Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 том норм.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
75 Мб
Скачать
☆

3.1.2 Еділ – Оралтау мұнайгазды алабы

Еділ – Оралтау мұнайгазды алабы Шығыс Еуропа тақтасының шығыс аумағында орналасқан. Солтүстігі мен шығысында – Тиман мен Орал қатпарлы жүйелерімен, оңтүстігінде – Каспий маңы синеклизасымен, батысында – Воронеж антеклизасының шығыс баурайымен және Сысоль, Токмов дөңбек-күмбездерімен шектеледі. Көлемінде Пермь, Киров, Ульянов, Самара, Оренбург, Саратов және Волгоград облыстары бар. Провинция Удмуртия, Татария және Башқұртстан мемлекеттерінің аумағында жатыр. Провинцияның көлемі 700000 шаршы шақырымға жақын. Осы алабта үш мұнайлы және бес мұнайгазды облыстар белгілі.

Шөгінді тысының қалыңдығы оңтүстікте 4000 м–ге дейін барады, орташа қалыңдығы 1600-2500 м-ге дейін. Кристалданған іргетасы екі жасты кешенді болып келеді – архейлік және астыңғы протерозой. Шөгінді аумағы рифей және венд түзілімдерінен, терең қатпарлы тақтасынан тұратын бұрыңғы кешен және Уфа–Орынбор ГМО шекарасы оңтүстігінде, Бузулук ойысында және Соль–Илецк дөңесінде ордовиктен басталатын, Пачелм иінді–ойысының оңтүстік–шығысында, Юрезан–Сылвен ойпатында астыңғы девоннан басталатын, алабтың негізгі көлемінде орта девоннан басталатын орто–тақталы тысынан құрылған. Шөгінді тысының басымды көлемі девон, карбон және пермь жасты. Мезозойлы және кайнозойлы жасты түзілімдер сирек–шашыранды (кезеңді) кездеседі. Девон және карбон, пермьдегі түзілімдерде өнеркәсіпті мұнайгаздылы болып есептелінеді.

Тектоникалық аудандастыру. Еділ-Оралтау мұнайгаздылы провинциясының шөгінді тысы аумақтың орталығы мен оңтүстік-батысында жақсы зерттелген, архей-төменгі протерозой жасты кристаллданған іргетас тау жыныстарында орналасқан.

Жоғарғы протерозой және фанерозой таужыныстарынан тұратын шөгінді тысында бұрғылау және геофизикалық жұмыстардың нәтижесінде ірі-ірі дөңбек-күмбезді көтерілімдер, ойыстар мен ойпаттар белгіленген. Бір-бірінен Жоғарғы Кама ойпаты және Бир айыршығы арқылы ажыратылған, батыста – Қазан-Кажим, шығыста – Пермь-Башқұрт, орталықта – Татар дөңбек-күмбездері орналасқан. Провинцияның солтүстігінде Татар және Пермь-Башқұрт дөңбек-күмбездерінен Чепецк және Чермоз айыршықтарымен бөлінген Коми-Пермяцк және Кама дөңбек-күмбездері орналасқан. Аумақтың оңтүстік бөлігінде оңтүстік-шығысында – Бузулук ойпатымен, солтүстігінде Мелекесс және Серновод-Абдуллин ойпаттарымен шектелген Жигулев-Оренбург дөңбек-күмбезі белгілі. Ал провинцияның оңтүстік-шығыс бөлігінде Соль-Илецк атты іргетастың шығыңқы жері белгілі. Барлық аталған құрылымдардан оңтүстікке қарай Каспия маңы синеклизасы жатыр. Татар және Жигулев-Оренбург дөңбек-күмбездерден шығысқа қарай палеозойлық қабаттардың Оралалды шеттік ойпатқа үзіліссіз батуы байқалады. Олар Қаратау горстынан оңтүстікке 500 шақырымға созылып жатқан «Платформаның оңтүстік-шығыс баурайы» деп аталатын моноклиналь болып келген. Шығыста Шығыс Еуропа платформасы мен Орал герциндик қатпарлы жүйесінің арасында аймақтық шекара ретінде орналасқан Оралалды шеттік ойпаты бар. Төменгі Еділ аумағында Воронеж антиклизасының және Пачелм ойпатының оңтүстік-шығыс бөліктері белгілі.

Қазан-Кажим ойпаты іргетас үстіндегі оңтүстік-батысқа 600 шақырым созылған, ені 50-70 шақырым жіңішке грабен болып келген. Бұрғылау нәтижелері бойынша абсолюттік көрсеткіштер осы бағыт бойынша 1970-тен 2330 м-ге дейін жетеді. Солтүстікте, Киров облысында, ойпат моласса түрлі қалың жоғарғы протерозой шөгінді қабаттарынан тұрса, ал оңтүстікке қарай, Татарстанда – ол эйфел, живет, төменгі франс жасты таужыныстарынан құралған. Ал жоғарғы девон қабаттарының шөгінділері ойпатта көп мөлшерде көлбеу жазықтықта жайылған. Таскөмір және Пермь шөгінділері төменде жатқан қабаттармен үйлесімсіз тектоникалық қатпарланған және ол Вяттік сызықты тектоникалық қатпарланған жүйесін құрайды.

