15Билет
43.Жәрдемақылардың мөлшері.
Жәрдемақы —бұл жұмыстағы уақытша үзіліс кезінде, сондай-ақ белгілі бір жағдайларға пайда болатын көтеріңкі шығындарды өтеуге арналған кепілдік берілген ақшалай өтемақы.Қазақстан Республикасында мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының 3 түрі бар. Олар мүгедектігі бойынша,асыраушысынан айырылуына байланысты,жасына байланысты берілетін жәрдемақы.Міндетті әлеуметтік сақтандыру шеңберінде төленетін жәрдемақылардан басқа азаматтар уақытша еңбек қабілетінен, асыраушысынан, жұмысынан айырылған жағдайда, сонымен бірге жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылуына байланысты.. Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлемақылар қордан төленетін әлеуметтік төлемақыларға құқық туындаған күннен бастап еңбек ету қабілетінен айырылды деп белгіленген барлық кезеңге тағайындалады.Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік төлемақылардың мөлшері Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде белгіленген әлеуметтік аударымдар объекті ретінде ескерілген соңғы жиырма төрт ай ішіндегі табыстың заңнамалық актілерде белгіленген ең төменгі жалақының сексен пайызын шегергендегі орташа айлық мөлшерін табысты ауыстырудың, еңбек ету қабілетінен айырылу мен қатысу өтілінің тиісті коэффициенттеріне көбейту арқылы айқындалады..Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар - бұл мемлекет кепілдендірілген ең аз әлеуметтік төлемдер, олар қайтыс болған асыраушысының жұмыс өтіліне және орташа айлық табысына байланысты емес, жәрдемақымен қамтамасыз етілетін отбасының еңбекке жарамсыз мүшелеріне байланысты белгеленеді.Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының - өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушысының мына отбасы мүшелері асыраушынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемақылар тағайындалуға және алуға құқылы:Асыраушысынан айырылғандардың «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы»заңға сәйкес, отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы белгіленген азық-түлік себетінің құнына төмен болған жағдайда 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алуға құқығы бар.Қайтыс болған асыраушысының асырауында болған, асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемақы тағайындалуына және алуға құқығы бар отбасының барлық мүшелеріне бір әлеуметтік төлемақы тағайындалады.Бала кезінен I немесе II топтағы мүгедектер деп танылған адамдарға әлеуметтік төлемақылар мүгедектер белгіленген мерзімге тағайындалады.Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, бапа бір жасқа толғанга дейін оның күтіміне баііланысты табысынан айрылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемақы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінін Қордан әлеуметтік төлемақы алуға құқығы бар қатысушысына 2008 жылғы 1 қаңтарданбастаптағайындалған.Жұмысынанайырылғандар қысқартылғандар және жұмыссыздар мәртебесіне бөлінуі мүмкін.Жұмыссыздарға жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақылар төленеді.Жәрдемақы жұмыссыз ретінде тіркелген мезеттен жұмысқа орналастыру туралы мәселе шешілгенге шейін, бірақ заңнамамен белгіленген мезгілден аспайтын уақытқа төленеді. Еңбек жағдайлары ауыр (ерекше ауыр) жұмыстарда және зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және уәкілетті орган бекіткен еңбек жағдайлары зиянды өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне (тізбесіне) сәйкес қосымша ақы төлеу көзделген.«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңға сәйкес жан басына шаққанда өңірлерде белгіленген кедейлік деңгейінен төмен орташа табыс алатын халықтың бәрі атаулы көмекпен қамтылады. Негізінен олар кәмелетке толмаған балалары, жұмыссыздары, мүгедектері бар отбасылар. Кедейлік шегі мен ең төменгі күнкөріс деңгейі өңірлер бойынша сараланатындықтан, заң әрбір отбасының табысын нақтылауға мүмкіндік береді. Азаматтардың қайда тұратынына қарамастан, өздерін отбасында жан басына шаққанда кедейлік шегі деңгейінде орташа табыспен қамтамасыз ететіндей әлеуметтік көмекалады. 2013 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш:
44.Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қатысушыларын, мүгедектерін және оларға теңестірілген тұлғаларда әлеуметтік қорғау және оларға берілетін жеңілдіктер түсінігі. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы 1995 жылғы 28 сәуiрдегі № 2247 Қазақстан Республикасының Заңы
11-бап. Соғысқа қатысушыларға берiлетiн жеңiлдiктер мен кепiлдiктер
Соғысқа қатысушыларға әлеуметтiк қорғау шаралары ретiнде мынадай жеңiлдiктер мен кепiлдiктер берiледi:
1. Егер Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж деп танылса және бұрын бiрiншi кезектi пәтер алу құқығын пайдаланбаған болса, жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар, оларды бiрiншi кезекте тұрғын үймен қамтамасыз етедi.
2. Тұрғын үй-құрылыс және басқа да кооперативтерге (серiктестiктерге) бiрiншi кезекте кіру құқығын иеленедi.
3. Жеке тұрғын үй салу үшiн бiрiншi кезекте жер учаскелерiн және төлем қабiлетiн ескере отырып, жинақ несие-жинақ шоттарында бастапқы қоры болмаса да 30 жылға бес проценттiк жеңiлдiктi кредитпен несие алу құқын иеленедi.
