-сурет. Новопортов мұнайгазконденсатты кенорны.

Төменгі бор өнімді горизонты жабынының құрылымдық картасы: а- НП2-4, б- НП9, в- геологиялық профиль (В.Т.Слепцов бойынша), г- түзілімнің өнімді қабатының қимасы.

203- сурет. Мортымья- Тетерев мұнайлы кенорны ( В.Г.Елисеев бойынша).

а- өнімді горизонт жабынының құрылымдық картасы; б- геологиялық қимасы, в- түзілімнің өнімді бөлігінің қимасы.

204- сурет. Русское газмұнайлы кенорны.

а- ПК1-2 (сеноман) өнімді горизонтының құрылымдық картасы, б- геологиялық профиль. ПК1-2 өнімді горизонтының мұнайгаздылық шегі: 1- шығыс блок, 2- оңтүстік- батыс дөмбек, 3- орталық блок, 4- батыс блок.

205-сурет. Ямбур газконденсатты кенорны.

а- ПК1-2 (сеноман) өнімді горизонтының құрылымдық картасы, б- геологиялық профиль.

206-сурет. Малоич мұнайлы кенорны.

а- палеозой түзілімдері жабынының құрылымдық картасы, б- геологиялық профиль, в- 6 ұңғ. Литологиялық қимасы.

207-сурет. Уренгой мұнайгазконденсатты кенорны.

Өнімді горизонт жабынының құрылымдық картасы: а- ПК1-2 (М.И.Мишуль бойынша), б- БУ8, в- түзілімнің өнімді бөлігінің қимасы, г- геологиялық профиль.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]