Коми-Пермяцк дөңбек-күмбезі Қазан-Кажим ойпатының шығысында жатыр және ол солтүстікте Тиманалды ойысымен, оңтүстікте – Чепецк айыршығымен, шығысында – Жоғарғы Кама ойпатымен шектеледі. Дөңбек-күмбез іргетасының көрсеткіштері оңтүстігінде 1600 м-ден солтүстігінде 1940 м-ге дейін өзгереді. Шөгінді тысы аумақтың тек солтүстік бөлігінде көрінсе, оның оңтүстік бөлігі моноклиндік түрлі қалыптасқан.

Татар дөңбек-күмбезі субмеридиан бағытында 600 шақырымнан аса созылған, ал ені 120-250 шақырым болып келеді. Аумақ солтүстік-батысында Казан-Кажим ойпатымен, солтүстік-шығысында Жоғарғы Кама ойпатымен, оңтүстігінде – Серноводск-Абдуллин ойпатымен, оңтүстік батыста – Мелекесс ойпатымен шектелген. Аумақтың көлемінде солтүстік-шығысқа қарай созылымында флексуралар мен ойпаттармен бөлінген Нем, Кукмор, Альметьев және Белебеев-Шкапов төбелері орналасқан. Іргетас үстінің көрсеткіштері Кукморскта 1500 м-ден Белебеев-Шкапов төбесінде 1700 м-ге дейін өзгереді. Шөгінді тысында Кукмор, Альметьев және Белебеев-Шкапов төбелері көрінеді. Ал Нем төбешігінің аумағында моноклиналь байқалады.

Татар және Коми-Пермяцк дөңбек-күмбездерінің шығысында Жоғарғы Кама ойпаты орналасқан. Аумақтың оңтүстік бөлігіндегі іргетас бетінің тереңдігі геофизикалық көрсеткіштер бойынша 6 шақырым болып келген. Солтүстікке қарай ойпат көлбеу жазықтық бойымен жайылған. Девон және таскөмір түзілімдеріндегі ойпаңның кескіні изометриялық түрде болып, түбі жалпақ, ернеулері құламалы болады. Ойпат ернеуінің перм және мезозой-кайнозой түзілімдері, көбінесе батысында, қатты кеңейіп, көрші дөңбек-күмбездерді жауып тастаған. Аумақта мұнайлы кенорындары бар көптеген дуалдар және дуал тәріздес аудандар кездеседі (Киенгопск, Ножовск және т.б.).

Бир айыршығы Альметьев және Башкұрт төбешіктерін бөліп тұр және Бир-Жоғарғы кама авлокогенінің оңтүстік жалғасы болып келеді. Оның ұзындығы 180 шақырым, ал ені 110 шақырым. Геофизикалық мәліметтер бойынша мұнда іргетас беті 3 шақырымнан 8 шақырымға дейінгі тереңдікте жатыр. Бир айыршығының рифей-вендтік және төменгі девон түзілімдерінің жазық беті ассиметриялы құрылым болып келген. Таскөмір және пермь қабаттары оңтүстік - батыс ернеуге жылысып, дуал түріндегі бедерлі көтермені құрайды, бірақ олардың көбі ежелгі түзілімдерде білінбейді(Базин, Чекмагуш, Андреев, Иванов, Карабаев дуалдары).

Кама дөңбек-күмбезі батысында Жоғарғы Кама жазықтығымен шектеліп, шығысында Оралалды қатпарлы жүйесіне құлаған. Оның ауданы 280x120 шақырым болып келген. Бұрғылау мәліметтері бойынша іргетас беті 2850м абсолюттік көрсеткіш тереңдігінде жатыр. Оңтүстікте Кама дөңбек-күмбезі Пермь-Башқұрт дөңбек-күмбезінен Чермоз айыршығы арқылы бөлінген. Дөңбек-күмбез көбінесе төменгі пермь түзілімдерінен құралған. Оның оңтүстігінде Кудымкар және Майкор дуалдары кездеседі.

Пермь-Башқұрт дөңбек-күмбезінің кристаллдық іргетасы рифей-венд түзілімдерінің астында, 2850 м-де анықталған. Бабака айыршығы арқылы дөңбек-күмбез Пермь және Башқұрт төбешіктеріне бөлінген.