4. Тұрғын үй-құрылыс кооперативтерiне үй салу үшiн төлем қабiлетiн ескере отырып несие-жинақ шоттарында бастапқы қоры болмаса да 30 жылға бес проценттiк жеңiлдiктi кредитпен несие алу құқығын иеленедi.
5. Коммуналдық тұрғын үй қорының үйлеріндегі өзi тұрып жатқан пәтерлерi осы Заңның 17-бабында және Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында белгiленген тәртiппен меншiгiне берiледi6-17 алынып тасталды. 18. Жұмыс iстеп жүрген кезiнде бекітілген емханаларды зейнеткерлiкке шыққаннан кейiн де пайдаланады.
19. Амбулаторлық-емхана мекемелерiнiң қызметiн артықшылықпен пайдаланады және ауруханаға кезектен тыс жатқызылады.
20. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен көрсетiлетiн біліктi медициналық көмек.
21. Протездермен (тіс протездерінен басқа) және протез-ортопедия бұйымдарымен тегін қамтамасыз ету.
21-1. Тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету), отынға жұмсалатын, телефонды пайдалану, дәрі-дәрмекпен, оптикалық көзілдірікпен қамтамасыз ету, жалпы жұрт пайдаланатын көліктің барлық түрімен (таксиден басқа) жүру жөніндегі шығындарды төлеу үшін, жергілікті мерзімді баспасөзге жазылу кезінде олардың біреуіне жазылуға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
22. 1999.07.04 № 374-I ҚР Заңымен алып тасталды
23. Жыл сайынғы кезектi демалысын өзiне қолайлы уақытта пайдаланады, сондай-ақ жылына екi аптаға дейiн жалақы сақталмайтын қосымша демалыс алуға құқылы.
24. Жалпы сырқаттануы салдарынан еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша күнтiзбелiк жылда қатарынан төрт айға немесе бес айға дейiн жәрдемақы алады.
25. Жұмыс стажына қарамастан жалақысының 100 процентi мөлшерiнде уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы алады. 26-30 алынып тасталды. 30. Моншаларға, мәдени ойын-сауық немесе спорт шараларына, шаштараздарға осындай қызмет көрсететiн кәсiпорындар мен мекемелердiң есебiнен осы Заңның 17-бабында белгiленген тәртiппен бiрiншi кезекте және тегiн барады.
31. Интернат-үйлерге бiрiншi кезекте және тегiн орналастырылып, әлеуметтiк қызметтiң аумақтық орталықтары мен бөлiмшелерiнде қызмет көрсетiледi.
32. Отбасы мүшелерiне немесе жерлеудi ұйымдастырушы адамға 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде жерлеуге арналған жәрдемақы берiледi қайтыс болған /қайтыс болған зейнетақы төлемдерiн алушыны қоспағанда/.
33. Соғысқа қатысқан жалғызiлiктi адам қайтыс болғанда оны тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметi салт-жоралар рәсiмiн қолдана отырып жерлейдi.
34. Салық салу жеңiлдiктерi қолданылып жүрген заңға сәйкес жүргiзiледi.
12-бап. Соғыс мүгедектерiне берiлетiн жеңiлдiктер мен кепiлдiктер
Соғыс мүгедектерiне әлеуметтiк қорғау шаралары ретiнде осы Заңның 11-бабының 1-34 тармақтарына сәйкес жеңiлдiктер мен кепiлдiктер берiледi.
Сондай-ақ соғыс мүгедектерiне қосымша:
1. Санаторийге барып, емделу және керi қайту үшiн, жолдаманы кiм бергенiне және кiмнiң есебiнен берiлгенiне қарамастан, қажеттi күндерге науқастану парағы, I және II топтардағы мүгедектерге жыл сайын ұзақтығы 15 жұмыс күнiне дейiн ақы төленетiн қосымша демалыс берiледi.
14-бап. Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен кепiлдiктер
Жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша соғысқа қатысқандарға теңестірілген адамдарға әлеуметтік қорғау шаралары ретінде осы Заңның 11-бабының 1-5, 9, 10, 11, 13, 18-20, 23-25, 31, 33 және 34-тармақтарына сәйкес жеңілдіктер мен кепілдіктер беріледі, сондай-ақ, тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету), отынға жұмсалатын шығындарды төлеу үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
45.Ерікті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері. Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы
Қазақстан Республикасының 1997 ж. 20 маусымдағы № 136-1 Заңы
Ерікті зейнетақы жарналары – Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленетін тәртіппен салымшылардың өз бастамасымен алушының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы. ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы – ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзінің жеке қаражаты есебінен алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
14) ерікті зейнетақы жарналарының ставкасы – жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленетін төлемнің мөлшері;
15) ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары – Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін кәсіптер тізбесі бойынша қызметкерлердің пайдасына Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленген тәртіппен салымшылардың өз бастамасымен жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;
16) ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшысы – ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзінің жеке қаражаты есебінен қызметкердің пайдасына ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын салуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
17) ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының ставкасы – жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта және осы Заңда белгіленген төлемнің мөлшері;
16-билет жоқ