Пермь төбесі солтүстік-шығыс бағытта 100 шақырымға созылған, ал ені 60-70 шақырым болып келген. Оның амплитудасы жоғарғы девонның паший беткейінен бастап(810м), ортаңғы таскөмірдің верей беткейіне(540м) дейін азаяды. Оның аумағында Краснокама, Каменнолож, Лобанов, Межов және Осин дуалдары бар.

Башқұрт төбесінің ауданы 170x130 шақырым құрайды және амплитудасы шөгінді тысының барлық беткейлерінде көріністі табады. Оның аумағында Тауш, Куедин, Батырбай дуалдары кездеседі.Чермоз-Чепецк – Коми-Пермяцк және Кама дөңбек-күмбездерін Татар және Пермь-Башқұрт дөңбек-күмбездерінен бөліп тұрған, ені 50-75 шақырым батыстан шығысқа қарай 300 км-ге созылып жатқан айыршық. Аймақ аз зерттелген. Іргетас беті 2.0-4.0 шақырымда жатыр. Қима бойынша жоғары қарай ол юра-триастық Жоғарғы Кама ойпатымен біріккен.

374- сурет. Башқұрт АССР- дегі мұнай және газ кенорындарының орналасу картасы.

Кенорындар: 1- Мустафин, 2- Михайлов, 3- Копей- Кубов, 4- Саннин, 5- Каргалин, 6- Ташлы- Куль, 7- Петропавлов, 8- Солонцов, 9- Люблен, 10- Туймазин, 11- Ардатов, 12- Субханкулов, 13- Серафимов, 14- Балтаев, 15- Стаханов, 16- Троицк, 17- Кальшалин, 18- Абулов, 19- Суллин, 20- Ермекеев, 21- Приютов, 22- Усень- Иванов, 23- Илькин, 24- Белебеев, 25- Знамен, 26- Шкапов, 27- Гремячинск, 28- Байсаров, 29- Воядин, 30- Хмелев, 31- Раздольин, 32- Сауэбашев, 33- Арлан, 34- Калегин, 35- Старореченск, 36- Наратов, 37- Андреев, 38- Надеждин, 39- Манчаров, 40- Менеузов, 41- Султанбеков, 42- Таймурзин, 43- Саитов, 44- Куваш, 45- Чекмагушев, 46-Карача- Елгин, 47- Шелканов, 48- Чермасан, 49- Нур, 50- Амиров, 51- Янышев, 52- Кушнаренков, 53- Волков, 54- Новоказанчин, 55- Игров, 56- Орьебаш, 57- Кузбаев, 58- Четырман, 59- Югамашев, 60- Бураев, 61- Консуяров, 62- Тепляков, 63- Шавьядин, 64- Степанов, 65- Татышлин, 66- Казанчин, 67- Новоказанчин, 68- Каюмов, 69- Кубиязин, 70- Оңтүстік Кубиязин, 71- Маталин, 72- Биаваш, 73- Кунгак, 74- Уст- Айск, 75- Кушкуль, 76- Культубин, 77- Сергеев, 78- Алкин, 79- Шингакуль, 80- Искандеров, 81- Давлеканов, 82- Раев, 83- Шафранов, 84- Сатаев, 85- Азнаев, 86-Демский, 87- Уфим, 88- Шакшин, 89- Ракитов, 90- Гордеев, 91- Балканов, 92- Аскаров, 93- Турумбетов, 94- Каменский, 95- Чернигов, 96- Орлов;

Чермоз айыршығының ауданында Васильев дуалы анықталған. Мелекесс ойпаты Мелекесс-Абдуллин авлокогенінің батыс бөлігі және 140x230 шақырым өлшемді бұрыс үшбұрыш пішіндес болып келген. Бұрғыланған ұңғылар арқылы ашылған кристалдық іргетас бетінің тереңдік көрсеткіші 1810 м-ден 2210 м-ге дейін барады. Көп ұңғыларда бавлиндік шөгінділері және кейбір жерлерде терригенді девон түзілімдері кездеспейді. Девон, таскөмір және пермь түзілімдернде ойпат көлбеу бұрышта жайылған. Осы аумақта Пичкасск-Бугров дуалы және дуал тәріздес аудандар анықталған. Абдуллин майысуы Мелекесс-Абдуллин авлокогенінің шығыс бөлігі болып келген және батыста Мелекесс ойпатынан Сокс-Шешмин тектоникалық қатпарлар арқылы бөлінген. Ойпат оңтүстік-шығыс бағытта 230 шақырымға созылған және батыста ені 35-40 шақырымға, шығыста – 130-150шақырым. Геофизикалық мәліметтер бойынша оңтүстік ернеуге жақын жерлердің іргетас бетінің тереңдігі батысында – 3.5 шақырым және шығысында – 6.0 шақырым. Шөгінді тысында майысқан жер бавлиндік түзілімдердің толуымен нивелирленеді. Майысуды күрделендіріп тұрған дуалдар көбінесе ернеу бөліктерінде жақсы зерттелген (Сокс-Шешмин және Большекинель тектоникалық қатпарланған жүйелері).

375- сурет. Еділ – Оралтау алды МГА.

Өте ірі тектоникалық бөлімдері: шекаралы солтүстікте – I.Тиман кряты, шығыста – ІІІ Оралтаулық қатпарлық жүйесі; IV Каспий маңы ойпаты (оңтүстікте); батыста – Воронеж антиклизасы. Өз көлемінің шығыс шекарасында –ІІ Оралтау алдында орналасқан иінді–ойыс.

Ірі тектоникалық бөлшектері: 1. Қазан – Кажим иінді–ойысы (вяд жүйесінің созылыңқы қатпарлықтары); 2. Кама дөңбеккубезі; 3. солтүстік Кама ойпаты; 4. жоғарғы Кама ойпаты; 5. Пермь дөңбеккумбезі; 6. Юрезан – Сылвен ойпаты;7. Пермь – Башқұрт дөңбеккумбезі; 8. Солтустік Татар дөңбеккумбезі; 9. Оңтүстік Татар дөңбеккумбезі; 10. Бир аңғар; 11. Мелекесе ойпаты және Абдуллин иінді–ойысы; 12. Жигули – Пугачев дөңбеккумбезі; 13. Бузулук ойпаты; 14. Шығыс Оренбург дөңесі; 15. Соль – Илецк дөңесі; 16. Бел ойпаты. Мұнайгазды геологиялық аудандар: А– Татар МО (а1 – кукмар МР; а2 – төмеңгі Кама; а3 – Ромашкин МР, а4 – Шпаков МР); Б– Жоғарғы Кама МО (б1 – Бласов МР, б2 – Киенгон – Верещагин МР, б3 – Ижев МР, б4–Арлан МР); В– Пермь–Башқұрт МО(в1 – Кама МР, в2 – Чермоз МР, в3 – Пермь МР,в4 – Башқұрт МР); Г –Оңтүстік Оралтау алдындағы МО ( г1 – Солтүстік Кама МР, г2 – Косвин – Чусов МР, г3– Юрезан – Сылвен МГР, г4 – Ишимбай МГР); Д – Мелекес–Абдуллин МГО (д1 – Мелекес МР, д2 – Абдуллин МГР); Е – Офим–Орынбор ГМО (е1– Уфим МГР, е2 – Соль – Илецк ГР); Ж – Ортаеділдік МГО; З –Төменгіеділдік МГО. Кенорындары: 1 — Ярин-Каменнолож, 2 — Чутыр-Киенгоп, 3 — Мишкин, 4 — Ножов, 5 — Осин, 6 — Батырбаев, 7 — Павлов, 8 — Краснояр-Куедин, 9 — Четырман, 10 —Арлан, 11 — Вят, 12 — Бондюж, 13 — Пер­вомай, 14 — Манчаров, 15— Новоелховек, 16 — Ромашкин, 17 — Бавлин, 18 — Туймазин, 19 — Серафимов, 20 — Сергеев, 21 — Шкапов, 22 — Муханов, 23 — Дмитриев, 24 — Кулешов, 25 — Бобров, 26 — Покров, 27 — Орен­бург, 28 — Жирнов-Вахметьев, 29 — Коробков, 30 — Кудинов.

Жигулев-Орынбор дөңбек-күмбезі ендері батысында 200 шақырым және шығысында 110 шақырым болып, батыстан шығысқа 550 шақырымға созылған. Сол бағытта батқан іргетастың тереңдігі 1420-дан 2980 м-ге дейін өзгереді. Дөңбек-күмбез ауданында рифей-венд түзілімдері толықтай жоқ. Оның батыс және солтүстік ең көтеріңкі бөліктеріндегі тілімдерден кейбір жерлерде девон түзілімдерінің астыңғы жағы төмендеген. Сызықтың жылысудың көлденең Жигули - Самарқа жүйесімен күмбез Жигули-Пугачев және Орынбор шыңдарына бөлінеді. Палеозой шөгінді тысында тек Жигул-Пугачев шыңы ғана бедерленіп білінеді де, ал Оренбург шыңы тұйық оң құрылым болғандықтан қарастырылмай, моноклиналь болып табылады.Жоғарыда аталған сызықтық жылысу жүйелерінен басқа күмбез маңайында көптеген дуал және дуал түріндегі аймақтар айқындалады(Раков, Шумаркин, Покров, Кулешов, және т.б. дуалдар).

Бузулук ойпаты солтүстікте Жигулев-Орынбор дөңбек-күмбезімен, ал оңтүстікте – Каспий маңы синеклизасымен шектелген. Солтүстікте оның ауданының ені 30-40 шақырымнан оңтүстікте 150-200 шақырымға дейін өзгереді. Іргетас бетінің тереңдігі 6 шақырымға дейін жетеді. Ойпат барлық шөгінді тысында айқындалған.

Ұзындығы 500 шақырым созылған платформаның оңтүстік - шығыс иілмесі тұзастылық палеозой түзілімдерінің Татар және Жигули - Орынбор күмбездерінен шығысқа қарай аймақтық батуымен байқалады. Ені 50-ден 100 шақырымға дейін өзгереді. Геофизикалық мәліметтер бойынша кристаллдық іргетас бедері 4-тен 10 шақырымға дейін өзгерген. Оның оңтүстік бөлігінде іргетас бетінің тереңдігі 4-5 шақырым болатын Соль-Илецк шығыңқы жері байқалады. Іргетас бетінің құрылымдық беті бавлин түзілімдерімен тегістеліп, девон мен карбондағы тектоникалық элементтердің орналасуын анықтайды.

Ені 20-110 шақырым болатын Оралалды шеттік ойпаты меридиандық бағытта солтүстіктегі Тиман кряжінен оңтүстіктегі Соль-Илецк қаласының белдеміне дейін 1000 шақырымға созылып жатыр. Ол өзінің орталық бөлігінде Қаратау бастырмасымен жабылған. Шеткі майысқан жерлер пермь түзілімдерінің зор қабатымен толтырылып, ернеулерінің ассиметриялық құрылымымен және шөгінділердің (таскелбеттердің ) аймақтық - жолақ түрде бөлінуімен сипатталады. Төменгі және жоғарғы пермь құрылымдық қабаттарынан ауданда өте жақсы зерттелген. Қарастырылып отырған шеттік ойпаттың құрамына солтүстіктен оңтүстікке қарай жайылған Солликама, Юрезан-Сылвен және Бел ойпаттары кіреді.

376- сурет. Еділ – Оралтау провинциясының 1-1 геологиялық профилі (Д.А.Астафьев, А.Г.Бикбулатов, А.А.Зиновьев, В.А.Киров бойынша).

Төменгі Еділ ауданына Пачелм авлокогенінің және Воронеж антиклизасының оңтүстік-шығыс бөліктері, Жигулев-Оренбург дөңбек-күмбезінің оңтүстік бөлігі кіреді. Бұл ірі тектоникалық элементтер көп кішкнтай құрылымдардан тұрады. Бұларға ортаңғы девоннан палеогенге дейін көп уақыт бойы дамып жатқан Степнов дуалы кіреді. Мезозой түзілімдері девон түзілімдерімен қатар жатады, бірақ оларға қарағанда жылысуы баяу болады. Елщан - Сергий флексурасы (тектоникалық құрылымы) және Карамыш қалыптасқан қатпары Пачелм ойысының оңтүстік - шығыс бөлігін қиындатады. Карамыш қатпарының оңтүстігіне қарай Женов - Бахметиев күрт көтерілген жеке жоны, Арчидин - Коробков мегадуалы, Уметов флексурасы және басқа да олардан да ұсақ құрылымдар орналасқан. Сондай - ақ, девон уақытында қалыптасқан Кудинов - Волгоград көмілген дуалы да айқындалады.[1

Мұнайгаздылығы. Еділ-Орал мұнайгазды провинциясының ауданында мұнай және газ өндірістік шоғырларі девон, таскөмір және пермь таужыныстарына жатады. Бұл ауданда 6 негізгі өнімді кешендер анықталған:

  1. Ортаңғы және жоғарғы девонның терригенді кешені;

  2. Жоғарғы девон және төменгі таскөмірдің турней ярусының карбонатты кешені;

  3. Таскөмірдің терригенді кешені;

  4. Ортаңғы таскөмірдің карбонатты және терригенді-карбонатты кешені;

  5. Жоғарғы таскөмір – төменгі пермь карбонатты кешені;

  6. Жоғарғы пермь карбонатты-терригенді кешені.

Девон түзілімдерінде 38пайыз мұнай және 2пайыз газ барланған қорлары, таскөмірде 58пайыз мұнай және 8пайыз, пермдік түзілімдерде 4пайыз мұнай және 90пайыз газ анықталған.

Еділ-Оралтау мұнайгаз алабындағы ең жақсы тығыздыктары 810-880 кг/м3 девон жасты мұнайлар болады. Карбон жасты мұнайлардың тығыздықтары 780-нен 960кг/м³ дейін. Ауырлау мұнайлар Бира аңғарында (төмен асу) бобрик тула беткейлерінде, жеңілдеу – осы алабтың Оңтүстік батысымен Солтүстік-Шығысы шекараларында кездеседі. Ең жеңіл мұнайлар осы алабтың оңтүстік-шығысында және ең ауыр мұнайлар солтүстік-батысында табылған Сол - Илицк дөмбек күмбездеріндегі төменгі перм жасты мұнайлардың тығыздықтары 826-дан 952 кг/м3 дейін өзгереді.

Девон, карбон және пермь жасты мұнайлар бір – бірінен өзгергішті.

Еділ-Оралтау алабындағы палеозой жасты мұнайлардың физика –химиялық қасиеттері (тығыздықтары, күкірттер барлығы шайырланулары т.б.с) тектоникалық және стратиграфиялық және олардың қалыптасу жағдайларына байланысты өте өзгеріңкі. Кенорындағы әртүрлі стратиграфиялық беткейлердің мұнайларын салыстырғанда олардың қасиеттері әртүрлі. Бірақ та өте жиі палеозой стратиграфиялық қимасының төменінен жоғары қарай мұнайлар ауырлай береді.

Бұнда басқа бір көлемді, бір стратиграфиялық кешенді ірі тектоникалық элементтермен көрші құрылымдарының қималарындағы мұнайлар өзгеше болып кездеседі.

Мысалы, Жигули-Пугачев және Сол - Илицк дөмбек күмбездері де жалпы Перм төбесінің барлық шегіндегі мұнайлары жеңілдеу. Башқұрт төбесіндегі төменгі камалық қатпар арасында Бирма аңғарында – ауырлау мұнайлар қалыптасқан.

377- сурет. Орынбор газконденсатты кенорыны (И.А.Шпильман және т.б. бойынша,1970).

а-сламиро – артин түзілімдерінің жабынды құрылымдық картасы; б-I-I сызық бойынша геологиялық профиль.

Бірақ та мұндай өзгерістеріне қарамай палеозой қабаттарының көмірсутектерінің физика – химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылығы. Каспий маңындағы Оралтау алдындағы жеткі иінді ойыстар шекшемермен бір жағынан, және Камск–Кинель иінді ойыстар жуйесімен, екінші жағынан, белгілі. Сонымен осы алабтың шеткі бөлігінен Каспий маңындағы мегасинеклиналда және Оралтау алдындағы иінді бағытында мұнай тығыздықтары бірден бірге азайды, жеңіл фракцияларының шығуы бензин фракцияларындағы ароматы көмірсутектердің сандары, өзгеру және метандалу коэффицентері көбейе бастайды.

Осы бағыт бойынша бос және майлы (қоюлық) коэффицеттері және мұнайлардың жоғарлайды. Осы қатар тақташа суларының газ сіңірушіліктері жоғарлап, осы аудандардың баурайларына таза газ шоғырларының өрбіне жағдайлар пайда болған.

Мұнайлардың бірден бірге Каспий маңы мегасинклиналға бағыттай жеңілдеу мұнай газ шоғырларының заңдылы газ, мұнай, газоконденсат және газды жинақтау өзгеруін көрсетеді. Осындай заңдылық Орыс тақтасының шығыс бөлігінде Оралтау алдындағы иінді ойыс орналасқан ауданда байқалады.

Осы алаптағы мұнай мен газ кенорындарының орналасуы бойынша, оны көлемде мұнай жинақтары мен газ жинақтарының бөлінген белдемдерін белгілеуге мүмкіншілігі бар. Иінді ойысты баурайларында көбінесе мұнай және мұнйгаздылы кенорындары өрбіген. Олар кедертас массивтерімен және жайпақ бел-белдес түрлі компишелермен байланысты. Көбінесе карбон және астыңғы перм жасты карбонатты түзілімдер мұнай-газдылы.

Иінді ойыстың орталық бөлігінде және шығыстың баурайында (газы көбірек) газдылы жинақтар белдемдері табылған. Бұл белдемдердің газдылы және ұзынан созылыңқы жоғары биікті бел-белдес түрлі компишелерге ұшырасқан. Бұл, шоғыр жазықшақты, уралылы карбон – төменгі перм жасты карбонатты жыныстардың бөлімдерімен бақыланған. Бұл шоғырлар массивті табиғи резервуарлары болып және өте биік қабаты газдылы болып сипатталған. (Вуктыл компишесі, Саратов-Ишим, Бухар-Березов бел-белдестер) Орал тауларындағы кенді ойыстың жақтылы баурайларындағы кедер тастылы массивтердің өрбіген алқабындағы көмірсутектердің орналасуының заңдылығы белгілі. Осы алқаптың солтүстік бөлігінде кедертастар гипсометрлі жоғарлау орналасқан және көбінесе олардың көлемінде мұнай шоғырларі кездеседі. Бірден-бірге оңтүстікке қарай кедер тастардың орналасу жағдайлары тереңдейді және мұнай шоғырларі мұнай газдылы газдары үстіңгі шетінде шоғырлар болып өзгере бастайды. Оңтүстік бөлігінде – газ конденсанты шоғырларіне ауысады.

Ең жеңіл 813-846 кг/м3 және күкірттері аз мұнайлар астыңғы виза жасты теригенді кенінде табылған. Кедертасты массивтен астыңғы перм жасты мұнайлар өте көп тығыздықты 876-880 кг/м3 және күкіртті мұнайлар шоғырі болат қатпарлы белдемінің солтүстігіндегі кенорындарды жинақталған.

Газдар метанды, кейбір кезде жоғары конденсантты құрылымды (278-353 кг/м3 дейін) кездеседі және күкірт сутектері 3,1-6,4пайыз дейін (Кедров-Саратов) болады.

Мұнайгазды геологиялық аудандастыру. Еділ – Орал мұнай-газ қаныққан провинциясында газ және мұнай өнеркәсіптік кенорындарымен сегіз облыс ерекшеленеді. Оларлың ішінде үшеуі мұнайқаныққан – Татар, Жоғары Камалық және Пермь-Башқұрт, олар провинцияның орталық және солтүстік бөлігін алады; төрт мұнайгаздылы - Оңтүстік-Оралалды, Мелекесс-Абдуллин, Орта Еділ және Төмеңгі Еділ және бір газмұнайлы – Уфим-Орынбор, ола провинцияның оңтүстік бөлігінде орналасқан.

Татар мұнайлы облысы, оның Немдік шыңысы, аттас күмбезге жатады. Оның құрамында Кукмор, Төмеңгікамалық, Ромашкин және Шкапов мұнайлы аудандары ерекшеленеді. Негізгі барланған қорлары Ромашкин ауданына жатады. Барланған қорлар мен мұнайды өндіру бойынша қарастырылып жатқан облыс Еділ-Орал провинциясында бірінші орын алады. Еркін газ қоры жоқ. Мұнайдың газдық факторлары жоғары емес.

Жоғарыкамалық мұнайлы облысы тектоникалық қатынаста Жоғарыкамалық ойпаты мен Бир қайқы беліне жатады.

Өнеркәсіптік мұнай шоғырларі орта девонның живеттік ярусынан бастап төмеңгі пермнің сакмарлық ярусына дейіңгі шөгінділерімен байланысты. Негізгі қорлар (90 пайыз-тен жоғары) таскөмір шөгінділеріне бағытталған.

Жоғарыкамалық мұнайлы облысына Глазов, Киенгоп-Верещагин, Ижев және Арлан мұнайлы аудандары кіреді.

Жоғарыкамалық мұнайлы облысы жаңа мұнай шоғырларін ашу мүмкіншіліктерімен бейнеленеді, ең алдымен оның солтүстік (Глазов, Киенгоп-Верещагин және Ижев) аудандарында. Облыстың оңтүстік бөлігін қамтитын Арлан ауданында үлкен көлемде іздеу және барлау жұмыстары орындалған, оның қорытындысында карбонның төменгі және орта шөгінділерінде мұнай кенорын қатарлары айқындалған, сонымен қатар Арланда. Болашақтың маңыздылығы үйренушілігін ескере отырып, қанша да болсын жаңа шоғырлардің ашылуы мұнда күмәнді.

378- сурет. Мелекесс ойпатындағы ендік геологиялық профиль құрастырған В.И.Треопольский, С.С.Эллерм, Э.З.Бадамшин, В.Н.Напалков.

1-әктастар, 2-саздылы әктастар, 3-саздар және құмтастар, 4-құмды құмтастар, 5-құмдар – құмайттастар, 6-шағылған беткей, 7-болжамды мұнай кешені, 8-болжамды шағылу беткейі, 9-кристалды ірге тас жыныстары.

Перм-Башқұрт мұнайлы облысы Кам және Перм-Башқұрт күмбезі мен Чермоз қайқы беліне жатады.

Негізгі қорлар (90пайыз-тен жоғары) таскөмір шөгінділеріне бағытталған. Перм-Башқұрт мұнайлы облысы үлкен стратиграфиялық диапазонды өнеркәсіптік мұнайлылықпен бейнеленген. Мұнда мұнай шоғырларі муллин, паший, фамен, турней, башқұр және верей шөгінділерінде анықталған. Облыстың барлық аудандарындағы жаңа мұнай шоғырларін ашудың онан арғы болашағы сол жыныстармен байланысады. Девонның террИгенды коллекторларында мұнай шоғырларін табу облыстың солтүстік- батыс аймақтарында мүмкін.

Облыс құрамына Кама, Чермоз, Пермь және Башқұрт мұнайлы аудандары кіреді.

Оңтүстік Оралалды мұнайгазды облысы Оралалды шеттік ойпатының оңтүстік бөлігін қамтыған және оған Соликама, Юрезан-Сылвен ойпаттары, осы ойпаттарды бөліп тұрған Косьвин-Чусов айыршықтары, Бел ойпаты жатады.

Облыс ауқымында Соликама және Косьвин-Чусов мұнайлы, Юрезан-Сылвен және Ишимбай мұнайгазды аудандары ерекшеленеді. Бел ойпатына жататын Ишимбайдан басқа аудандар аттас құрылымдық ҚҰРАМЫНА жатады. Мұнай қорлары көбінесе облыстың солтүстік аудандарыдағы таскөмір түзілімдерінде, ал газ қорлары оңтүстікте төменгі пермь аужыныстарында шоғырланған.

Мелекесс-Абдуллин мұнайгазды облысы Мелекесс ойпаты мен Абдллин еңісінен тұрады.

Мұнай қорлары ортаңғы девон эйфел ярусынан жоғарғы пермь қазан ярусындағы түзілімдеріне байланысты. Негізгі қорлар (90пайыз-тен жоғары) таскөмір түзілімдерінде шоғырланған, ал ЕҢ АЗ қорлары пермь түзілімдерінде шоғырланған. Газ қорлары пермь түзілімдерімен байланысты. Сол аймақта Мелекесс мұнайлы және Абдуллин мұнайгазды аудандар ерекшеленеді.

Уфа-ОрЫнбОр газмұнайлы облысы Орыс тақтасының оңтүстік-шығыс етегінде орналасқан.

Мұнай қорлары девон мен таскөмір түзілімдерінің арасында жобамен тең бөлінеген, бірақ таскөмір түзілімдерінің үлесі көбірек.

Облыс Уфа мұнайлы және Соль-Илецк газды аудандарына бөлінеді. Барлық газ қоры Соль-Илецк ауданының төменгі пермь және жоғарғы таскөмір түзілімдерінде шоғырланған.

Отаңғы Еділ мұнайгазды облысы Жигулев- ОрЫнбОр дөңбек-күмбезін және Бузулук ойпатын қамтиды. Негізгі мұнай қорлары таскөмір (жобамен 70пайыз) және девон(25пайыз-тен көп) түзілімдерінде шоғырланған. Газ қорлары көп емес. Ортаңғы Еділ мұнайгазды облысы Орал-Еділ аймағында өндірістік мұнайгаздылықты анықтаудағы жоғарғы диапазонымен ерекшеленеді. Палеозой түзілімдерінің қимасында мұнайгаз объектілері ортаңғы девоннан жоғарғы пермь аралығында 25 БЕТКЕЙЛЕР анықталған. Барлық анықталған мұнай мен газдың қорларының көбі облыстың шығыс бөлігінде шоғырланған.

Облыс құрамына Покров және Жигулев-Самара мұнайлы және Пилюгин мұнайгазды аудандары, сонымен қатар Бузулук ойпаты мен Балаков кумбезінің шыңының перспективті жерлері кіреді.

Төменгі Еділ мұнайгазды облысы Воронеж антеклизасының оңтүстік шығыс етегінде және Пачелм еңісінің оңтүстік-шығыс бөлігінің шегінде орналасқан.

Бұл жерде алты аудан ерекшеленеді, бұлар: Верхов, Саратов және Степнов мұнайгазды, Кудинов, Жирнов және Камышин мұнайгазды, және де облыстың солтүстік және оңтүстік бөліктеріндегі перспективті жерлер. Мұнайгаздылық диапозоны ортаңғы девон эйфел ярусынан жоғарғы пермь қазан ярусына дейінгі түзілімдерді қамтиды. Сонымен қатар Коробков ауданының юра жүйесінің түзілімдерінде үлкен емес төрт газ шоғыры анықталған.

Қорытындылай келе қазіргі заманда Еділ-Орал мұнай-газ провинциясында 1033 мұнай-газ кені ашылды. Оның 816 кені мұнай кені болып есептелді.

Жалпы, Еділ-Орал провинциясының аумағында құрамында 1400 мұнай және газ шоғырлары бар, 500-ден астам кенорындар ашылған. Айтарлықтай бөлігі Татар, Пермь- Башкир және Жигули – Орынбор дөңестерінде ашылған.

Провинцияның аса маңызды кенорындары: Ромашкин, Нокоелхов, Туймазин,Шкапов, Муханов, Кулешов, Ярин- Каменнолог, Серафим, Леонидов, Арлан, Орынбор т.б.

379- сурет. Оренбург облысының мұнай және газ кенорындарының орналасу картасы

380- сурет. Удмурт АССР және Киров облысының мұнай кенорындарының орналасу картасы

381- сурет. Осин мұнай кенорны.